32) қаржыландыру - бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;
33) қаржы жылы - бюджеттiң атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңi;
34) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орташа мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
35) iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган - iшкi мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
36) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттi және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердi және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептiлiктi атқару, жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
37) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетiлмеген басқа ұғымдары осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы заңдарының осы салаларында пайдаланылып жүрген мәнiнде қолданылады.
5-бап. Бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарына әсер ететiн нормативтiк құқықтық актiлер
1. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.
Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары жобаларының ережелерiн Республикалық бюджет комиссиясының мiндеттi түрде қарауына жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген актiлер жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (Республикалық бюджет комиссиясының) қорытындысы ағымдағы жылдың бiрiншi жартысында берiлген жағдайда қолданысқа келесi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды.
Қорытынды ағымдағы жылдың екiншi жартысында берiлген жағдайда аталған ережелер қолданысқа жоспарланып отырған жылдан кейiнгi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды.
3. Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн жергiлiктi өкiлдi органдар шешiмдерiнiң жобалары әкiмдiктiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана мәслихаттардың қарауына енгiзiлуi мүмкiн. Әкiмдiктiң қорытындысы тиiстi бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.
Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн жергiлiктi атқарушы органдар актілері жобаларының ережелерiн тиiстi бюджет комиссиясының мiндеттi түрде қарауына жатады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген ережелер әкiмдiктiң (тиiстi бюджет комиссиясының) оң қорытындысы болған жағдайда қолданысқа келесi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамалық актілері жобаларының ережелері бюджеттің түсімдеріне, шығыстары мен құрылымына әсер еткен жағдайда, осы жобалармен бір мезгілде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы және жергілікті бюджет туралы маслихат шешімдерінің жобасы немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасы және маслихат шешімдерінің жобасы әзірленеді.
5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетiлген ережелер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешiмдерiне, сондай-ақ оларды iске асыру туралы нормативтiк құқықтық актiлерге қолданылмайды.
2-тарау. Бюджет жүйесі
6-бап. Бюджеттердiң түрлерi мен деңгейлерi
1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi бюджеттер бекітіледi, атқарылады және дербес болып табылады:
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
2. Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгiленген жағдайларда төтенше мемлекеттік бюджет әзiрленуi, бекітілуi және атқарылуы мүмкiн.
7-бап. Республикалық бюджет
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
2. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледi.
8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттік саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi болып табылады.
2. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстың бюджетi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешiмiмен бекітіледi.
9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.
2. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекітіледi.
10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет
1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi.
2. Төтенше мемлекеттік бюджеттi бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледi.
3. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшiн жою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджеттi енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негiз болып табылады.
4. Төтенше мемлекеттік бюджеттiң қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi.
5. Төтенше мемлекеттік бюджеттiң қолданылу уақытына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.
6. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттiң қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзiлген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгiзiлмейдi.
8. Қазақстан Республикасының бiрнеше аймақтарының аумақтарында бiр мезгiлде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiруi мүмкiн болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негiз бола алады.
11-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттiң қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiк түріндегі активтерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердiң қорлануына, экономиканың мұнай секторына тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге де мүліктің жинақталуын және тәуекелдің деңгейі бірқалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзiлiк және iшкi тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегi және шет елдердегi экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi сақтала отырып айқындалады.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмi мен жұмсалуы ұлттық және шетелдiк валюталармен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебi мен есептiлiгі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлiк басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
3-тарау. Бюджеттің құрылымы
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің түсiмдерi мен шығыстары
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер, алынған трансферттер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар республикалық және жергілікті бюджеттердің түсiмдерi болып табылады.
2. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстары болып табылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің құрылымы
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) кiрiстер:
салықтық түсiмдер;
салықтық емес түсiмдер;
негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
трансферттер түсiмдерi;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттердi өтеу;
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерiн сатып алу;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
6) бюджет тапшылығы (профицитi);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
қарыздар түсiмi;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
2. Бюджеттердi бекіту және бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi түзу осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
13-1-бап. Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) республикалық бюджет;
2) облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
3) осы Кодекстің 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударымдар.
14-бап. Бюджет кiрiстерi
1. 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Салықтық түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер.
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді
3. Салықтық емес түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген, негiзгi капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетiн түсiмдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгiленген республикалық, жергілікті бюджеттерге төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері сондай-ақ, трансферттерден басқа, бюджетке өтеусiз негiзде берiлетiн ақша.
4. Мынадай ақшалар негізгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады:
1) мемлекеттік мекемелерге бекітілiп берiлген мемлекеттік мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетiн ақша;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) мемлекет меншiгіндегі жер учаскелерiн жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсіл арқылы өткізуден түсетiн ақша;
4) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Трансферттер түсiмдерi - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншісiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетiн трансферттер түсiмдерi.
6. Кiрiстердiң жаңа түрлерiн енгізу, қолданылып жүргендерiнiң күшiн жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске мiндеттi түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгiзiле отырып жүзеге асырылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Нысаналы трансферттердi қоспағанда, кiрiстердiң нысаналы мақсаты болмайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша
1. Білім беру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.
2-тармақ өзінің қолданысын 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатады
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мемлекеттік мекемелер ақылы негізде жүзеге асыратын, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлері көзделген болса, мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша мемлекеттік мекеменің иелігінде қалуы мүмкін.
3. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асырғаны үшін ақы жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
16-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары
1. Қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары болып табылады.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3) мемлекеттік тапсырыс шығындары - бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыру шеңберіндегі азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жеке, заңды тұлғалардан және шаруа (фермер) қожалықтарынан алынған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік мекемелердің ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
3. Бюджеттік субсидиялар мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканы немесе өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың неғұрлым тиімді басқа тәсілі болмаған кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана жеке, заңды тұлғаларға және шаруа (фермер) қожалықтарына берілуі мүмкін. Субсидиялануға тиіс басым мемлекеттік функциялар және республиканы немесе өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыру жөніндегі бағыттар орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
4. Трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы сипаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.
17-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті;
4) ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттерде, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінде қолма-қол ақшаның тапшылығы болжанған жағдайда, оны жабуға арналған резервті қамтиды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті:
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті;
4) ағымдағы қаржы жылында аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінде қолма-қол ақшаның тапшылығы болжанған жағдайда, оны жабуға арналған резервті қамтиды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-2. Аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті қамтиды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуiне де пайдаланылуы мүмкiн.
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді
4. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен айқындалатын көзделмеген өзге де шығындарға пайдаланылуы мүмкiн.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдаланылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте олардың бюджеттеріне кредит беру үшін резерв көзделеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Ағымдағы қаржы жылында аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте олардың бюджеттеріне кредит беру үшін резерв көзделеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Ағымдағы жылы қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қарыз беру қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметі резервiнiң және жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң жалпы көлемi тиiстi бюджет түсiмдерi көлемiнiң екi процентiнен аспауға тиiс.
9. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекітілген көлемдер шегiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын шешiмдерi бойынша жүзеге асырылады.
10. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi.