3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының стратегиялық және орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржыларды басқаруды жетілдіру, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму негізінде халықтың тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетікті қалыптастыру, ел экономикасының теңгерімділігінің деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізу, мемлекеттік басқару мен өндірістік сектордың деңгейін арттыру, сондай-ақ мұнай-газ секторына кірмейтін салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бағалау күші мен ықпал ету бағыты бар макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпал ететін факторлардың сандық және сапалық сипаттамаларын пайдалану, шағын орындарды анықтау, болашақтағы кезеңге үрдістерді анықтау мен болжамды құруда алынған деректер негізінде өткен кезеңдермен салыстырма жүргізу, экономиканың маңызды секторларындағы мемлекеттік органдардың жұмысында талдамалық әдістерді пайдалану, орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары бойынша зерттеулер жүргізу; жалпы экономикалық, салааралық, өңірлік, сыртқы экономикалық проблемаларды шешу бөлігінде елдің "Қазақстан-2030" стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар мен тетіктерді тұжырымдау; әлемдік экономиканың, Қазақстанның негізгі сауда және экономикалық серіктестіктерінің даму үрдістерін зерттеу, сыртқы және ішкі факторлардың экономика және әлеуметтік секторға әсер етуін бағалау және осының теріс салдарларын жұмсарту жөнінде кешенді зерттеулер жүргізу, іс-шараларды орындау барысында мақсаттарға қол жеткізу және олардың талап ететін сапасының деңгейін айқындау, іске асыру барысында міндеттердің (іс-шаралардың) төмен нәтижелігінің және тиімділігінің төмендігінің себептерін талдау, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағдарламаны іске асырудың ықпалын айқындау, оның тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдері негізінде
Мемлекеттік функциялардың тізілімін құру.
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы
органдарының құрылымы мен штат санын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.
Мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік
бағдарламалардың нормативтік құқықтық базасын, өлшемдер мен көрсеткіштерін, сондай-ақ іске асырудың тиімділігіне бағалау жүргізудің құралдарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.
Мемлекеттік қызметтер ұсынудың нормативтік құқықтық базасын,
өлшемдер мен көрсеткіштер, сондай-ақ сапасына бағалау жүргізудің
құралдарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.
Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық базасын, өлшемдер мен көрсеткіштерін, сондай-ақ қызметін ұйымдастырудың тиімділігіне бағалау жүргізудің құралдарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.
10 (он) пилоттық республикалық бюджеттік бағдарламалардың
тиімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізу.
Мемлекеттік басқарудың қазіргі құрылымын талдау және оның оңтайлы құрылымын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар тұжырымдау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын оларды жеңілдету және қысқарту жөнінде ұсыныстар әзірлей отырып, жүйелеу, жіктеу және талдау.
"Мемлекеттік активтерді басқару туралы" заң жобасын әзірлеу үшін талдамалық материалдар дайындау; "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" заңның жобасын әзірлеу.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің басымдықтары мен кемшіліктерін экономиканың әртүрлі секторлары үшін бағалау.
Қазақстанның ДСҰ-ға қатысу шеңберінде отандық экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастыру.
Қазақстанның интеграциялық бірлестіктер (ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ) бойынша негізгі әріптестерінің ДСҰ-ға кіруін және қатысуын ескере отырып, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі іс-шаралардың өзара іс-қимылы және келісу тетіктерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.
Берілетін ақпараттың сапасы мәселесінде мемлекеттік органдардың рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылының ағымдағы жағдайын талдау.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халықаралық рейтингтік агенттіктердің ақпарат жинауы және беруі.
Алынатын рейтингтерге берілетін ақпарат сапасының ықпалын және осы рейтингтердің Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін бағалау.
Экономикаға, салық төлеушілердің мінез-құлқына әсер ету факторы, мінез-құлықтың нысаналы үлгісіне қол жеткізу деңгейі ретінде салық салуды бағалау үшін статистикалық деректерді талдау.
Іске асырылған салықтық ынталандыру шараларының құнын айқындау (мемлекеттік бюджеттің шығасылары, салықтық әкімшілендірудің қиындауы, "заңға құрметпен қарау" шығындарын арттыру). Нақты қазақстандық жағдайларда алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде барынша оң әсерге қол жеткізуге мүмкіндік берген салық салу объектілер мен схемаларды анықтау.
Отандық және халықаралық практикада қолданылатын салықтық ынталандыру шараларының тізбесіне қалыптастыру және әрбір осындай шара барынша оң әсер беретін жағдайларды айқындау. Салықтық ынталандырудың үйлесімді шаралар кестесін, оң әсердің жиынтық деңгейін құру.
Зерттелетін кезең ақталғаннан кейін іс-шараларды орындау барысында мақсаттарға қол жеткізу және олардың талап ететін сапасының деңгейін айқындау.
Іске асыру барысында міндеттердің (іс-шаралардың) аз нәтижелігінің және тиімділігінің төмендігінің себептерін талдау.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағдарламаны іске асырудың
ықпалын айқындау.
Қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру жөніндегі қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешімдер қабылдау үшін талдамалық материалдар дайындау.
Тұтастай бюджет шығыстарының нәтижелігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды сыртқы бағалау және бюджет жүйесін барлық деңгейінде бюджет қаражатын басқаруды оңтайландыру.
Мынадай бағыттар бойынша талдамалық зерттеулер (экономикалық
аспекттер бойынша) жүргізуді қамтамасыз ету:
салалық (энергетикалық, көлік-коммуникациялық, аграрлық-өнеркәсіптік және т.б.) саясат;
индустриялық-инновациялық даму;
тариф саясаты және реттелетін салалардағы субсидиялау саясаты;
табиғат пайдалану экономикасы және қоршаған ортаны қорғау әлеуметтік-экономикалық сипаттағы бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу жолымен халықаралық ғылыми техникалық ынтымақтастықты дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Әлеумет- тік-эконо- микалық дамудың талдамалық зерттеу- лері | | | |
2 | | 100 | Халық- аралық қаржы ұйымдары- мен бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу | Макроэкономика саласындағы зерттеулер. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру саласындағы зерттеулер. Пилоттық республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне бағалау жүргізу. Мемлекеттік активтерді басқару саласында талдамалық зерттеулер жүргізу. ДСҰ-ға кіру саласындағы зерттеулер және халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл. Салық саясаты саласындағы зерттеулер. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысына сыртқы бағалау жүргізу. Салалық саясатының, тариф саясаты мен субсидиялау саясатының экономикалық тетіктерін жетілдіру саласындағы зерттеулер. Өңірлік даму стратегиясы шеңберіндегі зерттеулер. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
3 | | 100 | Халық- аралық қаржы ұйымдары- мен бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу | 1. Техникалық ынтымақтастықтың 2006-2007 жылдарға арналған жыл сайынғы бағдарламаларында көзделген бағыттар бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру шеңберінде зерттеулер жүргізу. 2. Американдық халықаралық даму жөніндегі агенттікпен мынадай бағыттар бойынша экономика- лық даму бағдарла- масын іске асыру: 1) қаржы және инвестициялар; 2) адам капиталы; 3) кәсіпкерліктің өсуі және бәсекеге қабілеттілік; 4) инвестициялық климат және ғаламдық интеграция. | Нау- рыз- қараша | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
4 | | 100 | Халық- аралық қаржы ұйымдары- мен бір- лескен талдамалық зерттеулер жүргізу | 1. Техникалық ынтымақтастықтың 2006-2007 жылдарға арналған жыл сайынғы бағдарла- маларында көзделген бағыттар бойынша Халықаралық Қайта және Даму Банкімен Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру шеңберінде зерттеулер жүргізу. 2. Американдық халықаралық даму жөніндегі агенттікпен мынадай бағыттар бойынша экономикалық даму бағдарламасын іске асыру: 1) қаржы және инвестициялар; 2) адам капиталы; 3) кәсіпкерліктің өсуі және бәсекеге қабілеттілік; 4) инвестициялық климат және ғаламдық интеграция. 2.1. Американдық халықаралық даму жөніндегі агенттіктің экономикалық даму бағдарламасын іске асыру туралы есеп дайындау. | Нау- рыз- қараша | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі:
ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды макроэкономикалық талдау жөніндегі талдамалық есеп және ҚР экономикасын дамытудың қысқа мерзімді болжамы.
Әлемдік экономиканың даму үрдістерінің және Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай ықпал ететін елдердегі ахуалдың ағымдағы жай-күйін талдау жөніндегі талдамалық есеп.
Кәсіпорындарға конъюнктуралық сұрау жүргізу негізінде Қазақстанның іскерлік климатын бағалай отырып, экономика салаларын талдау және қысқа мерзімді болжамдау жөніндегі талдамалық есеп.
2006 жылғы ҚР-дағы экономикалық жағдай жөніндегі талдамалық есеп және 2007-2009 жылдарға арналған даму болжамы.
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық баяндама бойынша талдамалық есеп.
300 заңнамалық кесім негізінде қалыптастырылған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер тізілімі" электронды дерекқоры.
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының құрылымы мен штат санын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстар.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің жобалары, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері жөніндегі, сондай-ақ оны жүргізу құралдары жөніндегі ұсыныстар. Нормативтік құқықтық кесімдердің жобалары, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері жөніндегі, сондай-ақ оны жүргізу құралдары жөніндегі ұсыныстар.
Нормативтік құқықтық кесімдердің жобалары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері жөніндегі, сондай-ақ оны жүргізу құралдары жөніндегі ұсыныстар.
Іріктеліп алынған 10 (он) пилоттық республикалық бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау нәтижелері жөніндегі талдамалық есептер.
Мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру және бақылау-қадағалау функцияларын реттеу, қысқарту жөніндегі ұсыныстарды қамтитын талдамалық жазба.
"Мемлекеттік активтерді басқару туралы" заң жобасын дайындау.
Қазақстанның ДСҰ-га қатысуы жағдайларында отандық салалардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жөніндегі ұсынымдар.
Қазақстанның интеграциялық бірлестіктер (ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ және т.б.) бойынша негізгі әріптестерінің ДСҰ-ға кіруі мен қатысуын ескере отырып, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі өзара әрекет ету тетігі мен іс-шараларды келісу жөніндегі ұсынымдар.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде Қазақстан Республикасы қабылдайтын міндеттемелер шеңберінде отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі бағалау туралы талдамалық баяндама.
Бұл жұмысты орындау Қазақстан Республикасының елдік рейтингін айқындау жөніндегі сапалық ұстанымды жақсарту үшін зерттеу материалдарын рейтингтік агенттіктерге бере отырып, Қазақстанда болып жатқан қайта құруларды нақты көрсету үшін елдегі экономикалық және қаржылық ахуалдың жедел мониторингі мәселелері бойынша нақты талдамалық зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында экономиканы салықтық ынталандыру шараларын қолданудың және мұндай шараларды қолданудың халықаралық тәжірибесін нәтижелері туралы талдамалық есеп. Салықтық ынталандыру шараларының тиімділігіне талдау жүргізу әдістемесі.
Бұл жұмысты орындау мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысының жедел мониторингі мәселелері бойынша нақты талдамалық реттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Есептер мен ұсынымдар дайындау, жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша мемлекеттік билік органдары үшін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Америка халықаралық даму жөніндегі агенттігінің консультациялар өткізуі.
Түпкі нәтижесі:
Мемлекеттік билік өкілеттіктерінің аражігін тігінен де, көлденеңінен де ажырату, мемлекеттік функцияларды бәсекелі секторға беру. Мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалаудың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметіне жүйелі бағалау жүргізуге, мемлекеттік аппарат жұмысының әлсіз жақтарын анықтауға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға, мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға, қаржы ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жүйесін құру.
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының құрылымы мен штат санын оңтайландыру, мемлекеттік органдардың оңтайлы әрі тиімді құрылымын қалыптастыру, мемлекеттік органдар құзыретінің көлеміне қарай олардың арасында мемлекеттік қызметшілер санын тең бөлу, әкімшілік рәсімдерді оңайлату, мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыру.
10 (он) пилоттық республикалық бюджеттік бағдарламаның тиімділігін тәуелсіз бағалау нәтижелерін ескере отырып, аталған республикалық бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау сапасын жоғарылату.
Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын жоғарылату.
Мемлекеттік басқарудың, соның ішінде орталық басқару органдары мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің оңтайлы құрылым моделін құру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қадағалау және бақылау функцияларын жүйелеу, жіктеу, оларды реттеу және қысқарту.
Тиісті нормативтік құқықтық кесімдер қабылдау.
Мемлекеттік активтерді басқару мәселелерін реттейтін бірыңғай базалық заңнамалық кесім жасау.
Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуы, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процестеріне қатысуы жағдайларында отандық салалардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жөніндегі жұмыста ұсынымдарды пайдалану.
Рейтингтік агенттіктердің консервативтік инвесторларға елдің кредитке қабілеттілігі мен кредиттік тәуекелдерін сындарлы әрі объективті бағалау беруі.
Экономиканы салықтық ынталандырудың неғұрлым тиімді құралдарын қолдану мақсатында салықтық саясатты түзету.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың (мемлекеттік органдардың (мемлекеттік бағдарламалар әкімшілерінің) тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру жөнінде қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешімдер қабылдау үшін талдамалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану.
Мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының, бағдарламалық құжаттар әзірлеудің проблемалық мәселелері бойынша шешімдер дайындаудың сапасын жоғарылату.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір талдамалық зерттеу жүргізуге арналған шығындар;
экономиканың негізгі секторларындағы мемлекеттік органдардың жұмысында талдамалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану жолымен республикалық бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін жоғарылату.
Сапасы:
"РҚ-ның мемлекеттік функциялар тізілімі" электронды дерекқорын қалыптастырған кезде барлық мемлекеттік функциялар мен барлық заңнамалық кесімдерді 100% қамту.
Мемлекеттік органдардың құрылымы мен штат санына талдау жүргізген кезде және оларды оңтайландыру жөнінде ұсынымдар берген кезде 100% қамту.
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалау жүйесінің барлық құрамдауыштары бойынша нормативтік құқықтық базаны, өлшемдері мен көрсеткіштерін, құралдарын әзірлеу.
Пилоттық республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне жyргізілген бағалау нәтижелерін 100% пайдалану.
Мемлекеттік басқарудың, соның ішінде орталық басқару органдары мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің оңтайлы құрылым моделін құру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қадағалау және бақылау функцияларын реттеу және қысқарту жөнінде ұсыныстар тұжырымдай отырып, оларды жүйелеу, жіктеу және талдау кезінде 100 % қамту.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесінің салалық дамуға қатысты проблемалық мәселелерінің бәрін қамту.
ДСҰ талаптарын ескере отырып, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату жолдарын талдау кезінде Қазақстан экономикасының барлық салаларын қамту.
Қазақстан Республикасының егемен рейтингін айқындаған кезде халықаралық рейтингтік агенттіктер пайдаланатын ақпараттың сапасы мен объективтілігін жоғарылату.
Талдау кезінде салықтық ынталандырудың негізгі шараларын толық қамту. Әдістемеде қол жетімді деректерді пайдалану. Халықаралық практикаға талдау жүргізген кезде үш санат бойынша кемінде үш елді (дамыған, дамушы, басқа) қамту.
Мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарды әзірлеу үшін зерттеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі.
Уақтылығы:
2006-2007 қаржы жылдарына арналған жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламаларында белгіленген мерзімдерге сәйкес мерзімдерде талдамалық зерттеулер нәтижелерін беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
204-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Алматы қаласындағы аймақтық қаржы орталығын реттеу саласындағы
уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1437202 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз жеті миллион екі жүз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Парламентінің "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (екінші оқылым 2005 жылғы 9 қарашадағы № 23-III ҚРП қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында қаржылық қызметтер секторын дамыту үшін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс істеуі үшін нормативтік-құқықтық негізді қамтамасыз ету; қаржы орталығына жаңа қатысушыларды тарту; біліктілігі жоғары кадрларды жұмысқа тарту; Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының ерекше құқықтық режимін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының мүдделерін қорғау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Алматы қаласын- дағы аймақтық қаржы орталығын реттеу сала- сындағы уәкілеттi органның қызметін қамтама- сыз ету | 1. Штат санының лимиті 78 бірлік Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның орталық аппаратын ұстау. 5 бірлік қызметтік автомашина жалдау. 2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс істеуі үшін нормативтік- құқықтық актілерді әзірлеу. 3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу. 4. Рейтингтік агенттіктердің тізбесін, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерін рейтингтік бағалауға қойылатын талаптарды қалыптастыру және бекіту. 5. Өңірлік қаржы орталығының маркетингін жүргізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құрал- дарында ақпарат- тық және жарнама- лау компаниясын жүргізу (мерзімді басылымдарда, телевидениеде, Интернет желісінде). 6. Халықаралық консультативтік кеңестің қызметтеріне ақы төлеу. 7. Шетелдерде халықаралық семинарлар өткізу. 8. Шетелдерде өткізілетін мамандандырылған конференцияларға қатысу. 9. Бекітілген біліктілікті жоғарылату жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін жоғарылату жөніндегi қызметтерді сатып алу, оның ішінде мемлекеттік тілді оқыту. 10. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігi қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ету үшін жабдықтар, жиһаз, автокөлік және ұйымдастыру техникасын сатып алу. 11. Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шығыс материалдарын сатып алу. 12. Телекоммуника- циялық қызметтер. 13. Есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету. 14. 78 қызметкер- дің жұмысын қамтамасыз ету үшін есептеу техникасын сатып алу. | Ай сайын Қаң- тар- жел- тоқ- сан Ақпан- жел- тоқсан Ақпан- жел- тоқсан Ақпан- жел- тоқсан Қаң- тар- жел- тоқсан Ақпан- жел- тоқсан Қаң- тар- жел- тоқ- сан Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы | Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық негізбен 100% қамтамасыз ету;
біліктілігі жоғары кадрларды жұмысқа тарту;
мемлекеттік қызметшілердің компьютермен және ұйымдастыру техникасымен жалпы қажеттіліктің 100%-мен жарақтандырылуын қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже:
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту, халықаралық капитал рыноктарымен интеграциялану;
Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту;
қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
жыл бойы ақпараттық және жарнамалау компаниясын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде мерзімді басылымдарда, телевидениеде, Интернет желісінде жүргізудің құны 154 036 мың теңгені;
Халықаралық консультативтік кеңестің қызметтеріне ақы төлеу - 95250 мың теңгені;
аудиторлық тексеру қызметтеріне ақы төлеу - 35 091 мың теңгені;
шетелдерде халықаралық семинарлар өткізу - 30 105 мың теңгені;
шетелдерде өткізілетін мамандандырылған конференцияларға қатысу - 12 007 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының барынша көп санын тарту мен қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар рыногының интеграциялануын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
205-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi