«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1942 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 657 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1394 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1942 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 56, 624-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу, арттыру коэффициентін ескере отырып, мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) егер арттыру есепті кезеңде жүргізілсе, арттыру кезеңінің алдында есептелген орташа жалақы есепті кезеңнің әрбір айының коэффициентіне арттырылады;
2) егер арттыру есепті кезеңнен кейін оқиға болғанға дейін жүргізілсе, есепті кезеңде есептелген орташа жалақы коэффициентке арттырылады;
3) егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі лауазымдық жалақы (ставка) арттырылған күнінен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін коэффициентке арттырылады.
Арттыру коэффициенті оқиға басталған айда белгіленген лауазымдық жалақыны (ставканы) арттыруға дейін белгіленген лауазымдық жалақыға (ставкаға) бөлу жолымен есептеледі.».
2. Осы қаулы алғаш рет pecми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |