Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 805 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
11-тармақта:
2) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді әзірлеу және жүзеге асыру, инвестицияларды тартуға және бәсекелестікті қорғауға жәрдемдесу;»;
«10) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту әрі жеке сектордың инвестициялық белсенділігі саласындағы стратегиялық функциялар:
шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларын орындауды ұйымдастыру және үйлестіру;
жеке сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандыру және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды әзірлеу және үйлестіру;
жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
кәсіпкерлік ортаға, жеке кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық ахуалына және инфрақұрылымына талдау жүргізу;
жеке кәсіпкерлік қызметінің салаларында зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету;
шағын кәсіпкерлік саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
жеке кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
инвестициялық міндеттемелердің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлеу;
инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту бөлігіндегі инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ инвестициялық преференцияларды беру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбeciн айқындау;
орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердің қызметін үйлестіру;
инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда шағын кәсіпкерліктің қатысуы үшін жағдай жасау;
жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелеріндегі инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жағдай жасау;
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастыру;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) халықаралық нарығына шығуы үшін жағдай жасау;
жеке кәсіпкерлікті дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау;»;
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін заңнамасының бұзылуы туралы ақпарат беруге;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |