7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 1. «Қазақстан Республикасы құрамасының бірқатар маманданған спортшыларының тағамына белсенді биологиялық қоспаларды қолданудың және тамақтанудың тиімді негіздері» тақырыбына көрсетілген спортшылар тобы үшін ұсынылатын тамақтану нормалары және функционалды тамақтануда тағам мен азық-түлікке арнайы биологиялық активті қоспаларды пайдалану жөніндегі ұсыныстар әзірлеу.
2. «Спортшыларды орта таулы, жоғары таулы және жасанды гипоксия жағдайында даярлаудың тиімді әдістерін әзірлеу» тақырыбына оқу-жаттығу жиындарын өткізу, орта тауда, биік тауда және табиғи гипоксия жағдайында спорттық жүктемелерді жоспарлау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар жасау.
Соңғы нәтиже: спорт саласын қызметтермен қамтамасыз етудің тұрақты және дамымалы жүйесі қалыптасатын болады.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 ғылыми жобаны іске асыруға кететін шығынның орташа құны - 20 000 мың теңге.
Уақтылығы: ғылыми жобалардың уақтылы әзірленуін қамтамасыз ету.
Сапасы: біліктілігі жоғары спортшыларды дайындау.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-6 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Спорт объектілерін салу және қайта жаңарту»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9607200 мың теңге (тоғыз миллиард алты жүз жеті миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және жоғары нәтижелерге қол жеткізу, әлемдік спорттық аренада Қазақстанның имиджін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық құрылыста да кең көлемде жоғары дәрежедегі спортшыларды дайындау үшін қазіргі кезең базасын құру, спорттық құрылыстарда тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жағдайын жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Спорт объекті- лерін салу және қайта жаңарту | Қазақстан Республика- сы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 "2006 жылға арналған республика- лық бюджет туралы" Қазақстан Республика- сының Заңын іске асы- ру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 2 Қосымша- сына сәйкес және бекітілген смета- жобалық сомалар ше- гінде инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ құрылыстың жүру барысына техни- калық қадағалау жасау: 1) Астана қаласында республикалық велот- рек; 2) Алматы облысындағы республикалық олим- пиадалық даярлау базасын; 3) Щучье қаласында республикалық шаңғы спорты базасын салу. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Туризм және спорт министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Өткізу жағдайы күшіне 290 адамды құрайтын Астана қаласындағы республикалық велотректің құрылысын, өткізу жағдайы күшіне 487 адамды құрайтын Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлау базасын; өткізу жағдайы күніне 380 адамды құрайтын Щучье қаласында республикалық шаңғы спорты базасын салуды аяқтау (мемлекеттік сараптамадан өткен, заңды тәртіппен белгіленген, бекітілген смета-жобалық құжаттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмысының жалпы құнының 68%).
Соңғы нәтиже: қысқы мерзімде тұрғындардың белсенді демалуы үшін олимпиадалық спорттың түрлері, спорттың шаңғы тебу түрі, велосипед спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спортшыларды және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау үшін республикалық спорт объектілерін эксплуатацияға енгізу жағдайларын жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: инвестициялық жобаны жүзеге асырудың тиімділік бағасын беру негізінде анықталатын болады.
Уақтылығы: жасасқан келісім шарттарға сәйкес атқарылған жұмыстың жоспар актісіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс ережелері мен нормаларының талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-7-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Жоғары жетістіктер спортын дамыту»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2973148 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз жетпіс үш миллион бір жүз қырық сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2 , 4 , 8 , 15, 18, 25, 30-баптары; "Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі дайындығының Президенттік сынақтары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысы; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысушыларға тамақтану нормаларын белгілеу туралы" 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген "Спорттық іс-шаралардың қатысушыларын фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы" 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары; "Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары спорттық нәтижелерге жету және халықаралық спорттық аренадағы Қазақстан Республикасының беделін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына олимпиадалық резерв даярлау, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға қатысуы, республика құрама командаларын ұйымдық медициналық қамтамасыз ету, халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау және патриоттық тәрбие, құрама командалар спортшыларының шеберлігін арттыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, спортшылар мен жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Жоғары жетістік- тер спортын дамыту | Спорт түрлерінен халықаралық деңгейде- гі спортшылар мен спорт резервін даяр- лау, спорттың түрлері бойынша республикалық жарыстар, оқу-жаттығу жиындарын өткізу және халықаралық жарыстар (Азия, Европа, әлем чемпионаттары мен әлем кубогына, Турин қаласындағы (Италия) қысқы Олимпиада ойындарына, 16-шы жазғы Азия ойындарына және Достастық елде- рінің халықаралық спортты ойындарына және басқа халықара- лық турнирлерге) қатысу, ұлттық штат- тық командаларды материалдық қамсыз- дандыру, спорт түрле- рінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшелерін ресми халықаралық ресми жарыстарға қатысу кезінде бір мәрте сақтандыру. Республикалық деңгей- де футболды дамыту. Спорт түрлерінен жетекші спортшылар мен олардың жаттықты- рушыларын, соның ішінде шет елдерден жаттықтырушыларды келісім-шарт негізін- де жұмысқа тарту. Жоғары жетістіктер спортын насихаттау. "Жыл спортшысы" рес- публикалық конкурсын өткізу. Олимпиадалық спорт түрлерінен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды- олимпиадалық ойындар- дың чемпиондары мен жүлдегерлерін, әлем чемпионатының жеңім- паздарын заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмір бойы материалдық қамсыздандыру. Спортшыларды диспан- серлік қадағалау және емдеу. Спорт түрлерінен спортшыларға, респуб- ликалық құрама коман- далардың мүгедектері- не медициналық кон- сультативтік кеңес беру. Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарын қатысушыларға медици- налық қызмет көрсету. Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиын- дарын қатысушыларды қамтамасыз етуге белгіленген нормалар- ды есепке ала отырып, фармакологиялық қал- пына келтіру құралда- рын, витаминді және белоктық-глюкозалы препараттарды сатып алу. Халықаралық және рес- публикалық спорт жа- рыстарының қарсаңында ағзадағы анаболик- стероидтердің және пептидті гормондардың болуын анықтау үшін допингке қарсы зерт- ханада тестілеуден өткізу үшін арнаулы жабдықтар, химиялық реактивтер мен меди- каменттер сатып алу. Жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша олим- пиадалық даярлау ор- талықтарында олимпиа- да резервін даярлау. Республикалық олимпи- адалық даярлау орта- лықтарының спортшыла- рын мүкәмалмен және киіммен қамтамасыз ету. Спорт түрлерінен Қазақстан Республика- сының командаларына алынған спортшыларды, жаттықтырушыларды материалдық қамсыз- дандыруға арналған күрделі трансферттер, сондай-ақ спорт түр- лерінен ҚР-ның ұлттық құрама командаларына қабылданғандар үшін спорттық мүкәмал және жабдықтар сатып алуға Ұлттық штаттық коман- далар дирекциясына күрделі трансферттер аудару. Республикалық спорт- тық медицина және оңалту орталығы үшін арнайы жабдықтар са- тып алуға, Республи- калық олимпиадалық даярлау орталықтарына негізгі құралдар сатып алу үшін күрде- лі трансферттер аудару. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Туризм және спорт министр- лігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Туринде Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерінің қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен, жазғы Азия ойындарында спорттың 35 түрінен және басқа халықаралық спорттық іс-шараларда орта есеппен спорттың 64 түрінен қатысу. Орта есеппен 652 оқу-жаттығу жиынын, 278 республикалық жарыс өткізу және спорт түрлерінен 480 халықаралық жарысқа қатысу. Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін даярлау. Кемінде 2560 адамды, республика құрама командалары спортшыларын диспансерлік қадағалау және емдеу. Спорт түрлерінен республиканың ұлттық құрама командаларын сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы үшін кемінде 52 дана спорттық мүкәмалмен жабдықтар сатып алу. Олимпиадалық спорт түрлерінен КCPO және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды-олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздарына - кемінде 110 адамға заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмірлік материалдық қамсыздандыру төлеу.
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарында спортшыларды даярлауды жақсарту үшін кемінде 46 дана спорттық мүкәмал, жиһаз (кеңселік үстел - 5 дана, қабырғалық шкаф - 2 дана, киім шкафы - 21 дана, керуерт - 20 дана), компьютер - 2 дана сатып алу. Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының денсаулығын жақсарту үшін республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына - 11 дана медициналық жабдық сатып алу.
Соңғы нәтиже: жоғары сыныпты спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында республиканың құрама командалары мүшелерінің халықаралық жарыстарда, соның ішінде Әлем, Азия, Европа чемпионаттарында жазғы спорт түрлері бойынша Азия ойындарында және қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір спортшыны дайындауға кететін шығынның орташа құны - 1164,0 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының халықаралық деңгейдегі рейтингін арттыру және әлемдік спорт аренасында Қазақстан спортының беделін нығайту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттар өндіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-8-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 55534 мың теңге (елу бес миллион бес жүз отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылы 11 қазанда № 2007 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысушыларға тамақтану нормаларын белгілеу туралы» 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 және ҚР Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2008 болып тіркелген «Спорттық ic-шараларға қатысушыларды фармакологиялық қалпына келтіру құралдарымен, витаминдермен және белоктық-глюкозалық препараттармен қамтамасыз ету туралы» 2002 жылғы 11 қазандағы № 06-2-2/209 бұйрықтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халық арасында ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуға жағдай жасау, дене шынықтыру спорт бірлестіктерінің және спорт клубтарының жұмысын жандандыру, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуды бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау | Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен күн- тізбелік спорттық іс-шараларға қатысу және еткізу. Қазақстан Республика- сы Президентінің жүлдесі үшін халық спорты ойындарын өт- кізу. Ел ішінде және шет елдерде ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын насихаттау. Ұлттық спорт түрлері бойынша спортшылармен жаттықтырушыларды спорттық мүкәмалмен және киіммен қамтама- сыз ету. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Туризм және спорт министр- лігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша кемінде 10 оқу-жаттығу жиынын, 42 республикалық жарыс өткізу және 20 халықаралық жарысқа қатысу.
Соңғы нәтиже: халықтың әртүрлі жіктерін ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарымен шұғылдануға тарту арқылы салауатты өмір салтын енгізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға жұмсалатын шығынның орташа құны - 7710 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар өткізу.
Сапасы: ұлттық спорт түрлерін дамыту және халық арасында оны кеңінен таныту арқылы Қазақстан Республикасының беделін арттыру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-9 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 153 мың теңге (жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: «Жазушы Сейдахмет Бердіқұловты мәңгілік есте қалдыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1263 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерді ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерге мемлекеттік сыйлық төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың атауы) | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалар- ды іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Мемлекет- тік сыйлықтар | Үш сыйлықты тапсыру үшін омырау белгілері мен дипломдар әзір- леу, сондай-ақ бай- қауды ұйымдастыру және спорт пен дене шынықтыру туралы үз- дік жарияланымдары мен теледидар мен радиодағы хабарлары үшін үздік журналис- терге сыйлықтар төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Туризм және спорт министр- лігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мемлекеттік сыйлықтарды төлеу;
спорт пен дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары мен теледидар мен радиодағы хабарлары үшін үздік журналистерге арналған 3 сыйлық.
Соңғы нәтиже: жарияланған ең үздік еңбектері үшін журналистерді, Қазақстан Республикасының спорт саласындағы көрнекі өкілдерін ынталандыру.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 мемлекеттік сыйлыққа төленетін орташа шығынның құны - 51 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған мемлекеттік сыйлықтарды төлеуді қамтамасыз ету.
Сапасы: бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлеріне мемлекеттік қолдауды күшейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-10 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Спорт объектілерін дамытуға облыстық бюджеттер, Астана мен
Алматы қалаларының бюджеттеріне арналған мақсатты трансферттер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 924 900 мың теңге (тоғыз жүз жиырма төрт миллион тоғыз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғындардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндетi: спорттың инфрақұрылымын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың атауы) | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалар- ды іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Спорт объекті- лерін дамытуға облыстық бюджет- тер, Астана мен Алматы қалалары- ның бюджетте- ріне арналған мақсатты транс- ферттер | Тізбе бойынша және "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі- нің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысының 2-қосымша- сындағы соманың шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген смета- жобалау құжаттамала- рына сәйкес мына іс-шараларға дене шынықтыру және спорт объектілерін дамытуға облыстық бюджеттер, Астана мен Алматы қалаларының бюджетте- ріне арналған мақсат- ты трансферттерді аудару: Астана қ. теннис кортын (22.12.2004 ж. № 2-702/04 Мемлекеттік сараптама қорытындысы). | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Туризм және спорт министр- лігі, Астана мен Алматы қалалары- ның, облыстар- дың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Астана қаласында теннис кортын салу жөніндегі жұмыс көлемін орындау.
Соңғы нәтиже: тұрғындардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету үшін спорт объектісін іске қосу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жұмыс өнімділігінің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-11 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10503 мың теңге (он миллион бес жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 8-бабы, "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекеттің тиімділігін одан әрі тарату жөніндегі жүйелердің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндетi: есірткіні пайдаланудың алдын алу, республикалық деңгейде есірткіге қарсы спорттық іс-шаралар өткізу жолымен қоғамдық иммунитетті қалыптастыру; дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық спорттан республикалық жарыстар өткізу; жастардың санасында есірткіге қарсылықты қалыптастыру; есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын уағыздауға бағытталған қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтерді прокатқа шығару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың атауы) | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалар- ды іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақор- лық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес | Нашақорлықпен күрес- тің халықаралық күніне арналған бұқа- ралық спорттық іс-шаралар ұйымдасты- ру және жер-жерлерде ұйымдастыру. Шайбалы хоккейден екі жас топтары арасында жарыстар ұйымдастыру. Қоғамдық орындарында көрнекі үгіт құрал- дарын (жарнамалық қалқандар, билборд- тар, плакаттар және т.б.) орнату жөнінде жұмыстар ұйымдастыру. Футболдан»"Былғары доп" турнирін ұйымдастыру. Жазғы және қысқы президенттік көпсай- ыстан республика чем- пионатын ұйымдастыру. Стритболдан, кіші футболдан, үстел теннисінен жасөспі- рімдер клубтары ара- сында жарыстар ұйым- дастыру. Қазақ және орыс тіл- деріндегі телевизия- лық бағдарламалар шығару мен көрсету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. Қазақ және орыс тіл- деріндегі бейнеролик- тер шыға көрсету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Туризм және спорт министр- лігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту үшін 6 спорттық іс-шара өткізу.
Соңғы нәтиже: дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушы жасөспірімдер мен жастардың санын көбейту.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 іс-шараға кететін шығынның құны - 1750,5 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: азаматтардың нашақорлықтың зиянын, есірткі заттарын пайдаланудан кейін болатын өкінішті салдарларды ұғыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-12-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның