Қоянды топтық су құбыры 2-кезегiнiң құрылысын салуды жалғастыру және Индер-Миялы және Майкөмген-Шұбыртпалы суағарларын қайта жаңартуды жүргiзу қажет. Жоғарыда аталған барлық шаралар облыс халқының 300 мыңнан астам адамын ауыз сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсартуға мүмкiндiк бередi.
Батыс Қазақстан облысының қаладағы халқы, жалпы алғанда ауыз сумен жеткiлiктi қамтамасыз етiлмеген. Бағдарламада қалалардағы сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды қалыпты жағдайда ұстау үшiн бiрқатар iс-шаралар көзделдi. 130 ауылдық елдi мекендi сумен жабдықтау жалпы ұзындығы 2 мың километрден астам 6 топтық су құбырынан берiледi. Соңғы 3-5 жылда Фурманов және Тайпақ су құбырлары пайдаланылған жоқ және нормативтiк қызмет ету мерзiмi аяқталғандықтан, қайта қалпына келтiруге жатпайды. Оларға бұрын қосылған 55 кенттi сумен қамтамасыз ету үшiн Бағдарламада жер бетіндегі және жер асты су көздерiнен су алатын жергiлiктi су құбырларын салу көзделуде. Соңғы жағдайда суды тиiсiнше тазарту көзделедi. Облыстың басқа да топтық су құбырларында оларды қайта жаңарту - жекелеген учаскелердегi құбырларды ауыстыру кенттердегi су құбырлары құрылыстарын жөндеу көзделген. Сонымен қатар, бұрыннан бар жергiлiктi су құбырларын қайта жаңарту, ауыз суды дайындаудың технологиялық процестерiн және сорғы станцияларының жабдықтарын жаңалау көзделедi.
2005 жылға дейiнгi кезеңде Искра топтық су құбырының құрылысын аяқтау және сумен жабдықтаудың баламалы көзi жоқ Орда ауданы кенттерiн ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн Орда топтық су құбырын қайта жаңарту аяқтау көзделуде. Жалпы алғанда, облыс бойынша ауыл халқының 220 мыңға жуық адамы сумен қамтамасыз етудiң жай-күйін жақсарту жөніндегі iс-шаралармен қамтылған.
Жамбыл облысының аумағында жер асты суларының кең таралғандығынан, қалалар мен кенттердi сумен жабдықтау, негiзiнен жергiлiктi су құбырлары арқылы шешiлуде. Бiрiншi кезектегi iс-шаралар ретiнде токсикологиялық және микробиологиялық көрсеткiштер бойынша iшуге жарамсыз жер асты суларын пайдаланатын кенттерде жаңа жергiлiктi су құбырларын салу және жұмыс iстейтiндерiн қайта жаңарту көзделуде. 400 мыңға жуық адам тұратын 250 кент үшiн сумен қамтамасыз етудiң сапасын жақсарту және арттыру көзделуде. Бағдарламада қалалық сумен жабдықтау жүйелерiн пайдаланудың қалыпты жағдайларын қолдау үшiн қажеттi қаражат көзделедi.
Бағдарламаны iске асыру:
1) сумен жабдықтау және суды тұтыну саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi;
2) ұйымдастырушылық iс-шараларды жүргiзудi;
3) техникалық iс-шараларды жүргiзудi;
4) сумен жабдықтау саласындағы экономикалық және қаржылық тетiктердi жетiлдiрудi көздейдi.
Сумен жабдықтау және суды тұтыну саласындағы нормативтiк құқықтық
базаны жетiлдiру:
1) халыққа арнап ауыз су шығаратын құралдарға меншiк құқығын және осымен байланысты мүлiктiк қатынастарды заң жүзiнде реттеудi; Сумен жабдықтаудың барлық объектiлерiне меншiк құқығын тәртiпке келтiрудi;
2) мемлекеттік емес (жеке) секторды тарта отырып, халыққа ауыз су беру жөніндегі қызмет көрсету рыногын құру мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi;
3) шаруашылық-ауыз суды тұтынудың ғылыми негiзделген үлестiк нормаларын әзiрлеудi;
4) "Ауыз су туралы" заң әзiрлеп, қабылдауды;
5) ауыз сумен жабдықтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттік стандарттар әзiрлеп, енгізудi:
ауыз судың сапасын бақылаудың әдiстерiне арналған стандарттарды;
ауыз судың сапасына, орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерiне қойылатын гигиеналық талаптарды белгiлейтiн санитарлық ережелер мен нормаларды (СанЕН), стандарттарды;
"Сумен жабдықтаудың" құрылыс нормалары мен ережелерiн (ҚНЕ);
6) мемлекеттік су кадастрын жүргiзу, халыққа берiлетiн ауыз судың сапасы мен су көздерiнiң жай-күйiне кешендi мониторинг жүйесi, су айдындарына ластаушы заттарды тастауға жол берiлетiн шектi деңгейiн айқындау, суды қорғау аймағының көлемi мен шекарасын айқындау мәселелерiне қатысты қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңаларын әзiрлеу; шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды жобалауға, ауыз суды бөтелкеге құюға қойылатын санитарлық талаптарды әзiрлеудi қамтиды.
Ұйымдастырушылық iс-шаралары:
1) суды өндiру мен халыққа берудi басқару құрылымын қайта ұйымдастыруды;
2) халықтың ауыз суға қол жетiмдiлiгiн және оның сапасын арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі неғұрлым маңызды iс-шаралардың үйлестiрiлген жоспарларын жыл сайын әзiрлеудi қамтиды.
Техникалық iс-шаралар жаңа су құбыры жүйелерiн жасау және қазiргiлерiн қайта жаңарту, су көздерiнiң жай-күйiн жақсарту, ауыз сумен жабдықтаудың балама көздерiн іздестiру әрi жұмылдыру жөніндегі шаралар кешенiн қамтиды.
Бағдарламада көзделген халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі техникалық iс-шаралардың негiзгi көрсеткiштерi 1 және 2-қосымшаларда келтiрiлген.
Техникалық iс-шараларды iске асыру сумен жабдықтау жүйелерi мен құрылыстарының жұмысын жақсартуға, олардың жұмысын неғұрлым тиiмдi етуге, су берудiң шығындарын азайтуға мүмкiндiк жасайтын жаңа технологиялар әрi техникалық шешiмдер енгізудi көздейдi.
Су құбырларын таттануға төзiмдi қасиетi бар және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары қолдануға рұқсат берген полиэтилен, әйнек пластикалық құбырлардан, сондай-ақ қыздырылған шойыннан жасалған құбырлардан салу көзделген. Бұл су құбырларының болашақта аварияға ұшырауын азайтып, оларды пайдалану мерзiмiн ұзартады.
Су тазарту станцияларын ауыз суды дайындаудың қазiргi технологияларын пайдаланып, суды фтордан, ауыр металдардан, хлоридтерден, сульфаттардан, нитраттардан, нитраттардан және басқа да адам ағзасына зиянды химиялық қосылыстардан тиiмдi тазартуды қамтамасыз ететiн табиғи материалдарды қолданып жүргізу көзделуде.
Тұзы шамалы және өте тұзды суларды тұздан тазартып, ауыз су алу үшiн темірдi, марганецтi шығару қышқылдылығын азайту, сондай-ақ өндiру күшi әртүрлі жүйелер үшiн судың кермектiгін азайту мiндеттерiн шешуге мүмкiндiк беретiн отандық және шетелдiк әртүрлi өндiрушiлердiң жабдықтарын пайдалану көзделуде.
Осы саладағы мемлекеттік саясат республикада суды тұщыту және тазарту жөніндегі қазiргi заманғы жабдықтарды, құбырларды, әртүрлi сантехникалық және басқа да көмекшi жабдықтарды өнеркәсiпте шығару жөніндегі қуаттарды құруға бағытталуы тиiс. Отандық фирмалардың жаңа технологияларын қолданудың бiрқатар артықшылығы бар: жұмыс орындары құрылады, құрылыс құны төмендейдi.
Сумен жабдықтау саласындағы экономикалық және қаржылық тетiктердi жетілдiру:
1) Халықты ауыз сумен жабдықтау жөніндегі бағдарламаны инвестициялаудың принципi мен құрылымын айқындауды;
2) халыққа су беру, таза суды бөтелкеге құю және суды тазартудың жеке құралдарын өндiру жөніндегі қызметтер көрсетуге жеке секторды тартып, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау саласында бәсекелестiк ортаны құруды;
3) сумен жабдықтау жөніндегі көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер жүйесiн қалыптастыратын, ауыз суды қоса алғанда, суға бағаны белгiлеудiң ғылыми негiзделген икемдi тетiгiн құруды; Қызмет көрсету рыногында тұтынушыға таңдау жасауға мүмкiндiк беретiн адал бәсеке маңызды қозғаушы күшке айналуға тиiс. Судың бағасының халыққа қол жетiмдi болуы, ал су берудiң шығындары су тұтынушылардың төлемдерi есебiнен өтелуi тиiс;
4) экономикалық өсудiң алғышарттары жасалғаны және өзін өзi қаржыландыру негiзiнде жұмыс iстеу мүмкiндiгi туғанға дейiн пайдаланудың бiрiншi кезеңiнде сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерiн дотациялаудың тетiгiн әзiрлеудi;
5) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiнiң мүдделерiн ескере отырып, су шаруашылығы саласының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудi көздейдi.
Экономикалық блок ауыз суды ұтымды пайдалану және оған бүкiл халықтың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн заңды және жеке тұлғалардың бүкiл басқару, ғылыми-техникалық және басқа да қызметiнiң өзара байланысын қамтамасыз етуi тиiс.
Бағдарламаны iске асырудың мынадай тетiгi көзделуде:
республикалық және облысаралық маңызы бар сумен жабдықтау объектiлерi, ал жекелеген аймақтарда ауданаралық ауылдық топтық су құбырлары Қазақстан Республикасының тиiстi жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына сәйкес қаржыландырылады;
облыстық, аудандық және жергiлiктi маңызы бар сумен жабдықтау объектiлерi жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары бекiткен немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған мақсатты бағдарламалардың негiзiнде, жергілiктi бюджеттердiң, заемдардың, тiкелей шетелдiк немесе отандық инвестициялардың қаражаты, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
Бағдарламалық iс-шараларды iске асыруды Су ресурстары жөніндегі комитеттiң, Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің облыстық бөлiмшелерi, облыстық құрылыс және коммуналдық шаруашылық департаменттерi, "Су арнасы" қалалық басқармалары және мемлекеттік емес сектордың су шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
Осы Бағдарламаны iске асыру әзiрленген iс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл атқарушы органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының назарын халықты ауыз сумен жабдықтау саласындағы негiзгi проблемаларға аударуға, ахуалдың өзгеруiне ден қоюға, шаралардың тиiмдiлiгiн қамтамасыз етуге және нақты нәтижелер алуға мүмкiндiк бередi.
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру 2 кезеңге жоспарланып отыр:
1-кезең (2002-2005 жылдар) - халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі бiрiншi кезектегi объектiлердi салуды жалғастыру. Сумен жабдықтау құрылыстарына, жер асты су қорлары мен су алғыштарына түгендеу жүргiзу. Iрi топтық су құбырларын жандандыру және орталықсыздандыру. Астана, Алматы, Атырау және басқа қалалардағы қалалық желiлердi қайта жаңарту. Сумен жабдықтау үшiн жабдықтар, аспаптар мен құрамдас бөлiктердi шығару жөніндегі салалық базаны, жаңа технологиялық өндiрiстердi құру.
2-кезең (2006-2010 жылдар) - сумен жабдықтау жүйелерiн салуға және iшуге жарамды суды дайындауға алдыңғы қатарлы технологиялардың жаңа жетiстiктерiн енгізу жөніндегі жұмысты одан әрi жалғастыру. Елдiң халқын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшiн жүйелер мен құрылыстар салу және оларды қайта жаңарту.
4. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Салалық "Ауыз су" бағдарламасының iс-шараларын iске асыруға инвестициялардың жалпы көлемi 115,1 млрд. теңге мөлшерiнде айқындалған, бұл қаражат тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сыртқы заемдар мен гранттардың қаражатынан басқа, су құбырларын пайдаланатын ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, әртүрлi бюджеттен тыс көздер тартылатын болады.
5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
2005 жылға дейiнгi кезеңде Бағдарлама сумен жабдықтау жағдайының, су сапасының - ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң одан әрi нашарлауын тоқтатуды, судың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етудi және халықтың денсаулығын сақтау мен жақсарту мақсатымен саланы сауықтырудың жоспарлы мiндетiн бастауды көздейдi.
Бағдарламаның iс-шараларымен 4,0 млн. жуық адам тұратын 3,7 мың ауылдық елдi мекен және саны 3 млн. адамнан асатын қала тұрғындары қамтылған.
Сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерiн құру, жұмыс iстеп тұрғандарды қайта жаңарту және қайта ұйымдастыру, саланы ресурстық және нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету, халыққа ауыз су беру жөніндегі қызметтердiң рыногын қалыптастыру және Бағдарламада көзделген бiрқатар басқа да шаралар:
халықтың сапалы ауыз суға қол жетiмділігiн ұлғайтуға, бұл тұтастай алғанда, қамтамасыз етiлу деңгейiн 65%-ға арттырады;
орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерiнiң суларын пайдаланатын халықтың үлесiн арттыруға, тұтастай алғанда ел бойынша 20-25%-ға, ал жекелеген аймақтар бойынша 40%-ға және одан да көбейтуге;
ауыз су сапасының санитарлық ережелерi мен стандарт нормаларының талаптарын толық сақтауды қамтамасыз ету арқылы су көздерi мен сумен жабдықтау жүйелерiнiң сенiмдiлiгiн арттыруға;
iшуге жарамды жергiлiктi жер асты суларын мейлiнше тартуға;
сапасы негiзiнен бактериалды ластанумен сипатталатын жер бетіндегі көздердiң суын ауыз су мақсатында орталықсыздандырылған пайдалануды жоюға;
тез дамитын iшек-қарын инфекциялары тобы бойынша, бауырдың қабынуының А вирусы бойынша берілетiн су факторына байланысты халықтың ауруын 70-80%-ға төмендетуге, бұл халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етедi;
қосымша 200 мыңға жуық жұмыс орындарын құруға;
сумен жабдықтау көздерiне қолайсыз экологиялық ықпал етудiң мүмкiндiгiн болдырмауға;
жекелеген аймақтар мен өзен алаптары бойынша ауыз судың сапасына жедел мониторинг жүйелерiн құруға;
құрылыста, ауыз суды тазалау және дайындау жүйелерiнде жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ бiрқатар жағдайларда сумен жабдықтау көздерiн баламалы көздерге ауыстыру жолымен берілетін судың бір текше метрінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудегі оң өзгерістер өмір сүрудің қанағаттанарлық әлеуметтік-тұрмыстық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын туғызады әрі ол сайып келгенде, ел халқының денсаулығына және рухани салауаттылығына оң ықпал етеді.
2002-2010 жылдарға арналған салалық
"Ауыз су" бағдарламасына
1-қосымша
Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету іс-шараларының
негізгі көрсеткіштері
Р/ с № | Облыстар | Іс-ша- рамен қамты- лған - тұты- нушы- лар саны елді мекен мың адам | Негізгі іс-шаралар құрамы (елді мекендер саны) |
Су құбырлары- ның құрылысын салу, км | Жергі- лікті су құбыр- лары | Су құ- бырла- рын қайта құру | Су дай- ындау стан- ция- лары (тұщ- ыт-р- және т-б.) | Жер асты су- лар- ын бар- лау | Орта- лықтан- дырыл- маған сумен қамта- масыз ету көз- дері |
Жаңа | Қайта құру |
1 Ақмола 358/373 226 752 18 64 - 10 105 2 Ақтөбе 290/272 92 278 27 111 8 - 140 3 Алматы 464/619 86 440 31 90 - - 240 4 Атырау 81/138 230 100 37 15 37 - - 5 Шығыс Қазақстан 164/236 - 196 - 164 - - - 6 Жамбыл 250/380 103 290 19 14 16 - 94 7 Батыс Қазақстан 214/219 128,6 275 21 70 22 38 38 8 Қарағанды 275/126 109,1 199,4 26 29 40 - 220 9 Қостанай 499/389 494,5 443 184 91 10 2 209 10 Қызылорда 202/277 1354,3 45 60 30 38 - - 11 Маңғыстау 32/39 38 48 6 16 1 - 10 12 Павлодар 336/278 303 186 30 147 120 147 - 13 Солтүстік Қазақстан 345/256 139 470 61 - 16 145 - 14 Оңтүстік Қазақстан 126/347 468 56 9 117 - - - Барлығы 3636/3955 3771,5 3778,4 529 958 308 342 1056 |
| | | | | | | | | |
2002-2010 жылдарға арналған салалық
"Ауыз су" бағдарламасына
2-қосымша
Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету іс-шараларының
негізгі көрсеткіштері
Р/ с № | Облыстар | Іс-ша- рамен қамты- лған тұты- нушы лар саны (қала) мың адам | Негізгі іс-шаралар құрамы |
Алаңнан тыс су құ- бырлар, км | Су алу құ- рылғылары- ның саны | Суды таза- рту құрыл- ғыларының саны | Қалалық жүйелер, км | Жер асты су ла- рын бар- лау |
ж а ң а | қайту құру | ж а ң а | қайта құру | ж а ң а | қайта құру | | қайта құру |
| | | | | | | | | | | |
2002-2010 жылдарға арналған салалық
"Ауыз су" бағдарламасына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының 2002-2010 жылдарға арналған
"Ауыз су" салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
1. Қолданудағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің пайдалану ахуалын ұстап тұру үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру
Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімі | Орындауына жауаптылар |
1. Ауылдық елді мекендердегі Қазақстан Жыл сайын Облыс әкімдері сұ құбыры құрылғыларын және Республикасы АШМ жергілікті су құбыры жүйеле- Үкіметіне ақпарат рін қайта құру беру 2. Қаланың ішкі су құбырлары Қазақстан Жыл сайын Астана, Алматы жүйелерін қайта құру және Республикасы және де басқа дамыту Үкіметіне ақпарат қалалардың беру Әкімдері 3. Жұмыс жағдайында сақтап Қазақстан Жыл сайын ТРҚОҚМ, Облыс тұру үшін топты су құбырла- Республикасы Әкімдері рының басты желілерін Үкіметіне ақпарат қайта құру беру |
2. Сумен қамтамасыз етудің жаңа баламаларын игеру мен балама су көздерін дамыту |
Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімі | Орындауына жауаптылар |
4. Баламалы су көздерінен Сегментациялау 2002-2010 Облыс әкімдері, сумен қамтамасыз етуге ауыз жобаларын жасап жылдары ТРҚОҚМ су үшін неғұрлым кіші топты оны іске асыру жүйені құру мақсатында сег- ментациялау 5- Қала мен поселке тұрғын- Пайдалануға 2002-2010 ТРҚОҚМ, Облыс дарын орталықтан қамтамасыз енгізу жылдары Әкімдері ету үшін жаңа сумен жабдық- тау жүйелерін салу 6. Сумен қамтамасыз ету жү- Қазақстан 2002-2010 ТРҚОҚМ, ЭМРМ йелері құрылыстарын салуда Республикасы жылдары Облыс Әкімдері жаңа материалдар мен техно- Үкіметіне логияларды енгізу ақпарат беру 7. Тұрғындардың тұщы сумен Қазақстан 2002-2005 ЭМРМ қамтамасыз етілуін бағалау Республикасы жылдар үшін жер асты ресурстарының Үкіметіне пайдалануға болатын болжам- ақпарат беру дық мөлшерін анықтау 8. Жаңадан жер асты су көз- Қорларды бекіту 2002-2010 ЭМРМ дерін табу және анықтау жылдары үшін барлау-іздестіру жұмыстарын жүргізу 9. Жер асты суларының бар- Пайдалануға Жыл сайын ЭМРМ, ТРҚОҚМ, ланған кенiштерiн игеру енгізу Облыс Әкімдері |
3- Тұтынатын су сапасын жақсарту |
10. Минерализацияланған жер Тұщыландырылатын 2002-2010 ТРҚОҚМ, АШМ асты сулары жаппай таралған қондырғыларды жылдар Облыс Әкімдері аймақтар үшiн сумен жабдық- пайдалануға тау жүйесiне тұщыландырыла- беру тын қондырғылар орнату 11. Жаңа цеолиттiк материал- Цеолитпен тол- 2002-2010 ТРҚОҚМ, дарды қолдана отырып жерүстi тырылған сүзгіш- жылдары Облыс Әкімдері суларын тазарту терді пайдалану- ға беру 12- Суды фтор, темір, мар- Жаңа техно- 2002-2005 ЭМРМ, ТРҚОҚМ, ганец және басқа да зиянды логияларды жылдар Облыс Әкімдері құрамдастардан ШЖШ-ға дейiн енгізу тазарту, сонымен қатар суды залалсыздандыру жөнiнде жаңа технологияларды қолдану 13. Сапалы ауыз су дайындау Қазақстан 2002-2005 ЭМРМ, ТРҚОҚМ, және суды өлшеу құралдарын Республикасы жылдар Облыс Әкімдері шығаруды ұйымдастыру үшiн Үкіметіне құбырлар, арматуралар, әр- ақпарат беру түрлi сантехникалық сайман- дар мен қондырғылар жасайтын отандық кәсiпорындарды қайта жандандыру және жаңаларын салу |
4. Ауыз суды ұтымды пайдалану |
14. Ауыз суды пайдалануда Қазақстан Тұрақты ТРҚОҚМ, ДСМ, су үнемдеу режимiн енгізуге, Республикасы Облыс Әкімдері өнеркәсiпте суды қайта-айна- Үкіметіне жыл лымды пайдалануға бақылау сайын ақпарат жасау беру 15. Тұтынушылардың барлық Қазақстан Тұрақты ТРҚОҚМ, Облыс санаттары үшiн барлық жерде Республикасы Әкімдері судың пайдалануына бақылау Үкіметіне жыл жасау сайын ақпарат беру 16- Шаруашылық-ауыз сулық Нормативті акт 2003 жыл ЭСМ су тұтынудың үлес нормаларын жобасы қайта қарау және оңтайландыру 17. Су ресурстарын пайдалан- Үкімет қаулысының 2002-2003 ҚМ, МКМ, ғаны үшiн төлем мөлшерін жобасы жыл ТРҚОҚМ әзірлеу |
5. Су объектiлерiнiң экологиялық және санитарлық-тазалық ахуалын жақсарту |
18. Жер асты суларын ластау- Санитарлық қор- Тұрақты ЭМРМ, ТРҚОҚМ, дан және сарқудан қорғау жө- ғау аймақтарын Облыс Әкімдері ніндегі iс-шараларды жүзеге құру асыру 19. Ауыз сумен қамтамасыз Қазақстан Жыл сайын Облыс Әкімдері ету көздерi - су объекті- Республикасы лерінде су қорғау аймақтарын Үкіметіне ақпарат құру беру 20. Ауыз су мұқтаждарына Екпе ағаштар ай- Тұрақты Облыс Әкімдері пайдаланатын су қоймаларының мағын құру санитарлық-қорғаныс су қорғау белдеулерiнде бұрынғы екпе ағаштарды қайта жаңарту және жаңасын егу 21. Жер асты су көздерiн Қазақстан 2002 жыл ЭМРМ ластаудан келетiн экономика- Республикасы лық залалды бағалау жөнiндегі Үкіметі қаулысы- нормативтi-құқықтық актiлердi ның жобасы әзірлеу 22. Су ресурстарын қорғау Қазақстан Тұрақты ТРҚОҚМ, БҒМ саласында ғылыми-зерттеу Республикасы жұмыстарын жүргiзу Үкіметіне жыл сайын ақпарат беру |
6. Ауыз суды ұтымды пайдалану проблемасын ұғымды түсінуге мүмкіншілік беретін ақпараттық ортаны құру |
23. Су ресурстарын, әсiресе Қазақстан Жыл сайын ТРҚОҚМ, МӨҚКМ, ауыз суды ұқыпты пайдалану Республикасы ДСМ, Облыс экологиялық және санитарлық- Үкіметіне Әкімдері гигиеналық жағынан білім беру ақпарат беру және ағарту мәселелерi бойынша кiтапшалар, буклеттер шығаруды, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, тұрақты радио-теле- бағдарламалар жүйесiн әзiрлеудi қамтамасыз ету 24. Тұрғындарға ақпарат беру Қазақстан Жыл сайын ТРҚОҚМ, МӨҚКМ және ағарту жұмыстарына қаты- Республикасы суға үкiметтiк емес ұйымдарды Үкіметіне және жұртшылық өкiлдерiн тарту ақпарат беру |
7. Сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметін басқаруды жетілдіру |
25. Құрылысы және қайта құры- ҚР Үкіметі Жыл сайын ТРҚОҚМ, ЭСМ луы республикалық бюджеттен қаулысының қаржыландыруға ұсынылатын су- жобасы мен қамтамасыз ету объектіле- рінің Тізімін әзірлеу және бекіту 26. "Ауыз су" салалық бағдар- Бағдарламалар 2002 жыл Облыс Әкімдері ламасын дамыту үшін жергілік- ті бағдарламалар әзірлеу 27. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурс- 2003-2004 ТРҚОҚМ, АШМ, сумен қамтамасыз ету Бас тар және қорша- жылдар ЭСМ сызбасын жасау ған ортаны қор- ғау министрінің Бұйрығы 28. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурс- 2002-2006 ТРҚОҚМ, АШМ, өзендер бассейндері бойынша тар және қорша- жылдар ДСМ, ЭСМ суды кешенді қорғау және ған ортаны қор- пайдалану тәсімдерін әзірлеу ғау министрінің Бұйрығы 29. Сумен қамтамасыз ету Түгендеу акті- 2003-2004 Облыс Әкімдері, құрылымдары мен көздерінің лері, құрылғылар жылдар ТРҚОҚМ техникалық жағдайын анықтау төлқұжаттары үшін түгендеуді жүргізу 30. Сумен қамтамасыз ету Нормативті- 2002-2003 ТРҚОҚМ, ЭМРМ, су жеткізіп беру жүйелерін құқықтық жылдар ДСМ пайдалану, суды дайындау актілер мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік нұсқамалар мен нұсқауларды, стандарттарды әзірлеу |