Негізгі алушының тұрғылықты жеріндегі Орталық бөлімшесі негізгі алушыға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға арналған шешімнің электрондық жобасын, үлес алушының жәрдемақы мөлшерін көрсете отырып, келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде толтырады және оны Орталық филиалы арқылы уәкілетті органға жібереді.
Орталық филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын қарайды, оны есептеу және рәсімдеу дұрыстығын тексереді және уәкілетті органға жібереді. Бұл ретте электрондық шешім жобасы Орталық филиалының маманы мен басшысының ЭЦҚ-мен расталады.
Уәкілетті орган электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын келіп түскен күнінен бастап қарайды, бес жұмыс күні ішінде асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы уәкілетті орган қабылдаған шешім басқарма (бөлім) маманының, басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен расталады. Электрондық шешім негізгі және үлес алушының тұрғылықты жеріндегі Орталық бөлімшесіне қайтарылады.
14. Орталық бөлімшесінің қызметкері жіберген қателер анықталған жағдайда, уәкілетті орган электрондық іс макеті уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның жауапты адамының ЭЦҚ-мен куәландырылатын хабарламада көрсетілген қателерді жою үшін электрондық іс макетін уәкілетті органға жете ресімдеуге қайтарады.
15. Ұсынылған электрондық іс макетінде шешім қабылдау үшін қажетті құжаттың (құжаттардың) жоғы анықталған жағдайда уәкілетті орган электрондық іс макеті Орталық бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде іс макетін шешім жобасы мен қоса, жетіспейтін құжатпен (құжаттармен) толықтыру үшін электрондық іс макетін Орталық бөлімшесіне жете ресімдеуге қайтарады.
Орталық бөлімшесі уәкілетті органнан Орталық бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның жауапты адамының ЭЦҚ-мен куәландырылатын хабарламада көрсетілген қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Орталық бөлімшесі өтініш беруші қосымша құжаттарды ұсынған кезде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін дайындайды.
Егер электрондық іс макеті Орталық бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, уәкілетті орган зейнетақыны немесе жәрдемақыны қолда бар құжаттар бойынша тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.
16. Кейіннен қажетті барлық құжаттармен қайта өтініш берген күн өтініш білдірген күн болып есептеледі.
17. Зейнетақыны немесе жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.
Электрондық іс макеті, уәкілетті органның шешімі және осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы хабарлама Орталық бөлімшесіне қайтарылады.
Хабарлама уәкілетті органның жауапты адамының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
18. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы өтініш берушіге Орталық бөлімшесі арқылы хабарлай отырып, бес жұмыс күні ішінде тиісті ұйымдарға сұрау салуды жібереді.
Тексерілетін мәліметтердің растамасы келіп түскенге дейін уәкілетті орган зейнетақыны немесе жәрдемақыны оларды есепке алмай тағайындайды, электрондық іс макеті және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның хабарламасы Орталық бөлімшесіне қайтарылады.
Хабарлама уәкілетті органның жауапты адамының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Орталық бөлімшесі зейнетақының немесе жәрдемақының мөлшерін қайта есептейді және осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін дайындайды.
Ұсынылған құжаттардың дұрыстығына растама алынғаннан кейін зейнетақының немесе жәрдемақының мөлшері оларды тағайындауға өтініш берілген күннен бастап қайта қаралады.
Орталық бөлімшесінің зейнетақының немесе жәрдемақының мөлшері туралы электрондық шешім жобасын дайындауы және оны уәкілетті органның бекітуі осы Қағидалардың 11, 12-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
19. Сканерленіп ұсынылған құжаттардың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, уәкілетті орган электрондық іс макетімен салыстырып тексеру үшін Орталық бөлімшесінен қағаз жеткізгіштегі іс макетін сұратады.
20. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды тағайындау және олардың мөлшерлерін өзгерту кезінде тиындармен есептелген барлық сомалар, тиындардың сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады.
21. Уәкілетті орган бекіткеннен кейін, Орталық бөлімшесінің маманы «зейнетақы тағайындалды» деген белгі қойып, еңбек кітапшасын өтініш берушіге қайтарады.
22. Жасына байланысты берілетін зейнетақыны толық емес көлемде тағайындау кезінде зейнетақы мөлшері толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне барабар үлес ретінде есептеледі.
Өтілдегі толық айлардың саны талап етілетін жұмыс өтілі айларының санына бөлінеді және табыстың 60 пайызына тең толық зейнетақы мөлшеріне көбейтіледі.
Заңнамада талап етілетін табыс болмаған жағдайда, толық емес көлемдегі зейнетақы төлемін есептеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төменгі зейнетақыны негізге ала отырып жүзеге асырылады.
«Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдарға жасына байланысты зейнетақыны есептеу зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген табыс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ресми курсының үзінді көшірмесін Орталық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсынан жүзеге асырады.
23. Зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтың тілегі бойынша мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар Орталықтан төленетін зейнетақы төлемімен ауыстырылуы мүмкін.
Бұл ретте егер зейнетақының мөлшері мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерінен кем болса, онда зейнетақының мөлшері мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақының осы санаттағы мүгедектерге белгіленген мөлшеріне дейін және отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелеріне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша белгіленген жәрдемақы мөлшеріне дейін жеткізілуге тиіс.
24. Зейнетақы алушы зейнетақы тағайындау үшін бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі табысы туралы құжаттарды ұсынған кезде, зейнетақының мөлшерін өзгерту, жүргізілген арттыруларды ескере отырып, өтілі туралы немесе зейнетақыны бастапқы тағайындаған кезде тапсырылған кезеңдегі табысы туралы қосымша құжаттарды қоса отырып, өтініш берген күнінен бастап жүзеге асырылады.
Өтініш осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға тіркеледі. Орталық бөлімшесі төлемнің мөлшерін өзгерту туралы шешімінің жобасын дайындауы және уәкілетті органның оны бекітуі осы Қағидалардың 11, 12-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Осы Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасында көзделген анықтама уақытында ұсынылмаған жағдайда, үлес алушының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы мөлшерін қайта қарау анықтама ұсынылған күннен бастап жүзеге асырылады.
26. Мүгедек балаға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны ресімдеу кезінде, іс мүгедек балаға ресімделеді, бірақ шешімнің жобасында ата-анасының немесе қорғаншысының (қамқоршысының) тегі қосымша көрсетіледі.
27. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) адам үшін төлем алатын алушы, қамқоршы (қорғаншы) ауысқан, алушының тегі, аты туған күні өзгерген, зейнетақыны немесе жәрдемақыны тағайындау туралы шешім қолданысының мерзімі ұзартылған, мүгедектік тобы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамсыздандырылатын, отбасының іс-әрекетке қабілетсіз мүшелерінің саны өзгерген және зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін және әсер етпейтін жағдаяттар туындаған жағдайда Орталық бөлімшесі жаңадан ұсынылған құжаттармен (олар болған кезде) толықтырылған электрондық іс макетін электрондық шешім жобасымен қоса дайындауды және оны уәкілетті органның бекітуі осы Қағидалардың 11, 12-тармақтарға сәйкес жүргізіледі.
28. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жыл сайынғы арттыруға, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің, зейнетақының ең төменгі мөлшерінің, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мөлшерінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін өзгертуді уәкілетті орган осы Қағидаларға 19-24-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Орталық бөлімшесі дайындаған электрондық шешім жобасының негізінде жүргізеді.
29. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін Орталық бөлімшесі зейнетақы немесе жәрдемақы алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылатын осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысандағы куәлікті жазады және қолын қойғызып береді.
Куәлікті беру осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға тіркеледі.
Алатын төлемдердің түрі немесе мөлшері өзгерген жағдайда, Орталық бөлімшесі болған өзгерістер туралы куәлікке қосымша бетте қажетті жазба жасайды, олар Орталық бөлімшесінің мөртаңбасымен расталады.
Куәлікті үшінші адамдарға беру «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен зейнетақыны немесе жәрдемақыны алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың тұрғылықты жері өзгерген кезде зейнетақы мен жәрдемақы беру және тағайындау тәртібi
30. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адам зейнетақы мен жәрдемақы беру және тағайындау үшін осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидалардың 4-9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Орталық бөлімшесі өтініш берушінің бұрынғы тұрған жеріндегі зейнетақы ісін (жәрдемақы алушының ісін) сұратуды жүзеге асырады.
31. Басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы беру және тағайындау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
32. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындалған адамдардың: Қазақстан Республикасында бұрын тағайындалған зейнетақы төлемін Қазақстан Республикасы шегінен тыс кету сәтінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіруді не «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңа тағайындау рәсімінен өтуді таңдауға құқығы бар.
33. Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және қайта оралған адамдарға кеткен елінде төлем алмаған жағдайда зейнетақы мен жәрдемақы төлеу кеткен елінің уәкілетті органдары берген төлем алмағаны туралы анықтаманы ұсынған кезде, төлем тоқтатылған күннен бастап, бірақ оларды алу үшін өтінім жасардың алдындағы үш жыл ішіндегі мөлшерден асырылмай қалпына келтіріледі.
Бұл ретте зейнетақы Қазақстан Республикасы шегінен тысқары жерге кету сәтінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіріледі. Егер кету кезеңінде зейнетақыларды арттырулар жүргізілген болса, оның мөлшері осы арттыруларды ескере отырып белгіленеді.
34. Алушылар республиканың басқа өңірлеріне кеткен жағдайда, алушы жаңадан тұратын жері бойынша осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Орталық бөлімшесі өтініш берушінің бұрынғы мекенжайы бойынша зейнетақы ісіне (жәрдемақы алушының ісіне) сұрау жасайды.
35. Республиканың басқа өңірлеріне кеткен адамдардың зейнетақы ісі немесе жәрдемақы алушының ісі Орталықтың басқа бөлімшелерінің сұратуы бойынша осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысандағы анықтама-аттестатпен қоса жіберіледі.
36. Орталық бөлімшесі Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетушінің өтініші негізінде зейнетақы ісін немесе жәрдемақы алушының ісін қолына береді немесе басқа елдердің уәкілетті органдарының сұратуы бойынша жіберіледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетушілерге зейнетақы мен жәрдемақы төлеу әділет органдарында тіркеуден шығарылған айын қоса жүргізіледі.
5. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібі
37. Орталық бөлімшесінің маманы уәкілетті орган қабылдаған зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімдері негізінде ОДҚ-ға зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеуге қоюды жүзеге асырады.
Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама өтініш беруші Орталық бөлімшесіне өзі келген кезде беріледі.
Уәкілетті органның зейнетақыны немесе жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы қағаз жеткізгіштегі шешімін Орталық бөлімшесінің маманы зейнетақы немесе жәрдемақы алушының ісіне тігеді.
38. Алушының банктік шотының нөмірі, алушының және/немесе қорғаншының тұрғылықты жері өзгерген жағдайда алушы Орталық бөлімшесіне осы өзгерістер туралы, тиісті өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса, өтініш береді. Орталық бөлімшесінің маманы ОДҚ-ға тиісті өзгерістер жүргізеді, тиісті өзгерістерді растайтын құжаттар көшірмесімен қоса өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушының ісіне тігіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.19.06 № 679 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
39. Шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді Орталық бөлімшесі Қазақстан Республикасы аумағында оның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі ішінде уәкілетті орган шешімінің негізінде жүргізеді.
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін зейнетақы немесе жәрдемақы төлеу тоқтатылады, ал жаңа құжат ұсынылған кезде тоқтатылған зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері Орталық бөлімшесі тоқтатқан күннен бастап, бірақ шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жаңа құжатпен өтініш жасар алдындағы үш жылдан асырмай қалпына келтіріледі.
40. Орталық бөлімшелері:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдары, ауылдық әкімдер, жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аумақтық органдары ұсынатын қайтыс болғандар мен қайтыс болды деп жарияланған адамдардың тізімдерін және әділет органдары ұсынатын Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткендердің тізімдерін ай сайын ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей салыстырып тексеруді, «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында қайтыс болды деп тіркелгендерді электрондық салыстырып тексеруді;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті ұсынатын консулдық есепке тұрған және шет мемлекеттің аумағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімдерін, шет мемлекеттің аумағында тұрған, қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімдерін (ақпараттың түсуіне қарай) тоқсан сайын салыстырып тексеруді;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздеуде жүрген адамдардың тізімдерін ай сайын салыстырып тексеруді;
оқып жүрген адамды оқу орнынан шығарған немесе сырттай оқыту нысанына ауыстырған жағдайда оқу орындарының хабарламасын салыстырып тексеруді;
хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған адамдарға міндетті зейнетақы жарналарын аудару фактісі анықталған күнінен бастап бір күн ішінде кейіннен уәкілетті органға хабарлай отырып, олардың отбасыларын асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеу кезеңінде немесе азаматтың тірі екенін растайтын факті туралы ақпарат келіп түскенде, сондай-ақ қайтыс болған асыраушының балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, қарындастары мен немерелерінің күтімімен айналысатын адамдардың жұмысқа орналасу фактісі анықталған кезде көрсетілген адамдардың 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналарын аударылуын ОДҚ-да ай сайын тексеруді;
банктік шоттарында үш және одан да көп ай бойы қозғалыс жоқ зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың тізімдерін, соңғы операцияның күнін, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым ұсынатын сенімхат бойынша алушылардың банктік шоттарынан зейнетақы мен жәрдемақы алынғаны туралы мәліметтерді тоқсан сайын салыстырып тексеруді жүргізеді.
41. Орталық бөлімшесі уәкілетті органның осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімінің негізінде төлемдерді тоқтата тұрады.
Орталық бөлімшесі зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру үшін негіздеме болып табылатын қайта ұсынылған құжаттармен толықтырылған электрондық іс макетін, электрондық шешім жобасымен қоса дайындауды және оны уәкілетті органның бекітуі осы Қағидаларға 11, 12-тармақтарға сәйкес:
1) хабарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған адамдардың табысынан 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналарын аудару, азаматтың тірі екендігін растайтын факті, сондай-ақ қайтыс болған асыраушының балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, қарындастары мен немерелерінің күтімімен айналысатын адамдардың жұмысқа орналасу фактісі анықталған кезде;
2) алушының банктік шоты бойынша үш ай мерзімнен астам уақыт қозғалыс болмаған;
3) зейнетақы және жәрдемақы алушылардың, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған;
4) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтер, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан келіп түскен;
5) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын, он сегіз жасқа толған оқып жүрген адамды оқу орнынан шығарғаны немесе сырттай оқыту нысанына ауыстырғаны туралы мәліметтер келіп түскен;
6) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның және оралманның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өткен;
7) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздеуде жүрген адамдардың, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан фактісі анықталған;
8) босатылған немесе шеттетілген қорғаншылар (қамқоршылар) жайлы мәлімет түскен жағдайларда жүргізеді.
42. Зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда Орталық бөлімшесі электрондық шешім жобасымен қоса, жаңадан ұсынылған құжаттармен толықтырылған электрондық іс макетін дайындауды және оны уәкілетті органның бекітуі осы Қағидалардың 11, 12-тармақтарына сәйкес тоқтатылған күннен бастап, бірақ барлық қажетті құжаттармен өтініш жасар алдындағы үш жылдан асырылмай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында төлемдер тағайындалған және тоқтатыла тұрған Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұруға ыхтиярхаты бойынша тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тоқтатылған күнінен бастап, бірақ оларды алу үшін өтініш жасардың алдындағы үш жылдан асырылмай, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрғанын растайтын консулдық есепке тұрғаны туралы белгісі бар құжаттарды ұсынған кезде қайта басталады.
43. Орталық бөлімшесінің қызметкерлері адамның қайтыс болу, кету фактілері, төлемді тоқтата тұру немесе алып тастау, төлемді қайта жаңарту, сондай-ақ алушылардың қайтыс болуына, кетуіне, төлемдерді тоқтата тұруға байланысты қажеттілік сомаларын азаю жағына қарай түзету жөніндегі негіздемелер, іс-әрекеттер белгіленген ұстап қалу сомалары туралы ОДҚ-ға күн сайын жазба жасайды.
44. Орталық алушылар бойынша енгізілген және қолда бар деректердің негізінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеміне бюджеттік қаражат қажеттілігін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) төлем айының алдындағы айдың 25-күніне ұсынады.
45. Төлейтін айға қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға қосылуға тиіс.
46. Ұсынылған зейнетақы және жәрдемақы төлеу кестесіне сәйкес қаржыландыру үшін Министрлік зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге бюджеттік қаражат қажеттілігіне орай өтінімді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсынады.
47. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Министрліктен зейнетақы және жәрдемақы төлеміне қажеттілік туралы өтінімді алып, тиісті кезеңге арналған міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен зейнетақы және жәрдемақы төлеміне өтінімде көрсетілген қажеттілік шегінде рұқсат береді.
48. Орталық бюджеттік қаражатты алып, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге төлем тапсырыстарын, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылардан ұстап қалуларды қалыптастырады.
49. Орталық зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуді Орталық бөлімшелері басып шығаратын және зейнетақылар мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға ұсынатын, осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес 7Д нысанындағы тізім-ведомостардың негізінде банктік шоттарға есептеу, алушылардың үйіне апарып беру жолымен жүргізеді.
50. 7Д нысанындағы тізім-ведомостар екі данада басылады және зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен Орталық бөлімшесінің қолымен және мөртабанымен расталады әрі олардың әрқайсысында бір-бір данадан сақталады.
51. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды үйге апарып беруді зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сексен жасқа толған зейнетақы алушыларға, бірінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ бөгде адамның күтіміне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға жүргізеді.
52. Зейнетақы мен жәрдемақыны беру жеке басын куәландыратын құжатын ұсынғанда, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың банктік шоттарына есептелген сомалар шегінде, сондай-ақ 7Д нысанындағы тізім-ведомостар бойынша жүргізіледі.
53. Осы мақсатқа арналған шығыстар, алып жүрген төлемнің түріне қарай тиісті бюджеттік бағдарлама есебінен жүзеге асырылады.
54. Алушыларға артық есептелген (төленген) зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қайтару үшін Орталықтың облыстық филиалдары уәкілетті органның сенімхаты бойынша сот органдарына жүгінеді.
Артық есептелген (төленген) зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қайтару алушының өтініші бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Алушының банктік шотынан төлемдерді қайтару Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздемелер бойынша Орталық бөлімшелері хаттарының негізінде жүргізіледі.