3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік құпиялардың қорғалуын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерді үкіметтік курьерлік байланыспен қамтамасыз ету, арнайы жөнелтімдерді жедел жеткізуді қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
Мыналарды қамтамасыз ету:
- құпия, үкіметтік, дипломатиялық және қызметтік хат-хабарлар мен жүктерді қауіпсіз, уақтылы және тиімді жеткізуді;
- фельдъегерлік байланыстың бекітілген бағыттары бойынша Қазақстанның қалалары арасында хат-хабарлар мен жүктерді 5 күн ішінде жеткізуді;
- фельдъегерлік байланыстың бекітілген бағыттары бойынша Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында хат-хабарлар мен жүктерді 5 күн ішінде жеткізуді;
- қалалық бағыттар бойынша хат-хабарлар мен жүктерді 8 сағат ішінде жеткізуді.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауап- ты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету | 1) 307 бірлік санында бекітілген штат санының лимиті шегінде Мемлекеттік фельдъегер- лік байланысты ұстау. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. 2) Фельдъ- егерлік байланыстың бекітілген бағыттары бойынша хат-хабарлар мен жүктерді жеткізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. 3) 5 бірлік арнайы автокөлік сатып алу. Іске асыру мерзімі - наурыз- сәуір. 4) 2 әкімшілік ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу. Іске асыру мерзімі - сәуір- маусым. 5) Нысанды киім-кешек сатып алу және тігу. Іске асыру мерзімі - ақпан-сәуір. 6) Шығыс материалда- рын сатып алу. Іске асыру мерзімі - ақпан-сәуір. 7) Телеком- муникация қызметтері үшін ақы төлеу. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. 8) Ақпарат- тық жүйелер мен жергілікті тапсырмалар- ды орнату және сүйе- мелдеу. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. | Жыл бойы | "Қа- зақ- стан Рес- публи- касы- ның мемле- кеттік фель- дъе- герлік қыз- меті" рес- публи- калық мемле- кеттік меке- месі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелері:
775 мың бірлік хат-хабарлар мен жүктерді жеткізу.
5 бірлік арнайы автокөлік сатып алу, бұл автомашиналар паркін жаңарту қажетті автокөлік қажеттілігінің 33,3%-ын құрайды.
2 әкімшілік ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу, бұл аумақтық бөлімшелерде ағымдағы жөндеу жүргізу үшін қажетті жалпы соманың 33,9 %-ын құрайды.
115 қызметкер үшін нысанды киім-кешек сатып алу және тігу (тозған киім-кешекті ауыстыру).
Түпкі нәтижелері:
Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді уақтылы және толық жеткізу.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
Қазақстанның шегінде бір рет жеткізудің орташа құны:
хат-хабардікі - 50,0 мың теңге;
жүктікі - 30,0 мың теңге.
Қазақстаннан тысқары жерлерге бір рет жеткізудің орташа құны:
хат-хабардікі - 85,0 мың теңге;
жүктікі - 35,0 мың теңге.
Уақтылығы:
Қазақстанның қалалары арасында хат-хабарлар мен жүктерді жеткізудің орташа уақыты - 5 күн. Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында хат-хабарлар мен жүктерді жеткізудің орташа уақыты - 5 күн. Қалалық бағыттар бойынша хат-хабарлар мен жүктерді жеткізудің орташа уақыты - 8 сағат.
Сапасы:
Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді толық көлемде жеткізу.