3) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзiрлейдi;
4) бюджеттік өтiнiм жасаудың және табыс етудiң тәртібін айқындайды;
5) мемлекеттік мекемелердiң өз иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн түсiмдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгiлейдi;
6) бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн айқындайды;
7) бiрыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзiрлейдi;
8) жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;
9) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
10) бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды және борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
12) бюджеттік кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
60-бап. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi;
2) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3) байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекітуге енгiзедi;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4) бюджеттік инвестициялар мен байланысты гранттардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзедi;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
61-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
1) республикалық бюджеттi атқарады және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
3) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысады;
4) бюджетке түсетiн түсiмдердi болжауға және мемлекеттік бюджетке кiрiстердiң түсуi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады;
5) республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекiтедi және оларға өзгерістер енгiзедi;
6) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi;
7) мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеудi жүзеге асырады;
8) мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асырады;
9) уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырады;
10) банктiк шоттардан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін айқындайды;
11) осы Кодексте белгіленген жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұрады;
12) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда мемлекеттік мекемелердiң шоттарын ашу, жабу және жүргiзу тәртібін айқындайды;
13) бюджеттік есепке алуды жүргiзу тәртібін айқындайды;
14) есептiлiк жасаудың және табыс етудiң тәртібін айқындайды;
15) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыздарын алады, пайдаланады, тiркейдi, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзi шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады;
16) мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
17) бюджет қаражатын игеру мониторингiн жүзеге асырады;
18) республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды жүзеге асырады;
19) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджеттік есепке алу, есептiлiк жөніндегі әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзедi, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер бередi;
21) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздарына және мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екiншi деңгейдегi банктердi конкурстық негiзде айқындайды және оларға уәкiлеттiк бередi;
22) республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджет кредиттерiнiң берiлуiн, оларға қызмет көрсетiлуiн және олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингiн және қайтарылуын қамтамасыз етедi;
23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
62-бап. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгіне iшкi бақылауды жүзеге асырады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, ол бойынша есеп және есептiлiк жүргiзу, байланысты гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекеттік мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатуынан түскен өз иелiктерiнде қалатын ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылу себептерiне баға бередi;
3) бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
63-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретi
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:
1) жергiлiктi бюджеттi және оның атқарылуы туралы жылдық есептi бекiтедi;
2) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мәслихаттың тексеру комиссиясын сайлайды;
3) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзу туралы есептердi қарайды;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
64-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң құзыретi
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi:
1) жергiлiктi бюджет жобасын әзiрлейдi және оны мәслихатқа табыс етедi;
2) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi және мәслихатқа оның атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы жергiлiктi өкiлдi органның шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
4) жергiлiктi атқарушы органның орта мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi;
5) экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдарды құрады;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспарын бекiтедi;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
10-тарау. Бюджеттік комиссиялар
65-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негiзгi ережелер
1. Бюджеттік комиссия - бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзiрлеу мен бюджеттi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын комиссия.
2. Республикалық бюджеттік комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады.
66-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыретi
Бюджеттік комиссиялардың құзыретiне:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
2) тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткiштерiн айқындау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
3) алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды iрiктеу, орта мерзiмдi фискалдық саясатты негiзге ала отырып, оларды iске асыру тетiгiн айқындау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
4) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
5) тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттердi нақтылау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
6) бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуын бағалау нәтижелерiн қарау және солар бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
7) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкiлеттiктер кiредi.
67-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары
1. Бюджеттік комиссиялардың құрамына:
бюджеттік комиссияның төрағасы;
бюджеттік комиссия төрағасының орынбасарлары;
бюджеттік комиссияның хатшысы;
бюджеттік комиссияның мүшелерi кiредi.
2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар тиiсiнше бюджеттік комиссиялардың жұмыс органы болып табылады.
3. Бюджеттік комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, бюджеттік комиссияның отырыстарын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады.
Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзi тағайындаған орынбасары орындайды.
4. Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестiредi, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
5. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзiмдер мен күн тәртiптерiне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.
Ерекше бөлік
4-бөлім. Бюджетті әзірлеу мен бекіту
11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері
68-бап. Бюджеттi жоспарлау туралы жалпы ережелер
1. Бюджеттi жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсiмдерiнiң көлемiн және басымдықты ескере отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу процесi болып табылады.
2. Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына арналған бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiң болжамы жасалады.
3. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
69-бап. Бюджеттi жоспарлау принциптерi
Мыналар:
1) сабақтастық принципi - бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған орта мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;
2) басымдық принципi - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
3) негiздiлiк принципi - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгізу қажеттiгiн айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады.
70-бап. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау
1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
бюджеттік бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекітілген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Yкiмeтi ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.
Жергiлiктi атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын жергiлiктi атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.
4. Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
71-бап. Заттай нормалар
1. Заттай нормалар - қажеттi материалдық немесе материалдық емес игiлiктердi тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткiштерi. Заттай нормаларды қолдану бюджеттi жоспарлау мен атқару кезiнде мiндеттi болып табылады.
2. Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджеттiң және республиканың, әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
12-тарау. Бюджеттер жобаларын әзірлеу
72-бап. Бюджет түсiмдерiн болжау
1. Бюджет түсiмдерiн болжауды республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құны түріндегі бюджетке түсiмдердi көрсетуге өтеусiз техникалық көмек түріндегі байланысты гранттар алған кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделген жағдайларда жол берiледi.
Бұл ретте шығыстарда бюджеттік бағдарлама алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құнына тең көлемде көзделуге тиiс.
3. Бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
4. Бюджет түсiмдерiнiң алдағы қаржы жылына арналған болжамды көрсеткiштерiн бюджет комиссиясы қарап, мақұлдайды.
73-бап. Бюджет шығыстарының лимиттерiн айқындау
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн бюджет шығыстарының лимиттерiн қалыптастырады.
2. Бюджет шығыстарының лимиттерiн бюджет комиссиясы қарап, мақұлдайды.
3. Бюджет шығыстары лимиттерiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне және бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстар лимиттерiн бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшiн экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға жеткізудi бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
74-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдер жасауы
1. Бюджеттік өтiнiм бюджетті әзiрлеу кезiнде бюджеттік бағдарламалардың қажеттiгiн негiздеу және оларды қаржыландыру сомаларын айқындау үшiн алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi жыл сайын жасап, табыс ететiн құжаттар жиынтығы болып табылады.
2. Бюджеттік өтiнiм:
бiрыңғай бюджет сыныптамасы;
бюджет шығыстарының лимиттерi;
өткен қаржы жылы бюджеттік комиссия мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiм;
республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және орта мерзiмдi фискалдық саясат;
басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесi негiзiнде жасалады.
3. Осы Кодексте көзделген бюджеттi нақтылау жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi жыл сайын бiр ғана бюджеттік өтiнiм жасайды.
4. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттік өтiнiмi:
1) бюджеттік бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiн және олар бойынша шығыстар сомасын;
2) бюджеттік бағдарламаға түсiндiрме жазбаны;
3) бюджеттік өтiнiмге енгiзiлген бюджеттік бағдарлама (iшкi бағдарлама) паспортының жобасын;
4) кредиторлық берешектiң жалпы сомасын оның пайда болуының негiзгi себептерiн көрсетiп, жылдар бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредиторлық берешек туралы ақпаратты;
5) дебиторлық берешектiң жалпы сомасын оның пайда болуының негiзгi себептерiн көрсетiп, жылдар бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дебиторлық берешек туралы ақпаратты;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
6) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпаратты;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
6-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты;";
7) бюджеттік өтiнiмге енгiзiлген бюджеттік бағдарлама (iшкi бағдарлама) бойынша шығыстар есептерiн;
8) басқа да ақпаратты қамтиды.
Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатудан түскен өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының тиiстi қаржы жылына арналған болжамы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жасалып, бюджеттік өтiнiммен бiрге табыс етiледi.
5. Бюджеттік бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi белгiленген нысанда өткен жылғы есептiлiк деректерiн, ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткiштердi және алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштердi көрсете отырып, алдағы үш жылдық кезеңге әкiмшi жоспарлайтын бюджеттік бағдарламаларды айқындайды.
6. Бюджеттік бағдарламаға түсiндiрме жазба жоспарланып отырған бюджеттік бағдарламаның қысқаша сипаттамасын айқындайды, оның мәнiн, республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қажеттiгi мен рөлiн ашып көрсетедi, өткен жылғы бюджеттік өтiнiмнен ауытқу себептерiн көрсетедi.
7. Бюджеттік бағдарлама (iшкi бағдарлама) паспортының жобасы бюджеттік бағдарламаның мақсаттарын, мiндеттерiн, нормативтiк-құқықтық негiздемесiн, күтiлетiн нәтижелерiн, iс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындау мерзiмдерiн, ұлттық валютамен көрсетiлген құнын, қаржыландыру көздерiн айқындайтын құжат болып табылады.
8. Бюджеттік бағдарлама (iшкi бағдарлама) бойынша шығыстардың есебi бекітілген заттай нормалар ескерiле отырып айқындалатын бюджеттік бағдарламалардың сандық және құндық көрсеткiштерiн ашып көрсетедi.
9. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік кредит беру арқылы iске асыруды ұсынған жағдайда, осы бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтiнiм мынадай құжаттарды, соның iшiнде инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау мен iрiктеу кезiнде қалыптастырылған құжаттарды:
1) бюджеттік кредит берудiң мақсатына, принциптерiне, өлшемдерiне, бағыттарына бюджеттік бағдарламаның сәйкестiгi негiздемесiн қоса алғанда, бюджеттік бағдарламаны бюджеттік кредит беру арқылы iске асырудың мақсатқа сай екендiгiнiң негiздемесiн;
2) бюджеттік кредит беру объектiлерiне және (немесе) бағыттарына қажеттiлiк негiздемесiн;
3) бюджеттік кредиттер шарттарының негiздемесiн;
4) бюджеттік кредит беру өтелiмдiлiгiнiң есебiн;
5) жұмысқа тартылған жағдайда, сенім бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттердiң) көрсеткен қызметiне ақы төлеу мөлшерiнiң негiздемесiн қосымша қамтуға тиiс.
10. Бюджеттік өтiнiмдi жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
75-бап. Бюджеттік өтiнiмдердi қарау
1. Бюджеттік өтiнiмдердi бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган қарап, оларға бағалау жүргiзедi және солар бойынша тиiстi қорытынды дайындайды.
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi бюджеттік өтiнiмдi шығыстар лимитi шегiнде енгізуге мiндеттi.
2. Бюджеттік комиссия бюджеттік өтiнiмдер мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның қорытындысын қарап, олар бойынша шешiм қабылдайды.
3. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның арасындағы келiспеушiлiктердi бюджеттік комиссия қарайды.
4. Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдағаннан кейiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi қосымша өтiнiмдердi ұсынуға құқылы емес.
76-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгiзедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
2) жалақының, зейнетақының, айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi мөлшерi;
3) жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемi;
4) республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттік субвенциялар көлемi;
5) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервi мөлшерi;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындау сомасы;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктер беру лимитi;
8) үкiметтiк борыш лимитi;
9) басқа да ережелер болуға тиiс.
4. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасына:
1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер - санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
2) республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер көлемi;
3) республикалық меншiкте тұрған және кен өндiрушi және өңдеуші салаларға жататын мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер көлемi;
4) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, республикалық бюджеттiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi;
6) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар тiзбесi;
7) басқа да деректер қоса тiркеледi.
5. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң бекітілетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi жалпы iшкi өнiмге ақшалай түрде және процентпен көрсетiледi.
6. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға табыс етедi.
7. Орталық мемлекеттік органдар жаңа қаржы жылы басталғанға дейiн алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, орындалуы бюджет қаражатының қосымша жұмсалуына әкеп соғатын қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге талдау жүргiзедi және олардың күшiн жою, тоқтата тұру немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзiрлейдi.
77-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу