«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 383-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы
1 қыркүйектегі № 255-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесінде:
реттік нөмірі 21-жолда:
3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалаларды және шаруашылық жүргізуші объектілерді санаттарға бөлу дәрежесіне байланысты Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен оларды қамту»;
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органның бұйрығы».
Премьер-Министрдің
міндетін атқарушы