«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде
мамандандырылған бөлім құрудың кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 852 Қаулысы
(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 536-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Мамандандырылған бөлім»;
2) ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
02 «Қаржылық қызмет» ішкі функциясында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша:
001 «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету» бағдарламасында:
001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасындағы «2319728» деген сандар «2334641» деген сандармен ауыстырылсын;
002 «Аумақтық органдардың аппараттары» кіші бағдарламасындағы «17854955» деген сандар «17840042» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |