«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» және
«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 362 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 25 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамына акцияларының бақылау пакеттері оның жарғылық капиталына берілген акционерлік қоғамдарға және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамына акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтары «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамына берілген акционерлік қоғамдарға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативтерін;
2) әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларын;
3) тиісті акционерлік қоғамдардың қызметтік іссапарларға жіберілетін қызметкерлеріне шығыстарды өтеу тәртібі мен шарттарын;
4) қызметкерлерге ұялы байланысты пайдалану құқығын беру кезінде тиісті акционерлік қоғамдардың қаражаты есебінен өтелетін шығыстардың лимиттерін;
5) «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» немесе «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдарымен тиісті акционерлік қоғамдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын келісу міндеттілігін;
6) өкілдік шығыстар лимиттерін белгілеу ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат):
кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1, 10, 11, 12, 14-жолдар алынып тасталсын;
2) «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж. № 7, 73-құжат):
1-тармақтың бірінші абзацындағы «акционерлік қоғамдар» деген сөздердің алдынан «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдарынан басқа,» деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысының 8-тармағы орындалғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |