“Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 430 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бәсекелестiк деңгейiн арттыру, тұтыну рыногында қолайлы жағдай жасау және халықтың күнделiктi сұраныс тауарларына қажеттілiгiн қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Көлiк және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және Төтенше жағдайлар министрлiктерi екi апта мерзiмде:
"Атамекен" кәсiпкерлер мен жұмыс берушілердiң жалпыұлттық одағының, "Қазақстанның ұлттық тұтынушылар лигасы" қоғамдық қорының және басқа да салалық бiрлестiктердiң (келісім бойынша) қатысуымен жемiс-көкөнiс және ет өнiмдерiн халыққа тiкелей сату орындарына үздiксiз жеткiзудi және оларға оңайлатылған қол жетiмділiктi қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларын әзiрлесiн;
ағымдағы жылдың аяғына дейiн мұнай өнiмдерiне, газ бен электр энергиясына, темір жол көлiгiнiң қызметтерiне бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi 2005 жылғы 15 мамырға дейiнгi мерзiмде белгіленген тәртiппен:
кәсiпкерлердiң және тұтынушылардың (келісім бойынша) құқықтарын қорғау қоғамдық бiрлестiктерiнiң қатысуымен әрбiр әкiмшілiк-аумақтық бiрлiкте халыққа азық-түлiк тауарларын жеткiзу мәселелерi жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн штабтар (комиссиялар) құрсын;
азық-түлiк рыноктарындағы баға құру процестерiне жергілiктi монополия құрылымдары мен делдал ұйымдардың терiс ықпал етуiн болдырмасын;
қалалар мен басқа да елдi мекендерде осы объектілердi санитарлық-гигиеналық және коммуналдық-тұрмыстық жағдайдың қажетті деңгейiмен қамтамасыз ете отырып, маусымдық сипаттағы азық-түлiк өнiмдерiн сату үшiн жергілiктi бюджеттердiң есебiнен қосымша сауда алаңдарын (алаңқайларын) ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге егiстен алынған жеке өнiмiн көлiк құралдарының үстiнен сату, сондай-ақ "жол жиегiнде сату" үшiн олардан заңсыз алымдар мен төлемдердi алуды болдырмай, қолайлы жағдай жасасын;
кәсiпкерлiк топтардың арасында жемiс-көкөнiс және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн жергілiктi базарларға жеткiзудi ұлғайтуға және оларға қол жетімділiктi кеңейтуге ықпал ететiн қажеттi түсiндiру жұмысын ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерiмен бiрлесіп, белгіленген тәртiппен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілерге және көлiк құралдарының үстiнен сатуды жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнiмiнiң рыногына басқа да қатысушыларға сауда алаңдарына (алаңқайларына) қол жетiмділiкке заңсыз кедергі келтiру фактілерiнiң жолын кесуге бағытталған қажетті шаралар қабылдасын.
4-тармақтың 1) тармақшасы осы қаулының алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап 30 күн өткен соң қолданысқа енгізiледі
4. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
1) "Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 46, 450-құжат) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
мына:
"0207 11 100 0- тауық еті, жас, 20, бiрақ 1 кг үшiн
тоңазытылған немесе 0,15 ЕВРО-дан кем
0207 13 700 0, мұздатылған емес
0207 14 100 0-
0207 14 700 0,
0207 32 900 0,
0207 33 900 0,
0207 35 150 9,
0207 35 250 0,
0207 35 310 1,
0207 35 410 1,
0207 35 530 9,
0207 35 630 9,
0207 35 790 1,
0207 36 150 9,
0207 36 250 0,
0207 36 310 1,
0207 36 410 1,
0207 36 530 9,
0207 36 630 9,
0207 36 790 1 "
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"0207 11 100 0- тауық еті, жас, 10
0207 13 700 0, тоңазытылған немесе
0207 14 100 0- мұздатылған
0207 14 700 0,
0207 32 900 0,
0207 33 900 0,
0207 35 150 9,
0207 35 250 0,
0207 35 310 1,
0207 35 410 1,
0207 35 530 9,
0207 35 630 9,
0207 35 790 1,
0207 36 150 9,
0207 36 250 0,
0207 36 310 1-
0207 36 410 1,
0207 36 530 9,
0207 36 630 9,
0207 36 790 1 ";
мына:
"0803 00 банандар, плантайндарды қоса 5, бiрақ 1 кг үшiн
алғанда, жас немесе кептiрілген 0,02 ЕВРО-дан кем
емес"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"0803 00 банандар, плантайндарды қоса 5
алғанда, жас немесе кептірілген ";
мына:
" мыналардан басқа:
0805 10 Апельсиндер 5, бiрақ 1 кг үшiн
0,02 ЕВРО-дан кем
емес
0805 20 мандариндер (танжериндер мен 5, бiрақ 1 кг үшiн
сатсумды қоса алғанда); 0,03 EBPO-дан кем
клементиндер, вилкингтер емес
цитрустылардың соған ұқсас
будандары
0805 40 000 0 грейпфруттар 5, бірақ 1 кг үшін
0,02 ЕВРО-дан кем
емес
0805 50 лимондар (Citrus limon, Citrus 5, бiрақ 1 кг үшiн
limonum) мен лаймалар (Citrus 0,035 ЕВРО-дан кем
aurantifolia, Citrus latifolia) емес"
деген жолдар алынып тасталсын;
мына:
"0808 10 алмалар, жас 1 кг үшін 0,2 ЕВРО"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"0808 алма, алмұрт пен айва, жас
0808 10 - алма:
0808 10 100 0 - - сидр өндiру үшiн, көп, 1 кг үшін 0,2 ЕВРО
16 қыркүйек - 15 желтоқсан
- - өзге де:
0808 10 200 - - - Голден Делишес сорты:
0808 10 200 1 - - - - 1 қаңтар - 31 наурыз 1 кг үшін 0,1 ЕВРО
0808 10 200 2 - - - - 1 сәуiр - 30 маусым 1 кг үшін 0,1 ЕВРО
0808 10 200 3 - - - - 1 шiлде - 31 шiлде 1 кг үшін 0,1 ЕВРО
0808 10 200 4 - - - - 1 тамыз - 31 желтоқсан 1 кг үшін 0,2 ЕВРО
0808 10 500 - - - Гранни Смит сорты:
0808 10 500 1 - - - - 1 қаңтар - 31 наурыз 1 кг үшін 0,1 ЕВРО
0808 10 500 2 - - - - 1 сәуiр - 30 маусым 1 кг үшін 0,1 ЕВРО
0808 10 500 3 - - - - 1 шiлде - 31 шiлде 1 кг үшін 0,1 ЕВРО
0808 10 500 4 - - - - 1 тамыз - 31 желтоқсан 1 кг үшін 0,2 ЕВРО
0808 10 900 - - - өзгелерi:
0808 10 900 1 - - - - 1 қаңтар - 31 наурыз 1 кг үшін 0,1 ЕВРО
0808 10 900 2 - - - - 1 сәуiр - 30 маусым 1 кг үшін 0,1 ЕВРО
0808 10 900 3 - - - - 1 шiлде - 31 шiлде 1 кг үшін 0,1 ЕВРО
0808 10 900 4 - - - - 1 тамыз - 31 желтоқсан 1 кг үшін 0,2 ЕВРО";
мына:
"61 машинамен немесе қолдан 5, бiрақ 1 кг үшiн
тоқылған трикотаж киім 1 EBPO-дан кем емес
заттары және киімге
керек-жарақтар
62 Машинамен немесе қолмен 5, бiрақ 1 кг үшiн 1
тоқылған, трикотаждан басқа, ЕВРО-дан кем емес";
киім заттары және киімге
керек-жарақтар
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"61 Машинамен немесе қолмен 5*****
тоқылған трикотаж киім заттары
және киімге керек-жарақтар
62 Машинамен немесе қолмен 5*****
тоқылған, трикотаждан басқа,
киім заттары және киімге
керек-жарақтар ";
мына:
"63 Өзге де дайын тоқыма бұйымдары; 20
жинақтар; бұрын пайдаланымда
болған киім мен тоқыма бұйымдары;
ескi-құсқылар
мыналардан басқа: "
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"6302 Төсек-орын, асхана, дәретхана 5*****
және ас үй заттары ";
мына:
"64 Аяқ киім, гетралар және соған 1 жұп үшiн 15 қосу
ұқсас бұйымдар; олардың 1,4 EBPO
бөлiктерi
мыналардан басқа:
6401 ұлтанды және оның үстi жiппен 1 жұп үшiн 15 қосу
де, түйреуiшпен де, шегемен 0,5 EBPO
де, бұрандамен де, жамаумен
де, қандай да болмасын басқа
да осындай тәсілмен ұлтанға
бекiтілмейтiн және онымен
бiрiкпейтiн үстi резина немесе
пластмассадан жасалған су
өткiзбейтiн аяқ киім
6402 ұлтанды және үстi резинадан 1 жұп үшiн 15 қосу
немесе пластмассадан жасалған 0,5 EBPO
өзге де аяқ киім
6404 резеңкеден, пластмассадан, 1 жұп үшiн 15 қосу
табиғи немесе композициялық 0,5 EBPO
былғарыдан және үсті тоқыма
материалдардан жасалған
ұлтанды аяқ киім "
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"64 Аяқ киім, гетралар және соған 15*****
ұқсас бұйымдар; олардың
бөлiктерi.
мыналардан басқа: ";
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
"***** кеден баждарының ставкалары 2006 жылғы 15 наурызға дейiн қолданылады.";
2) "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген "Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртiппен әкелетiн тауарларға жиынтық кедендiк төлем" деген қосымшада:
", бiрақ 1 килограммға 0,5 ЕВРО-дан кем емес" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген "Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңілдетiлген тәртiп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзуiнiң салмақтық және құндық нормалары" деген қосымшада:
1) тармақшадағы "200 (екi жүз)" деген сөздер "2000 (екi мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "1000 (мың)" деген сөздер "5000 (бec мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығын осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабардар етсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап 30 күн өткен соң қолданысқа енгізiлетiн осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |