7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту үшін 6 спорттық іс-шара өткізу.
Соңғы нәтиже: дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушы жасөспірімдер мен жастардың санын көбейту.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 іс-шараға кететін шығынның құны - 1750,5 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: азаматтардың нашақорлықтың зиянын, есірткі заттарын пайдаланудан кейін болатын өкінішті салдарларды ұғыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-12-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 410840 мың теңге (төрт жүз он миллион сегіз жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңның 4 , 9 , 10, 11, 14,16-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру үшін туристік кластерді дамыту және тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ішкі рынокты қорғау, туристік іс-шараларды өткізу және қатысу арқылы туристік қызметтер экспортын ұлғайту, Қазақстан Республикасында туристік саланы кластерлік дамыту шеңберінде туризмнің инфрақұрылымына инвестицияларды тарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Қазақс- танның туристік имиджін қалыптас- тыру | Ұлттық туристік өнімнің брэнді мен логотипін әзірлеу; шетелдік жетекші туристік операторлар мен БАҚ-тың өкілдері үшін ақпараттық турлар ұйымдастыру; электронды және қағаз тасығыштарда жарнама- лы-ақпараттық өнімдер басып шығару; Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы жарнамалық видеоро- ликті құру және көр- сету; туристік саланы дамы- ту мәселелері бойынша екі республикалық семинар-кеңес өткізу; Батыс Қазақстан облысында "Еуропа - Азия" халықаралық туристік фестивалін өткізу; Оңтүстік Қазақстан облысында "Жібек жолы - диалог жолы" халықаралық туристік фестивалін өткізу; Ақмола облысында "Бурабай" республика- лық туристік слетін өткізу; Шығыс Қазақстан облы- сында "Белуха" халық- аралық туристік фес- тивалін өткізу; Алматы облысындағы Іле-Балқаш регаттарын өткізу; Утрехт қаласында (Нидерланды король- дігі) "Vakantiebeurs" халықаралық туристік жәрмеңкеге қатысуды қамтамасыз ету; Мадрид қаласында (Испания) "FITUR" халықаралық туристік жәрмеңкеге қатысуды қамтамасыз ету; Берлин қаласында (Германия Федератив- тік Республикасы) "ІТВ" Халықаралық туристік биржаға қатысуды қамтамасыз ету; Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) "МІТТ" Халықаралық туристік көрмеге қатысуды қамтамасыз ету; Алматы қаласында "КІТҒ" Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкесін өткізу; Астана қаласында "Астана - Демалыс" қазақстандық 3-халық- аралық туристік көрмесін өткізу; Лондон (Ұлыбритания) қаласындағы "WTM" халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысуды қамтамасыз ету; Алматы қаласында Еуропа үшін Дүниежү- зілік туристік ұйым комиссиясының 45-мәжілісін өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Туризм және спорт министр- лігінің Туризм индуст- риясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- республиканың туристік әлеуетін тарату мақсатында Қазақстанның бес халықаралық туристік көрмелерге қатысуын қамтамасыз eту;
- ішкі туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға ықпал жасайтын бес ішкі туристік іс-шараларды және Астана және Алматы қалаларында екі отандық туристік жәрмеңке өткізу;
- туристік мүмкіндіктер туралы жарнамалық-ақпараттық өнімдерді басып шығару (әр түрінен кемінде 10 мың данадан), әлемдік каналдарда республиканың туристік әлеуеті туралы бейне материалдарды көрсету (күніне кемінде 2 көрсетілім) және Қазақстандағы туризм туралы ақпараттық беймәлімділікті жою үшін әлемдік басылымдарда мақалалар, РR жариялау.
Түпкілікті нәтиже:
- Қазақстанның оң туристік беделін қалыптастыру мақсатында туристік қызметтің әлемдік рыногына Қазақстанның туристік өнімін жылжыту және Қазақстанның мүмкіндіктері туралы әлеуетті туристердің ақпараттандырылуын арттыру;
- жергілікті халық пен шетелдік азаматтардың арасында туристік мүмкіндіктерді тарату және Қазақстанда жұмыс істеу үшін шетелдік туроператорларды тарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- Қазақстанның халықаралық туристік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етуге арналған орташа шығыс - 10 млн. теңге;
- ішкі туристік іс-шараларды өткізуге арналған орташа шығыс - 1 млн. теңге;
- 2006 жылы шығу туризмінің ұлғайту көлемін 40,3 мың адамға дейін және ішкі туризм - 145 мың адамға дейін.
Уақтылығы: туризм дамуының салалық бағдарламасына сәйкес іс-шараларды іске асыру.
Сапасы: туризм үшін тартымды ел ретінде Қазақстанның туристік беделін нығайту.