2003, 2005 - 2007 жылдардағы былғары шикізатын өндіру қарқыны, мың дана
2007 жылы ірі мал терісінен былғары шикізатын өндіру 2555,5 мың дананы құраған, 2003 жылмен салыстырғанда өндірістің өсу қарқыны 22,8 %-ды, 2006 жылмен салыстырғанда - 5,0 %-ды құраған.
Шаруашылық түрлері бойынша өнім өндіруді тарату мынадай көрсеткішті құрап отыр: тұрғындардың шаруашылығы - 2278,0 мың дана (89,1 %), шаруа (фермерлік) қожалықтар - 236,4 мың дана (9,3 %), ауыл шаруашылық кәсіпорындары - 41,1 мың дана (1,6 %).
Ұсақ мал терісінен былғары шикізатын өндіру 2007 жылы 7136,1 мың дананы құраған, 2003 жылмен салыстырғанда өндірістің өсу қарқыны 20,7 %-ды, 2006 жылмен салыстырғанда - 3,5 %-ды құраған.
Шаруашылық түрлері бойынша өнім өндіруді үлестіру мынадай көрсеткішке ие болып отыр: тұрғындардың шаруашылығы - 5843,9 мың дана (81,9 %), шаруа (фермерлік) қожалықтар - 1166,7 мың дана (16,3 %), ауыл шаруашылық кәсіпорындары - 125,5 мың дана (1,8 %).
Ірі қара малдың терісінен былғары шикізатын өндіру 2007 жылғы көрсеткіш бойынша облыстарға шаққандағы үлесі мынадай: Шығыс Қазақстан облысы - 358,2 мың дана (14 %), Қостанай - 231,5 мың дана (9,1 %), Алматы - 209,4 мың дана (8,2 %), Оңтүстік Қазақстан облысы - 255,8 мың дана (10 %), Ақмола - 229,2 мың дана (8,9 %), Солтүстік Қазақстан облысы - 179,9 мың дана (7 %), Жамбыл - 130,6 мың дана (5,1 %), Қарағанды - 237,8 мың дана (9,3 %), Ақтөбе - 193,7 мың дана (7,6 %), Батыс Қазақстан облысы - 170,6 мың дана (6,7 %), Павлодар - 168,5 мың дана (6,6 %), Атырау - 101,8 мың дана (4,0 %), Қызылорда - 76,0 мың дана (3 %), Маңғыстау - 12,5 мың дана (0,5 %).
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі ірі малдың терісінен былғары шикізатын өндіру 2007 жылы 463 мың дананы құраған немесе жалпы республикалық өндірістің 18 %-ын құрап отыр, бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.
Ұсақ мал терісінен былғары шикізатын өндірудің облыстар бойынша көрсеткіші: Алматы - 1475,9 мың дана (20,7 %), Оңтүстік Қазақстан облысы - 1452,0 мың дана (20,3 %), Жамбыл - 675,9 мың дана (9,5 %), Шығыс Қазақстан облысы - 968,0 мың дана (13,6 %), Қарағанды - 532,7 мың дана (7,5 %), Ақтөбе - 430,0 мың дана (6 %), Батыс Қазақстан облысы - 364,2 мың дана (5,1 %), Қызылорда - 262,8 мың дана (3,7 %), Атырау - 299,7 мың дана (4,2 %), Маңғыстау - 101,0 мың дана (1,4 %), Павлодар - 182,4 мың дана (2,6 %), Ақмола - 179,1 мың дана (2,5 %), Қостанай - 91,6 мың дана (1,3 %), Солтүстік Қазақстан облысы - 120,8 мың дана (1,7 %).
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі ұсақ малдың терісінен былғары шикізатын өндіру 2007 жылы 2391 мың дананы құраған немесе жалпы республикалық өндірістің 33 %-ын құрап отыр, бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірі былғары бұйымдарының өндірісі жөніндегі кәсіпорындарды шикізатпен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін жеткілікті шикізат (тері) базасына ие.
3.14.3. Қазақстанның былғары саласының өнеркәсіптік әлеуеті
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) деректеріне сәйкес, 2006 жылы «Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдарды өндіру және аяқ киім өндірісі» саласы бойынша 47 кәсіпорын есеп берген.
Теріні алғашқы өңдеуді (илеуді) жүзеге асыратын кәсіпорындар саны - шамамен 30 дана. Аталған кәсіпорындардың орташа жылдық қуаттылығы 2006 жылы мына көрсеткішке жетті:
мүйізді ірі қара мал немесе қылшықсыз немесе түксіз жылқы тұқымдастарының терісінен былғары өндіру бойынша - 328667,0 мың дм2, оның 35,1 %-ы қолданылған;
қылшықсыз немесе түксіз қой, ешкі және шошқа терілерінен былғары өндіру бойынша - 69026,8 мың дм2, оның 1,6 %-ы қолданылады.
Негізгі былғары шикізатын тұтынушылар ретінде «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы), «Петропавл былғары зауыты» (Солтүстік Қазақстан облысы), «Рудный былғары зауыты» ЖШС (Қостанай облысы), «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС (Жамбыл облысы), «Алматы былғары зауыты» ЖШС және өнімділігі азырақ бірқатар басқа кәсіпорындар, «Шымкент былғары аяқ киім зауыты» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы).
2003, 2006 - 2007 жылдардағы былғары өндірісінің қарқыны, мың дм2
Мүйізді ірі қара мал немесе жылқы тұқымдас малдар терісінен жасалған былғары өндіру 2007 жылы республика бойынша 171569,2 мың шаршы дцм құраған; қой, ешкі және шошқа терісінен жасалған былғары өндіру - 295,4 мың шаршы дцм-ді құраған. Мүйізді ірі қара мал терісінен жасалған былғары өндіру қарқыны 2007 жылы 2003 жылмен салыстырғанда - 72 %-ға, 2006 жылмен салыстырғанда - 49 %-ға құраған. Ұсақ малдың терісінен жасалған былғары өндіру қарқынының әлсіреуі 2007 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 109 есеге, 2006 жылмен салыстырғанда - 3,7 есеге азайған.
Мүйізді ірі қара мал немесе жылқы тұқымдас малдар терісінен жасалған былғары өндірудің 2007 жылғы көрсеткіші облыстар бойынша мынадай: Солтүстік Қазақстан облысы - 62 378 мың дм2 (36,4 %), Алматы - 58890,0 мың дм2 (34,3 %), Қостанай - 33128,2 мың дм2 (19,3 %), Жамбыл - 5946 мың дм2 (3,5 %), Шығыс Қазақстан облысы - 7838,4 мың дм2 (4,6 %), Оңтүстік Қазақстан облысы - 3204,8 мың дм2 (1,8 %), Қарағанды - 183,8 мың дм2 (0,1 %).
2007 жылы Алматы облысында жаңа «Алматы былғары зауыты» ЖШС кәсіпорнын іске қосумен байланысты былғары өндірісі алға қойылды.
2007 жылы қой, ешкі және шошқа терісінен жасалған былғары өндіру бойынша көрсеткіш облыстары бойынша мынадай: Шығыс Қазақстан облысы - 162,8 мың дм2 (55,1 %), Батыс Қазақстан облысы - 112,8 мың дм2 (38,2 %), Оңтүстік Қазақстан облысы - 19,8 мың дм2(6,7 %).
Үлбірлі, иленген немесе өңделген тері өндірісі 2007 жылы республика бойынша 2517,6 мың дм2, оның ішінде облыстар бойынша: Қарағанды - 70,8 мың дм2 (2,8 %), Алматы - 1 418,3 мың дм2 (56,3 %), Жамбыл - 473 мың дм2 (18,8 %). Жалпы алғанда, 2007 жылғы өндіріс 2003 жылғы өндіріспен салыстырғанда 4 %-ға, төмендеген 2006 жылмен салыстырғанда - 64,7 %-ға артқан.
Қазақстан Республикасындағы негізгі үлбірлі, иленген немесе өңделген тері өндірушілер ретінде «Тuransking» ЖШС, «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС, «Алматы былғары зауыты» ЖШС, «Шымкент былғары аяқ киім зауыты» ЖШС болып табылады. Алайда, басқа өндірушілерге қарағанда, «Шымкент былғары аяқ киім зауыты» ЖШС қазіргі заманғы итальяндық құрал-саймандармен жабдықталған әрі экспортқа бағытталған жоғары сапалы өндіріс технологиясына ие. Өндірісте бәсекелестерге қарағанда неғұрлым жоғары сапалы химиялық заттар қолданылады, бұл сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. «Тuransking» ЖШС, «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС, «Алматы былғары зауыты» ЖШС кәсіпорындарында қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейтін кеңес дәуіріндегі (қытай технологиясы бойынша) ескі әрі тозығы жеткен жабдықтар қолданылады. Аталған салада жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі байқалып отыр.
3.15. «Оңтүстік» АЭА құру мен дамытуды SWOT талдау
Күшті жақтары
1. Тұрақтылық. Соңғы жылдары Қазақстанда экономиканың өсуі, қаржы жүйесінің нығаюы, басым салаларды дамыту үрдісі қалыптасты, шетелдік капиталды, оның ішінде тоқыма өнеркәсібіне қауіпсіз тартуға құқықтық база мен шарттар құрылды.
2. Тұрақты ұлттық валюта.
3. Шикізат:
а) Мақта. Жергілікті жерде өндірілген мақта-талшыққа кең ауқымды ұсыныс бар, сондай-ақ қазіргі бар егін алқаптарынан шикізат мақтаның көлемі мен одан да көп өңдеуге қабілетті қуаты көп өңдейтін кәсіпорындардың жеткілікті саны бар. Мақтаны егуге арналған игерілмеген егін алқаптары бар. Қазіргі уақытта қазақстан мақтасының 90 %-дан астамы экспортқа кетеді. Қосылған құнды арттыру процестерінде жергілікті мақтаны тұтыну мүмкіндігі бар. Мақта шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтын құру, сондай-ақ мақта-тоқыма кластерін дамыту бағдарламасында көзделген мақта-талшық сапасын сатып алу бағасы бойынша қазіргі заманғы зертханалар желісін құру үшін халықаралық танылған компанияларды тарту Қазақстанда мақтаның сапасы мен егістігін арттыруға елеулі әсерін тигізеді.
б) Жүн және тері. Соңғы жылдары мал басы санының өсуіне байланысты тері өнімдерін және жүннің барлық түрлерін өндіру ұлғаюда. Мал басы санының динамикасы өсу үрдісін сақтап отыр.
4. Шикізат импорты:
а) Мақтаның импорты. Мақтаға әлемдік бағамен шамамен салыстырғанда 15 % құндық басымдығы бар көршілес Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Түркіменстаннан әкелінетін мақтаны да «Оңтүстік» АЭА аумағында тоқыма кәсіпорындары тұтына алады. 5 үлгідегі мақтаға баға бір килограмм үшін 1,1 АҚШ долларын құрайды. Салыстыру үшін - ұқсас сападағы қытай мақтасына баға бір килограмм үшін шамамен 1,75 АҚШ доллары. Баға басымдығы орасан пайда болып табылады. Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сияқты тоқыма жіптің жоғары нөмірлерін өндіру үшін жұқа талшықтың неғұрлым бағалы сапалы мақта-талшықты өндіруге қабілетті.
б) Тазартылмаған жібек көрші елдерден: Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстаннан импортталады. Өзбекстан әлемдегі Қытай мен Үндістаннан кейінгі жібек құртын өндіруші ірі елдің бірі болып табылады. Жалпы жібек өндірісінің көлемі бойынша ТМД елдері арасындағы республика үлесі 80 %-дан жоғары. Өзбекстанның меншікті өндірісінің ірі шикізаттық қоры бар. Сонымен қатар жыл сайын бір тоннаға жуық тазартылмаған жібек өндіріледі. Еліміз әлемнің төрт ірі жібек өндірушілерінің қатарына кіреді.
5. Электр энергиясы бойынша шығындар. Мемлекеттік электр энергиясы жүйесіне тікелей қатынаған кезде баға кВТ үшін 0,029 АҚШ долларына жетеді. Салыстыру үшін: Қытайда кВТ үшін 0,07 АҚШ доллары, Түркияда 0,089 АҚШ доллары туралы сөз болмақ. Текше метр үшін 0,07 АҚШ долларымен табиғи газ үшін баға Түркияда төлейтіннің үштен бір бөлігі болып табылады.
6. Жұмыс күшінің болуы. Оңтүстік Қазақстанда еңбек ресурстарының көптігі бар. Сондықтан негізгі міндеттердің бірі еңбек әлеуетін сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Бұған қоса, жалақының орташа деңгейі Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда салыстырмалы төмен, алайда жалпы ел үрдістеріне сәйкес ол өсіп отыр. Жұмыс күшіне шығындар төмен, Қытайдың Шығыс жағалауындағы деңгейінде. Ең төменгі жалақы сағатына 0,44 АҚШ доллары, тігін операторы 0,8 АҚШ доллары және иіруші/тігінші сағатына 1,2 АҚШ доллары.
7. Темір жол желісі. Қазіргі бар темір жол желісі солтүстік бағытта ТМД елдеріне және Балтық жағалауы мемлекеттері арқылы Еуропаға, оңтүстік бағытта Қара теңізге тасымалдауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ тікелей Түркияға жүк тасымалдары мүмкін.
8. Су. Мақта өсетін ОҚО өзен, сондай-ақ жер асты көздерінен шығатын таза су ресурстарына бай. Ірі өзен - Сырдария (Келес, Құрықкелес, Арыс, Бөген және т.б. ағындарымен) облыстың аумағын оңтүстіктен солтүстік-батысқа қиып өтеді.
Әлсіз жақтары
1. Тоқыма саласы өндірісінің құлдырауы. Өз уақытында тоқыма-тігін өнеркәсібі елдің ЖІӨ-нің 35 %-ын құрады. Инфрақұрылымның құлауына байланысты тоқыма-тігін өнеркәсібінің үлесі ЖІӨ-нің 0,5 %-ына азайып кетті. Көптеген кәсіпорындар әлі күнге дейін ескірген жабдықта жұмыс істеуде.
2. Жеткізу уақытының ұзақтығы. Қазақстан мақсатты өткізу нарығынан және жабдықтар мен қосымша бөлшектерді мақсатты жеткізушілерден елеулі қашықтықта болғандығына байланысты, жеткізу мерзімінің ұзақтығы жағынан қолайсыз жағдайда тұр. Мақсатты нарықтарға дейін жеткізу кезеңі 15 күнді құрауы мүмкін Түркияға жеткізуді қоспағанда, шамамен 30 күнді құрайды.
3. Өзбекстанмен бәсекелестік. Көршілес Өзбекстанның Қазақстандағы деңгейден 8 есе асатын мақта егістігі бар. Бұдан басқа, Өзбекстан кейбір ұзынырақ талшықтарды өндіруге де қабілеті бар. Сондай-ақ, мақтаны пайдаланатын және дайын өнімді экспортқа шығаратын Өзбекстандағы компаниялар үшін мақтаға мемлекеттік бағалар субсидиялары бар. Сондай-ақ Өзбекстан жібек кілем өнімдерін өндіру саласында бәсекелес болады. Бұл күшті бәсекелестік жағдай туғызады.
4. Қазақстан белгілі емес. Өндіріс көлемі аз болғандығына және көпшілік өнім Ресейге экспортталатынына байланысты, Қазақстан Еуропа тоқыма және киім индустриясында онша танымал емес.
5. Автомобиль жолдары. Автожол желісі тиімді және баламалы тасымалдау әдісін құру үшін инвестицияға мұқтаж.
6. Еңбек өнімділігі. Сала көнерген жабдықтармен жабдықталғанын ескеретін болсақ, өндіру әдісінде артта қалу, төмен өнімділік деңгейі бар, жаңа кәсіпорындар, жаңа технологиялар еңбек өнімділігінің өсімі үшін жағдай жасау керек болады. Бұл кеңейтілген тренингті және жұмыс күші менталитетінің өзгеруін талап етеді.
7. Оқыған техникалық персоналдың жетіспеушілігі. Тоқыма өнеркәсібі құлдырағаннан бастап, осы саладағы білікті мамандар саны елеулі қысқарды. Техникалық мамандардың жаңа буыны қажет. Тоқымадағы техникалық және инжинирингтік тренинг танымал емес, өйткені индустрия өте шағын. Жаңа компаниялардың үлкен ағымы бастапқы кезеңде шетел мамандарымен қанағаттанатын оқыған персоналға сұраныс туғызады.
8. Маркетинг. Жаңартылған тоқыма өнеркәсібіне ең тиімді Еуропа нарығына кіру үшін маркетингте және сатуда жаңа дағдылар алуы қажет, бұл уақыт пен күшті талап етеді. Бастапқы кезеңде маркетинг шетел мамандарының күштерімен жүргізілетін болады.
Мүмкіндіктер
1. Индустрияның өсуі. Қазақстан үшін негізгі мүмкіндік - жергілікті мақта жеткізуді пайдалана отырып, және қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы кәсіпорындар, фабрикалар сала отырып, тоқыма және киім индустриясының мүлде жаңа нысанын құру.
2. Өңірдің орталық пункті. Облыс үшін Қазақстандағы тоқыма технологиясының орталығы болу мүмкіндігі бар. Rieter және Веnnіngеr сияқты тоқыма индустриясымен байланысты көптеген қазіргі заман кәсіпорындары техникалық қызмет көрсету үшін жоғары технологиялық қамтамасыз етумен бірге Шымкентте қосалқы бөлшектерді жеткізу жөнінде орталық құруды ұсынды.
Қатерлер
1. Өзбекстан. Өзбекстан шетелден әкелінген инвестицияларға күшті бәсекелес болады деген мүмкіндік бар. Екінші жағынан, Қазақстан кәсіпорынды жеке иемденуге мүмкіндік береді, ал Өзбекстанда болса, меншік көбіне мемлекеттік.
2. Тоқыманың соңғы 5 жыл ішінде инвестициялармен дүниежүзілік молығуы.
3. Электр тасығыштарға бағанын әлеуетті өсуі.
4. Әлемдегі қаржы-экономикалық дағдарыс. Дүниежүзі бойынша өндіріс қуаты мен инвестициялаудың қысқаруы байқалып отыр.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруіне алғы шарттар жасауға мүмкіндік беру болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
аумақта тоқыма кәсіпорындарының ресурстарды (электр энергиясын, газды, суды) тиімді пайдалануға септігін тигізетін инженерлік желілерін салу;
коммуникациялық инфрақұрылымды (автомобиль жолдарын, темір жолдар, телефон желілерін) салу, қайта жаңарту;
әлеуетті инвесторлардың «Оңтүстік» АЭА мүмкіндіктерімен және басымдықтарымен танысуға бағытталған тұсау кесер және өзге де жарнама іс-шаралар өткізу;
«Оңтүстік» АЭА құру мақсаттарына жауап беретін инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдерін қалыптастыру;
«Оңтүстік» АЭА аумағында тігінен біріктірілген, жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған өндіріс салуды қамтамасыз ету;
арнайы экономикалық аймақ аумағында өндірілген тауарларды әлемдік тауар нарықтарына жылжытуға ықпал ету;
«Оңтүстік» АЭА аумағында тоқыма кәсіпорнын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру болып табылады.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетіктері
«Оңтүстік» АЭА қалыптасуы және дамуы үш орта мерзімді кезеңде өтеді.
Іске асырудың бірінші 2007 - 2009 жылдар кезеңі - «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымын салу, инвестициялар тарту, «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындар құрылысының басталуы.
Іске асырудың екінші 2010 - 2012 жылдар кезеңі - «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындар салу.
Іске асырудың үшінші 2013 - 2015 жылдар кезеңі - өндірісті кеңейту және «Оңтүстік» АЭА одан әрі дамыту, тоқыма өнімінің әлемдік нарығына шығу.
5.1. Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар) - «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымын салу
5.1.1. «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымын дамыту
«Оңтүстік» АЭА құрылысының жобасына (инженерлік іздестірулер, геология, топография, бас жоспары) сәйкес «Оңтүстік» АЭА аумағына бөлінген алаң 200 га құрайды. Ауданның сейсмикалығы - 7 балл, алаңның сейсмикалығы - 8 балл. «Оңтүстік» АЭА алаңының бір бағытта бірден білінген ұзындығы (3500 м) мен елеусіз ені (360 м-ден 710 м-ге дейін) бар, осыны ескере отырып, бірқатар шарттарды орындау көзделеді:
су құбыры құрылысы учаске ұзындығы бойынша қарама-қарсы бетте орналасқан 2 алаңда орналастырылады;
ашық трансформатор кіші стансасы күшті тең бөлу үшін учаске ортасына орналастырылатын болады;
ағынды суларды алдын ала тазалау құрылыстарының кешендері кәсіпорындар топтарына көзделеді және «Оңтүстік» АЭА өнеркәсіп алаңының оңтүстік бөлігінде орналастырылады.
«Оңтүстік» АЭА дирекциясы» ММ-нің әкімшілік-тұрмыстық корпустар маңында абаттандыру және көгалдандыру көзделген, сондай-ақ құрылыс жүргізілмейтін барлық бос учаскелер көгалдандырылады.
«Оңтүстік» АЭА кәсіпорындарын электрмен қамтамасыз ету бірнеше өзара байланысқан электр энергиясын жеткізу және бөлу жүйелерін құру арқылы жоспарланады. Бұл «Оңтүстік» АЭА ішкі электрмен қамтамасыз ету және алаң ішінде кәсіпорынды электрмен қамтамасыз ету. «Оңтүстік» АЭА сыртқы электрмен қамтамасыз ету мыналарды:
1) ВЛ 220 кВ жалпы ұзақтығы - 4,5 км, оның ішінде қайта жаңартылатын - 4,2 км (АС 400/51 және АС 500/64 сымы);
2) жалпы ұяшық саны 10 кВ - 54 дана тоқты шектейтін реакторлардың төрт үш фазалы топтары бар 80 ВМ.А-1ПС күші бар екі 220/10 кВ трансформаторы бар 220 кВ кіші стансасын салу;
3) релелік қорғау және желілік желі автоматикасы 220 кВ, диспетчерлік технологиялық басқару. Толық дамуға «Оңтүстік» АЭА болжамды есеп қуаттылығы 90 МВт.
«Оңтүстік» АЭА қажеттілігін қамтамасыз ету үшін газ бөлу пункті (бұдан әрі - ГБП) салынатын және жоғары қысымды газ құбыры жүргізілетін болады. Газ құбыры трассасы электр кіші стансасы ауданында орналасқан ГБП-ден Шымкент қаласының шығыс бөлігінде жоспарлануда. «Оңтүстік» АЭА аумағында табиғи газды жылдық пайдалану 124827,1 мың нм3 құрайды. Газ құбырында қосу нүктесінде газ қысымы 6-12 кг/см2. «Оңтүстік» АЭА аумағында желідегі газ қысымын 12-ден 3 кг/см2 дейін төмендететін ГБП орнату қажет.
Сумен қамтамасыз ету және су тарту. Шаруашылық-ауыз су және өндіріс өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көзі есебінде қалалық су құбыры пайдаланылады.
«Оңтүстік» АЭА сумен қамтамасыз етуді қосу бірінші көтерілу насос стансасынан көзделген, сутартқыш диаметрі 600 мм екі құбырдан орындалады (сутартқыштың жалпы ұзындығы - 7 км). Бұдан басқа, әрқайсысының көлемі 200 м3 екі резервуар салу көзделген.
Кәріздік коллектор салу да көзделген (диаметрі 800 мм, ұзындығы 7 км). Шаруашылық-тұрмыстық және өндіріс ағынды сулар қабылдауышы алдын ала тазалаудан кейін қалалық кәріз коллекторына тастау қабылданды.
5.1.2. Коммуникациялық инфрақұрылым салу және қайта жаңарту
Ленгір тас жолынан «Оңтүстік» АЭА-ға дейін «Цемент зауытының саздақ карьеріне кіреберіс» қазіргі автомобиль жолын қайта жаңарту және Бадам өзені арқылы көпірді қайта жаңарту көзделді.
Өнеркәсіп кәсіпорындарына кіреберіс автомобиль жолы кәсіпорын құрылысы кезеңінде толық жобалау қуаттылыққа қол жеткізе отырып жобаланады.
Көпір габариті қоршаулар бар болғанда бөлу жолымен анықталған.
Көпірде сырт жағынан шарбақтармен қоршалған әрбір жағында қызметтік жолдар құрылысы көзделеді. Көпірдің жалпы ені 30,5 м құрайды. Жол жүру бөлігінің ені 2x7,5 м, көпір ұзындығы - 126 м.
Кіреберіс темір жол жолы. Темір жолы кіреберіс жолының түйісуі Текесу стансасында көзделеді. Түйісу орнында қашыртқы шиеленістерді жөндеу көзделеді. «Оңтүстік» АЭА кешенінің вагондарын толықтыру үшін Текесу стансасында әрқайсысының пайдалы ұзындығы 450 м. екі тұйық жол салу көзделген.
Кешен аумағында алаң ішіндегі жол дамыту жүктер түрлерін және мақтаны қайта өңдеу жөніндегі кешеннің технологиялық процесін есепке ала отырып көзделген. Қайта жаңартуды есепке ала отырып, кіреберіс темір жолының жалпы ұзындығы 4 км-ден астамды құрайды.
Кіреберіс темір жолының бір тармағында «Оңтүстік» АЭА кеденінің құрылыс кешені орналастырылатын болады, оған «Оңтүстік» АЭА кәсіпорындарының дайын өнімдерін жіберуге арналған қоймалар блогының және қосалқы-көмекші қызметтер блогының ғимараты енеді. Екінші тармақта келіп түскен шикізатты, химикаттарды, қосалқы материалдарды қабылдап алуға арналған қоймалар блогы орналасады.
Телефондандыру. Телефондандыру желілері «Шымкентмұнайоргсинтез» кәсіпорнының аумағында қазір бар құдыққа қосылады. Байланыс желісі оптика-талшық желісінен орындалады. Желі ұзындығы 2 км.
«Оңтүстік» АЭА аумағында мынадай алаң ішіндегі инженерлік коммуникациялық желілер құрылысы көзделеді:
сумен қамтамасыз ету және су тарту;
электрмен қамтамасыз ету және электр жарығы;
газбен қамтамасыз ету;
телефондандыру;
алаң ішіндегі автомобиль жолы.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.1.3. Әлеуетті инвесторлардың «Оңтүстік» АЭА мүмкіндіктерімен және басымдықтарымен танысуына бағытталған тұсаукесер және өзге де жарнама іс-шараларын өткізу
Жарнама компаниясы мынадай элементтерден тұратын болады:
«Оңтүстік» АЭА-ны шетел инвесторларына жарнамалайтын Роwerpoint форматында тұсау кесерін дайындау. Тұсау кесерді Германияда, Түркияда, Үндістанда, Пәкістанда және басқа да елдерде өткізу;
жеке тоқыма кәсіпорындарына почта арқылы жіберуге буклеттер шығару;
мекен-жайын бүкіл дүниежүзі бойынша әлеуетті тоқыма инвесторларға жіберуге жататын әзірленген интернет-ресурстың ресурстарын пайдалану, www.textilezone.kz
халықаралық танысу бағдарламасын жүргізу Werner International халықаралық компаниясының қолдауымен халықаралық танысу бағдарламасы басталады - бүкіл дүниежүзі бойынша ең маңызды тоқыма кәсіпорындарының жоғары басшыларына ақпараттық хатты жіберу. Бұл бағдарлама бүкіл дүниежүзі бойынша 1000-ға жуық тоқыма кәсіпорындарды жабады.
Сондай-ақ, мыналарды:
Қазақстан аумағында тоқыма конференциялар;
халықаралық тоқыма конференцияларында тұсау кесу;
Еуропада және Азияда негізгі тоқыма көрмелерінде стендтер көрсету;
ITMA 2007, тоқыма жабдықтарының ең ірі көрмесіне қатысу болжамдалады.
«Оңтүстік» АЭА информациялық жылжытудың «ROAD SHOW» және т.б. іс шаралары.
5.2. Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар) - «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындар салу және «Оңтүстік» АЭА шоғырланған сервистік-технологиялық орталықтың құрылуы
5.2.1. «Оңтүстік» АЭА құру мақсаттарына жауап беретін инвестициялық жобаларды іріктеу
Төменде келтірілген параметрлер Еркін экономикалық аймаққа кіруге сәйкес келетін кәсіпорындардың тамаша мөлшерін, форматын және құрылымын анықтау үшін пайдаланылады. «Оңтүстік» АЭА тоқыма және дайын киім индустриясында жоғары технологияларды қолдану орталығы болады. Төменде келтірілген компанияларды іріктеу принциптері мағыналық тәртібінде орналастырылған.
1. Басым жергілікті өндіріс шикізатын пайдалану.
Компаниялар Қазақстанда өсірілген және өңделген мақтаны пайдалануға ұмтылуы тиіс, осылайша, жергілікті нарықта өсірілген және қайта өңделген мақтаны пайдалануды елеулі арттырады. Көптеген бұйымдар иірімжіптің белгілі сапасын келтіру үшін мақтаның басқа түрлерімен араластыруды талап ететінін ескере отырып, инвестор компанияларға мақта талшығын импорттау мүмкіндігі ұсынылады. Алайда, кәсіпорындар қазақстандық мақтаны кәсіпорында пайдаланылатын мақтаның жалпы санының кемінде 30 % пропорциясында пайдалануға ұмтылуы тиіс. Жергілікті нарықта жоқ шикізаттың қажеттілігі туған жағдайда импортты шикізатты пайдалану мүмкіндігі бар.
2. Өнім/бұйым түрлері.
Компаниялар джинса, төсек жабдығы, сүлгі, мақтадан жасалған ішкі киім, пижамалар, балалар киімдері, футболкалар және басқа сияқты көбінесе мақтадан жасалған өнімді шығаратын болады.
Синтетика мен мақта қоспасынан жасалған бұйымдар жасалатын өнімдер тізбесіне енуі мүмкін. Мұнай-химия өнеркәсібінің өсуіне орай Қазақстанда ұзақ мерзімді болашақта полиэстер немесе нейлон сияқты өнімдерді өндіруге жергілікті шикізатты жеткізу жүзеге асырылатын болады, алайда, бұл бірнеше жылдарды талап етеді. Осылайша, «Оңтүстік» АЭА жергілікті мақтаны пайдалану үшін құрылады.