Өтiнiшке өзгертілетiн үй-жайға өтiнiш берушiнiң меншiк құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi не үй-жайлардың немесе ғимараттардың өзге де бөлiктерiн өзгертуге меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) жазбаша келісімi қоса берiледi.
33. Жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) өтiнiш берушi ұсынған құжаттарды қарағаннан кейiн сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен үй-жайларды (ғимараттың бөлiктерiн) өзгерту жобасын әзiрлеуге қажеттi бастапқы деректердi беру немесе оларды беруден дәлелдi бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Сәулет-құрылыс тапсырмасын беру жобаны әзiрлеуге рұқсат берiлгендiгiн білдiредi.
34. Мынадай жағдайларда:
1) өзгертiлетiн объектiге өтiнiш берушiнiң тиiстi меншiк құқығы не үй-жай меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімi болмаған кезде;
2) егер жоспарланған өзгерістерде нормативтiк құқықтық кесімдермен және нормативтiк-техникалық құжаттармен тыйым салынған әрi шектелген қызметтiң түрi үшiн үй-жайды пайдалану белгіленген болса, өзгертуге рұқсат беруден, сондай-ақ сәулет-жоспарлау тапсырмасын және бастапқы материалдарды (деректердi) беруден бас тартылуы мүмкiн.
Дәлелдi бас тарту өтiнiш берушiнiң құжаттары сәйкес келмейтiн нақты нормативтiк құқықтық кесiмдердi және нормативтiк-техникалық құжаттарды көрсете отырып, өтiнiш берушiге жазбаша түрде берiледi.
35. Бастапқы деректер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу барысында дәлелдi бас тарту алуға негiз болған ескертпелердi өтiнiш берушi жойған кезде қайта берiлген өтiнiш жалпы негiздерде қаралады.
36. Бастапқы деректер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын берген кезде жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) болжанып отырған өзгерістердiң күрделілігiне байланысты мынадай тәртіппен:
1) егер техникалық жағынан күрделi емес өзгерістерде, қосымша жер телiмiн (аумақ телiмiн) бөлiп берудi талап етпейтiн, құрастырмалардың есептiк берiктiгiн төмендетпейтiн, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитарлық және сәулет-эстетикалық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезiнде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтiн, жобаларға мемлекеттік сараптама жүргiзiлетiн объектілерге жатпайтын үй-жайларды немесе ғимараттың өзге де бөлiктерiн өзгертудi жүзеге асыру туралы шешiм қабылдаса, онда жұмыстар кез келген тұлға орындаған ықшамдалған жоба (нобай) бойынша жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органының (қызметiнiң) келісімiмен жүзеге асырылады.
Жоспарланған өзгерістердi техникалық жағынан күрделi еместердің қатарына жатқызу туралы шешiмдi жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) қабылдайды;
2) үй-жайлардың барлық өзге де жоспарланған өзгерістерi кезiнде жұмыстар тиiстi лицензиясы бар тұлға орындаған жоба бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасында белгiленген көлемде жүзеге асырылуы тиiс.
37. Жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) қабылдаған, осы Ереженiң 36-тармағында көрсетiлген шешiмдер нұсқаларының бiреуi сәулет-құрылыс тапсырмасында тiркеледi.
Сәулет-құрылыс тапсырмасында, сондай-ақ заңнамалық нормалармен белгiленген үй-жайлардың (ғимарат бөлiктердiң) ұйғарылған өзгерістерiнің жобаларына сараптама жүргiзудің қажеттiлiгi де не мұндай қажеттiлiктiң болмауы да көрсетiледi.
38. Сейсмикалық қауiптi аймақтарда (аудандарда) орналасқан елдi мекендерде жоспарланған қайта жаңғырту немесе қайта жоспарлау сындарлы шешiмдердi өзгертудi талап еткен жағдайда, онда осы Ереженің 18-тармағында көзделген тәртiп қолданылады.
Бұл ретте сейсмикаға төзiмдi құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың немесе тиiстi лицензиясы бар мамандардың қорытындысында тұрғын үй ғимараттарындағы (тұрғын ғимарат бөлiктеріндегі) үй-жайларды өзгерту жобасының, ал тек сындарлы элементтердi өзгерткен жағдайда - жобаның сындарлы бөлiмi болып табылатын шешiм болуға тиiс.
39. Үй-жайларды немесе тұрғын үй ғимараттарының өзге де бөлiктерiн қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзiрлеуге бастапқы деректер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру (немесе оларды беруден дәлелдi бас тарту) үшiн өтiнiш берушiлердiң жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарына (қызметтерiне) ұсынылған құжаттарын қарау мерзiмдерi үш жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
40. Жобаны әзiрлеушiлер үй-жайларды немесе ғимараттардың өзге де бөліктерiн өзгерту жөніндегi жұмыс процесiнде, сондай-ақ өзгертiлетiн объектiнi одан әрi пайдалануға беру кезiнде басқа меншiк иелерінің мүддесiн қозғайтын жобалық шешiмдердiң болуы немесе болмауы туралы мәлiметтердi құжаттамаларда көрсетуге тиiс.
Егер үй-жайларды жоспарланған қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру басқа меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) мүддесiне қайшы келмейтiн болса, онда жобаға осы өзгерістер үшiн олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімi берiлуге тиiс.
Басқа меншiк иелерiнiң көрсетiлген келісімдi алу қажеттiлiгi:
1) өтiнiш берушiнiң жоспарланған өзгерістерiне - сәулет-жоспарлау тапсырмасын берген кезде жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарына (қызметтерiне);
2) қабылданған жобалау шешiмдерiне - жобаны әзiрлеушілерге байланысты белгiленедi.
41. Жобаны келiсу осы Ереженiң 23 және 24-тармақтарында көзделген рәсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
42. Жобаның сараптамасы мiндеттi болғанда не тапсырысшы оны жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдағанда, жоба қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiппен сараптамадан өтедi.
43. Келісілген және оң қорытынды алған жоба қолда бар үй-жайларды өзгерту жөнiнде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерiнiң) рұқсат беруi үшiн негiз болып табылады.
44. Мыналар:
1) егер қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы жергілiктi атқарушы органдардың шешiмi өтiнiштi қараған уақыт iшiнде күшiн жойса;
2) егер жоба бекітілмеген болса немесе белгiленген тәртiптi бұза отырып бекітілсе;
3) осы Ереженiң 21-тармағында көрсетiлген органдармен жобаны келiсуден бас тартқанда немесе жобалар сараптамасының терiс қорытындысында;
4) жоба нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес болмағанда ғана үй-жайларды (ғимараттың бөлiктерiн) өзгерту жөнiнде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беруден бас тарту үшiн негiз болады.
45. Үй-жайларды (ғимараттардың бөлiктерiн) өзгерту жөнiнде құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту мерзiмдерi бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
6. Рұқсат беру рәсімдерiн өткізу ережесін
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
46. Рұқсат беру рәсiмдерiн өткізу ережесін бұзғаны үшiн жауапкершілiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.