үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) күш қолданып;
в) ұйымдасқан топпен жасалса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
227-бап. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату
1. Заңмен қорғалатын компьютерлiк ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желiсіндегі ақпаратқа заңсыз кіру, сол сияқты ЭЕМ-ге, ЭEM жүйесiне немесе олардың желісіне кiре алатын адамның ЭЕМ-дi, ЭEM жүйесiн немесе олардың желiлерiн пайдалану ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желісін бұзуға әкеп соқса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған не адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желісін бұзуға көпе-көрiнеу әкелетiн ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген абайсыздықпен ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
227-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен.
8-тарау
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ҰЙЫМДАРДАFЫ ҚЫЗМЕТ
МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
228-бап. Өкiлеттiктердi терiс пайдалану
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамның өз өкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң баптарында мемлекеттік орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы не мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады.
228-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегi № 484-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
229-бап. Жекеше нотариустардың және аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы
1. Жекеше нотариустың немесе жекеше аудиторлардың өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар, немесе ұйымдар үшiн пайда табу және артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көпе-көрiнеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ адамға қатысты не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
230-бап. Жекеше күзет қызметi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы
1. Жекеше күзет қызметi басшысының немесе қызметшiсiнiң лицензияға сәйкес өздерiне берiлген өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қарамастан асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қару немесе арнаулы құралдар қолданып немесе ауыр зардап келтiрген дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
231-бап. Коммерциялық сатып алу
1. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлiк беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы заңсыз қызмет көрсету -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметiн атқаратын адамның заңсыз ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлiк алуы, сондай-ақ өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн мүлiктiк сипатта көрсетiлген қызметтi пайдалануы -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
б) бiрнеше рет;
в) қорқытып алумен байланысты жасалған болса -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол қылмыстық iс қозғауға құқығы бар органға сатып алушылық туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда мүлiктi беру немесе алу, мүлiктiк сипаттағы қызметтер көрсету немесе мұндай қызметтердi сыйлық немесе сыйақы ретiнде пайдалану егер мүлiктiң немесе қызметтердiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса, онша маңызды болмауы себептi қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк ретпен қудаланады.
231-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген толықтырулармен.
232-бап. Мiндеттерiне адал қарамау
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқарушы адамның қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн атқармауы немесе тиiстi дәрежеде атқармауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
9-тарау
ҚОFАМДЫҚ ҚАУIПСIЗДIККЕ ЖӘНЕ ҚОFАМДЫҚ
ТӘРТIПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
233-бап. Терроризм
1. Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау, егер осы iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған iс-әрекеттердi дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту, -
төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндiретін қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолдана отырып жасалса, -
жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивтi материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және жаппай уландыруды, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сондай-ақ адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де iс-әрекеттердi жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға ұштасса;
б) абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өмiрiне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң өмiрiне қастандық жасау, -
он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Терроризм актiсiн дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезiнде ескертуiмен немесе басқа жолмен терроризм актiсiнiң жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер оның iс-әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.
233-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 19 ақпандағы № 295-II Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
233-1-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру
1. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетiлген мазмұндағы материалдарды тарату, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып не қоғамдық бiрлестiктiң басшысы бола отырып не бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған нақ сол әрекеттер, -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
233-1 бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 19 ақпандағы № 295-II Заңымен енгiзiлдi.
233-2-бап. Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның қызметiне қатысу
1. Террористiк мақсатты көздейтiн қылмыстарды жасау үшiн топ құру (террористiк топ), сондай-ақ оған басшылық ету, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Террористiк топтың қызметiне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Адам өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып не қоғамдық бiрлестiктiң басшысы бола отырып жасаған, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
233-2 бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 19 ақпандағы № 295-II Заңымен енгiзiлдi.
233-3-бап. Экстремизмдi немесе террористiк қызметті қаржыландыру
1. Экстремизмдi немесе террористiк қызметті қаржыландыру -
бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет жасалған нақ сол әрекет -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
233-3 бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-IІI Заңымен енгiзiлдi.
234-бап. Адамды кепiлге алу
1. Кепiлге алынған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе азаматты қандай да бiр iс-әрекет жасауға немесе қандай да бiр iс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепiлге немесе кепiлдiк ретiнде ұстау -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып;
г) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып;
д) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
е) айыптыға жүктілік жағдайы көрiнеу мәлiм әйелге қатысты;
ж) көпе-көрiнеу дәрменсiз күйдегi адамға қатысты;
з) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
и) пайдакүнемдiкпен немесе жалдау арқылы жасалса -
жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе өкiметтiң талап етуi бойынша босатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
235-бап. Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты
(қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу
1. Ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сол сияқты оны басқару -
алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшiн құру, сол сияқты осындай қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған кiретiн құрылымдық бөлiмшелердi басқару, сол сияқты ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшiн жоспарлар мен шарттар әзiрлеу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкiлдерiнiң бiрлестiктерiн құру -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) не ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге өкiлдерiнiң бiрлестiгiне қатысу -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
235-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы № 163-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
236-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құраманы ұйымдастыру
1. Заңсыз әскерилендiрiлген құрама (бiрлестiк, отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сол сияқты ондай құраманы басқару -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Заңсыз әскерилендiрiлген құрамаға (бiрлестiкке, отрядқа, жасаққа немесе өзге де топқа) қатысу-
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Заңсыз әскери құрамаға қатысуын ерiктi түрде тоқтатқан және қаруы мен әскери жабдығын тапсырған адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.
236-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
237-бап. Бандитизм
1. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысу -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
237-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
238-бап. Үйлердi, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу
1. Басып алғандарын босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе азаматты қандай да бiр iс-әрекет жасауға немесе қандай да бiр iс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында үйлердi, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру, оларды жоямын немесе бүлдiремiн деп қорқытумен ұштасса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын басқа заттарды қолдана отырып;
д) пайдакүнемдiк ниетiмен немесе жалдау арқылы жасалса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса-
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
239-бап. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен
бiрдей қолға түсiру
1. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты осындай көлiк пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алу -
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасалса -
жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
240-бап. Теңiз қарақшылығы
1. Теңiз немесе өзен кемесiне бөтеннiң мүлкiн басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл жасау-
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет, не қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған дәл сол әрекет -
мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кiсi өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
241-бап. Жаппай тәртiпсiздiктер
1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сол сияқты олардың өкiмет өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру -
төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаппай тәртiпсiздiкке қатысу -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Өкiмет өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
242-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау
Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге,не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
242-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 19 ақпандағы № 295-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-III Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
243-бап. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезiнде пайдаланылатын
технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтердi заңсыз экспорттау
Жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткізу құралдарын, қару-жарақ және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн және арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызмет көрсетулердi заңсыз экспорттау-
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.