8) белгiленген шектеулi рауалды төгіндi (ШРТ) үшiн ағын судың бекітiлген жұмсалу көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл);
9) ағын су төгіндiсiнiң мәлiмделген көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл);
10) әрбiр су жiберу бойынша ағын судың сапалық сипаттамасы.
10. Қалдықтарды орналастыруға өтiнiштердiң қосымша материалдары:
1) қалдықтардың мыналар көрсетiлген сипаттамасы:
қалдықтар пайда болатын технологиялық процесс немесе өндiрiс атауы;
қалдықтардың жылдық пайда болу, пайдалану, зарарсыздандыру және сақталу көлемi (жиналуға және орналастыруға рауалды көлем есебiн келтіру);
қалдықтарды жинау, тасымалдау және сақтау жүйесiнiң сипаттамасы; қалдықтың толық химиялық құрамы, қауiптiлiк сыныбы көрсетілген уытты қосындыларының құрамы.
2) қалдықтардың, сақталу орнының мыналар көрсетiлген сипаттамасы:
сақталу орнының атауы, оның ведомстволық тиiстiлігі;
нормалау жылының басындағы жағдай бойынша жиналған қалдықтардың толық көлемi, объектiні пайдалану мерзiмi (басы-соңы);
қалдықтардың қоршаған табиғи орта мен халықтың денсаулығына зиянды әсерiн болдырмау шарттары (қарсысүзгiлiк экран, шаңбасу жүйесi, суды жинау мен тазалау және т.б.).