Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 шілдедегі № 695 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
«Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға |
Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрi |
Шабдарбаев Амангелді Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы |
Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi |
Қажыкен Мейрам Зекешұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің төрағасы |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі»; |
мына:
«Шәкіров Асқар Оразалыұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Шәкіров Асқар Оразалыұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы |
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары»; |
көрсетілген құрамнан Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Нартай Нұртайұлы Дүтбаев, Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, Иван Михайлович Кравченко шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комиссияға басшылық жасауды оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары жүзеге асырады. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия тұжырымдайтын шешімдер үшін дербес жауапкершілікте болады. Төраға болмаған уақытта оңың функцияларын орынбасары орындайды.»;
12-тармақтағы «мәжіліске қатысқан» деген сөздер алынып тасталсын, «мүшелері» деген сөздер «мүшелерінің барлығы міндетті түрде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы «және төрағалық етуші қол қояды» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |