«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 және 2002 жылғы
29 желтоқсандағы № 1449 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы
№ 799 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз cу» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 4, 27-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасында:
«Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері» деген 2-бөлімде:
тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтар алынып тасталсын;
жиырма бесінші абзацта «іздестіру-барлау жұмыстарының көлемін айқындау,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген 3-бөлімде:
мемлекеттік тілдегі мәтінінің он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы бағыт ауыз сумен жабдықтаудың қорғалған көздері жоқ елді-мекендерде жер асты суларының барланған қорларын неғұрлым толық пайдалану есебінен сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін көздейді.»;
отызыншы абзацта «кейіннен сумен жабдықтау желілері мен құрылыстарын салатын іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу» деген сөздер «сумен жабдықтау желілері мен құрылыстарын салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген салалық бағдарламаға 1-қосымшада:
«Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету іс-шараларының негізгі көрсеткіштері» деген кестеде:
«Жерасты суларын барлау» деген баған алынып тасталсын;
көрсетілген салалық бағдарламаға 2-қосымшада:
«Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету іс-шараларының негізгі көрсеткіштері» деген кестеде:
«Жер асты суларын барлау» деген баған алынып тасталсын;
көрсетілген салалық бағдарламаға 3-қосымшада:
«2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама көздері мен нұсқаларын дамыту» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 8-жол алынып тасталсын;
2) «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 50, 496-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде:
«Күтілетін нәтижелер» деген жолда:
екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 жылы - Көкшетау, Бенқала тау-кен аудандары мен солтүстік Тянь-Шань;
2007 жылы - Семей полигонының шығыс жиектеуі, Ресеймен шекаралас Кенді Алтай аудандары, солтүстік Жоңғар (Текелі), Орталық Қаратау, Жәйрем-Үшқатын тау-кен аудандары;
2008 жылы - Мұғаджар, Қаратау тау-кен аудандары;
2009 - 2010 жылдары 1:200000 масштабтағы алаңдарды жете геологиялық зерттеу жұмыстары Қазақстан аумағының негізгі тау-кен-өнеркәсіптік аудандарын қамтитын үлкен бөлігінде аяқталатын болады;»;
он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 жылы - алтын - 7 тоннаны, мыс - 15 мың тоннаны, қорғасын - 30 мың тоннаны, мырыш - 130 мың тоннаны;
2007 жылы - алтын - 10 тоннаны, мыс - 50 мың тоннаны, қорғасын - 20 мың тоннаны, мырыш - 60 мың тоннаны;
2008 жылы - алтын - 10-12 тоннаны, мыс - 50-80 мың тоннаны, қорғасын - 30-50 мың тоннаны, мырыш - 60-100 мың тоннаны;
2009 - 2010 жылдары - алтын - 25 тоннаны, мыс - 100 мың тоннаны құрайды;»;
мынадай мазмұндағы он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«жер асты суларына іздеу-барлау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде:
2006 жылы - 34 ауылдық елді мекен;
2007 жылы - 152 ауылдық елді мекен;
2008 жылы - 152 ауылдық елді мекен;
2009-2010 жылдары - 1279 ауылдық елді мекен жер асты суларының пайдалану қорларымен қамтамасыз етілетін болады;»;
«Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген жолда:
«2005 ж. - 2922,7 млн. теңге;
2006 ж. - 3056,9 млн. теңге;
2007 ж. - 3210,4 млн. теңге;
2008-2010 жж. - 23179,5 млн. теңге» деген сөздер:
«2005 ж. - 2920,9 млн. теңге;
2006 ж. - 4963,1 млн. теңге;
2007 ж. - 3285,1 млн. теңге;
2008 ж. - 3413,7 млн. теңге;
2009-2010 жж. - 27238,4 млн. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі» деген 5-бөлімде:
«5.1.1. Кенді аудандарды геологиялық-минерагендік картаға түсіру» деген кіші бөлімде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2008 жылы - Темірлік-Тұйық алаңы мен Ақбастау-Қосмұрын металлогендік аймағының шегінде геологиялық-минерагендік картаға түсіруді аяқтау, Текелі тау-кен ауданында геологиялық-минерагендік картаға түсіруді жүргізуді аяқтау.»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«2009-2010 жылдары - Текелі тау-кен ауданында геологиялық-минерагендік картаға түсіруді жалғастыру.»;
5.3-кіші бөлімнің 5.3.1., 5.3.2., 5.3.3-тараулары мынадай редакцияда жазылсын:
«5.3.1. Қатты пайдалы қазбаларды іздеу-бағалау жұмыстары
2006 жылы Құндызды кен орнында, Селекционный кен аймағында және Спасск кен аймағы шегіндегі Қамқор телімінде іздеу-бағалау жұмыстары аяқталады; Шығыс өңірдің шегіндегі перспективалық алаңдарда жұмыстар жалғастырылатын болады; Средне-Орск ауданында, Таулы Маңғыстаудың Қаратау мегаантиклинорийінің шегінде, Глебовский, Баталы, Тақыр Қалжыр (Оңтүстік Алтай ауданы), Ново-Снегиревский, Ырғайты телімдерінде, Таспол кен алаңының шегінде және Снегирихинск-Сакмаринск-Черноубинск алаңында жұмыс басталатын болады.
Төменде іздеу-бағалау жұмыстарына неғұрлым тән объектілердің сипаттамалары келтіріледі.
Глебовский телімі Жітіқара қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Телімде ұзындығы 3-5 км, ені 300-500 м үш алтынды аймақ белгіленді. Олардың шегінде алтынның орташа құрамы 2,1-6,6 г/т 12 кен денелері айқындалды. Кен денелерінің қалыңдығы 1,5 м болған кездегі жайылу ұзындығы 500 м дейін, еңістенуі - 110 м дейінгі жерді алып жатыр. Кен денелері үстіңгі бетпен астасып жатыр. Телім алаңы 20 шаршы км. Жұмыстың мақсаты Жітіқара тау-кен ауданының минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Баталы кен орны Қостанай облысының Денисов ауданында, Баталы темір жол станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Кендену тастарамысты-сеппелі сипатқа ие және мысты порфир типінде берілген. Мыстың орташа құрамы 0,6 % шегінде. Кеннің жату тереңдігі 2,5-4,0 м, кенді алқаптың орташа қалыңдығы 36,2 м. Жұмыстардың мақсаты Батыс Қазақстанның мыс кенді өнеркәсібінің минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Ырғайты телімі Солтүстік Жоңғар ауданында Сарқант қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан және Тентек, Жаманты және Ырғайты өзендерінің, перспективалық аллювийлік-проллювийлік шашылымдарын қамтиды. Құрамында кемінде 0,3 г/т алтыны бар 28 алтын көздерін табу болжанып отыр. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты инвесторлар тарту үшін экономикалық рентабельді алтын кені объектілерін анықтау болып табылады.
Тақыр Қалжыр телімі Оңтүстік Алтай ауданында Зайсан қаласынан солтүстікке қарай 100 км жерде орналасқан. Алтынкенді тау жыныстарын табудың перспективасы Тақыр, Бала Қалжыр және Қалжыр өзендерінің бассейіндеріндегі су қойнауларында көп кездесетін аллювийлік-проллювийлік шөгінділермен байланысты. Жұмыс телімінің шегіндегі алтыны бар қабаттың қалыңдығы 5 м, алтынның орташа құрамы 300 мг/м3. Жұмыстардың мақсаты Кенді Алтайдың тау-кен ауданының минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Таспол кенді алқабы Ағалатас өзенінің сол жағалауында, Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 165 км жерде орналасқан. Кенді алқаптың шегінде қабаттасқан шор тасты алтынсульфидті метасоматикалық денелермен байланысты бірқатар алтын білінулері анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты инвесторлар тарту үшін экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау болып табылады.
2007 жылы Шығыс өңірі шегінде іздеу-бағалау жұмыстары аяқталып, Средне-Орск ауданында, Таулы Маңғыстаудың Қаратау мегаантиклинорийінің шегінде, Глебовский, Баталы, Тақыр Қалжыр (Оңтүстік Алтай ауданы), Ново-Снегиревский, Ырғайты телімдерінде, Таспол кен алаңының шегінде және Снегирихинск-Сакмаринск-Черноубинск алаңында жалғастырылатын болады.
2008 жылы Средне-Орск ауданындағы, Таулы Маңғыстаудың Қаратау мегаантиклинорийінің шегіндегі, Глебовский, Баталы, Тақыр Қалжыр (Оңтүстік Алтай ауданы), Ново-Снегиревский, Ырғайты телімдеріндегі, Таспол кен алаңының шегіндегі және Снегирихинск-Сакмаринск-Черноубинск алаңындағы жұмыстар аяқталатын болады. Тұз кен орнында (алтын), Жангелді кен алаңында (мыс), Красноармейский телімінде (мыс), Қушоқы (алтын), Құлантөбе (алтын), Сәмәмбет (мыс) кен білінуінде жұмыс жүргізу жоспарлануда.
Төменде іздеу-бағалау жұмыстарына неғұрлым тән объектілердің сипаттамалары келтіріледі.
Красноармейский телімі Қостанай облысының Денисов ауданында, Баталы темір жол станциясының шегінде орналасқан. Кендену тастарамысты-сеппелі сипатқа ие және мысты порфир типінде берілген. Мыстың өнеркәсіптік құрамымен бірге минералдану аймақтарының қабаты 4-тен 20 м дейін ауытқиды. Ұңғымалар бойынша мыстың орташа құрамы 0,25 %-дан 1,22 %-ға дейін. Серіктес пайдалы компоненттері молибден 0,02 %; алтын 0,2 г/т. Жұмыстардың мақсаты Батыс Қазақстанның мыс кенді өнеркәсібінің минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Тұз кен орны Шығыс Қазақстан облысында Саяқ қаласынан шығысқа қарай 180 км жерде орналасқан. Кен орнының шығыс қапталында ұзындығы 4 км орлармен құрамында 4-тен 38 г/т дейін алтыны бар кен аршылған. Кендену магмалық брекчияларға орайластырылған. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - инвесторлар тарта отырып кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап, экономикалық рентабельді алтын кені объектілерін анықтау.
Қушоқы кен білінуі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Алтын және алтын-сульфидті кендену гранодиориттер штогының экзоконтактысына орайластырылған. Штоктың шегінде және оның перифериясы бойынша мыстың, қорғасын мен мырыштың қайталама ореолдары анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап әрі инвесторларды тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
Құлантөбе кен білінуі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 120 км жерде орналасқан. Кендену диоритті порфириттердің кіші интрузияларына орайластырылған, пропилиттелген порфириттердегі пиритизациялау және карбонаттау аймақтарымен байланысқан. Екі ұңғымадан құрамында 0,05-тен 5,6 г/т дейін бар, қалыңдығы 1-ден 12 м дейінгі 6 кен денесі табылды. Созылымы бойынша байқалған жоқ. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
Сәмәмбет кен білінуі Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Кен орнында ұзындығы 800-1500 м, қалыңдығы 20-150 м 5 скарндық кен денесі белгілі. Еңістенуі бойынша байқалған тереңдігі 150-250 м. Кендену халькопириттің, борниттің, халькозиннің, висмутиннің, галениттің, сфалериттің тастамырларымен, теңбілденіп берілген. Кеннің құрамында мыстан басқа 1,16-1,62 % қорғасын, 1,73 % мырыш бар. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап, әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
2009 жылы Тұз кен орнында (алтын), Жангелді кен алаңында (мыс), Красноармейский телімінде (мыс), Қушоқы (алтын), Құлантөбе (алтын), Сәмәмбет (мыс) кен білінуінде жұмыстарды жалғастыру көзделіп отыр. Володаров кен аймағының (тантал), Долон алаңының (алтын) шегінде, Долинное кен орнында (мыс, алтын), Ойсылқара (алтын), Алтынды Сүлейменсай (алтын) кен білінулерінде, Карстовый (полиметалдар) және Заречный (мыс) телімдерінде жұмыс жүргізу жоспарлануда.
Долинное кен орны Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 180 км жерде орналасқан. Орташа девонның метасоматикалық жағынан өзгерген жанартаутекті құралымдарының ортасынан нысаны линза түріндегі кен денесі аршылды, ұзындығы 200-250 м, қалыңдығы - 0,5-47 м, 110 м дейінгі тереңдікке дейін қаралды. Халькопиритті сфалерит кендері. Мыстың орташа құрамы - 0,97 %, мырыштікі - 6,2 %, алтындікі - 2,2 г/т. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейін тендерлік ұсыныстар жасап, әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
Алтынды Сүлейменсай Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент қаласынан солтүстікке қарай 90 км жерде орналасқан. Объект көлемі 250 x 500 м кварцты-березитті штокверкті білдіреді. Штокверк типіндегі метасоматикалық-карбонаттық тастарамыспен қатар сульфидті минералдандырылған оқшауланған кварцты тарамыстар кездеседі. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
Заречный телімі Қарағанды облысында Баршын аудан орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Іздеу жұмыстарының нәтижелері бойынша телімнің шегінде қалыңдығы 4-тен 29 м дейінгі құрамында 0,5%-дан 1,13%-ға дейін мыс бар кен денелері анықталды. Кен 0,4 - 5 г/т шегіндегі алтынды қамтиды. Жұмыстардың мақсаты Жезқазған тау-кен ауданының минералдық-шикізат базасын нығайту болып табылады.
2010 жылы Тұз кен орнында (алтын), Жангелді кен алаңында (мыс), Красноармейский телімінде (мыс), Қушоқы (алтын), Құлантөбе (алтын), Сәмәмбет (мыс) кен білінуінде іздеу-бағалау жұмыстарын аяқтау көзделеді. Володаров кен аймағының (тантал), Долон алаңының (алтын) шегінде, Долинное кен орнында (мыс, алтын), Ойсылқара (алтын), Алтынды Сүлейменсай (алтын) кен білінулерінде, Карстовый (полиметалдар) және Заречный (мыс) телімдерінде жұмыстар жалғастырылатын болады.
5.3.2. Көмірсутекті шикізатты іздеу жұмыстары
2006 жылы - Теңіз ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Мұзбел телімінде бағалау жұмыстарын жүргізу, Арал өңірінде (Арал маңы телімі) іздеу-бағалау жұмыстарын жалғастыру, Жәнібек аймағында гравиметриялық және сейсмикалық зерттеулерді аяқтау жоспарланып отыр.
2007 жылы - Арал өңірінде (Арал маңы телімі) іздеу-бағалау жұмыстарын аяқтау және Теңіз ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Мұзбел теліміндегі жұмыстарды жалғастыру.
2008 жылы - Теңіз ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Мұзбел теліміндегі жұмыстарды жалғастыру және Солтүстік Қазақстан шөгінді бассейніндегі іздеу-бағалау жұмыстарын бастау.
2009-2010 жылдары Шығыс Іле, Теңіз ойпаттарында, Солтүстік Қазақстан шөгінді бассейнінде, Арал маңында, Қарағанды және Екібастұз көмір бассейндері шегінде геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыру, Сырдария ойпатында жұмыстар жүргізу.
5.3.3. Іздеу-барлау жұмыстары
Бағдарламада мыналар көзделеді:
2006 жылы - Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы 34 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстарын аяқтау және Қазақстан Республикасы әкімшілік облыстарының 152 ауылдық елді мекені үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді бастау;
- геотермальды суларға арналған іздеу-барлау жұмыстары бойынша пилоттық жобаны жүргізу, оның ішінде: геотермальды суларды аршыған 40 ұңғыманы тексеру және оларды пайдаланудың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;
2007 жылы - 152 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді аяқтау және Қазақстан Республикасы әкімшілік облыстарының 152 ауылдық елді мекені үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді бастау;
2008 жылы - 152 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді аяқтау және 152 ауылдық елді мекен, 12 қала үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді бастау және барланған кен орындары мен жер асты суларының телімдерін түгендеу;
2009-2010 жылдары - 152 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді аяқтау және 975 ауылдық елді мекен, 35 қала үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді бастау және барланған кен орындары мен жер асты суларының телімдерін түгендеу.»;
5.4-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«5.4. Минералдық-шикізаттық база мен жер қойнауын пайдаланудың мониторингi
Минералдық-шикізаттық база мен жер қойнауын пайдаланудың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылатын жер қойнауының мемлекеттік мониторингінің құрамдас бөлігі болып табылады.
1999 жылдан бастан Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық кешенін дамытуды болжау және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған минералдық-шикізаттық базаның жай-күйін модельдеу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Осы бағыт шеңберінде қорғасын, мырыш, мыс, алтын, темір (2000 жылы), барит, фосфор, марганец, бокситтер, көмір (2001 жылы), мұнай, газ, конденсат (2002 жылы), хром, никель, тантал, ниобий, уран, агрономиялық кендер (2003 жылы), вольфрам, молибден, қалайы, бериллий, литий, кобальт (2004 жылы), алмас, цирконий, талшықтас, бор (2005 жыл) бойынша жұмыстар аяқталды, магний, ванадий, күміс, висмут бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасының мониторингі Қазақстанның минералдық-шикізат базасын молықтыруды болжау міндеттерін шешу үшін осының алдындағы 20 жылдық кезеңді шола отырып, анықтамалық-талдамалық жүйе негізінде пайдалы қазбалардың 35 түрі бойынша жүзеге асырылады. Анықтамалық-талдамалық жүйені жаңғырту және оны жаңа деректермен үнемі толықтырып отыру көзделеді. Қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізаты бойынша Қазақстан аумағындағы лицензиялық және тендерлік объектілер бойынша мониторингілік карталарды тоқсан сайын жаңарту, редакциялау мен шығару жүргізілуде, Қазақстан Республикасының негізгі минералдық шикізат түрлерінің жай-күйі туралы анықтамалық-талдамалық материалдарды дайындау жүргізіледі, жер қойнауын мемлекеттік сараптауды қамтамасыз ету үшін нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу жүзеге асырылады.
2007 жылдан бастап Астана қаласының тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету үшін құрылыс материалдары өнеркәсібінің шикізат базасын бағалау, сирек элементтердің минералдық-шикізат базасын болжау мақсатында Қазақстанның граниттік формацияларының кенділігін бағалау, Қазақстан Республикасының аумағын жер қойнауындағы минералдық-шикізат құны бойынша аудандастыру көзделеді.
Бағдарламада минералдық-шикізат базасының мониторингін тұрақты негізде жүзеге асыру көзделген. Мониторинг нәтижелері Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінің әлеуетін нақтылауға, оның әлемдік нарыққа кірігу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.»;
5.5-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«5.5. Жер асты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістердің мониторингi
2006 жылы - 5005 бақылау пунктінде жер асты суларының мониторингін жүргізуді жалғастыру, оның ішінде жер сілкіністерінің хабаршыларын зерделеу жөніндегі «Луговое» бекетін қоса алғанда, Шалқар және Алматы болжау полигондарында, Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісінің хабаршыларын зерделеу жөніндегі бір бекет құру, Елек трансшекаралық өзенінің бассейнінде жер асты суларының техногендік ластану полигонын құруды аяқтау, 20 бекетте қауіпті геологиялық үдерістердің мониторингін жүргізу, Қаскелең-Талғар полигонын құруды аяқтау, қауіпті геологиялық үдерістерді зерделеу жөніндегі 5 жаңа бекет құру; қолданыстағы бақылау пункттерінің базасында Шығыс Қазақстан облысында қауіпті геологиялық үдерістерді зерделеу бойынша бақылау ұйымдастыру және бір полигонда (Ертіс) бақылау жүргізу, «Геолинк» жүйесіндегі мониторингінің деректер банкін, Жер асты суларының мемлекеттік су кадастрын жүргізу, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік ақпарат банкінің құрамында «Жер асты сулары» ақпараттық-талдамалық кіші жүйесін сүйемелдеу және дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, мемлекеттік бақылау пункттеріне арналған жер бөліністерін ресімдеу;
2007 жылы - 5005 бақылау пунктінде жер асты суларының мониторингін жүргізу, оның ішінде жер сілкінісінің хабаршыларын зерделеу жөніндегі «Зайсан» бекетін қоса алғанда, Шалқар және Алматы болжау полигондарында, 3 жерасты суларының техногендік ластану полигонында (Елек, Мірғалымсай-Түркістан және Қошқарата), 2 жерасты суларының техногендік ластану мониторингі полигонын (Рудный-Қостанай, Павлодар) құру, жер сілкінісінің хабаршыларын зерделеу жөніндегі бір бекет құру, қолданыстағы бақылау бекеттерін (Ертіс, Қаскелең-Талғар) қамтитын 11 бекетте, 2 полигонда қауіпті геологиялық үдерістерге бақылау жүргізу және 5 жаңа бекет құру, «Геолинк» жүйесіндегі мониторингінің деректер банкін, Жер асты суларының мемлекеттік су кадастрын жүргізу, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Мемлекеттік ақпарат банкінің құрамында «Жер асты сулары» ақпараттық-талдамалық кіші жүйесін дамытуды жалғастыру, мемлекеттік бақылау пункттеріне арналған жер бөліністерін ресімдеуді аяқтау;
жер асты суларына және қауіпті геологиялық үдерістерге мониторинг жүргізуді сүйемелдеу (ғарыштық зерттеулерді қоса алғанда, қашықтықтан зерттеу әдістерін пайдалану арқылы мониторингіні бағдарламалық, техникалық, ақпараттық және картографиялық қамтамасыз ету, ластануды қоса алғанда, сумен қамтамасыз етуді, жерасты суларының ресурстары мен жай-күйін бағалау, гидрогеологиялық объектілердің автоматтандырылған тұрақты жұмыс істейтін модельдерін құру, өзендердің бассейндері бойынша гидрогеологиялық карталарды қоса алғанда, тақырыптық карталар жасау және шығару, аумақтарды аудандастыру, нормативтік құжаттарды әзірлеу);
2008 жылы - 5005 бақылау пунктінде жер асты суларының мониторингін жүргізу, оның ішінде Шалқар және Алматы болжау полигондарында, 5 жер асты суларының техногендік ластану полигонында (Елек, Мірғалымсай-Түркістан және Қошқарата, Рудный-Қостанай, Павлодар), жер сілкінісінің хабаршыларын зерделеу жөніндегі бір бекет құру, (Ертіс, Қаскелең-Талғар және Атырау) 5 бекетте, 3 полигонда қауіпті геологиялық үдерістерге бақылау жүргізу және 15 жаңа бекет құру, «Геолинк» жүйесіндегі мониторингінің деректер банкін, Жер асты суларының мемлекеттік су кадастрын жүргізу, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік ақпарат банкінің құрамында «Жер асты сулары» ақпараттық-талдамалық кіші жүйесін дамытуды жалғастыру;
жер асты суларына және қауіпті геологиялық үдерістерге мониторинг жүргізуді сүйемелдеу (қашықтықтан зерттеу әдістерін пайдалану арқылы мониторингіні бағдарламалық, техникалық, ақпараттық және картографиялық қамтамасыз ету, ластануды қоса алғанда, сумен қамтамасыз етуді, жер асты суларының ресурстары мен жай-күйін бағалау, гидрогеологиялық объектілердің автоматтандырылған тұрақты жұмыс істейтін модельдерін құру, өзендердің бассейндер бойынша гидрогеологиялық карталарды қоса алғанда, тақырыптық карталар жасау және шығару, аумақтарды аудандастыру, нормативтік құжаттарды әзірлеу);
2009-2010 жылдары жұмыс істеп тұрған бақылау пункттері мен полигондарда, оның ішінде жер сілкінісінің хабаршыларын зерделеу жөніндегі Шалқар және Алматы болжау полигондарында жер асты суларына мониторинг жүргізу, инфрақұрылымы барынша дамыған және халқы тығыз орналасқан әрі көбінесе қатерлі құбылыстарға ұшырауы мүмкін аумақтардағы жер асты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістерге мониторинг жүргізетін жаңа бекеттер мен полигондар құру, гидрогеологиялық объектілердің автоматтандырылған тұрақты жұмыс істейтін модельдерін құру, Жер асты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістердің мемлекеттік мониторингінің дерекқорын жүргізу және оның Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Мемлекеттік ақпарат банкінің құрамында жұмыс істеуі, «Жер асты сулары» кіші жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік су кадастрын жүргізу көзделеді;
жер асты суларына және қауіпті геологиялық үдерістерге мониторинг жүргізуді сүйемелдеу (қашықтықтан зерттеу әдістерін пайдалану арқылы мониторингіні бағдарламалық, техникалық, ақпараттық және картографиялық қамтамасыз ету, ластануды қоса алғанда, сумен қамтамасыз етуді, жер асты суларының ресурстары мен жай-күйін бағалау, гидрогеологиялық объектілердің автоматтандырылған тұрақты жұмыс істейтін модельдерін құру, өзендердің бассейндері бойынша гидрогеологиялық карталарды қоса алғанда, тақырыптық карталар жасау және шығару, аумақтарды аудандастыру, нормативтік құжаттарды әзірлеу).»;
5.6.1-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«5.6.1. Мұнай мен өздігінен асып төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау
Жұмыстар Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1019 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қатты пайдалы қазбалар, мұнай, газ, жер асты сулары кен орындарын әзірлеу кезінде жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережесінің 139-тармағына сәйкес жүргізіледі.
2006 жылы - Каспий теңізінің су басып кеткен аймағындағы 12 мұнай ұңғымасын, 47 өздігінен асып төгілетін гидрогеологиялық ұңғыманы жою.
2007 жылы - Каспий теңізінің су басып кеткен аймағындағы 6 мұнай ұңғымасын, 64 өздігінен асып төгілетін гидрогеологиялық ұңғыманы жою және консервациялау.