7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес қару-жарақты, әскери және өзге техниканы жеткізу және жөндеу Полигондарды жалға беру туралы.
Түпкі нәтиже: Ресей Федерациясымен уағдаластық шарттарында қару-жарақты, әскери және өзге техниканы 100% сатып алу (полигондарды жалға беру есебінен өтемақы негізінде).
Қаржы-экономикалық нәтиже: әскери-сынақ полигондарының 1 ш.м жалға берудің орташа құны 30,1 мың теңгені құрады.
Уақтылылығы: ҚР екіжақты шарттар, келісімдер мен шешімдер бойынша міндеттемелерін бекітілген мерзімде орындау 100%.
Сапасы: азаматтардың 100%-ы Қарулы Күштердің қойылған міндеттерді дербес шешу қабілетіне қанағаттанды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
80-қосымша (құпия)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
81-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 356808 мың теңге (үш жүз елу алты миллион сегіз жүз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 16-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери кәсіпкерлік пен әскерлерді сапалы әскери даярлауды енгізу мақсатында әскери білім беру және әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кіші командалық құрам - сержантқа мұқтаждығын қамтамасыз ету;
2) сержанттардың және курсант-спортшылардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін мамандармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау | | | |
2 | | 021 | 1997-1998 жылдарда- ғы әскери қызмет- шілерге үстемақы төлеу | Сыйлықақы төлемдері бойынша әскери қызметшілердің берешегін өтеу. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Қорғаныс минис- трлігі |
3 | | 100 | Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау | 1. Орта арнайы оқу орындарына жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау. 2. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәй- кес жалпы білім беру және әскери техника- лық пәндер бойынша жоспарлық сабақтарды қамтамасыз ету. 3. Мыналарды: Кадет корпусын; Әскери спорт колледжін ұстау. 4. Техниканы көктем- гі-жазғы және күзгі- қысқы пайдалануға көшіру жөніндегі іс- шараларды ұйымдастыру және өткізу. 5. Кадеттер мен кур- санттардың оқу біті- руін ұйымдастыру. 6. Кеңсе және басқа да тауарлар сатып алу жөніндегі қаржы-шар- уашылық және шарттық қызметті ұйымдастыру, енгізу, көлік, почта- телеграф шығыстарын және басқа да қызмет көрсетулерді төлеу. 7. Қолда бар жабдық- тарға, компьютерлік және ұйымдастыру техникасына, байланыс құралдарына, автотех- никаға ағымдағы қызмет көрсету және жөндеу. Технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарына қызмет көрсету және ұстау. 8. Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес әскери қызметшілерге, жұмысшылар мен қыз- меткерлерге ақшалай үлестің барлық түрле- рін, жалақы, өтемақы төлемдерін төлеу. 9. Оқу кабинеттерін ресімдеу, тестілеу, бланкілік полиграфия- лық өнімдерді әзірлеу жөніндегі қызмет көр- сетулерді және оқу, тәрбие процесін қам- тамасыз ету жөніндегі өзге де қызмет көрсетулерді төлеу. 10. 2-курс кадеттерін әскери тағылымдамадан өткізу. 11. Әскери полигон объектілерін жабдықтау. 12. 3-курс кадеттерін далалық шығару, ату, ЖӘЖМ, автомобиль жүр- гізу жөніндегі бағ- дарламаларды орындау. 13. Тіршілік ету және оқу процесін қолдау үшін полигон жабдық- тарын ағымдағы жөндеу. 14. Мыналарға: жеке құрамды, мүлікті және жүктерді теміржол және әуе тасымалына; әр түрлі мәдени, спорт және басқа да іс-шаралар ұйымдасты- руға және өткізуге; медициналық тексеру және індетке қарсы қорғауды өткізуге; АҚТБ/ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл мақ- сатында медициналық препарат сатып алуға; тамақтандыруды ұйым- дастыруға және асхана -ас үй ыдыс-аяқтарын жууға арналған жуу құралдарын, жабдықтар мен мүкәммал сатып алуға, жеке құрамды киім кешекпен, арнайы киіммен, аяқ-киіммен, жабдық-тұрманмен, төсек жабдықтарымен, жуу материалдарымен және гигиена құралда- рымен, монша-кір жуу мүкәммалымен, спорт киімімен, жөндеу ма- териалымен қамтамасыз етуге, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды төлеу. 15. Дипломдар мен сы- нақ кітапшаларын жа- сау жөніндегі қызмет көрсетулерді төлеу. 16. Орта арнайы оқу орындарын ұстаумен байланысты басқа та- уарларды, жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) төлеу. 17. Мүлікті бағалау. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Қорғаныс минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі:
оқитындар контингенті - 810 адам, оның ішінде:
кадет корпусы - 410 адам;
спорт колледжі - 400 адам;
кадет корпусы мен спорт колледжінде оқитындардың 99% үлгірімділігі;
оқыту процесінде алынған білімдердің 100%;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкес кадеттер дайындығын қажет деңгеймен 100% қамтамасыз ету.
Түпкі нәтижелері: сержанттарды және курсант-спортшылардың сапалы дайындығын 100% қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: бір кадетті, курсантты ұстау және оқытудың орташа құны - жылына 440,5 мың теңге.
Уақтылылығы: оқу процесін қамтамасыз ету үшін жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындау, оқуды аяқтағаннан кейін курсанттардың әскери бөлімдерде 5 жылдан кем емес міндетті қызметін атқаруы.
Сапасы:
оқудан шығарылған адамның саны 1%;
оқуды бестікке бітірген саны жалпы саннан 2,1%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
82-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3892199 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз тоқсан екі миллион бір жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; «Әскери ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Шарт; «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындарына оқуға қабылдау туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі арасындағы 2000 жылғы 7 сәуірдегі № 335/5/14-2 келісім-шарт; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шетел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 шілдедегі № 754 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін жоғары әскери-оқу орындарында біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету, кадрлар даярлау және әскери білім беру жүйесін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) жоғары әскери және жоғары кәсіби білімі бар әскери мамандарды даярлау, әскери-оқу орындарының оқу-материалдық базасын жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар кешенін жүргізу;
2) әскери білім беру туралы стандарттың талаптарына сәйкес жедел-тактикалық буынның әскери басқару мамандарын даярлаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Жоғары және жо- ғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау | | | |
2 | | 021 | 1997-1998 жылдарда- ғы әскери қызмет- шілерге үстемақы төлеу | Сыйлықақы төлемдері бойынша әскери қызметшілердің берешегін өтеу. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Қорғаныс минис- трлігі |
3 | | 100 | Жоғары және жо- ғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімді мамандар даярлау | 1. Қазақстан Республи- касы Қорғаныс министр- лігінің Жоғары оқу орындарын штат саны шегінде ұстау: Ұлттық қорғаныс уни- верситеті - 430 бірлік шегінде. Оқитындардың саны - 134 адам; Құрлық әскерлерінің Әскери институты 1067 бірлік шегінде. Саны - 1360 адам; Әскери-теңіз институты 108 бірлік шегінде. Оқитындардың саны - 180 адам; Әуе қорғаны- сы күштерінің Әскери институты 956 бірлік шегінде. Оқитындардың саны - 520 адам; Радиоэлектроника және байланыс әскери-инже- нерлік институты 666 бірлік шегінде. Оқи- тындардың саны - 533 адам; Шет тілдері әскери институты 272 бірлік шегінде. Оқи- тындардың саны - 200 адам. 2. Өмір тіршілігін, оқу процесін және жауынгерлік әзірлікті ұстау үшін қару-жарақ пен әскери техниканы, полигондық жабдықтар- ды, приборларды, жолдарды ағымдағы жөндеуді жүргізу. 3. Курсанттардың, тың- даушылар мен адъюнк- тардың оқу процесін ұйымдастыру және қам- тамасыз ету, оларды ұстау және үлестің барлық тиісті түрлерін төлеу. 4. Мемлекеттік емти- хандарды өткізу жөнін- дегі мемлекеттік ат- тестаттау комиссиясы- ның жұмысы. Жоғары әскери-оқу орындарында офицерлердің бітіруіне байланысты емтихан сессияларын, іс-шара- ларын ұйымдастыру, дайындау және өткізу. 5. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәй- кес оқу-жаттығуларды, жаттығуларды, пара- шютпен секірулерді, далалық сабақтарды, тағылымдамалар мен жөндеу практикаларын ұйымдастыру, дайындау және өткізу. 6. Оқу кабинеттерін ресімдеу, тестілеу, бланкілік полиграфия- лық өнімдерді жасау жөніндегі қызмет көр- сетулерді және оқыту, тәрбиелеу процесін қамтамасыз ету жөнін- дегі басқа да қызмет көрсетулерді төлеу. 7. Дипломдар, сынақ кітапшаларын, білім туралы куәліктерді жасау жөніндегі қызмет көрсетулерді төлеу. 8. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәй- кес ұшқыш-курсанттар- дың, штурмандардың ұшу дайындығын ұйымдастыру. 9. Оқытылатын маман- дықтар бойынша техни- каны жөндеу және көк- темгі-жазғы, күзгі- қысқы пайдалануға ауыстыру жөніндегі практикалық сабақтарды ұйымдастыру, дайындау және өткізу. 10. Ғылыми, педагоги- калық, офицерлер құра- мымен ғылыми экспери- менттер, жиналыстар, конференциялар ұйым- дастыру, дайындау және өткізу. Қызметтер мен бөлімдердің оқытушылар құрамы мен мамандарын даярлау және қайта даярлау. 11. Әскери қызметші- лерге, тыңдаушыларға, курсанттарға ақшалай үлестің барлық түрле- рін, өтемақы төлемде- рін, жұмысшылар мен қызметшілерге жалақы және басқа да төлемдер төлеу. 12. Оқу орнының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қаржы-шаруашылық және шарттық қызметті жүргізуді ұйымдастыру. 13. Кеңсе және басқа да тауарларды сатып алу, көлік, почта- телеграф шығыстарын және басқа да қызмет көрсетулерді төлеу. 14. Тамақтандыруды ұйымдастыру және асха- налық-ас үй ыдыстарын жуу үшін жуу құралда- рын, жабдықтар мен мүкәммалды сатып алу. 15. Жеке құрамды киім -кешекпен, арнайы киіммен, іш киіммен, аяқ киіммен, жабдық- тұрманмен, төсек жабдықтарымен, жуу материалдарымен және гигиена құралдарымен, монша-кір жуу мүкәм- малымен, спорт киімі- мен, жөндеу материа- лымен қамтамасыз ету, жанар-жағар май мате- риалдарымен қамтамасыз ету. 16. Ұшқыш-инструктор- лардың ұшу дайындығы. 17. Теңіз портында кемелердің тұрағы үшін қызмет көрсетулерді төлеу. 18. 1-курс курсантта- рының жалпы әскери дайындығын жүргізу. 19. Технологиялық және тоңазытқыш жабдықтары- на қызмет көрсету және ұстау. 20. Әскери-оқу орында- рына түсетін абиту- риенттермен қабылдау емтихандарын, тесті- леуді ұйымдастыру және өткізу. 21. Мыналармен: кур- санттарды, жүктер мен мүлікті теміржол және әуетасымалдаулармен; контейнерлер мен вагондарды терминалдық өңдеумен және тасымал- даумен; медициналық тексеру және індетке қарсы қорғау өткізу- мен; АҚТБ/ЖҚТБ індеті- не қарсы іс-қимыл мақсатында медициналық препараттар мен меди- циналық өнім сатып алумен полиграфиялық өнім жасаумен; түрлі мәдени, спорт және басқа да шараларды ұйымдастырумен және өткізумен байланысты шығыстарды төлеу. 22. Қазақстан Респу- бликасының Қарулы Күш- тері үшін мамандарды шетелдерде жоғары оқу және әскери-оқу орындарында оқытуға, ұстауға шығыстар төлеу, соның ішінде: 1) Ресей Федерациясы- ның әскери-оқу орындарында оқитын Қазақстан Республика- сының әскери қызметші- лерін ұстауға ақшалай қаражат аудару (ақша- лай үлес төлеу, көлік шығыстары, медициналық сақтандыру, тамақтан- дыру, арнайы киіммен, тұрғын үй-жаймен қамтамасыз ету); 2) мыналарға: ұшу да- йындығы; кеме экипажы- ның курстық дайындығы үшін; Бауман атындағы ММТУ-да оқыту және ұстау үшін ақшалай қаражат аудару; 3) АҚШ жоғары оқу орындарында бастапқы оқыту үшін кеңсе құралдары мен мүлік сатып алу үшін Қазақ- стан Республикасының әскери қызметшілері оқитын орындар бойынша әскери-оқу орындарына ақшалай қаражат аудару; 4) мыналарға: шетел мемлекеттерінің әскери -оқу орындарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыруға; 5) жалпы білім беретін және психологиялық тестілеуді жүргізуді ұйымдастыруға; 6) курсанттар мен офицерлер-тыңдаушылар жиынын ұйымдастыру кезінде кеңсе тауар- ларын сатып алуға; 7) Ресей Федерация- сының жоғары оқу орын- дарында жаңа қабылдан- ғандарды оқу орында- рына алып бару және тексеруді жүзеге асыру үшін тағайындалған командалардың жетек- шілеріне іссапар ақшаларын төлеуге; 8) қабылдау емтиханда- рын өткізу үшін Қазақ- стан Республикасына келетін жоғары оқу орындары өкілдерінің, аттестаттау комиссия- сы мүшелерінің жол жүруін, тұруы мен тамақтануын төлеу; 9) оқу-әдістемелік әдебиет сатып алуға, республикалық баспа- сөзге жазылуды және шетелге жоғары оқу орындарына жіберуді ұйымдастыруға; 10) Ресей Федерация- сының жоғары оқу орын- дарында оқитын Қазақ- стан Республикасы Қарулы Күштерінің офицер-тыңдаушыларының отбасы сақтандыруға; 11) тыңдаушыларды, олардың отбасы мүше- лерін және курсанттар- ды оқу орындарына және кері қайтуға темір жол және әуе көлігімен тасымалдауға билеттер- ді төлеуге, түскен және бітірген тыңдау- шылардың контейнерле- рін төлеуге, сондай-ақ тыңдаушылар мен кур- санттардың демалысына және кері қайтуына ақы төлеуге арналған шығыстар. 23. Оқу процесін қам- тамасыз етуге байла- нысты өзге тауарларды, жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) төлеу. 24. ЖОО-на жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау. 25. ЖОО-ын ұстаумен байланысты өзге тауарларды, жұмыстарды (қызмет көрсетуледі) төлеу. 26. Қазақстан Респу- бликасының әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери- оқу орындарында уағдаластық шарттары негізінде оқыту (полигонды жалдау есебінен өтемақы негізінде). 27 Мүлікті бағалау. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Қорғаныс минис- трлігі |
4 | | 101 | Поли- гондарды жалға беру туралы мемлеке- таралық келісім- шартына сәйкес маман- дарды даярлау | 1. Қазақстан Республи- касының әскери қызмет- шілерін келісім шарты- нда (полигондарды жалға есебінен өтемақы негізінде) Ресей Феде- рациясының әскери-оқу орындарында оқыту. 2. Мүлік құны. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Қорғаныс минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі:
жыларасы дайындалатын мамандардың орта саны:
Ұлттық қорғаныс университеті - 134 адам;
Құрлық әскерлерінің Әскери институты - 1360 адам;
Әскери-теңіз институты - 180 адам;
Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты - 520 адам;
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты - 533 адам;
Шет тілдері әскери институты - 200 адам.
Түпкі нәтижелері:
жалпы түскендердің ішінен 99,7 % жоғары әскери және әскери-кәсіби білімі бар әскери мамандар даярлап шығару;
әскери білімі туралы стандарттың талаптарына сәйкес 100%-ға шұғыл-тактикалық бейінді әскери басқарудың мамандарын дайындау.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі:
жылына бір курсантты ұстаудың орташа құны:
ұлттық қорғаныс университетінің курсантына - 2 197,2 мың теңге;
Әуе Күштері қорғанысы әскери институтының курсантына - 459,2 мың теңге;
Жаяу әскерлер әскери институтының курсантына - 2 461,6 мың теңге;
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсантына - 204,9 мың теңге.
Уақтылығы: оқу процесін қамтамасыз ету үшін жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы:
жоғары әскери-оқу орындарын бітірушілердің оқу бітірген әскери мамандардың жалпы саны 99,7%;
жоғары әскери-оқу орындарын бітірушілердің бестікке бітірген мамандардың жалпы саны - 19 адам.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
83-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1375692 мың теңге (бір миллиард үш жүз жетпіс бес миллион алты жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабы; «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің, әскери зейнеткерлердің толық көлемде медициналық көмегін қамтамасыз ету; гарнизон мамандарының бекітілген бөлімдерде диагностикалық, профилактикалық және емдеу жұмыстарының жай-күйіне жеке жауапкершілігін арттыру; әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау, әскерлердің әскери дайындығын медициналық қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің, әскери зейнеткерлердің денсаулығын сақтау, әскерлердің жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз ету;
2) уақтылы, сапалы және тиімді медициналық көмек көрсету;
3) жұқпалы, паразитті және соматикалық аурулардың, мүгедектіктің алдын алуға, ерте емдеуге және жоюға бағытталған санитарлық-гигиеналық, алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізу;
4) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін орындау; алдын алу, диагностика және емдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
5) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-медициналық қамтамасыз ету бас басқармасының санитарлық қызметі мен зертханалық бөлімшелерінің практикасына қоршаған табиғат ортасын қорғау өлшемдерін: азық-түлікті, фуражды, ауаны, су мен топырақты бағалау мен бақылаудың жоғары тиімді әдістерін енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Әскери қызмет- шілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу | | | |
2 | | 021 | 1997-1998 жылдарда- ғы әскери қызмет- шілерге үстемақы төлеу | Сыйлықақы төлемдері бойынша әскери қызметшілердің берешегін өтеу. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Қорғаныс минис- трлігі |
3 | | 100 | Әскери қызмет- шілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу | 1. Қазақстан Республи- касы Қорғаныс министр- лігінің әскери-емдеу мекемелеріне жүктелген функциялар мен міндет- терді орындау: 500 кереуетке арналған Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі- нің Бас әскери клини- калық госпиталін; 500 кереуетке арналған Алматы қаласындағы әскери клиникалық гос- питалін; 150 кереуетке арналған Семей қала- сындағы әскери госпи- тальді; 105 кереуетке арналған Тараз қала- сындағы әскери госпи- тальді; 115 кереуетке арналған Талдықорған қаласындағы әскери госпитальді; 120 кере- уетке арналған Аягөз қаласындағы әскери госпитальді; 75 кере- уетке арналған Ақтөбе қаласындағы әскери госпитальді; 66 кере- уетке арналған Үшарал қаласындағы әскери лазаретті; 35 кереует- ке арналған Өскемен қаласындағы әскери лазаретті; 50 кереует- ке арналған Қарағанды қаласындағы әскери лазаретті; 65 кереует- ке арналған Сарыөзек кентіндегі әскери лазаретті ұстау. 2. Тауарларды, жұмыс- тарды, қызмет көрсе- тулерді (оның ішінде медициналық), емдеу процесін бағдарламалық қамтамасыз етуді, дәрі -дәрмектер мен медици- налық мақсаттағы өнімдерді сатып алу. Жабдықтарға, көлік және басқа да негізгі құралдарға шұғыл жөндеу жүргізу. 3. Медициналық тексеру және індетке қарсы қорғау өткізуге байланысты шығыстарды төлеу. 4. Әскери-медициналық есепке алудың бланктік өнімін жасау. 5. Жеке құрамды киім- кешекпен, арнайы киіммен, аяқ киіммен, жабдық-тұрманмен, төсек жабдықтарымен, жөндеу материалдары- мен, гигиена құралда- рымен және санитарлық шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету. 6. Жеке құрамды тамақ- тандыруды ұйымдастыру және асхана-ас үй ыдыстарын жууға арнал- ған жуу құралдарын, жабдықтар мен мүкәммал сатып алу. 7. Жеке құрамды тасы- малдауды қамтамасыз ету. 8. Жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету. 9. Мемлекеттік салта- наттарды, мерекелік іс-шараларды өткізумен байланысты шығындар. 10. Емдік-медициналық мекемелерді ұстаумен байланысты басқа да тауарларды, жұмыстар- ды, қызмет көрсету- лерді төлеу. 11. Медициналық қызмет көрсетулерді (соның ішінде санаторлық- курорттық емдеу) сатып алу және Қазақстан Республикасының және шет елдердің денсаулық сақтау ұйымдарында әскери қызметшілерді емдеу. 12. Мүлікті бағалау. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Қорғаныс минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: әскери-оқу орындарында емделуден өтетін жылына орташа 25 000 әскери қызметші.
Түпкі нәтижелер:
әскери қызмет қатарына жарамды болып қайтарылғандар:
а) офицерлер 93%;
б) әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеретіндер 92%;
жалпы ауырғандардың ішінен ұшуға жарамды % - 0,004.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі:
1-ші әскери қызметшіні емдеудің орташа құны - 2 300 теңге.
Уақтылылығы:
қаржыландыру жоспарларына сәйкес;
мемлекеттік сатып алу жоспарларына сәйкес.
Сапасы: 100% уақтылы, сапалы және тиімді медициналық көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
84-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Әскерге шақырылғанға дейінгілерді әскери-техникалық
мамандықтар бойынша даярлау»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 10, 12-баптары; «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы № 718 қаулысы.