Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 740 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 682 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 213 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингі және пайдаланылу тиімділігін бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 740 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 29, 378-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингі және пайдаланылу тиімділігін бағалау ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ереже ізгілік, қайырымдылық, әскери, азық-түліктік көмекті тарту және тарату рәсімдеріне қолданылмайды.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) өңірлік жоба - оны іске асыруға бірнеше мемлекеттің қатысуын көздейтін жоба;»;
9-тармақ «бағдарламалардың» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті немесе Үкіметі бекіткен тұжырымдамалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың 2) тармақшасы «бағдарламаларға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті немесе Үкіметі бекіткен тұжырымдамаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-тармақтармен толықтырылсын:
«20-1. Донор уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті салалық мемлекеттік органның оң қорытындысы негізінде өңірлік жобаны іске асыру үшін байланысты емес грант берген жағдайда өңірлік жобаны іске асыру оны басым жобалардың тізбесіне қоспай жүзеге асырылады.
20-2. Байланысты емес грант есебінен өңірлік жобаны іске асыру туралы тиісті келісімді дайындау, келісу және оған қол қою жөніндегі іс-шаралар донордың рәсімдерін ескере отырып, өңірлік жобаны іске асыруға қатысатын елдермен келісім бойынша жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Өңірлік жобаға техникалық тапсырма өңірлік жобаны іске асыруға қатысатын мемлекеттер жасасқан байланысты емес грант есебінен өңірлік жобаны іске асыру туралы тиісті келісімнің шарттарына сәйкес әзірленеді.»;
мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын:
«36. Өңірлік жобаны іске асыру yшін байланысты емес грантты пайдаланудың мониторингі және тиімділігін бағалау жобаны іске асыру үшін осы тарауда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |