330-бап. Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары
Жеке тұлғаларға өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, берiлген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге; көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.
331-бап. Ауыл шаруашылық мақсаттары үшiн пайдаланылатын
ауыл шаруашылық мақсаттарына арналмаған жерлерге
салынатын салық ставкалары
Елдi мекендердiң, өнеркәсiптің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман және су қорларының құрамына кiретiн, ауыл шаруашылық мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелерiне осы кодекстiң 338-бабының 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
§ 2. Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салық ставкалары
332-бап. Елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесіндегі жер
учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық салық
ставкалары
Елдi мекендердiң (үй iргесіндегі жер учаскелерiн қоспағанда) жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары алаңның бiр шаршы метрiне шаққанда мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
┌────────────────────┬─────────────────────────────────┬─────────────────────────┐
│ Елді │ Тұрғын үй қоры, соның ішінде │ Тұрғын үй қоры, │
│ мекеннің │ оның іргесіндегі құрылыстар │ соның ішінде оның │
│ түрі │ мен ғимараттар алып жатқан │ іргесіндегі құрылыс- │
│ │ жерді қоспағанда, елді │ тар мен ғимараттар │
│ │ мекендердің жерлеріне │ алып жатқан жерлерге │
│ │ салынатын салықтың базалық │ салынатын салықтың │
│ │ ставкалары (теңге) │ базалық ставкалары │
│ │ │ (теңге) │
─┼────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
├Қалалар: │ │ │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Алматы │ 28,95 │ 0,96 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Астана │ 19,30 │ 0,96 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Ақтау │ 9,65 │ 0,58 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Ақтөбе │ 6,75 │ 0,58 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Атырау │ 8,20 │ 0,58 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Тараз │ 9,17 │ 0,58 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
├Қарағанды │ 9,65 │ 0,58 │
│────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
├Қызылорда │ 8,68 │ 0,58 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Көкшетау │ 5,79 │ 0,58 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
├Қостанай │ 6,27 │ 0,58 │
─┼────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Павлодар │ 9,65 │ 0,58 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Петропавл │ 5,79 │ 0,58 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Орал │ 5,79 │ 0,58 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
├Өскемен │ 9,65 │ 0,58 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Шымкент │ 9,17 │ 0,58 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Алматы облысы: │ │ │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Облыстық бағыныстағы│ │ │
│басқа қалалар │ 6,75 │ 0,39 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Аудандық бағыныстағы│ │ │
│басқа қалалар │ 5,79 │ 0,39 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Ақмола облысы: │ │ │
│────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Облыстық бағыныстағы│ │ │
│қалалар │ 5,79 │ 0,39 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Аудандық бағыныстағы│ │ │
│қалалар │ 5,02 │ 0,39 │
│────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Облыстық маңызы бар │ Облыс орталығы үшін белгіленген│ 0,39 │
│басқа қалалар │ ставканың 85 проценті │ │
│────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Аудандық маңызы бар │ Облыс орталығы үшін белгіленген│ 0,19 │
│басқа қалалар │ ставканың 75 проценті │ │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Поселкелер │ 0,96 │ 0,13 │
├────────────────────┼─────────────────────────────────┼─────────────────────────┤
│Селолар (ауылдар) │ 0,48 │ 0,09 │
└────────────────────┴─────────────────────────────────┴─────────────────────────┘
333-бап. Үй iргесіндегі жер учаскелерiне салынатнy базалық салық ставкалары
Елдi мекендердiң тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесіндегі жер учаскесi деп есептеледi.
Үй іргесіндегі жер учаскелерiне мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға тиiс:
1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
көлемi 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 6,00 теңге.
Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
2) басқа елдi мекендер үшiн:
көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
көлемi 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңге.