Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін:
кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану,
менеджменттің, маркетингтің, қаржылық есепке алудың прогрессивтік әдістерін енгізу;
мемлекеттік инвестицияларды, сондай-ақ шетелдік, отандық компаниялардың инвестицияларын тарту;
ИСО 9000 халықаралық стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу және қолдау;
франчайзинг және мемлекетаралық кооперация жүйесі арқылы технологиялар трансферті мақсатында әлемдік машина жасау өнімдерін шығарушыларды тарту;
ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізу және өнім өткізудің жаңа рыноктарын игере отырып, жаңа жоғары технологиялық өнім түрлерін шығару көзделіп отыр.
Өндірілген өнімнің көлемі 2007 жылы тұтастай Компания кәсіпорындары бойынша 11 157,84 млн. теңге мөлшерінде күтілуде, бұл көрсеткіш 2005 жылдың көрсеткішінен (6 725,61 млн. теңге) 66 %-ға, және 2006 жылы (8 756,41 млн. теңге) 2005 жылдың көрсеткішіне қатысты 27 %-ға көп.
2008 жылы өндірілетін өнім көлемін 11 386,89 млн. теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр, бұл бұған дейінгі жыл деңгейінің 102 %-ын құрайды.
2009 жылы өнім өндіру 13 005,00 млн. теңге көлемінде жоспарланып отыр, бұл 2008 жылдың 114 %-ын құрайды.
2007-2009 жылдар кезеңінде Компания өзінің кіріс базасын серпінді өсіру міндетін қойып отыр. Айталық, 2009 жылға қарай кірістердің өсуі 2006 жылмен салыстырғанда 1,3 есе болады деп болжануда. 2007-2009 жылдар бөлінісінде Компания:
2007 жылы 13 194 636 мың теңге мөлшерінде;
2008 жылы Компанияның кіріс деңгейі 14 356 961 мың теңгеге дейін өсетіні болжануда, бұл 2006 жылдың деңгейінің 109%-ын құрайды.
2009 жылы Компанияның кіріс базасы 15 949 181 мың теңге деңгейіне жетеді, бұл 2008 жылға қатысты өсу 11 % екендігін көрсетеді.
Компания кірісінің өсуі мұнайгаз, теміржол кәсіпорындарының және құрылыс кешендерінің (КАМАЗ) Компания өнімдеріне қажеттіліктерінің артуымен, сондай-ақ әскери өнімдерді өндіру және өткізу көлемінің ұлғаюы есебімен шартты байланысты.
Қойылған өндірістік міндетті іске асыру үшін Компания 2007-2009 жылдар кезеңінде мынадай шығыстарды жоспарлап отыр:
2007 жылы мөлшері 12513,58 млн. теңге, бұл 2006 жылдың өлшемдерінен 11,6%-ға (11214,06 млн. теңге) жоғары.
2008 жылы шығыстар 13 466,20 млн. теңге сомасында жоспарланған, 2007 жылға қарағанда өсу 7,6 %-ды құрайды.
2009 жылы - 15 113,52 млн. теңге, 2008 жылға қарағанда өсу 12,2 %-ды құрайды.
2007-2009 жылдар кезеңіне арналған жоспарланып отырған шығыстардың өсуі «Жарнама мен маркетинг жүргізу», «Демеушілік (қайырымдылық) көмек», «Компания қызметкерлер құрамының біліктілігін арттыру және оқыту» сияқты баптар есебінен жалпы және әкімшілік шығыстардың жоспарлы шығындарының ұлғаюымен байланысты болып отыр.
2007 жылы Компанияның таза кірісі 681,05 млн. теңге мөлшерінде (2006 жылға қарағанда төмендеу - 359,21 млн. теңге), 2008 жылы - 690,76 млн. теңге (2007 жылға қарағанда өсу 1,4%), 2009 жылы - 735,66 млн. теңге (2008 жылға өсу - 6,5 %).
Жоспарланатын кезеңде таза кірістің өсуі 2006 жылдан бастап кірістілік деңгейі жоғары бірқатар инвестициялық жобаларды енгізумен, сондай-ақ Компанияға жарғылық капиталын төлеуге берілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің пайдаланылмайтын қару-жарағы мен әскери техникасын Компания кәсіпорындарының іске асыруына негізделген.
Жыл сайын басты Компания таза кірісінің 30 %-ы акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендттер төлеуге кетеді, 70 %-ы Компанияның дамуына жіберіледі.
Компания 2007 - 2009 жылдар үшін бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді мынадай көлемде аударуды жоспарлап отыр:
2007 жылы - 1631,85 млн. теңге;
2008 жылы - 1679,26 млн. теңге;
2009 жылы - 1824,36 млн. теңге.
2007 - 2009 жылдарға арналған инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары шеңберінде Компания кәсіпорындарының инвестициялық бағдарламасы жалпы сомасы 7039,70 млн. теңгеге инвестиция тартуды көздеп отыр, оның ішінде:
мұнай-газ кешені үшін жабдықтар өндіруге - 258,90 млн. теңге; көлік машиналарын жасау саласында өнім өндіруге - 3555,60 млн. теңге;
электр техникалық және энергетикалық мақсаттағы өнім өндіруге - 704,00 млн. теңге;
тау-кен машиналарын жасау саласында өнім өндіруге - 541,20 млн. теңге;
арнайы және қосарлы мақсаттағы өнімнің жаңа түрлерін өндіруді игеруге - 1 980,00 млн. теңге.
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ
Әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, почтаға үлгілі, қауіпсіз және тұрақты қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің сапасын арттыру «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-тың (бұдан әрі - Қоғам) 2007 - 2009 жылдарға арналған стратегиялық мақсаты болып табылады. 2007 жылға арналған Қоғамның мақсаты қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсарту, шығынсыз қызметке қол жеткізу үшін пайдалануға енгізілген өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану болып табылады.
Қоғамның 2007 жылға жоспарланатын арналған міндеттері:
1) транзиттік әлеуетті пайдалану;
2) халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әуежайдың инфрақұрылымын жақсарту және әуежайдың техникалық жарақтандырылуын арттыру;
3) әуе кемелері мен жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер ұсынуда сапаның жоғары стандарттарына қол жеткізу;
4) Қоғам қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жетілдіру болып табылады.
Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында қызметтің негізгі бағыттары мыналар болып айқындалды:
1) Астанаға Оңтүстік-Шығыс-Батыс бағыттарында ұшуларды орындайтын шетел авиакомпанияларын тарту;
2) әуежай инфрақұрылымының қайта жаңартылған және тұрғызылған объектілерін халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жетілдіру және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әуежайдың техникалық жарақтандырылуын жақсарту;
3) ұсынылатын авиациялық қызметтердің сапасын үнемі жетілдіру;
4) жоғары технологиялық қызметтердің жаңа түрлерін әзірлеу және ұсыну, сондай-ақ авиациялық емес қызметтерді (әуежай терминалындағы үй-жайларды, алаңдарды жалға беру, жарнама орналастыру, паркинг, концессиялық қызмет) дамыту.
2007 - 2009 жылдары Қоғам 42 294 млн. теңге мөлшерінде жиынтық кіріс алуды жоспарлап отыр, оның ішінде: 2007 жылы - 13 205,28 млн. теңге, 2008 жылы 13 633,53 млн. теңге және 2009 жылы - 15 456,05 млн. теңге.
Жаңа әуежай кешені объектілерінің пайдалануға берілуіне байланысты жиынтық шығыстардың едәуір өсуіне байланысты (салықтар, кредиттер үшін пайыз, амортизациялық аударымдар, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу) 2007 - 2009 жылдары Қоғамның шығыстары 42 277 млн. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр, оның ішінде: 2007 жылы - 13 796,21 млн. теңге, 2008 жылы 14 080,10 млн. теңге, 2009 жылы - 14 401,55 млн. теңге.
Кірістерден шығыстардың өсу қарқынының едәуір артуы салдарынан Қоғамның таза кірісі теріс нәтижемен жоспарланып отыр: 2007 жылы - 590,93 млн. теңге, 2008 жылы - - 446,51 млн. теңге және 2009 жылы 738,15 млн. теңге мөлшерінде пайда алу жоспарланып отыр.
Салық және басқа да міндетті төлемдер түрінде бюджетке төленетін төлемдер 2007 - 2009 жылдар аралығы кезеңінде 3 789,4 млн. теңге сомасында жоспарланып отыр.
2007 жылы - 603,30 млн.теңге;
2008 жылы - 641,40 млн. теңге;
2009 жылы - 643,50 млн. теңге.
Қоғамның инвестициялық саясатының басым бағыттары мыналарды қамтиды:
1) Астана қаласы әуежайының объектілерін жетілдіру;
2) оның өткізу қабілетін ұлғайту;
3) әуе кемелеріне қызмет көрсетудің авиациялық қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;
4) жолаушыларға және клиентурасының жүктеріне халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсету мәдениетін арттыру;
5) әуеайлақ-техникалық сервисті қамтамасыз ету кезінде қызмет көрсетілетін ұшақтар түрлерінің спектрін кеңейту;
6) астананың әуе қақпасының инфрақұрылымдық кешенін жетілдіру.
2007 жылы Қоғам екі негізгі бағыт бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруды ниет етіп отыр:
1) өз қаражаты есебінен негізгі қорларды (арнайы техника, жабдықтар және басқалар) ауыстыру;
2) Астана қаласының әуежайына сервистік авиациялық-техникалық орталық салу.
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ
Энергия өндіретін кәсіпорындарды, электр желілік компанияларды дамыту, қолданыстағы электр желілерін дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін арттыру бәсекелі ортаны дамытуды қамтамасыз етуге, Республика экономикасының электр энергиясымен өзін-өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізуге және соның нәтижесінде елдің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі ретінде энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта Компания:
1. компанияның көлік жүйесін оңалтуға және энергия жүйесінің диспетчерлік басқарылуын жетілдіруге бағытталған Ұлттық электр желісін (бұдан әрі - ҰЭЖ) жаңғырту жобасын іске асыруды аяқтауды;
2. қазіргі транзиттің сенімділігін арттыруға, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда электр энергиясы мен қуаттардың тапшылығын жабуға мүмкіндік беретін "Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі" жобасын іске асыруды қоса алғанда, ҰЭЖ-ді одан әрі дамытуды қамтамасыз етуді;
3. ҰЭЖ жаңғырту жобасы мен "Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік" жобасын іске асыру үшін тартылған қарыз қаражаты бойынша Компанияның міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуді;
4. компанияның теңгеріміндегі электр желілік объектілерді жөндеу мен пайдалану жөнінде қажетті жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ жабдықтардың ескіргендерін жаңартуға және жаңа жабдық орнатуға қажетті инвестицияларды жүзеге асыруды;
5. нарықтық қатынастарды дамытуға ықпал етуді;
6. Компанияның шығынсыз қызметін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін компания мыналарды жоспарлап отыр:
1. компанияның және Қазақстан Республикасының Біртұтас энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - БЭЖ) басқару құрылымын жетілдіру, БЭЖ-нің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ұсынылатын қызметтердің сапасы мен Қазақстан Республикасының БЭЖ-дің жұмыс істеу сенімділігін арттыру үшін электр желілерін дамыту, жаңа осы заманғы технологияларды енгізу жөнінде жұмыстар жүргізу;
2. тариф саясатын одан әрі жетілдіру;
3. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес электр энергетикасы саласындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық кесімдер әзірлеуге қатысу;
4. «Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі» транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салуды жүзеге асыру;
5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесе отырып, тарифтік әдіснаманы жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Қазақстан Республикасында тұтынудың өсуіне байланысты 2007 - 2009 жылдары техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтердің көлемін 2007 жылы 69,43 млрд. кВт. сағатқа, 2008 жылы 72,21 млрд. кВт. сағатқа, және 2009 жылы 75,82 млрд. кВт. сағатқа жыл сайын ұлғайту жоспарланып отыр.
Электр энергиясын Компанияның желілері бойынша беру көлемі 2007 жылы 33,3 млрд. кВт.сағат мөлшерінде жоспарланып отыр. 2008 жылы ол 34,0 млрд. кВт.сағатты құрайды, ал 2009 жылы электр энергиясын Компанияның желілері бойынша беру көлемі 34,7 млрд. кВт.сағат көлемінде жоспарланады.
Қызметтердің болжанатын көлеміне сәйкес, сондай-ақ қызметтердің реттелетін түрлеріне арналған тарифтердің жоспарланатын өсуін ескере отырып, Компания 2007 - 2009 жылдары:
2007 жылы - 715,10 млн. теңге;
2008 жылы - 2 618,20 млн. теңге;
2009 жылы - 4 209,10 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр.
«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ
Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мен Каспий өңірінің ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, ақпарат алу, беру және өңдеу саласында жоғары ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істейтін мықты тілшілер қосыны бар ақпараттық-талдау агенттігін қалыптастыру "Қазақ ақпарат агенттігі" ҰК" АҚ-тың (бұдан әрі - Компания) 2007 - 2009 жылдар кезеңіне арналған мақсаты болып табылады.
Алдағы кезеңге арналған Компанияның негізгі мақсаты ақпараттық сипаттағы хабарлар қалыптастыру мен таратудың сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсарту, сондай-ақ компанияның өндірістік-шаруашылық қызметін жақсарту болып табылады.
Компанияның міндеттері мыналар болып табылады:
дамудың бизнес-бағдарлық стратегиясын қалыптастыру және іске асыру;
ақпараттық өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру;
ақпараттық және техникалық инфрақұрылымды жетілдіру;
Қазақстанның резиденттеріне және шетелдік тұтынушыларға жаңалықтар ақпаратын жеткізуді жедел әрі толық ауқымды сервиспен қамтамасыз ету;
тілшілер қосынын кеңейту, сондай-ақ республика ішіндегі және шет елдердегі тілшілер қосындарының қызметін жақсарту үшін жағдай жасау;
компания қызметінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін жетілдіру;
2007 жылы 259,1 млн. теңге деңгейінде, 2008 жылы - 282,4 млн теңге, 2009 жылы - 296,6 млн. теңге кіріс алу жоспарланып отыр, шығыстар тиісінше, 219,7 млн. теңге, 232,5 млн. теңге және 243,3 млн. теңгені құрайды. Көрсетілген кезеңдегі Компания кірістерінің негізгі көзі ақпараттық өнімдер шығару болып табылмақ.
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша мынадай таза кіріс алу көзделіп отыр:
- 2007 жылы - 3,30 млн. теңге;
- 2008 жылы - 6,50 млн. теңге;
- 2009 жылы - 10,90 млн. теңге.
2007 жылы 15 000 мың теңге мөлшеріндегі сома шетелде Шетелде қайта құрылған тілшілер қосындарын материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға жұмсалады.
2008 жылы инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға 30 000 мың теңге жіберу көзделіп отыр.
2009 жылы инвестициялық жобаны аяқтауға 10 000 мың теңге мөлшерінде қаражат жіберілетін болады.
Салық және төлемдер түрінде бюджетке төленетін аударымдардың көлемі 6-кестеде берілген.
2007 - 2009 жылдар аралығы кезеңінде салықтық аударымдардың көлемі 232,59 млн. теңге деңгейінде жоспарланып отыр: 2007 жылы - 63,13 млн. теңге, 2008 жылы - 81,88 млн. теңге, 2009 жылы - 87,58 млн. теңге.
Компанияның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде 2007 - 2009 жылдары шетелдік тілшілер қосынын құру және материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыру көзделіп отыр. Осы жоба шеңберінде кемінде 10 таяу және алыс шет елдерде Компанияның тілшілер қосынын ашу ұйғарылып отыр. Аталған проблемаларды шешу үшін қажетті компьютерлік, коммуникациялық және өзге де техникалық жабдықтар сатып алуды жүзеге асыру көзделіп отыр. Осы шартты іске асыруға арналған шығындар шамамен 55 000 мың теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі 2007 - 2009 жылдар. Компанияның өз қаражаты инвестициялық жобаны қаржыландырудың көзі болып табылады.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының ережелеріне негізделе отырып, сондай-ақ, мемлекеттің ғарыш саласының тұрақты және орнықты өсуі үшін жағдай қалыптастыру мақсатында Компания өзіне 2007 - 2009 жылдарға арналған мынадай басым мақсаттар мен міндеттерді белгіледі:
1. компания экономикасының орнықты жағдайын қамтамасыз ету;
2. ғарыштық технологиялар саласында қызметтерді қолданбалы пайдалану және ұсыну жөніндегі ұлттық жерүсті инфрақұрылым қалыптастыру үшін негіз құру;
3. ғарыш саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ бағдарламадан тыс Компания іске асыратын жобаларға қатысу үшін отандық және шет елдік инвесторларды тарту.
4. жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру бойынша дайындық жұмыстары;
5. отандық ғарыш аппараттарын құру және ұшыру үшін негіздер құру;
6. әртүрлі мақсаттағы ҒА-ын басқару үшін жерүсті ғарыштық инфрақұрылымды дамыту;
7. спутниктік телекоммуникациялық жүйелер негізінде ақпараттық ғарыштық технологияларды дамыту;
8. перспективалы ғылымды қажетсінетін ғарыштық технологияларды әзірлеу.
Компания үшін 2007 жылға арналған негізгі міндеттер:
ғарыш қызметін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ғарыштық техника мен технологиялар құру жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау;
қызметтер нарығын қалыптастыру мақсатында ғарыш қызметі саласындағы орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
байқоңырда Компания филиалын құру үшін Байқоңыр қаласында ғимараттар салу және қайта жаңартуды жалғастыру;
теңгерімді көрсеткіштер (Balance Scorecard) әдіснамасы негізінде Компанияны стратегиялық жоспарлау және дамыту жүйесін қалыптастыру;
жобаларды басқару жүйесін қалыптастыру мен енгізу және ISO стандарттары бойынша Қоғамды сертификаттау;
2007 жылы Компанияның жалпы кірісі 19 484 455 мың теңге, шығындар барлығы - 18 876 885 мың теңге деңгейінде жоспарлануда. Компанияның таза кірісі 2007 жылға 607 570 мың теңге мөлшерінде жоспарланған. Компания бюджетке 2007 жыл үшін 142 182 мың теңге көлемінде салық аударуды жоспарлап отыр.
2008 жылғы Компанияның жалпы кірісі 9 928 861 мың теңге мөлшерінде, жалпы шығындар 8 272 741 мың теңге мөлшерінде жоспарланған. Компания 2008 жылы 1 656 120 мың теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр. 2008 жыл үшін бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің көлемі 142 316 мың теңгені құрайды.
2009 жыл үшін жалпы кірістер 10 788 279 мың теңге мөлшерінде жоспарлануда, жалпы шығындар 8 914 287 мың теңгені құрайды. 2009 жылғы Компанияның таза кірісі 1 873 993 мың теңге мөлшерінде жоспарланған. 2009 жылы бюджетке төлеуге жоспарланған салықтар мен басқа міндетті төлемдердің көлемі 158 158 мың теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дәйекті және орнықты дамыту қажеттілігін ескере отырып, Компанияның инвестициялық саясаты елдің осы заманғы ғарыштық инновациялық инфрақұрылымын кезең-кезеңімен қалыптастыруға бағытталатын болады. Орта және ұзақ мерзімді перспективада Компания қозғалысының векторларын анықтайтын негізгі құжат әзірленгелі отырған Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы болуы тиіс.
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру қазіргі ғылыми-техникалық әлеуетті, жетекші қатардағы әлемдік ғарыш техникасын өндірушілердің озық технологияларын, сондай-ақ, ғарыш саласын дамытудың әлемдік үрдістерін ескере отырып жүргізіледі.
Ұлттық компанияларды дамытудың 2007-2009 жылдарға
арналған негізгі көрсеткіштері
Орташа айлық жалақының көрсеткіштері (мың теңге) |
Компаниялардың атауы | 2005 ж. факт | 2006 ж. бағалау | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам | 2009 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 59,10 | 60,52 | 62,17 | 63,87 | 68,34 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 114,14 | 129,65 | 132,79 | 135,29 | 136,75 |
"Қазатомөнеркәсіп" АҚ | 53,01 | 63,59 | 67,10 | 69,99 | 73,93 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | 55,41 | 61,21 | 62,45 | 64,94 | 65,50 |
"Қазақтелеком" АҚ | 51,45 | 59,60 | 63,02 | 65,61 | 69,22 |
"Қазпочта" АҚ | 24,17 | 27,06 | 29,62 | 32,41 | 35,55 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ | 45,76 | 53,06 | 58,31 | 64,09 | 68,66 |
"ҰАТ" АҚ | 64,00 | 83,58 | 84,39 | 85,97 | 87,51 |
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК | 111,48 | 136,40 | 145,75 | 151,62 | 157,85 |
"Қазақпарат" АҚ | 76,80 | 65,90 | 73,90 | 85,60 | 91,59 |
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ | 30,42 | 36,66 | 40,49 | 42,52 | 47,17 |
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ | 129,00 | 270,00 | 290,00 | 316,00 | 341,00 |
Қызметкерлердің саны (адам) |
Компаниялардың атауы | 2005 ж. факт | 2006 ж. бағалау | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам | 2009 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 3 904 | 4 110 | 4 308 | 4 350 | 4 350 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 34 849 | 33 725 | 33 207 | 33 264 | 33 437 |
"Қазатомөнеркәсіп" АҚ | 16 741 | 17 610 | 18 479 | 19 147 | 19 660 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | 970 | 970 | 970 | 970 | 1000 |
"Қазақтелеком" АҚ | 32 602 | 32 220 | 31720 | 31720 | 31 720 |
"Қазпочта" АҚ | 15 106 | 15 350 | 15 810 | 16 285 | 16 774 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ | 79 133 | 79 031 | 80 068 | 81 119 | 79 018 |
"ҰАТ" АҚ | 371 | 460 | 500 | 550 | 600 |
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ | 320 | 340 | 350 | 360 | 370 |
"Қазақпарат" АҚ | 118 | 157 | 160 | 165 | 165 |
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ | 5 536 | 5 802 | 6 083 | 6 018 | 6 138 |
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ | 92 | 338 | 341 | 292 | 292 |
Жиыны | 189 742 | 190 113 | 191 996 | 194 240 | 193 524 |
Жалақы қоры (млн. теңге) |
Компаниялардың атауы | 2005 ж. факт | 2006 ж. бағалау | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам | 2009 ж. болжам |
«KEGOC» АҚ | 2765,30 | 2984,60 | 3213,80 | 3333,80 | 3567,20 |
«ҚазМұнайГаз» АҚ | 52981,71 | 52763,20 | 53208,12 | 54306,56 | 55187,74 |
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ | 10648,50 | 13392,04 | 14878,31 | 16081,34 | 17441,23 |
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ | 644,96 | 712,53 | 726,97 | 755,90 | 785,99 |
«Қазақтелеком» АҚ | 20129,12 | 23044,49 | 23989,31 | 24972,87 | 26346,38 |
«Қазпочта» АҚ | 4424,67 | 5113,09 | 5763,39 | 6495,34 | 7339,74 |
«Қазақстан темір жолы» АҚ | 43457,06 | 50322,34 | 56027,87 | 62382,29 | 65100,59 |
»ҰАТ» АҚ | 284,94 | 461,36 | 506,36 | 567,40 | 630,07 |
»Азық-түлік корпорациясы» АҚ | 428,07 | 556,49 | 612,14 | 654,99 | 700,84 |
"Қазақпарат" АҚ | 90,60 | 124,20 | 141,90 | 169,40 | 181,26 |
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ | 2021,06 | 2552,38 | 12955,67 | 3070,84 | 3474,63 |
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ | 71,39 | 546,45 | 593,15 | 553,98 | 597,83 |
Жиыны | 137947,38 | 152573,17 | 162616,99 | 173344,71 | 181353,50 |
Негізгі қызметтен түсетін кіріс (млн. теңге) |
Компаниялардың атауы | 2005 ж. факт | 2006 ж. бағалау | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам | 2009 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 18904,90 | 20935,50 | 23216,60 | 25696,00 | 28534,90 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 580603,74 | 579661,43 | 638388,27 | 640487,26 | 632315,88 |
"Қазатомөнеркәсіп" АҚ | 7296,63 | 17192,80 | 22802,60 | 29357,88 | 41678,72 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | 4295,91 | 9015,71 | 13205,28 | 13633,53 | 15456,05 |
"Қазақтелеком" АҚ | 99558,27 | 100019,17 | 93751,00 | 93247,80 | 92781,60 |
"Қазпочта" АҚ | 8 308,02 | 8 916,04 | 10 039,13 | 11 323,55 | 12 648,29 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ | - 5364,76 | -4130,82 | 1518,48 | 4892,64 | 1040,46 |
"ҰАТ" АҚ | 594,77 | 859,74 | 951,99 | 1054,96 | 1148,00 |
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ | 23270,10 | 24084,73 | 25497,95 | 27282,81 | 29192,61 |
"Қазақпарат" АҚ | 207,50 | 227,80 | 259,10 | 282,50 | 376,90 |
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ | 10119,39 | 10885,38 | 12740,09 | 13224,46 | 14280,93 |
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ | 697,30 | 2007,05 | 19304,27 | 9711,25 | 10488,15 |
Жиыны | 748491,77 | 769674,53 | 861674,76 | 870194,64 | 879942,49 |
Таза пайда (млн. теңге) |
Компаниялардың атауы | 2005 ж. факт | 2006 ж. бағалау | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам | 2009 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 8,80 | 130,00 | 715,10 | 2618,20 | 4209,10 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 100948,84 | 95080,99 | 99134,76 | 140665,90 | 135854,79 |
"Қазатомөнеркәсіп" АҚ | 11722,45 | 12322,64 | 17191,70 | 26476,29 | 36773,97 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | 384,08 | - 1208,26 | - 590,93 | - 446,57 | 738,15 |
"Қазақтелеком" АҚ | 33982,26 | 29394,76 | 25957,82 | 23258,80 | 23026,20 |
"Қазпочта" АҚ | 173,15 | 190,10 | 230,02 | 300,06 | 360,07 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ | -3180,83 | 0 | 1062,93 | 3424,85 | 728,32 |
"ҰАТ" АҚ | 34,52 | 26,77 | 49,93 | 64,56 | 61,96 |
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ | 452,84 | 456,38 | 467,39 | 500,10 | 535,11 |
"Қазақпарат" АҚ | -6,17 | 2,83 | 3,30 | 6,50 | 10,90 |
"Қазақстан инжиниринг" ҰК"ҰАҚ | 96,90 | 1040,26 | 681,05 | 690,76 | 735,66 |
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ | -0,46 | 35,44 | 607,57 | 1656,12 | 1873,99 |
Жиыны | 144604,38 | 137460,91 | 145494,41 | 199198,21 | 204889,64 |
Дивидендтер (млн. теңге) |
Компаниялардың атауы | 2005 ж. факт | 2006 ж. бағалау | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам | 2009 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 0,88 | Бұл ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік "Самұрық" холдингі" АҚ-ның төлеуге берілді |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 4879,00 |
"Қазатомөнеркәсіп" АҚ | 3095,18 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | - |
"Қазақтелеком" АҚ | - |
"Қазпочта" АҚ | - | - | - | - | 1593,40 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ | - | - | - | - | - |
"ҰАТ" АҚ | 4,89 | 8,03 | 14,98 | 19,37 | 18,59 |
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ | 220,42 | 222,71 | 225,58 | 241,37 | 258,27 |
"Қазақпарат" АҚ | | - | - | - | - |
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ | 0,99 | 15,44 | 23,61 | 26,59 | 25,24 |
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ | - | - | - | - | - |
Жиыны | 8 201,38 | 246,18 | 1 747,19 | 287,33 | 1 895,5 |
Инвестициялар (млн. теңге) |
Компаниялардың атауы | 2005 ж. факт | 2006 ж. бағалау | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам | 2009 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 11781,50 | 11043,00 | 21754,00 | 20640,10 | 5000,00 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 194270,04 | 170993,88 | 163915,04 | 116318,44 | 98832,58 |
"Қазатомөнеркәсіп" АҚ | 20538,17 | 59280,39 | 58817,95 | 34384,95 | 15420,89 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | 4446,22 | 1223,82 | 5100,00 | 3155,60 | - |
"Қазақтелеком" АҚ | 30229,83 | 35928,55 | 27063,02 | 28234,00 | 30386,00 |
Қазпочта" АҚ | 2748,80 | 2087,82 | 4513,98 | 1850,61 | 1430,87 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ | 30428,65 | 39000,00 | 43000,00 | 47000,00 | 49000,00 |
"ҰАТ" АҚ | 34,44 | 69,99 | 75,00 | 80,00 | 85,00 |
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ | 7761,76 | 5258,13 | 10194,85 | 12550,72 | 8797,50 |
"Қазақпарат" АҚ | | - | 15,00 | 30,00 | 10,00 |
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ | 688,68 | 277,06 | 396,80 | 585,76 | 650,43 |
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ | 370,91 | 1896,35 | 11080,00 | 6760,00 | 5980,00 |
Жиыны | 302928,09 | 327058,99 | 345925,64 | 271590,18 | 215593,27 |