7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- 2006 жылғы көші-кон квотасына енгізілген 15000 оралмандар отбасын қабылдау және жайластыру;
- 2006 жылғы көші-қон квотасына енгізілген, шет мемлекеттерден соңғы тұрғылықты жеріне дейін 75 оралмандар отбасын ұйымдастырып көшіру және олардың мүліктерін тасымалдау;
- 11184 мың теңгеге Қарағанды облыстық Оралмандарды уақытша орналастыру орталығының ғимаратын күрделі жөндеу.
Соңғы нәтиже: миграциялық процестердің есебінен Қазақстан Республикасының халқының санын өсіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: оралман отбасына көрсетілетін орташа көмек мөлшері - 736 450 теңге.
Уақтылығы: оралман отбасының келуіне байланысты жыл ішінде.
Сапа: нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мерзімде көші-қон квотасымен келген оралмандарға әлеуметтік көмектің барлық түрін ұсыну.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
152-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің көші-қон және демография жөніндегі
ақпараттық жүйесін құру"
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 70000 мың теңге (жетпіс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 Қаулысы; "Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: миграциялық процестерді реттеу және оралмандарды әлеуметтік қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- көші-қон процестерінің мониторингі;
- қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болашақ көші-қон саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Қазақ- стан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеу- меттік қорғау министр- лігінің көші-қон және де- мография жөнінде- гі ақ- параттық жүйесін құру | "Оралман" дерекқорын қолдау. Лицензия және жалпы жүйелік бағдар- ламалық қамтамасыз етуді және лицензия- ларды сатып алу. Корпоративті жүйе жасау. | 2006 жылдың 2-3 тоқсаны | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- оралмандарды әлеуметтік қорғау және миграция саласында ортақ ақпараттық кеңістік жасау.
- бюджеттік қаражаттың уақытылы және мақсатты қолдануына мониторинг жасау.
Соңғы нәтиже:
- оралмандарды әлеуметтік қорғау;
- оралмандардың еліміздің қоғамдық өміріне бейімделуі мен интеграциялануын қамтамасыз ету;
- миграциялық процестерді басқару жүйесін жетілдіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- жұмыс уақытын тиімді қолдану;
- ақпарат жинау және өңдеу шығындарын азайту.
Уақтылылығы: жыл ішінде.
Сапа: миграциялық процестерді тиімді мониторинг жасау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
153-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес,
мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз
етуге, және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің
қызмет көрсетуіне ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 499921 мың теңге (төрт жүз тоқсан тоғыз миллион тоғыз жүз жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 21, 22-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша қызметтер аясын кеңейту арқылы мүгедектердің өмір сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- мүгедектерді әлеуметтік оңалту;
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес:
жеке көмекші;
ымдау тілі маманының;
арнайы гигиеналық құралдары әлеуметтік қызметтерін уақтылы ұсыну.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне мүгедек- терді оңалту жеке бағдар- ламасына сәйкес, мұқтаж мүгедек- терді арнайы гигиена- лық құр- алдармен қамта- масыз етуге және ым- дау тілі маман- дарының, жеке көмекші- лердің қызмет көрсе- туіне ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Мүгедектерді оналтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедек- терді арнайы гигиена- лық құралдармен, ымдау тілінің мамандарымен, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджетте- ріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедек- терді арнайы гигиена- лық құралдармен, ымдау тілінің мамандарымен, жеке көмекшілермен қамтамасыз етуді уақтылы ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. Облыстық және Астана, Алматы қалала- рының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 2162 мүгедектерге ымдау тілі мамандарының қызметтерін ұсыну, оның ішінде: Ақмола - 84, Ақтөбе - 80, Алматы - 55, Атырау - 40, Шығыс-Қазақстан - 175, Жамбыл - 10, Батыс-Қазақстан - 150, Қарағанды - 250, Қостанай - 150, Қызылорда - 250, Маңғыстау - 40, Павлодар - 250, Солтүстік-Қазақстан - 100, Оңтүстік-Қазақстан - 200 облыстарында, Астана - 154, Алматы - 84 қалаларында;
- 1089 мүгедектерге жеке көмекшілерінің қызметтерін ұсыну, оның ішінде: Ақмола - 44, Ақтөбе - 44, Алматы - 40, Атырау - 38, Шығыс-Қазақстан - 105, Жамбыл - 45, Батыс-Қазақстан - 100, Қарағанды - 125, Қостанай - 75, Қызылорда - 80, Маңғыстау - 60, Павлодар - 60, Солтүстік-Қазақстан - 45, Оңтүстік-Қазақстан - 112 облыстарында, Астана - 66, Алматы - 50 қалаларында;
- 4729 мүгедекті арнайы гигиеналық құралдармен, оның ішінде: Ақмола - 407, Ақтөбе - 100, Алматы - 134, Атырау - 74, Шығыс-Қазақстан - 276, Жамбыл - 121, Батыс-Қазақстан - 406, Қарағанды - 324, Қостанай - 306, Қызылорда - 179, Маңғыстау - 239, Павлодар - 125, Солтүстік-Қазақстан - 430, Оңтүстік-Қазақстан - 1000 облыстарында, Астана - 276, Алматы - 332 қалаларында қамтамасыз етіледі.
Соңғы нәтиже: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша ұсынылатын қызметтер сапасын және қол жеткізілімділігін кеңейту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орта есеппен алғанда жеке көмекші көмек мөлшері айына 17904 теңге, ымдау тілі маманы жылына 30 сағат сурдоаударуға 40800 теңге, арнайы гигиеналық құралдар айына 3132 теңге болады.
Уақтылығы: ай сайын.
Сапа: қабылданған шаралар мүгедектердің қоғамдық өмірге кіргіздірілуіне жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
154-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік аннуитеттік компания құру"
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 436200 мың теңге (төрт жүз отыз алты миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі № 729 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың зейнетақылық және әлеуметтік қамсыздандыру құқығын сақтандыру ұйымдарынан аннуитет келісімінің негізінде жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру жөніндегі компания" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 031 | | Мемле- кеттік аннуи- теттік компания құру | "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық және меншікті капиталдарының ең төменгі мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 257 қаулысымен бекі- тілген сақтандыру ұйымының жарғылық және меншікті капиталдары- ның ең төменгі мөлшер- лері талаптарын сақтау мақсатында "Мемлекет- тік аннуитеттік компа- ния" өмірді сақтандыру жөніндегі компания" акционерлік қоғамының жарғылық капиталы көлемін ұлғайтуға қаражат бөлу. | 2006 жылдың қаңтар айы | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру жөніндегі компания" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту.
Соңғы нәтиже: азаматтардың зейнетақылық және әлеуметтік қамсыздандыру құқығын сақтандыру ұйымдарынан аннуитет келісімінің негізінде жүзеге асыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- елімізде экономикалық өсуге жағдай жасайтын сақтандыру саласын дамытуды қамтамасыз ету;
- республика азаматтарын қарттық жағдайы келген кезде және де басқа да күтпеген жағдайларда (асыраушысынан айырылу, мүгедектікке ұшырау т.б.) қаржылық қорғау.
Уақтылығы: бекітілген мерзімге сәйкес.
Сапа: өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру және кездейсоқ жағдайлар мен аурулардан сақтандыру салалары бойынша лицензия негізінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
155-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қызылорда облысының облыстық бюджетіне Арал, Қазалы және
Қармақшы аудандарының, Байқоңыр қаласының тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 186133 мың теңге (бір жүз сексен алты миллион бір жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеу үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қосымша әлеуметтік көмек көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- Қызылорда облысының экологиялық апат аумақтарында тұратын аз қамтылған отбасыларды (азаматтарды) әлеуметтік қорғау;
- тұрғын үй көмегін ұсыну әдіснамасын жетілдіру;
- Қызылорда облысы Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Байқоңыр қаласында тұратын, аз қамтылған отбасыларды (азаматтарды) тұрғын үй көмек төлемдерімен уақтылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 032 | | Қызылорда облысының облыстық бюджетіне Арал, Қазалы және Қармақшы аудан- дарының, Байқоңыр қаласының тұрғын- дарына тұрғын үй көмегін көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Байқо- ңыр қаласының халқына тұрғын үй көмегін көр- сету үшін Қызылорда облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Қызылорда облысы Арал, Қазалы, Қармақшы ау- дандары және Байқоңыр қаласында тұратын, аз қамтылған отбасыларды (азаматтарға) тұрғын үй көмек төлемдерін уақтылы ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. Қызылорда облысының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қызылорда облысында тұратын аз қамтылған 4055, оның ішінде мына аудандарда Арал - 1486, Қазалы - 825, Қармақшы - 901 және Байқоңыр қаласында - 843 отбасыларға (адамдарға) тұрғын үй көмегін төлеу. Тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарының мүмкін шекті үлесін 30%-дан 10% төмендету.
Соңғы нәтиже: аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын төлеуге қосымша материалдық қолдау көрсету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: көрсетілетін көмектің орташа мөлшері 5094 теңге болады.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.
Сапа: Қызылорда облысының экологиялық апат аумақтарында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегіне тағайындалған сомаларды 100% төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
156-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Ақтөбе облысының облыстық бюджетіне Шалқар ауданының
тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетуге берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 033 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 47981 мың теңге (қырық жеті миллион тоғыз жүз сексен бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеу үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қосымша әлеуметтік көмек көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- Ақтөбе облысының экологиялық апат аумақтарында тұратын аз қамтылған отбасыларды (азаматтарды) әлеуметтік қорғау;
- тұрғын үй көмегін ұсыну методикасын жетілдіру;
- Ақтөбе облысы Шалқар ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларды (азаматтарды) тұрғын үй көмек төлемдерімен уақтылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 033 | | Ақтөбе облы- сының облыстық бюд- жетіне Шалқар ауда- нының тұрғын- дарына тұрғын үй көме- гін көр- сетуге бері- летін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Шалқар ауданының хал- қына тұрғын үй көмегін көрсету үшін Ақтөбе облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Ақтөбе облысының эко- логиялық апат аумақта- рында тұратын, аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй жәрдемақыларының уақтылы төленуін ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. Ақтөбе облысының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелер: Ақтөбе облысының Шалқар ауданында тұратын аз қамтылған 3200 отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу. Тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарының мүмкін шекті үлесін 30%-дан 10% төмендету.
Соңғы нәтижелер: аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерін төлеуге қосымша материалдық қолдау.
Қаржы-экономикалық нәтижелер: көрсетілетін тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2499 теңге болады.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.
Сапа: Ақтөбе облысының экологиялық апат аумақтарында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегіне тағайындалған сомаларды 100% төлеу.