Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 908 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КCPO Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КCPO Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрайым |
Елемесов Асқар Раушанұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрайымның орынбасары |
Есімқұлов Ерлан Тұрланғазыұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Үкіметтік қарыздарды тарту департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы, хатшы |
Сартбаев Медет Мақсұтұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары |
Сағындықов Самат Алпысұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры; |
мына:
«Исабеков Тимур Шамсатұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап қою-қуыну жұмыстары басқармасының бастығы» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Исабеков Тимур Шамсатұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап қою-қуыну жұмыстары департаментінің директоры»; |
көрсетілген құрамнан Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы, Өтеғұлов Мәулен Амангелдіұлы, Байнақов Рахмет Ғазизұлы шығарылсын.
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
2-тармақта «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы» Қазақстан Республикасының Заңын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |