Желілік «өcу аймағын» қалыптастыру үшін келісілген мынадай іс-қимылдар кешенін іске асыру көзделіп отыр:
Теміртау, Қарағанды агломерациясын және Щучье-Бурабай курорттық аймағын тарта отырып, жартылай функционалды аймақ құру;
орта азиялық өңірде, кейіннен әлемдік нарықта сауда дистрибуциясы;
көлік-логистикалық және логистикалық-процессингтік қызмет көрсету;
технологиялық трансферт және инновациялық даму;
туристік-рекреациялық мамандану: Щучье-Бурабай курорттық аймағы мен Қорғалжын қорығының рекреациялық ресурстарын ірі шоғырландыру базасында;
құрылыс материалдары, жиһаз, тамақ өнеркәсібі және басқа бәсекеге қабілетті салалардың өндірісіне мамандандырылған индустриялық аймақ құру;
Еуропа - Азия сапалы тасымалдарын қамтамасыз ету үшін авиациялық "хаб" және авиациялық тасымалдарға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған сервистік орталық құру.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу үшін Астана қаласының 2030 жылға дейінгі орнықты даму стратегиялық жоспарын, Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру көзделеді.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу нәтижесі Астананы, әлемдік көлік жүйесімен үйлесімді ықпалдасқан тауарлық, қаржылық, технологиялық ағындармен, ғылыми және мәдени алмасулармен басқаратын ұлттық коммуникациялық орталық ретінде шығару, сондай-ақ қалада оған неғұрлым құнды капитал түрін - адами капиталдың құйылуын ынталандыратын постиндустриалды «орта аймағын» қалыптастыру болып табылады.
Алматы қаласын дамыту
2007-2009 жылдары Алматы қаласын одан әрі дамыту мақсаты Алматы қаласын өңірлік ірі қаржы және іскерлік белсенділік орталығы ретінде одан әрі дамыту болып табылады.
Бұл кезеңде мынадай міндеттерді шешу қажет:
өңірлік қаржы орталығы жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жасау;
ел экономикасына жаңа инвестициялар, озық қаржы білімдері мен техника импортын тарту үшін жағдайлар қалыптастыру;
Алматы қаласының экономикасын әртараптандыруға және жаңа бәсекелі артықшылықтарын құру жөніндегі іс-шараларды қабылдау.
Экономиканы әртараптандыру және Алматы қаласының бәсекелі жаңа басымдықтарын құру Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналарға бағытталған:
Алматы қаласында білім беру қызметтері тәрізді инновациялық әзірлемелердің нарығында халықаралық деңгейдегі сапалы қызметтер көрсететін ірі университеттер, ҒЗИ базасында өңірлік білім беру-инновациялық кешенін қалыптастыру;
Алматы қаласында көлік-логистикалық және логистикалық-процессингілік қызметтерді дамыту; инновациялық дамыту; қазақстандық және орталық азиялық нарықтарға бағдарланған жетекші шетелдік компаниялардың (филиалдардың, БК) процессингілік орталықтарын өрістету;
Алматы өңірінің негізінде туристік-рекреациялық мамандануды дамыту шараларын дәйекті іске асыру жүзеге асырылатын болады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін және міндеттерді шешу үшін Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру көзделеді.
Алматы қаласын өңірлік қаржы және іскерлік белсенділік орталығы ретінде қалыптасуы арқылы 2009 жылы Алматы қаласы іскерлік белсенділіктің ірі халықаралық орталығы, халықаралық қаржы, сақтандыру және басқа да жетекші компаниялар үшін тартылыс орталығы ретінде одан әрі дамиды; мультипликативтік әсер өңірлік қаржы орталығының дамуынан елдің одан әрі экономикалық дамуына жәрдемдеседі.
7. 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясат және адами
капиталды дамыту
§ 1. Демография және 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтік даму
Демографиялық және көші-қон саясаты
2007-2009 жылдарда демография және көші-қон саласындағы негізгі мақсаттар елдің геосаяси мүдделерін, әлеуметтік-экономикалық ахуалды, Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін өңірлердің даму перспективаларын ескере отырып, көші-қон процестерін реттеу болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
Көші-қон саясатының осы заманғы тұжырымдамасын және Қазақстандағы көші-қон саясатының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдау;
ұлттық мүдделерді қорғау және біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартумен үйлесімді көші-қон режимін ырықтандыру;
оралмандарды көші-қон квотасына енгізудің объективті өлшемдерін әзірлеу;
оралмандарды бейімдеудің және біріктірудің арнайы орталықтарын құру;
уәкілетті мемлекеттік органдардың оралмандарды жұмысқа орналасуға белсенді жәрдемдесуі;
өздерінің кәсіптік деңгейі бойынша экономиканың жетекші салаларының қажеттіліктеріне жауап беретін біліктілігі жоғары шетелдік жұмыс күшін тарту;
еңбек нарығындағы ахуалды, аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып және біліктілігі жоғары жұмыс күшін тарту мүддесінде еңбек көші-қонын реттеуді жетілдіру.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі басқа елдердің тәжірибесін ескере отырып, республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын заңсыз еңбек мигранттарын ішкі істер органдарында және басқа да органдарда тіркеу арқылы оларды заңдастыру жөнінде бір жолғы акция жүргізу тетігін әзірлейтін болады.
Кедейлік пен жұмыссыздықты азайту
2007-2009 жылдары Кедейлік пен жұмыссыздықты азайту үшін тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жұмыс күшінің сапасын арттыруға бағытталған белсенді саясат жүргізіледі.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы сипатын күшейту;
аз қамтылған халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің кедейшілігін белсенді еңсерудің нақты тетіктерін пайдалану.
Лайықты еңбек мүмкіндіктерін кеңейту, икемді еңбек нарығын арттыру мақсатында:
өңірлік орталықтарда өндірісті оңтайлы орналастыру, салалардың кластерлік дамуы, экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту негізінде жұмыс орындарын құруды;
кәсіби оқыту, жұмыс берушілердің персоналды ішкі өндірістік оқытуды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруда қатысуын ынталандыру арқылы жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік деңгейін арттыруды;
жұмыссыздардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша тиімді әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейтін жүйелі шаралар қабылданатын болады.
Жастардың кәсіби білім алуына, жеке кәсіп ашуына, жастарды шағын және орта бизнес саласына тартуға арналған кредит беру және гранттар бөлу бағдарламасын іске асыру арқылы оларды жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.
2007 жылы экономикаға білікті кадрлар даярлау саласында бизнес пен білім беру жүйесінің бірлескен қызметі жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Осы мақсатта Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялар мен жеке бизнестің әлеуетін пайдалануды көздейтін кәсіби-техникалық және жоғары білім беру мекемелерінің жүйесі арқылы ұлттық кадрларды оқыту және кәсіби жағынан даярлау жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және оның деңгейін мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне қарай арттыру мақсатында 2007-2009 жылдары мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті бөлуге негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу;
міндетті сақтандыруға жататын әлеуметтік тәуекелдердің тізбесін кеңейту.
Базалық деңгейде мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне барабар базалық әлеуметтік төлемдерді арттыру саясаты жалғасатын болады.
Міндетті деңгейде халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен және жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту; сақтандыру (оның ішінде зейнетақы) жинақтары мен инвестициялық кірістің өсуі үшін жағдай жасау керек. Зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар әзірленетін болады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың ерікті деңгейінде зейнетақы және сақтандыру жинақтарының ерікті нысандарын ынталандыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың қоғамға пәрменді кірігуі үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылданатын болады.
2007 жылдан бастап зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу "сайын" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласын, әлеуметтік қызмет көлемін кеңейту және олардың сапасын арттыру мақсатында кепілдендірілген және әлеуметтік қызмет тізбесін және оларды көрсету тәртібін көздейтін «Әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу көзделіп отыр.
§ 2. 2007-2009 жылдарға арналған білім беру және кадрлар даярлау
Мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту
2007-2009 жылдары мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуда мынадай міндеттерді шешу қажет:
барлық балалардың мектепке дейінгі білім алуға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету;
мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту және жалпы орта білім беруді ұйымдастыру;
балалардың жеке бас мәдениетінің негіздерін, мектепте оқытуға қажетті дағдыларды алуға жағдай жасау;
мемлекеттік тілді үйрену, балаларды зияткерлік және эмоциялық дамыту;
орта білім беру жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
жалпы білім беретін мектептегі материалдық-техникалық базаны физика, химия, биология, мультимедиялық кабинеттерімен жарақтандыру арқылы жаңарту;
балалардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;
оқытушы кадрларды ықпалдасу мен бейінді оқытуды ескере отырып қайта даярлау;
жалпы орта білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру, бағдарламалық-әдістемелік құралдарды, білім беру стандарттарын және білім беру технологиясының жаңа буынын әзірлеу есебінен білім берудің мазмұнын сапалы жаңалау;
әлеуметтік-экономикалық дамудың жергілікті деңгейлерін ескеретін білім берудің өңірлік даму бағдарламаларын іске асыру;
12 жылдық жалпы орта білімге көшуге байланысты жалпы білім беретін мектептердің жоғары баспалдағына оқуға бейімдеу.
Қойылған міндеттерді шешу үшін мынадай шаралар қабылданады:
мектепке дейінгі ұйымдарын және жалпы орта білім беру ұйымдарын салуды жүзеге асыру;
мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдарда аз қамтылған отбасылардың балаларын тәрбиелеу және оқыту;
мектепке дейінгі ұйымдардың балаларды қамту деңгейін ұлғайту;
жалпы орта білім беру жүйесіне сараланған ұстанымдарды айқындау және бастауыш пен кәсіптік орта білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыру үшін жағдайлар жасау;
оқу процесін ұйымдастырудың қашықтықтан және инновациялық оқыту нысандарын енгізу;
отандық, оның ішінде электрондық оқулықтар әзірлеу және енгізу.
2008 жылға қарай оқушылардың компьютермен қамтамасыз етілу ара қатынасын 20 оқушыға 1 компьютерге дейін жеткізу.
Кәсіптік орта білімді мамандар мен жұмысшы кадрларды
даярлау жүйесін дамыту
Ең жаңа технологиялар талаптарына және еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес техникалық және кәсіби білім беру саласында оқып жатқандарды тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ету үшін 2007-2009 жылдары мынадай негізгі міндеттерді шешу:
білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасының өлшемдеріне сәйкес бастауыш және орта кәсіптік білім беру және кадрлар даярлаудың жүйесін қайта құрылымдау;
халықтың барлық жігінің техникалық және кәсіптік білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
оқитындардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіптік дағды алуы үшін жағдайлар жасау қажет.
Қойылған міндеттерді шешу үшін:
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін құрылыс, материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы дамыту және кеңейту;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын ақпараттандыру;
техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын оқытудың кредиттік жүйесі негізінде үйлестіру;
кәсіби даярлықтың сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтары бойынша біліктілік беруді және растауды тәуелсіз бағалау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету;
дамушы экономиканың мұқтаждарына сәйкес кәсіптік білім беру жүйесіне әкелуге мүмкіндік беретін «мемлекет - оқу орны - жұмыс берушілер» өзара іс-қимылының жаңа үлгісін құру қажет.
Жоғары білім беруді дамыту
2007-2009 жылдары мамандарды даярлау сапасын жақсарту үшін және жоғары кәсіби білім беру жүйесін одан әрі дамыту мақсатында:
құқықтық, ғылыми-әдістемелік, қаржы-материалдық жағдайларды одан әрі жетілдіру;
білім беру бағдарламаларын әртараптандыру және икемді ету;
жоғары оқу орындары желісін оңтайландыру және академиялық еркіндікті кеңейту;
білім берудің кредиттік жүйесін енгізу;
студенттердің өндірістік практикадан, тағылымдамадан өтуін, зертханалық және практикалық сабақтар жүргізуді, әлеуметтік әріптестерді тарта отырып, бітірушілерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;
білім беруге кредит беру жүйесін жетілдіру жолымен жоғары білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету;
жоғары оқу орындарының халықаралық аккредиттеу моделіне көшуін жүзеге асыру;
ғылым мен білімнің одан әрі ықпалдасуын жүргізу және білім беруге жаңа білімдер трансфертін жүзеге асыру;
техникалық мамандықтарға арналған жаңа магистрлік және докторлық бағдарламалар енгізу;
ұлттық жоғары оқу орындарына шетелдік оқытушылар мен консультанттарды тарту қажет және осы бағыттар бойынша даярлауды ұйымдастыру.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жетілдіру үшін:
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басымдық маңызы бар бірқатар перспективалы ғылыми бағыттар мен мамандықтарды дамыту;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын жаңарту қажет.
"Болашақ" бағдарламасы шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін Қазақстанның 3 мың азаматы жыл сайын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарына жіберіледі.
Астана қаласында халықаралық деңгейдегі беделді университет құрылатын болады.
§ 3. Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласындағы саясатты іске асырудың мақсаты мемлекет пен адам арасындағы денсаулық сақтау үшін ынтымақтасқан жауапкершілік қағидаттарына, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті басымдықпен дамытуға негізделген медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру жолымен халық денсаулығының жай-күйін жақсарту болып табылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру халық денсаулығын және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі тұрақтандыруға ықпал етеді.
2008 жылға қарай бастапқы медициналық санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) ұйымдарының қолданыстағы желісін Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1304 қаулысымен бекітілген БМСК желісінің жаңа мемлекеттік нормативіне кезең-кезеңімен сәйкес келтіру жүзеге асырылатын болады.
2007-2009 жылдары барлық жеке және заңды тұлғалардың халық денсаулығының жай-күйі және медициналық қызметтерді пайдалану және басқа өлшемдер туралы ақпаратқа деген қажеттіліктеріне жауап беретін Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылатын болады.
2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасындағы ауылдық денсаулық сақтауда телемедицинаны дамыту жөніндегі жобаны іске асыру жалғасады.
Ең алдымен, ана мен бала денсаулығын қорғауға байланысты медициналық-демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында мынадай шаралар қабылданады:
ұрпақты болу жасындағы әйелдер мен балаларға ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
жыл сайын балалар мен ұрпақты болу жасындағы әйелдерді диспансерлеуді, медициналық тексерулерді және сауықтыруды өткізу;
2006 жылы Астана қаласында әлемдік стандарттарға жауап беретін және жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етілген республикалық Ана мен бала орталығының құрылысын аяқтау;
2005 жылдан басталған ұрпақты болу денсаулығы мен бала денсаулығына әсер ететін ауруларды емдеу үшін жүкті әйелдерді, сондай-ақ балалардың жекелеген санаттарын (5 жасқа дейінгі балаларды - 2005 жылдан, диспансерлік есепте тұратын балаларды 2006 жылдан бастап) амбулаториялық емдеу үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
2008 жылға қарай бекітілген нормативтерге сәйкес балалар мен әйелдерді босандыру емдеу-алдын алу ұйымдарын бүгінгі күнгі медициналық жабдықтармен жарақтандыру;
отбасын жоспарлау және балалар, жасөспірімдер арасындағы маскүнемдіктің, нашақорлықтың, темекі шегушіліктің алдын алуды қоса алғанда, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде іс-шараларды жүзеге асыру;
ДДҰ ұсыным жасаған, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған оқыту бағдарламаларын жалпы білім беру мектептеріне енгізу жөніндегі жұмыстарды жандандыру.
Жоғарыда аталған шараларды іске асыру ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін нығайтуға және жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл ана мен нәресте өлімін төмендетеді, халықтың демографиялық көрсеткіштерін жақсартады.
Халық өмірінің сапасы мен ұзақтығын одан әрі арттыру мақсатында әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратындардың алдын алу, ерте анықтау, тиімді емдеу және оңалту жөніндегі шаралар жүргізілетін болады. Осы бағытта:
АҚТҚ жұқпалары мен ЖҚТБ аурулары вирустарына қарсы емдеудің халықаралық стандарттарын енгізу;
психикасы мен мінез-құлқы бұзылған ауруларды емдеу мен сауықтырудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
диагностикалау мен емдеудің озық әдістерін, әсіресе қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау бөлігінде пайдалана отырып, нысаналы топтардың алдын алу тексерулерін жүргізу;
бронхиалды астмамен, қант диабетімен, артериалды гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және басқа аурулармен ауыратындарды амбулаторлық деңгейде дәрілік заттармен тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз ету жолымен алдын алу мен тиімді емдеу жөніндегі іс-шараларды одан әрі өткізу;
аудандық және қалалық деңгейлердегі емханаларды мамандықтардың негізгі бейіні бойынша дәрігерлермен қамтамасыз етуді аяқтау көзделіп отыр.
2007 жылы отандық фармацевтикалық салаларға халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі даярлық жұмыстары аяқталады, оны енгізу 2007 жылдан бастап жоспарлануда.
Медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында:
2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасын одан әрі іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу, оның ішінде:
медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
медициналық білім беру ұйымдарына қабылдауға, студенттерге, оқушыларға және профессор-оқытушылар құрамын оқытуға қойылатын талаптарды арттыру көзделіп отыр.
2007 жылы Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс әзірлеу жоспарланып отыр.
§ 4. 2007-2009 жылдары мәдениетті, ақпаратты және спортты дамыту
Мәдениет пен ақпаратты дамыту
2007-2009 жылдары мәдениет және ақпарат саласындағы негізгі мақсаттар осы заманғы дамыған мәдениет жүйесін қалыптастыру, бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайту, мәдениетті дамыту және оны нарық жағдайында одан әрі жаңарту үшін жағдай жасау, сондай-ақ қоғамды және мемлекеттік құрылымда демократиялық бастаулар мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
классикалық және халықтық өнердің озық дәстүрлері негізінде мәдениетті дамыту үшін жағдай қалыптастыру;
шығармашылық қайраткерлерді, дарынды музыканттар мен орындаушыларды қолдау үшін жағдай жасау;
мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту үшін жағдай жасаудың тұтастай жүйесін қалыптастыру;
мұрағат ісін құру және жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру азаматтық қоғам институттары мен патриоттық тәрбиелеу жүйесін дәйекті дамыту.
Орта мерзімді перспективада негізгі басымдықтар мыналар болады:
Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын одан әрі іске асыру;
мұрағат ісін жетілдіруге бағытталған Мұрағат ісін және құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу;
әзірленіп жатқан «2006-2011 жылдары азаматтық қоғамды дамыту» және «2006-2009 жылдары ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тұжырымдамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік тілді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылады. Осы мақсаттарда мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін және оны меңгеру деңгейін объективтік түрде бағалау жүйесін енгізу көзделіп отыр.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ теледидар мен радиода мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы жалғасады.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту
2007-2009 жылдары спорт саласындағы негізгі мақсат халықтың дене тәрбиесінің және қазақстандық спортшылардың халықаралық спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін спортты дамытудың тиімді жүйесін құру болып табылады.
Қойылған мақсаттарды іске асыруға бағытталған негізгі міндеттер мен басымдықтар:
халықтың дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру;
спорттық резервті дайындау және әлемдік деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеу;
спорттың халықаралық стандарттарға сәйкес инфрақұрылымын құру және жаңғырту болып табылады.
Халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізуге дайындық жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді және іске асырылатын болады.
Жоғары деңгейдегі спортшылар yшін Алматы облысында Олимпиадалық даярлықтың республикалық базасын, Астана қаласында велотректі және Щучье қаласында шаңғы базасын, Алматы қаласында спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатын салу аяқталады.
§ 5. 2007-2009 жылдарға арналған гендерлік даму
2007-2009 жылдары гендерлік дамудың негізгі мақсаттары қоғам өмірінің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдайлар жасау, барынша орнықты шешімдерді қабылдаудың негіздерін әзірлеу болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарды іске асыруға бағытталған негізгі міндеттер:
Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру бойынша 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру;
«Тұрмыстық зорлық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау;
«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу;
білім беру жүйесіне гендерлік білімді енгізу;
ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын жақсарту;
отбасы жағдайын, некеге тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін зерделеу;
гендерлік мәселелер бойынша халықты ақпараттық ағарту;
гендерлік теңдікке қол жеткізу шаралары мен тетіктерін әзірлеу.
Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтуды одан әрі дамытуға ықпал ететін іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Қаржы ресурстарын алуда әйелдердің қол жетімділігін кеңейту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.
Әйелдердің зорлықтан қорғалуға құқықтарының тұрақты мониторингі жүргізілетін болады.
Дағдарыс орталықтарының, сенім телефондарының, зорлық құрбандарына арналған паналар мен үйлер желісінің торабын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес гендерлік статистика жетілдірілетін болады.
§ 6. 2007-2009 жылдарға арналған тұрғын үй саясаты
2007-2009 жылдарға арналған тұрғын үй саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері:
халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу;
тұрғын үй салуға жеке инвестицияларды одан әрі тарту;
жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру;
тұрғын үйдің жалгерлік секторын дамыту;
тұрғын үй қорын сақтау мен қолданудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру, осы заманғы және тиімді тұрғын үй-коммуналдық саланы құру.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.