Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 940 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
64-бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы 70-бөліммен толықтырылсын:
« | 70 | Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 70.2 | Меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру | »; |
| | | 70.20 | Көрме залдарын қоса тұрғын емес үйлерді, жерді қоспағанда, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру |
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган беретін инвестициялардың ең жоғарғы көлемі және инвестициялық салық преференцияларының қолдану мерзімдерінде:
мынадай мазмұндағы «Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар» деген бөліммен толықтырылсын:
« | Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | »; |
Меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру | | | | |
1,3-ті қоса алғанға дейін | 1-5 | 3 | 3 | 3 |
1,3-тен 2,6-ны қоса алғанға дейін | 1-5 | 4 | 4 | 4 |
2,6-дан 13-ті қоса алғанға дейін | 1-5 | 5 | 5 | 5 |
Инвестициялардың ең жоғары көлемі 13 |
13-тен 14,5-ті қоса алғанға дейін | 1-6 | 6 | 5 | 5 |
14,5-тен 16-ны қоса алғанға дейін | 1-7 | 7 | 5 | 5 |
16-дан 17,5-ті қоса алғанға дейін | 1-8 | 8 | 5 | 5 |
17,5-тен 19-ды қоса алғанға дейін | 1-9 | 9 | 5 | 5 |
19-дан жоғары | 1-10 | 10 | 5 | 5 |
| | | | | | | | |
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |