Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiн қоданысқа енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi қолданысқа енгiзiлген күннен бастап мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) Қазақ ССР Жоғарғы Советi 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ ССР-iнiң Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодексi (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1984 ж., № 14 (қосымша); № 41, 534-құжат; 1985 ж., № 19, 190, 191-құжаттар; № 32, 325-құжат; № 45, 457-құжат; № 49, 513-құжат; 1986 ж., № 13, 122-құжат; № 25, 242-құжат; № 31, 320-құжат; № 49, 506-құжат; 1987 ж., № 2, 19-құжат; № 16, 201-құжат; № 29, 356-құжат; № 32, 421-құжат; № 41, 503-құжат; № 46, 560-құжат; 1988 ж., № 35, 324-құжат; 1989 ж., № 16, 129-құжат; № 27, 208-құжат; № 45, 364-құжат; № 49, 444-құжат; № 50-51, 458-құжат; 1990 ж., № 12-13, 114-құжат; № 44, 410-құжат; № 48, 445-құжат; № 49, 461-құжат; 1991 ж., № 25, 318-құжат; № 26, 348-құжат; № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1992 ж., № 4, 96, 98, 100-құжаттар; № 13-14, 323-құжат; № 15, 380-құжат; № 16, 400-құжат; 1993 ж., № 3, 42-құжат; № 4, 70-құжат; № 8, 159, 161-құжаттар; № 9, 220, 222-құжаттар; № 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., № 4-5, 60-құжат; № 8, 134-құжат; № 15, 207-құжат; № 21-22, 272-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 55-құжат; № 9-10, 64-құжат; № 15-16, 105-құжат; № 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 177-құжат; № 14, 274, 277-құжаттар; № 15, 281-құжат; 1997 ж., № 6, 66-құжат; № 11, 146, 152-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 208-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 13, 194-құжат; № 14, 201-құжат; № 22, 310-құжат; 1999 ж., № 15, 595-құжат; № 20, 721, 727-құжаттар; № 23, 916, 931-құжаттар; 2000 ж., № 6, 141-құжат);
2) Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң "Қазақ ССР-iнiң Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодексiн күшiне енгізу туралы" 1984 жылғы 22 наурыздағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1984 ж., № 14, 196-құжат);
3) Қазақ ССР Жоғарғы Советi Президиумының "Қазақ ССР-iнiң Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы" 1984 жылғы 28 қыркүйектегi Указы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1984 ж., № 41, 535-құжат).
2-бап. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қаралмай қалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi осы Кодексте белгiленген ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, олар қайда қаралып жатса, сол орган (лауазымды адам) қарайды.
3-бап. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген күннен бастап әкiмшiлiк жауаптылық белгiлейтiн өзге де заң актілерінiң нормалары қолданылмауға тиiс.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын заң актілері және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер осы Кодекстiң талаптарына сай келтiрiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, 2001 жылғы 30 қаңтар
№ 156-II ҚРЗ