2001 жылғы қыркүйекте Рим Папасы Иоанн Павел II-нің Қазақстанға келуі Съезд өткізудің алдындағы елеулі қоғамдық-саяси және діни іс-шаралардың қатарынан ерекше орын алды. Съезд шақыру туралы бастаманы алғаш рет Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2003 жылғы ақпанда өзінің Ватикандағы Понтификпен кездесуінде айтқанын атап өткен жөн.
2006 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының II Съезі болып өтті. Оның қорытындылары өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасындағы келісімді нығайтуға және олардың арасында сындарлы диалог орнатуға ықпал етті.
Діндердің бейбіт қатар өмір сүруі, діни экстремизмнің таралуына жол бермеу қазіргі дүниенің өзекті проблемаларының бірі болып табылады. Діни және этникалық негіздегі жанжалдар, мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтарды шектеу, этникалық немесе конфессиялық белгілер бойынша кемсіту ұлттық-мемлекеттік жүйелердің тұрақсыздығының және халықаралық қатынастардағы шиеленістің өсуінің негізгі факторларының біріне айналды.
Қазақстанның Конституциясы олардың ұлтына қарамастан елдің барлық азаматтарының теңдігін орнықтырады. Біздің елде барлық ұлттардың, ұлыстар мен этникалық топтардың мәдениеті жалпыұлттық игілік ретінде қаралады. Барлық азаматтарға өздерінің этномәдени мүдделерін қорғау мен іске асыруда тең құқықтарға конституциялық кепілдік беріледі. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес республикада дінге сенушілердің саны өсуде - қазіргі таңда қазақстандықтардың шамамен 62%-ы өздерін дінге сенуші деп санайды.
Орталық Азия мемлекеттері қашанда саяси және экономикалық оқиғалардың ортасында болатын. Қазіргі таңда бұл өңір экономикасы мейлінше әлсіз әрі ішкі саяси процестері оңай емес, өте күрделі жағдайда. Оның үстіне, ол ірі ішкі өзгерістер орын алып отырған жаһандық әлемдік саясаттың дәл ортасында қалды. Осыған байланысты, Қазақстан үшін осы өңірдің бей-берекетшілік пен қатерлердің, террор мен зорлық-зомбылықтың, біздің елдегі этносаралық және конфессияаралық келісімнің шырқын бұзудың көзіне айналуына жол бермеу тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады. Сонымен бірге, бүгінгі Қазақстанда этносаралық шоғырланудың, конфессияаралық келісімнің моделі мен этносаралық және конфессияаралық өзара іс-қимыл процесі арасында белгілі бір алшақтық орын алуда.
Этносаралық және конфессияаралық өзара іс-қимыл саласындағы ахуал өте серпінді дамуда және көбінесе оны болжау мүмкін емес. Бұл әлеуметтік тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-қимыл бағдарламасын жасауды талап етеді.
Діни өркендеу процестеріне байланысты діни ұстамдылық постулаттары мен нормалары, конфессияаралық келісімге, діни ұйымдардың жанжалсыз қатар өмір сүруіне қол жеткізу және оны нығайту жолдары қазіргі заманғы Қазақстан үшін ерекше өзекті сипат алып отыр.
Қазіргі қазақстандық қоғам өмірінің әр түрлі қырына діни фактордың әсері күшейе түскені айқын. Оның серпіні мен ерекшеліктері мынадай негізгі нысандарда көрініс табуда:
дәстүрлі діни институттардың ықпал ету саласы кеңейді;
халықтың қалың топтарының діни ықпалға бейімділігі арта бастады;
діни бірлестіктердің әлеуметтік функциялары кеңейді;
діни білім беру аясы кеңеюде, оның қаржылық және материалдық базасы нығаюда;
Таяу Шығыс елдерінің, сондай-ақ Еуропа елдерінің діни-қайырымдылық ұйымдарының Қазақстандағы миссионерлік, идеологиялық және насихат қызметі күшейе түсуде.
Қоғамдық пікірде ұлттық және конфессиялық тиесілілікті теңдестіру фактісі Қазақстандағы қазіргі заманғы діни ахуалдың ерекшелігі болып табылады. Конфессияаралық қатынастардың кез келген түрде күрделенуі, әсіресе шиеленісуі ұлтаралық салаға көшетінін болжау әбден қисынды.
Осындай жағдайда жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту мүдделерінде этникалық мәдениеттерді, олардың арасындағы өзара іс-қимылды саяси, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық жағдайлар кешенін қамтамасыз ету міндеттерінің маңызы ерекше зор. Саяси радикализмнің, конфессиялық және этникалық төзбеушіліктің алдын алу жөнінде, азаматтарға сана мен мінез-құлық төзімділігін сіңіру жөнінде, саяси және құқықтық мәдениетті дамыту, әлеуметтік әріптестікті кеңейту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, экстремизмнің әр түрінің алдын алу жөнінде пәрменді шаралар қабылдау қажеттілігі өктем талап етілуде. Сондықтан, этносаралық және конфессияаралық келісімді жетілдіру кідіріссіз әрі пәрменді шаралар қабылдауды талап ететін өзекті мәселе болып табылады.
Көпэтникалық және сан алуан мәдени қоғамдастықты шоғырландырудың, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудың модельдері мен тетіктері осы әр түрлі бағыттағы үрдістердің бүкіл күрделілігі мен қайшылықтары, ықтимал қауіптер мен жанжалдар ескеріле отырып жасалуға тиіс.
Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар туындатқан сәйкестендіру дағдарысына жауап ретінде қауымдық сәйкестендіру, яғни белгілі бір этникалық топқа, дінге, аумаққа тиесілілікті баса көрсету үрдісі пайда болды. Сонымен бір мезгілде қазіргі заманғы жағдайларда дәстүрлі этникалық байланыстардың үзілуі, этникалық қауымдасудың оқшалануын еңсеру, адамдардың өзге мәдени құндылықтар мен нормаларды сіңіруі ырықсыз жүруде.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекет ретінде 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 5.61-қарарымен бекітілген Төзімділік қағидаттары декларациясын қолдайды. Діни төзімділік пен бейбітшілік қағидаттары біздің мемлекетіміздің саясатында негіз қалаушы қағидаттар болып табылады.
Сонымен бірге, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы қазіргі ахуалды талдау бұл проблемаға кешенді ұстаным қажет екенін көрсетеді. Осы процестің барлық аспектілерін көрсететін Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру проблемасына арналған арнайы бағдарламалық құжатты қабылдау үшін жағдай жасалды.
Ұлттық саясат Қазақстанда тұратын диаспоралар мүдделерінің бүкіл қырын көрсететін өзінің арсеналында олардың келісімдерінің тиянақты тетігі бар шоғырландырушы факторға айналуға тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік билік органдарының, әр түрлі саяси және қоғамдық күштердің конституциялық қағидаттарға, ғылыми негізделген қорытындылар мен ұсынымдарға негізделген ұлттық мәселедегі ұстанымдарының ортақ болуы ерекше маңызға ие болады.
Кедейлік, жұмыссыздық, әлеуметтік қорғалмау сияқты осындай әлеуметтік проблемалар ұлтаралық жанжалдарға ұласуы мүмкін әлеуметтік шиеленіске түрткі болады. Этносаралық және конфессияаралық келісімге қол жеткізу проблемаларының жүйелі сипаты арнайы бағдарлама жасау қажеттігін туындатты.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Бағдарламаның мақсаты этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:
республикадағы этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіруді қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;
елдегі әлеуметтік-саяси ахуалдың, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ахуал мен қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық шиеленіс деңгейінің мониторингі, диагностикасы және болжамы;
ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту болып табылады.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігi
Негізгі бағыт этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру, қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендету, әлеуметтік практикаға төзімді мінез-құлық нормалары мен экстремизмнің алдын алу және оған қарсы әрекет ету тетіктерін енгізуді қамтамасыз ету, қоғамдағы әлеуметтік саяси ахуалдың өзгеруіне икемді ден қою үшін жағдай жасау болып табылады.
Бағдарламалық іс-шаралар жүйесі мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізілетін болады.
Ғылыми-әдістемелік бағыт: этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ахуалды зерделеуге және экстремизмнің әр түрлі көріністеріне қарсы әрекет ету, әр түрлі әлеуметтік топтарда төзімді мінез-құлықты қалыптастыру жөнінде практикалық ұсынымдарды дайындауға бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу; қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс деңгейін мониторингтеудің, диагностикалаудың және сараптаудың, тәуекелдерді және әлеуметтік жанжалдардың ықтимал зардаптарын бағалаудың әдістерін әзірлеу; бұқара санасындағы ыдыратушы көңіл-күйді бейтараптандыру тетіктерін әзірлеу; республика аумағында жұмыс істейтін ұлттық-мәдени және діни бірлестіктер туралы ақпараттық дерекқорды толықтыруды қамтамасыз ету.
Ұйымдастырушылық-практикалық бағыт: этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге, ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге, сондай-ақ Қазақстанда тұратын тиісті диаспоралардың тарихи шығу елдерімен достық қатынастарды дамытуға бағытталған фестивальдар, конференциялар, конкурстар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу.
Ақпараттық-насихаттық бағыт: этникалық және конфессиялық төзімділік қағидаттарын тәрбиелеу мәселелері бойынша жергілікті БАҚ-та мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тұрақты айдарлар, теле- және радио хабарлар, сөз орамдарын, роликтер шығаруды қамтамасыз ету; Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді насихаттайтын жарнамалық материалдарды (брэндмауэрлер, биллбордтар, тартпалар, плакаттар) жасауды және қоғамдық орындарда орналастыруды қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарында төзімді сана қалыптастыру жөніндегі материалдарды жариялау.
Этномәдени білім берудің мақсаты көпұлтты әрі көпмәдениетті ортада белсенді және тиімді тіршілік етуге қабілетті, басқа мәдениеттердің ерекшелігін түсінуі дамыған ұлтты, нәсілі, нанымы мен сенімі әр түрлі адамдармен бейбіт әрі тату өмір сүруге қабілетті адамды қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте, әр түрлі этномәдени қауымдар өкілдерінің қатар өмір сүруі мен төзімділігі туралы ғана емес, сонымен бірге олардың негіз қалаушы ізгілік құндылықтары мен демократиялық қағидаттар негізінде ынтымақтастық жасауы және шоғырлануы туралы сөз қозғалуға тиіс.
Осы бағдарламаны іске асыру жан-жақты дамыған, үйлесімді, дені сау, көп мәдениетті жеке адамды дамытуға, балалар мен жасөспірімдерде төзімді сана мен мінез-құлықты, азаматтылық пен қазақстандық патриотизм рухын сіңіруге, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы жастар бастамаларына жәрдем көрсетуге мүмкіндік береді.
Бағдарламада:
қазақстандық жалпы азаматтық сәйкестендіруді қалыптастыруды және елдің көп мәдениетті әлеуетін дамытуды;
қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық шиеленісті азайту жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін;
ізгілік пен діни ұстамдылық, ұлтаралық әрі конфессияаралық келісім, экстремизмге қарсы әрекет ету қағидаттарын басшылыққа алатын төзімділік мінез-құлқының нормалары мен стандарттарын әлеуметтік практикаға енгізуді қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін әзірлеу көзделеді.
Бағдарламаны іске асыру:
жексенбілік мектептер мен ұлттық қайта өрлеу мектептерінің мәртебесін және оларды қаржыландыру тетігін айқындауды;
мемлекет пен азаматтық қоғамның сындарлы диалогы қағидаттарын және ең алдымен, төзімділік қағидаттарын қолдайтын қоғамдық ұйымдарды белсенді түрде тартуды;
экстремизм қаупін болдырмау мақсатында таяу және алыс шет елдердің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауды;
барлық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы саладағы қызметке танымал мәдениет қайраткерлерін, ақындарды, жазушылар мен теологтарды тарта отырып, халықта, әсіресе жастарда діни идеялар мен догмалардың әсерінен иммунитет жасау жөніндегі жұмысты жүйелендіруді көздейді.
Бүкіл іс-шаралар кешенін іске асыру қоғамдағы этносаралық жағдайды үйлестіруге мүмкіндік береді, әлеуметтік шиеленісті төмендету факторы ретінде қызмет етеді, төзімді сана ұстанымдарын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Бағдарлама мүдделі мемлекеттік органдармен бірге елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жағдай жасауға, экстремизмнің алдын алуға, экстремизм мен террор актілерінің жасалуына ықпал ететін себептерді анықтауға әрі оларды бейтараптандыруға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеуді және іске асыруды көздейді.
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi
ҚР Үкіметінің 2008.19.03. № 267 Қаулысымен бөлім өзгертілді (бұр .ред. қара)
Бағдарламаны іске асыру мынадай көздерден:
республикалық бюджеттен;
жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға:
республикалық бюджеттен барлығы - 969,6 млн. теңге, оның ішінде: 2006 жылы - 316 млн. теңге, 2007 жылы - 312,9 млн. теңге, 2008 жылы - 340,7 млн. теңге;
жергілікті бюджеттен барлығы - 1354,8 млн. теңге, оның ішінде: 2006 жылы - 138 млн. теңге, 2007 жылы - 552,6 млн. теңге, 2008 - 664,2 млн. теңге қаржыландыруды талап етеді.
2007-2008 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын (нақтыланатын) болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
ҚР Үкіметінің 2008.19.03. № 267 Қаулысымен бөлім өзгертілді (бұр .ред. қара)
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
республикадағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру үшін жағдай жасалады;
этносаралық және конфессияаралық төзімділіктің, көпэтникалы және көпконфессиялы қазақстандық қоғамдағы азаматтық келісімнің әлеуметтік-психологиялық негізі ретінде этномәдени сан алуандылықты құрметтеудің, қабылдаудың және түсінудің қағидаттары мен нормалары орнықтырылады;
республиканың діни бірлестіктері арасындағы өзара түсіністік пен төзімділік нығайтылады;
азаматтық татулық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мақсатында диалогтың рухани құндылықтары мен мәдениетін жылжыту ісінде мемлекеттік органдардың, ұлттық-мәдени, діни және үкіметтік емес бірлестіктердің ынтымақтастығы күшейтіледі;
этномәдени білім жүйесі қалыптастырылады;
Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық рөлін нығайту жөнінде жағдай жасалады;
2006-2008 жылдары:
қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық ахуал мәселелері бойынша 12 қолданбалы ғылыми және 6 республикалық зерттеу ұйымдастырылады және өткізіледі;
республика аумағында жұмыс істейтін ұлттық-мәдени, діни бірлестіктер және шетелдік миссионерлер туралы ақпараттық дерекқор толықтырылады;
жастардың қатысуымен 9 халықаралық конференция, 30 республикалық және өңірлік конференция, 74 семинар, 46 конкурс, 93 дөңгелек үстел, 41 тренинг, 59 республикалық этнос күндері, Қазақстан халықтары достығының 3 фестивалі ұйымдастырылады және өткізіледі;
республикалық және өңірлік ақпарат құралдарында Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді насихаттайтын 3000-нан астам материал жарық көреді.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 2008.19.03. № 267 Қаулысымен бөлім өзгертілді (бұр .ред. қара)
№№ | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ғылыми-әдістемелік жұмыс |
1. | Қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық ахуалға республикалық мониторинг жүргізуді, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін арттыру мәселелері жөнінде әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ, | Жыл сайын 20 қаңтар, 20 шілде | Барлығы: 12,0 оның ішінде: 2006 ж.- 2,5 2007 ж.- 2,5 2008 ж.- 7,0 | Республикалық бюджет |
2. | Этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелері бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ, Әділетмині | Жыл сайын, 20 қаңтар, 20 шілде | Барлығы: 31,7 оның ішінде: 2006 ж. - 11,7; 2007 ж. - 10,0; 2008 ж. - 10,0 | Республикалық бюджет |
3. | Республика аумағында жұмыс істейтін ұлттық-мәдени және діни бірлестіктер мен шетелдік миссионерлер туралы ақпараттық дерекқордың толықтырылуын қамтамасыз ету | Ақпараттық материалдар шығару | МАМ, Әділетмині, ДББК | Жыл сайын, IV тоқсан | Қаржыландыруды талап етпейді | |
4. | Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тиімді дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру | Бұйрық | МАМ, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, мүдделі мемлекеттік органдар | 2006 жылғы III тоқсан | Қаржылан дыруды талап етпейді | |
Ұйымдастыру-практикалық жұмыс |
5. | Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге, сондай-ақ Қазақстанда тұратын тиісті диаспоралардың тарихи шығу елдерімен достық қатынастарды дамытуға бағытталған фестивальдарды, конференцияларды, конкурстарды, семинарларды, «дөңгелек үстелдерді» өткізуді ұйымдастыру | Министрдің бұйрығы әкімдердің шешімдері | МАМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚХА | Жыл сайын, І-ІІІ тоқсан | Барлығы: 16,5 оның ішінде: 2006 ж. - 3,7; 2007 ж. - 3,7; 2008 ж. - 9,1; Барлығы: 115,1 оның ішінде: 2006 ж. - 10,5; 2007 ж. - 44,1; 2008 ж. - 60,5 | Республикалық бюджет Жергілікті бюджет |
6. | Әлеуметтік шиеленісті төмендетуге бағытталған іс-шараларды (әдістемелік материалдар шығару, семинарлар, әлеуметтік сауалнамалар, дөңгелек үстелдер, тренингтер мен дінтану сараптамаларын өткізу) өткізуді ұйымдастыру | МАМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, 10 қаңтар, 10 шілде | Барлығы: 114,6 оның ішінде: 2006 ж. - 9,7; 2007 ж. - 49,2; 2008 ж. - 55,7 (оның ішінде 2008 жылы: облыстар бойынша - Ақмола - 0,6; Ақтөбе - 5,9; Алматы - 1,8; ШҚО - 2,8; Жамбыл - 0,6; Қарағанды - 0,7; Қостанай - 2,9; Қызылорда - 1,0; Маңғыстау - 0,9; Павлодар - 0,4; СҚО - 9,2; ОҚО - 3,0; БҚО - 20,0; Астана қаласы - 0,5; Алматы қаласы - 5,4) | Жергілікті бюджет |
7. | Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдерімен қатынастарды нығайтуға және Қазақстан Республикасындағы этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін шет елдерде насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру | Бұйрық | СІМ, МАМ, Әділетмині, ҚХА | Жыл сайын | Барлығы: 848,1 оның ішінде: 2006 ж. - 282,7 2007 ж. - 282,7 2008 ж. - 282,7 | Республикалық бюджет |
8. | Көпэтносты елдерде этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудің шетелдік тәжірибесін зерделеу мәселелері бойынша халықаралық конференциялар мен семинарлар, сондай-ақ руханилық пен мәдениет халықаралық форумын өткізуді ұйымдастыру | Бұйрық | МАМ, Әділетмині, ҚХА | Жыл сайын, II, III, IV тоқсандар | Барлығы: 26,2 оның ішінде: 2006 ж. - 5,0 2007 ж. - 5,0 2008 ж. - 16,2 | Республикалық бюджет |
9. | Қазақстан аумағында тұратын диаспоралардың республикалық мәдениет күндерін өткізуді ұйымдастыру, мәдениеттерді дамыту мәселелері бойынша тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу, ұлттық диаспораларға олардың тілін өркендетуде қолдау көрсету, қоғамда олардың мәдени құндылықтарын құрметтеу ахуалын жасау | Бұйрық, әкімдердің шешімдері | МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚХА | Жыл сайын, ІІ-ІV тоқсан | Барлығы: 22,3 оның ішінде: 2006 ж. - 9,3; 2007 ж. - 9,0; 2008 ж. - 4,0; Барлығы: 138,4 оның ішінде: 2006 ж. - 26,9; 2007 ж. - 41,5; 2008 ж. - 70,0 (оның ішінде 2008 жылы: облыстар бойынша - Ақмола - 0,7; Ақтөбе - 12,0; Атырау - 2,0; Алматы - 5,0; ШҚО - 8,2; Жамбыл - 4,2; Қарағанды - 2,1; Қостанай - 7,6; Қызылорда - 1,5; Маңғыстау - 0,1; Павлодар - 15,0; СҚО - 3,0; ОҚО - 3,0; Алматы қаласы - 5,6) | Республикалық бюджет Жергілікті бюджет |
10. | Ұлттық-мәдени және діни бірлестіктермен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, төзімді сана ұстанымдарын әлеуметтік практикаға енгізуге бағдарланған семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, тренингтер, ашық сабақтар өткізуді ұйымдастыру | Бұйрық | МАМ, БҒМ, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, қоғамдық бірлестіктер, ҚХА | Жыл сайын, IV тоқсан | Барлығы: 1,1 оның ішінде: 2006 ж. - 1,1; Барлығы: 33,8 оның ішінде: 2006 ж. - 10,3; 2007 ж. - 10,2; 2008 ж. - 13,3 (оның ішінде 2008 жылы: облыстар бойынша - Ақмола - 0,1; Ақтөбе - 0,9; Атырау - 0,6; Алматы - 5,8; ШҚО - 0,5; Жамбыл - 0,4; Қостанай - 0,5; Қызылорда - 0,1; Маңғыстау - 1,6; Павлодар - 0,4; ОҚО - 1,1; БҚО - 0,3; Астана қаласы - 0,3; Алматы қаласы -0,7) | Республикалық бюджет Жергілікті бюджет |
Ақпараттық-насихаттық жұмыс |
11. | Жергілікті БАҚ-та мемлекеттік тапсырыс шеңберінде этникалық және конфессиялық төзімділік қағидаттарын тәрбиелеу мәселелері жөнінде тұрақты айдарлар, теле- және радиохабарлар, сөз орамдарын, роликтер шығаруды қамтамасыз ету | Бұйрық, әкімдердің шешімдері | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, II тоқсан | Барлығы: 472,2 оның ішінде: 2006 ж. - 58,0; 2007 ж. - 195,7; 2008 ж. - 218,5 (оның ішінде 2008 жылы: Ақмола - 6,9; Ақтөбе - 2,9; Атырау - 1,8; Алматы - 8,5; ШҚО - 4,6; Жамбыл - 0,5; Қарағанды - 1,6; Қостанай - 9,4; Қызылорда - 0,5; Маңғыстау - 0,2; Павлодар - 6,0; СҚО - 173,1; ОҚО - 2,0; Астана қаласы - 0,5) | Жергілікті бюджет |
12. | Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді насихаттайтын жарнамалық материалдарды (брэндмауэрлер, биллбордтар, тартпалар, плакаттар) жасау және оларды қоғамдық орындарда орналастыруды қамтамасыз ету. Бұқаралық ақпарат құралдарында төзімді сананы қалыптастыру жөнінде материалдар жариялау | Әкімдердің шешімдері | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, II тоқсан | Барлығы: 480,7 оның ішінде: 2006 ж. - 22,6; 2007 ж. - 211,9; 2008 ж. - 246,2 (оның ішінде 2008 жылы: облыстар бойынша - Ақмола - 0,2; Ақтөбе - 40,0; Атырау - 1,8; Алматы - 8,5; ШҚО - 1,0; Жамбыл - 0,3; Қарағанды - 12,9; Қостанай - 1,1; Қызылорда - 0,6; Маңғыстау - 1,0; Павлодар - 1,0; СҚО - 173,1; ОҚО - 3,5; БҚО - 0,8; Астана қаласы - 0,4) | Жергілікті бюджет |
13. | Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттау жөніндегі имидждік материалдарды шығаруды қамтамасыз ету | Министрдің бұйрығы | МАМ | 2008 жылдың ІІ тоқсаны | Барлығы: 10,0 оның ішінде: 2008 ж. - 10,0 | Республикалық бюджет |
14. | «Шаңырақ» республикалық акциясын (этножурналистика саласындағы семинар, шығармашылық конкурс) өткізуді ұйымдастыру | Министрдің бұйрығы | МАМ | 2008 жылғы шілде, желтоқсан | Барлығы: 1,7 оның ішінде: 2008 ж. - 1,7 | Республикалық бюджет |
Жиыны | Барлығы: 969,6 оның ішінде: 2006 ж. - 316 2007 ж. - 312,9 2008 ж. - 340,7 Барлығы: 1354,8 оның ішінде: 2006 ж. - 138,0 2007 ж. - 552,6 2008 ж. - 664,2 | Республикалық бюджет Жергілікті бюджет |
| | | | | | | | | |
Ескертпелер:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
ҚХА - Қазақстан халқы Ассамблеясы;
ДББК - Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы;
СҚО - Солтүстік Қазақстан облысы;
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы;
БҚО - Батыс Қазақстан облысы.
2007 - 2008 жылдарға арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын (нақтыланатын) болады.