6. Қайырмалдықтарға осы Кодекстiң 512 және 515-баптары қолданылмайды.
28-тарау. Рента және өмір бойы асырауда ұстау
1. Жалпы ережелер
517-бап. Рента шарты
1. Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi.
2. Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзiмсiз (тұрақты рента) немесе өмiр бойы төлеу (ғұмырлық рента) мiндетiн бекiтуге жол берiледi. Ғұмырлық рента азаматты өмiр бойы асырап отыру жағдайларында белгiленуi мүмкiн.
518-бап. Рента шартының нысаны
Рента шартын нотариат куәландыруға тиiс, ал рентаны төлеу үшiн қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру көзделетiн шарт та мемлекеттік тiркелуден өтуге тиiс.
519-бап. Рента төлеу үшiн мүлiктi иелiктен айыру
1. Рента төлеу үшiн иелiктен айырылатын мүлiктi рента алушы рента төлеушiнiң меншiгiне ақы төлетiп немесе тегiн беруi мүмкiн.
2. Рента шартында мүлiктi ақы төлетiп беру көзделген жағдайларда тараптардың беру және төлеу жөніндегі қатынастарына сатып алу-сату шарты туралы ережелер (осы Кодекстiң 25-тарауы), ал мұндай мүлiк тегiн берiлетiн жағдайларда, егер осы тараудың ережелерiнде өзгеше белгiленбесе және шарттың мәнiне қайшы келмесе, сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 27-тарауы).
520-бап. Қозғалмайтын мүлiкке рента жүктеу
1. Рента жер учаскесiне, сондай-ақ оны төлейтiн етiп берiлген кәсiпорынға, үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлiкке құқық жүктейдi. Рента төлеушi осындай мүлiктi иелiктен айырған жағдайда оның рента шарты бойынша мiндеттемелерi мүлiктi сатып алушыға ауысады.
2. Рента жүктелiп берiлген, осы баптың 1-тармағында аталған мүлiктi басқа тұлғаның меншiгiне берген тұлға, егер осы Кодексте, басқа да заң актілерінде немесе шартта осы мiндеттеме бойынша бiрдей жауапкершiлiк көзделмесе, рента алушының рента шартының бұзылуына байланысты туған талаптары бойынша субсидиарлық жауапты болады (осы Кодекстiң 357-бабы).
521-бап. Рентаның төленуiн қамтамасыз ету
1. Жер учаскесi немесе басқа да қозғалмайтын мүлiк құқығы рента төлейтiн етiп берiлген кезде рента алушы рента төлеушiнiң мiндеттемесiн қамтамасыз ету үшiн осы мүлiктi кепiлге беру құқығын алады.
2. Рента төлеушiнiң мiндеттемелерiн (осы Кодекстiң 292-бабы) орындауды қамтамасыз ету не осы мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк тәуекелi рента алушының пайдасына сақтандыру мiндетiн белгiлейтiн талап ақша сомасын немесе өзге де қозғалатын мүлiктi рента төлейтiн етiп берудi көздейтiн шарттың елеулi талабы болып табылады.
3. Рента төлеушi осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған кезде, сондай-ақ рента алушы жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуден айырылған немесе қамтамасыз ету талаптарын нашарлатқан жағдайда рента алушы рента шартын бұзуға және рента шартының бұзылуынан келтірілген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.
522-бап. Рента төлеудiң мерзiмiн кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiк
Рента төлеу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн рента төлеушi рента алушыға, егер шартта тұрақсыздық айыбының өзгеше мөлшерi белгiленбесе, осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
2. Тұрақты рента
523-бап. Тұрақты рентаны алушы
1. Тек қана азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл олардың қызмет мақсаттарына сәйкес келсе, тұрақты рентаны алушылар бола алады.
2. Тұрақты рента шарты бойынша рента алушының құқықтары, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қойылатын талапқа жол беру және мұрагерлiк не құқық мирасқорлығы тәртібімен заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
524-бап. Тұрақты рентаның нысаны мен мөлшерi
1. Тұрақты рента шартта белгiленген мөлшерде ақшалай төленедi.
2. Шартта рентаны төлеу рентаның ақшалай сомасының құнына сәйкес келетiн заттар беру, жұмыстар атқару немесе қызметтер көрсету жолымен қарастырылуы мүмкiн.
3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшерi заң актілерінде белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне бара-бар өзгертiледi.
525-бап. Тұрақты рентаны төлеу мерзiмдерi
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн төленедi.
526-бап. Төлеушiнiң тұрақты рентаны сатып алу құқығы
1. Тұрақты рента төлеушi рентаны сатып алу жолымен оны одан әрi төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Бұлайша бас тарту рента төлеушi рента төлеу тоқтатылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей немесе шартта көзделген неғұрлым ұзақ мерзiмде жазбаша түрде мәлiмдеген жағдайда жарамды болады. Бұл орайда рента төлеу жөніндегі мiндеттеме, егер шартта сатып-алудың өзгеше тәртібі көзделмесе, рента алушы барлық сатып алу сомасын алғанға дейiн тоқтатылмайды.
3. Тұрақты рента төлеушiнiң оны сатып алу құқығынан бас тарту туралы шарт талабы жарамсыз болады.
Шартта тұрақты рентаны сатып алу құқығы рента алушының тiрi кезiнде не шарт жасалған кезден бастап отыз жылдан аспайтын өзге де мерзiм iшiнде жүзеге асырылмайтындығы көзделуi мүмкiн.
527-бап. Тұрақты рентаны рента алушының талабы бойынша сатып алу
Рента алушы:
1) егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента төлеушi оның төленуiн бiр жылдан астам уақытқа кешiктiрген;
2) рента төлеушi рентаның төленуiн қамтамасыз ету жөніндегі өз мiндеттемелерiн бұзған (осы Кодекстiң 521-бабы);
3) рента төлеушi төлемге қабiлетсiз деп танылған не оның шартта белгiленген мөлшер мен мерзiмде рента төлей алмайтынын айқын куәландыратын өзге де мән-жайлар пайда болған;
4) рента төлемi ретiнде берiлген қозғалмайтын мүлiк жалпы меншiкке түскен немесе бiрнеше тұлғалар арасында бөлiнген жағдайларда;
5) шартта көзделген басқа да жағдайларда төлеушiнiң рентаны сатып алуын талап етуге құқылы.
528-бап. Тұрақты рентаның сатып алу бағасы
1. Тұрақты рентаны сатып алу осы Кодекстiң 526 және 527-баптарында көзделген жағдайларда шартта белгiленген баға бойынша жүргiзiледi.
2. Шартта рента төлемi ретiне төлеу үшiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу рента төлемдерiнiң жылдық сомасына сәйкес баға бойынша жүзеге асырылады.
3. Шартта рента төлемiн төлеуге тегiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу бағасына рента төлемдерiнiң жылдық сомасымен қатар берiлген мүлiктiң бағасы да қосылады.
529-бап. Тұрақты рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi
1. Тұрақты рента төлемi ретiнде тегiн берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупін рента төлеушi мойнына алады.
2. Тұрақты рента төлемi ретiнде төлеу үшiн берiлген мүлiк кездейсоқ жойылған немесе кездейсоқ бүлiнген кезде төлеушi тиiсiнше рента төлеу жөніндегі мiндеттемесiн тоқтатуды немесе оны төлеу талаптарын өзгертудi талап етуге құқылы.
3. Ғұмырлық рента
530-бап. Ғұмырлық рента алушылар
1. Рента төлемi ретiнде мүлiк берген азаматтың өмiрi кезеңiне не ол көрсеткен басқа азаматтың өмiрi кезеңiне ғұмырлық рента белгiленуi мүмкiн.
2. Егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента алу құқығындағы үлестерi тең деп саналған бiрнеше азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлеуге жол берiледi.
Рента алушының бiреуi қайтыс болған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның рента алу құқығындағы үлесi тiрi қалған рента алушыларға ауысады, ал соңғы рента алушы қайтыс болған жағдайда рента төлеу мiндеттемесi тоқтатылады.
3. Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлейтiн шарт жарамсыз болады.
531-бап. Ғұмырлық рентаның мөлшері
1. Ғұмырлық рента шартта рента алушыға оның өмiр сүруi кезiнде мезгiл-мезгiл төленiп тұратын ақша сомасы ретінде белгiленедi. Тараптар өмiр бойы асырауда ұстау туралы шарт жасасқан жағдайларда шартта мұндай асыраудың ақшалай бағасы белгiленуге тиiс.
2. Егер ғұмырлық рента шартында өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшері бір айға шаққанда заң актілерінде белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауға тиiс.
532-бап. Ғұмырлық рентаны төлеу мерзiмдерi
Егер шартта өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента әрбiр күнтiзбелiк ай аяқталғанда төленедi.
533-бап. Ғұмырлық рента шартын рента алушының талап етуi бойынша бұзу
1. Төлеушi шарт талаптарын елеулi түрде бұзған жағдайда рента алушы рента төлеушiден осы Кодекстiң 528-бабында көзделген талаптармен рентаны сатып алуды не шартты бұзуды талап етуге құқылы.
2. Егер пәтер, тұрғын үй немесе өзге де мүлiк ғұмырлық рента төлемi ретiнде тегiн иелiктен айырылса, рента төлеушi шарт талаптарын елеулi түрде бұзған кезде рента алушы осы мүлiктi оның құнын рентаның сатып алу бағасына есептей отырып қайтаруды талап етуге құқылы.
534-бап. Рента төлемі ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу қаупi
Ғұмырлық рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүлiнуi рента төлеушiнi шартта көзделген талаптар бойынша оны төлеу мiндеттемесiнен босатпайды.
4. Өмiр бойы асырауда ұстау
535-бап. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты
1. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын мүлiктi сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi.
2. Өмiр бойы асырауда ұстау шартына, егер осы параграфтың ережелерiнде өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента туралы ережелер қолданылады.
536-бап. Асырауда ұстауға беру жөніндегі мiндет
1. Рента төлеушiнiң асырауда ұстауға беру жөніндегі мiндетiне тұрғын үйге, тамақ пен киiмге, күтiм жасауға және қажеттi көмекке деген қажеттерiн қамтамасыз ету енгiзiлуi мүмкiн.
Шартта рента төлеушiнiң салт-жора қызметiн көрсетуге ақы төлеуi де көзделуi мүмкiн.
2. Шартта жалпы асырауда ұстау көлемiнiң құны айқындалуға тиiс. Бұл орайда жалпы асырауда ұстау көлемi айына заң актілерінде белгiленген ең төменгi екi жалақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
3. Азаматқа берiлетiн немесе берiлуге тиiстi асырауда ұстау көлемi туралы тараптар арасында туған дауды шешу кезiнде сот адалдық пен парасаттылық принциптерiн басшылыққа алуға тиiс.
537-бап. Өмiр бойы асырауда ұстауды мерзiмдiк төлеммен ауыстыру
Шартта асырауда ұстауға заттай берудi ақшалай мерзiмдiк төлеммен ауыстыру мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.
538-бап. Өмiр бойы асырауда ұстауды қамтамасыз ету үшiн берiлген мүлiктi иелiктен айыру және пайдалану
1. Рента төлеушi өзiне өмiр бойы асырауда ұстауды қамтамасыз ету үшiн берiлген қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыруға, кепiлге беруге және өзге де әдiспен жүктеуге рента алушының алдын ала келісімi болғанда ғана құқылы.
2. Рента төлеушi өмiр бойы асырауда ұстауға берiлген кезеңде аталған мүлiктi пайдалану осы мүлiктiң құнын оның табиғи тозуынан тыс төмендетуге әкеп соқпау үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
539-бап. Өмiр бойы асырауда ұстауды тоқтату
1. Өмiр бойы асырауда ұстау мiндеттемесi рента алушы қайтыс болғанда тоқтатылады.
2. Рента төлеушi өз мiндеттемелерiн елеулi түрде бұзған кезде рента алушы өмiр бойы асырауды қамтамасыз етуге берiлген қозғалмайтын мүлiктi қайтаруды не осы Кодекстiң 528-бабында белгiленген жағдайда өзiне сатып алу бағасын төлеудi талап етуге құқылы. Бұл орайда рента төлеушiнiң рента алушыны асырауда ұстауға байланысты жасалған шығындарды өтеудi талап етуге құқығы жоқ.
29-тарау. Мүлік жалдау (аренда)
1. Жалпы ережелер
540-бап. Мүлiк жалдау шарты
1. Мүлiк жалдау (аренда) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.
2. Жалға алушы жалға алған мүлiкке осы Кодексте белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша иелiк етуге құқылы.
3. Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлiктi ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлерi де мүлiк жалдау шарттарына жатады.
541-бап. Мүлiк жалдау объектiлерi
1. Мүлiк жалдауға кәсiпорындар мен басқа да мүлiктiк кешендер, жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлiк құралдары және оларды пайдалану процесiнде өздерiнiң табиғи қасиеттерiн жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берiлуi мүмкiн.
2. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар мүлiк жалдау объектiсi болуы мүмкiн.
3. Заң актілерінде мүлiктi жалдауға тапсыруға жол берiлмейтiн немесе шектеу жасалатын мүлiк түрлерi белгiленуi мүмкiн.
4. Заң актілерінде тұрғын үй-жайларды, жер учаскелерiн, жер қойнауы учаскелерiн және басқа да оқшауланған табиғи объектiлердi, соның iшiнде концессиялық келісімдер негiзiнде, сондай-ақ өзге де жағдайларда мүлiктiк жалдауға беру ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
542-бап. Мүлiк жалдау шартының талаптары
Мүлiк жалдау шартында жалға алушыға мүлiктi жалдау объектiсi ретiнде берiлуге тиесiлi мүлiктi анықтауға мүмкiндiк беретiн деректер көрсетiлуге тиiс.
Шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлiктi жалдауға берiлуге тиесiлi объект туралы талап тараптармен келісілмеген деп, ал тиiстi шарт жасалмаған деп есептеледi.
543-бап. Жалға берушi
Мүлiктi жалға беру құқығы оның меншiк иесiне тиесiлi.
Заң актілерінде уәкiлдiк берiлген немесе меншiк иесi мүлкiн жалға берудi тапсырған тұлғалар да жалға берушiлер бола алады.
544-бап. Мүлiк жалдау шартының нысаны
1. Бiр жылдан астам мерзiмге жасалған, ал егер тараптардың бiреуi заңды тұлға болса, мерзiмiне қарамай-ақ, мүлiк жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.
2. Қозғалмайтын мүлiктi мүлiктiк жалдау шарты, егер заңда өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік тiркеуге жатады.
3. Азаматтар арасындағы бiр жылға дейiнгi мерзiмге мүлiк жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкiн.
4. Мүлiкке меншiк құқығының кейiннен жалға алушыға ауысуын көздейтiн мүлiк жалдау шарты сондай мүлiктi сатып алу-сату шарты үшiн көзделген нысанда жасалады.
545-бап. Мүлiк жалдау шартының мерзiмi
1. Мүлiк жалдау шарты шартта белгiленген мерзiмге жасалады.
2. Егер мүлiк жалдау шарты мерзiмi көрсетiлмей жасалса, ол белгiсiз мерзiмге жасалған деп есептеледi.
Қозғалмайтын мүлiктi жалдаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, әрбiр тарап екiншi тарапқа үш ай бұрын ескертiп, мұндай шарттан кез келген уақытта және өзге мүлiктi жалдаған жағдайда, бiр ай iшiнде бас тартуға құқылы.
3. Заң актілерінде мүлiк жалдаудың жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ мүлiктiң жекелеген түрлерiн жалдау үшiн шарттың барынша ұзақ (шектi) мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда, егер шартта жалдау мерзiмi белгiленбесе және заң актілерінде белгiленген шектi мерзiм бiткенге дейiн тараптардың ешқайсысы шарттан бас тартпаса, шарт шектi мерзiмiнiң бiтуiне қарай тоқтатылады.
Бұл жағдайда заң актілерінде белгiленген шектi мерзiмнен асатын мүлiк жалдау шарты барынша ұзақ (шектi) мерзiмге тең етiп жасалған деп есептеледi.
546-бап. Мүлiк жалдау шарты бойынша жасалатын төлем
1. Жалға алынған мүлiктi пайдалану үшiн төлемдi, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шартта белгiленген тәртiп, мерзiм мен нысан бойынша жалға алушы төлейдi. Шартта олар айқындалмаған жағдайларда салыстырмалы мән-жайларда әдетте сол секiлдi мүлiктi жалға алған кезде қолданылатын тәртiп, мерзiм мен нысан белгiленген деп есептеледi.
2. Төлем барлық жалданылған мүлiк үшiн тұтас немесе оның құрамдас бөлiктерiнiң әрқайсысы бойынша жеке:
1) мерзiмдiк немесе бiржолғы енгiзiлетiн төлемдердiң тұрлаулы сомасында белгiленген;
2) жалданылған мүлiктi, өнiмдi, жемiстердi немесе кiрiстердi пайдалану нәтижесiнде алынған белгiлi бiр үлес;
3) жалға алушының белгiлi бiр қызмет көрсетулерi;
4) жалға алушының шартта келісілген затты жалға берушiнiң меншiгiне немесе жалдауына беруi;
5) жалға алушыға жалданылған мүлiктi жақсарту жөнiнде шартта келісілген шығындарды жүктеуi түрiнде белгiленедi.
Тараптар шартта мүлiктi немесе өзге де төлем нысандарын пайдалану үшiн аталған төлем нысандарын ұштастыруды көздеуi мүмкін.
3. Мүлiктi пайдаланғаны үшiн жасалатын төлем мөлшерi, егер тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, кем дегенде жылына бiр рет өзгертiлуi мүмкiн. Заң актілерінде мүлiк жалдаудың жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ мүлiктiң жекелеген түрлерiн жалдау үшiн жасалатын төлем мөлшерін қайта қарауға өзге де ең аз мерзімдер көзделуі мүмкін.
4. Орталықтандырылып белгіленген баға мен тарифтер өзгертілген жағдайда тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша төлем мөлшерi қайта қаралуы мүмкiн.
5. Егер жалға алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты шартта көзделген пайдалану жағдайлары немесе мүлiктiң жай-күйi едәуiр нашарлап кетсе, заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ол төлемдi тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы.
6. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлем төлеу мерзiмiн елеулi түрде бұзған жағдайда жалға берушi одан төлемдi жалға берушi белгiлеген мерзiмнен бұрын төлеудi талап етуге құқылы. Бұл ретте жалға берушiнiң төлемдi қатарынан екi мерзiмнен астам уақытқа мерзiмiнен бұрын төлеудi талап етуге құқығы жоқ.
547-бап. Мүлiктi жалға алушыға беру
1. Жалға берушi мүлiктi жалға алушыға шарт талаптары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес келетiн күйде беруге мiндеттi.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк жалға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртібін куәландыратын және т.б. құжаттармен) бiрге берiледi.
Егер мұндай керек-жарақтар мен құжаттар берiлмеген болса, алайда жалға алушы мүлiктi оларсыз мақсатқа сәйкес пайдалана алмаса не шарт жасасу кезiнде үмiт етуге құқығы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылатын болса, ол өзiне жалға берушiден мұндай керек-жарақтар мен құжаттарды берудi немесе шартты бұзуды талап ете алады.
3. Егер жалға беруші жалға берiлген мүлiктi жалға алушыға шартта көрсетiлген мерзiмде бермесе, ал шартта мұндай мерзiм көрсетiлмесе, жалға алушы қисынды мерзiмде одан осы Кодекстiң 355-бабына сәйкес сол мүлiктi талап етуге немесе шартты бұзуды талап етуге құқылы.
548-бап. Жалға берушiнiң жалға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерi үшiн жауапкершiлiгi
1. Жалға берyшi жалға берiлген мүлiктiң оны пайдалануға толық немесе iшiнара кедергi жасайтын кемшiлiктерi үшiн, тiптi ол шарт жасалған кезде бұл кемшiлiктер туралы бiлмесе де, жауап бередi.
Осындай кемшiлiктер табылған жағдайда жалға алушы жалға берушiден өз қалауы бойынша:
1) мүлiктiң кемшiлiктерiн тегiн жоюды;
2) жалдау ақысын соған мөлшерлес азайтуды;
3) жалға берушiге бұл туралы алдын ала хабарлай отырып, сол кемшiлiктердi жою жолында өзi жасаған шығындар сомасын мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемнен ұстап қалуды;
4) шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
2. Жалға алушының талаптары туралы немесе оның мүлiктiң кемшiлiктерiн жалға берушiнiң есебiнен жою ниетi туралы хабарланған жалға беруші жалға алушының келісімімен жалға берілген мүлікті тез арада тиiстi жағдайда тұрған басқа осыған ұқсас мүлiкпен ауыстыра алады не мүлiктiң кемшiлiктерiн тегiн жоя алады.
3. Егер жалға алушының талаптарын қанағаттандыру немесе оның мүлiктi пайдаланғаны үшiн жасалатын төлемнен кемшiлiктi жоюға кеткен шығындарын ұстап қалу жалға алушыға келтiрiлген залалды өтеуге жетпесе, ол шығынның өтелмеген бөлiгiн өтеудi талап етуге құқылы.
4. Жалға берушi жалға берiлген мүлiктiң шарт жасасқан кезде айтылған немесе жалға алушыға бұрыннан белгiлi болған кемшiлiктерi үшiн жауап бермейдi.
549-бап. Жалға берiлетiн мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтары
1. Мүлiктi жалға беру бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтарын тоқтату немесе өзгерту үшiн негiз болып табылмайды.
2. Жалға берушi шарт жасасқан кезде жалға алушыға жалға берiлетiн мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепiл құқығы және т.б.) туралы ескертуге мiндеттi.
Бұл ереженi орындамау жалға алушыға мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлемдi азайтуды не шартты бұзуды талап етуге құқық бередi.
550-бап. Жалға алған мүлiктi пайдалану
Жалға алушы мүлiктi шарт талаптарына сәйкес, ал егер шартта мұндай талаптар белгiленбесе, мүлiктiң мақсатына сәйкес пайдалануға мiндеттi.
551-бап. Жалға алушының жалға алған мүлiкке билiк ету шегi
1. Егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, жалға алушы жалға берушiнiң келісімiмен жалға алған мүлiктi қосымша жалдауға (қосалқы аренда), мүлiктi жалға алу шарты бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруге (қайта жалға беру), жалға алған мүлiктi тегiн пайдалануға беруге, сондай-ақ осы құқықтарды кепiлге беруге және оларды шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде салуға құқылы. Аталған жағдайларда, қайта жалға берудi қоспағанда, жалға алушы жалға берушiнiң алдында шарт бойынша жауапты болып қала бередi.
2. Мүлiктi басқа тұлғаларға беру туралы шартты жалдау шартының мерзiмiнен асатын мерзiмге жасауға болмайды.
3. Қайта жалға беру шартына, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, мүлiк жалдау шарты туралы ережелер қолданылады.
552-бап. Жалға берушiнiң жалға берiлген мүлiктi ұстап-тұту жөніндегі мiндеттерi
1. Жалға берушi жалға берiлген мүлiкке тараптармен келісілген мерзiмдерде, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өз есебінен күрделi жөндеу жүргiзуге мiндеттi.
2. Жалға алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайда болып, шұғыл қажеттілік туғызған жөндеудi, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушi қисынды мерзiмдерде өз есебiнен жүргiзедi.
3. Жалға берушiнiң күрделi жөндеу жөніндегі мiндеттерiн атқармауы жалға алушыға өз қалауы бойынша:
1) жөндеудi өз бетiнше жүргiзуiне және жөндеу құнын жалға берушiден өндiрiп алуына;
2) жөндеу құнын шарт бойынша төлемнiң есебiне есептеуiне;
3) шарт бойынша төлемдi тиiсiнше азайтуды талап етуiне;
4) шарттан бас тартуына құқық бередi.
553-бап. Жалға алушының жалданған мүлiктi ұстап-тұту жөніндегі мiндеттерi
Жалға алушы, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi дұрыс күйде ұстап-тұтуға, ағымдағы жөндеудi өз есебiнен жүргiзуге және мүлiктi ұстап-тұтуға кететiн шығындарды көтеруге мiндеттi.
554-бап. Жалға алушының жалданған мүлiктен алынатын өнiмге, жемiстерге және өзге де кiрiстерге меншiк құқығы
Жалданған мүлiктi пайдалану нәтижесiнде жалға алушының алған өнiмi, жемiстерi және өзге де кiрiстерi, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, оның меншiгi болып табылады.
555-бап. Мүлiктi жақсарту
1. Жалданған мүлiктiң жалға алушы жүргiзген бөлiгiнiң ажыратылып жақсартылуы, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның меншiгi болып табылады.
2. Жалға алушы өз қаражаты есебiнен және жалға берушiнiң келісімiмен, жалданған мүлiкке зиян келтiрмей ажыратуға болмайтын жақсарту жүргiзсе, шартта өзгеше көзделмегендiктен, оның шарт тоқтағаннан кейiн осы жақсартудың құнын өтеттiрiп алуға құқығы бар.
3. Жалға алушының жалға берушiнiң келісімiнсiз жүргiзген ажыратуға болмайтын жақсартуының құны, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өтеуге жатпайды.
556-бап. Тараптардың бiреуiнiң талап етуi бойынша мүлiктi жалға алу шартын өзгерту және бұзу
1. Тараптардың біреуiнiң талап етуi бойынша мүлiктi жалға алу шарты осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе шартта көзделген жағдайларда сот тәртібімен өзгертiлуi немесе мерзімiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
2. Жалға берушiнiң талабы бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер жалға алушы мүлiктi шарт талаптарын немесе мүлiктiң мақсатын елеулi түрде бұзып, жалға берушiнiң мұндай iс-әрекеттi тоқтату туралы жазбаша ескертуiне қарамастан пайдаланса;
2) егер жалға алушы қасақана немесе абайсызда мүлiктi елеулi түрде нашарлатса;
3) егер жалға алушы мүлiктi пайдаланғаны үшiн шартта белгiленген төлем мерзiмiнiң өтуi бойынша екi реттен астам төлем жасамаса;
4) егер жалға алушы жалға алу шартында белгiленген мерзiмде мүлікті күрделі жөндеуден өткізбесе, ал ол шартта көрсетілмеген жағдайда - заң актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделi жөндеу мiндетi жалға алушыға жүктелген жағдайларда, оны қисынды мерзiмде өткiзбесе, мүлiктi жалға алу шарты бұзылып, мүлiк жалға берушiге қайтарылуы мүмкiн.
Жалға берушi жалға алушыға өз мiндетiн қисынды мерзiмде орындауға мүмкiндiк берiлгеннен кейiн ғана шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
3. Жалға алушының талап етуiмен шарт мынадай жағдайларда:
1) жалға берушi мүлiктi жалға алушыға пайдалануға бермеген не мүлiкті шарт талаптарына немесе мүлiктiң мақсатына сәйкес пайдалануға кедергi жасаған;
2) жалға беруші өзiне жүктелген мүлiктi күрделi жөндеу мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде, ал ол шартта болмаған жағдайда - қисынды мерзiмде жүргiзбеген;