18-бап. Азаматтарды жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына арнап бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі
1. Азаматтарды бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына арнап бекітіп қою жөніндегі нұсқаумен белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды бекітіп қою жөніндегі жұмысқа басшылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын Жұмыс күшiн бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия жүзеге асырады.
3. Азаматтарды бекітіп қою шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Жұмыс күшiн бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссиясы бекiтетiн қызметтер мен мамандықтар тiзбесi белгiлейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Мемлекеттік өкiмет органдарына, орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдарға бекітілiп қойылған Қазақстан Республикасының азаматтары кейiнге қалдырылған мерзiм iшiнде жұмылдыру бойынша шақырудан және кейiннен соғыс уақытындағы шақырудан босатылады.
19-бап. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру
Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентi iшiнара немесе жаппай жұмылдыруды жариялау туралы жарлығына сәйкес жүргiзiледi.
6 тарау. Қорытынды ережелер
20-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты әскери мекемелер жөнiнде жасалған шарттар шеңберiнде, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі өзара мүдделi шараларға әзiрлеп және iске асыра отырып, өзара тиiмдi әскери және шаруашылық байланыстарды сақтай отырып қатысады.
21-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және өткізу режимi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жұмысты жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
22-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы заңдарын бұзған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н.Ә. Назарбаев |