Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 498 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта:
Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Смайылов Әлихан Асханұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрi |
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Орынбасары |
Исабеков Тимур Шамсатұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар, наразылық-талап арыз жұмысы департаментінің директоры, хатшы |
көрсетілген құрамнан Коржова Наталья Артемовна, Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы, Исекешев Әсет Өрентайұлы, Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы, Зверьков Вадим Павлович, Бекбосынов Сабыржан Мәдиұлы шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралык комиссия туралы ережеде:
2-бөлімнің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«берешектерді өтеу тетігі жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды пысықтау.»;
5-бөлімнің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ведомствоаралық комиссияның отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |