1) 50-баптың 6-тармағының д-1) тармақшасындағы "бірінші басшы немесе сот орындаушысы қол қойып, іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал" деген сөздер "сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 51-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Атқарушылық іс жүргізу органдары атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салуды қолданған жағдайда, тыйым салу қолданылатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеу үшін қажетті сомадан, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар мен атқару құжатын орындау жөніндегі шығыстар сомасынан аспауға тиіс.".
10. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағындағы "соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөнінде" деген сөздер алып тасталсын;
2) 2-бапта:
1) тармақша "кезінде" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сот үйлерін күзетуді қамтамасыз ету, судьяларды және процестің басқа да қатысушыларын күзету, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерін жасау кезінде сот орындаушылары мен осы іс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзету;";
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Сот приставтарының қызметін ұйымдастыру және оларды
тағайындау тәртібi
1. Сот приставтарының бөлімшелерін:
1) уәкілетті органның аудандардағы, қалалардағы және қалалар аудандарындағы аумақтық бөлімдеріндегі (бұдан әрі - аумақтық бөлімдер), облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарындағы (бұдан әрі - аумақтық органдар) - атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);
2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы құрады.
2. Аумақтық бөлімдерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты уәкілетті орган, оның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдері жүзеге асырады.
Уәкілетті орган:
1) сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады;
2) сот приставтары кадрларын оқытумен, олардың кәсіби даярлығын арттырумен айналысады;
3) сот приставтары қызметінің тәжірибесін жинақтап қорытады, соның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
4) сот приставтары қызметінің статистикалық есебін жүргізумен айналысады;
5) басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен атқару құжаттарының орындалуын және соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
6) сот приставтарының бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты жүзеге асырады.
4. Аумақтық органдар мен аумақтық бөлімдерде сот приставтарын тиісті аумақтық органдардың басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
5. Сот приставтары бөлімшелерінің штат санын тиісінше уәкілетті органның басшысы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін штат саны шегінде бекітеді.";
4) 7-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде азаматтардың белгіленген тәртіпті сақтауын және құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтатуын талап етуге;";
2) тармақша "құқық бұзушыны" деген сөздердің алдынан "және сот орындаушылары атқарушылық іс-әрекеттер жасаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) судьяларды және сот процесіне қатысатын өзге де тұлғаларды, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерді жасаған кезде осындай іс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзетуді жүзеге асыруға;";
5) тармақша "үй-жайында" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттерді жасаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 8-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдері қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға, қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы аумақтық бөлімнің басшысына хабарлауға міндетті, аумақтық бөлім басшысы осындай жағдайлар жөнінде аумақтық органның басшысына хабарлауға міндетті. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерінің қолданылғаны туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының басшысына хабарлауға міндетті.
Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсілдерін қолданудың адамдар өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбір жағдайында дереу прокурорға хабарланады.";
6-тармақта:
"тізбесі заңдарда белгіленген тәртіппен бекітіледі" деген сөздер "тізбесін және оларды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппаратына" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Сот приставтарының қызметін бақылау
1. Аумақтық бөлімдерде сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдері жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган сот приставтарының қызметін бақылауды жүзеге асыру кезінде аумақтық органдар мен аумақтық бөлімдердегі сот приставтары қызметінің ұйымдастырылуына тексеру жүргізеді.
Уәкілетті органның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдері сот приставтарының қызметін бақылауды жүзеге асыру кезінде аумақтық бөлімдердегі сот приставтары қызметінің ұйымдастырылуына тексеру жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметін бақылауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты жүзеге асырады.".
11. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 3-баптың 6-тармағы "органдарының" деген сөзден кейін ", өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 70-баптың 6-тармағында:
бірінші бөлік "бағалау" деген сөзден кейін ", одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік "бағалау" деген сөзден кейін ", одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат):
1) 14-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақша жөнелтушінің банк шотында ақша жеткіліксіз болған кезде салық қызметі органдарының салық берешегін өндіріп алу туралы және атқарушылық іс жүргізу органдарының атқару құжаттары бойынша инкассолық өкімін орындау мұндай шотқа ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.";
2) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Сот актісін және сот орындаушысының қаулысын орындау
ерекшеліктерi
1. Қазақстан Республикасы сотының ақша өндіріп алу туралы сот актісі, сондай-ақ сот орындаушысының заңды тұлғаның банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттарының бар екендігі және олардың нөмірлері жөніндегі ақпаратты сұратып алу туралы және борышкердің банктегі ақшасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкция берген қаулысы не оның атқарушылық іс жүргізу органының аумақтық бөлімінің мөрімен расталған көшірмесі, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық банктерге ұсынылады.
2. Банктер аталған құжаттарды алған күннен кейінгі операциялық екі күннен кешіктірмей сотқа (сот орындаушысына) қажетті мәліметтерді жіберуге міндетті. Мәліметтер ақша өндіріп алу жүргізілетін тұлғалардың банк шоттарының бар екені туралы не олардың жоқ екені туралы деректерді қамтуға тиіс; банк шоттары бар болған кезде банк шоттарының барлық қажетті реквизиттері және осы банк шоттарында жатқан қалдықтардың мөлшері көрсетілуге тиіс. Сот орындаушысына жіберілетін мәліметтерде тыйым салу қолданылған ақша сомасы да көрсетілуге тиіс.
3. Сот (сот орындаушысы) банктерден аталған мәліметтерді алғаннан кейін ақша өндіріп алу туралы сот актісін орындау жөніндегі міндет жүктелетін банкті (банктерді) анықтайды және сондай банкке (банктерге) тиісті атқару құжатын не оның сот мөрімен расталған көшірмесін қоса тіркей отырып нұсқау жібереді.
4. Егер сотта (сот орындаушысында) ақша өндіріп алынуға тиіс тұлғаның банк шотында ақшаның бар екені туралы мәлімет бар болса, онда сот орындаушысының тиісті атқару құжаты қоса тіркелген нұсқауы тікелей тиісті банкке орындау үшін ұсынылады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің тұрған жері және олардың бірінші басшыларының деректері көрсетілген банктердің тізімін тоқсан сайын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның назарына жеткізеді. Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алған тізімді жергілікті соттар мен сот орындаушыларының назарына жеткізеді.".
13. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";
2) 4-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Атқарушылық іс жүргізу органдары қызметкерінің қызметтік іс-әрекетіне, заңнамалық актілермен тікелей уәкілеттік берілген адамдардан басқа, ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Атқарушылық іс жүргізу органдары қызметкерінің іс-әрекетіне заңға қайшы араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.";
3) 6-бап "құжаты" деген сөзден кейін "және сот орындаушысының осы заңның 10-бабына сәйкес ерікті орындау үшін белгілеген мерзімінің өтуі" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 10-баптың екінші бөлігіндегі "құжаттарын" деген сөз "құжаттарының орындалуын" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мерзімді өндіріп алу туралы атқару құжаттарын қоспағанда, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, атқару құжаттары бойынша орындау атқарушылық іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі ай мерзімде аяқталуға тиіс.";
6) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда бұл туралы сот орындаушысы қаулы шығарады. Атқару құжаты не оның көшірмесі тиісті белгі соғылып, сотқа немесе құжатты берген басқа органға жіберіледі. Сонымен бір мезгілде орындауды қамтамасыз ету шараларының күші жойылуға тиіс. Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасы негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқару санкциясы өндіріп алынуға тиіс атқару құжаттары бойынша орындауды қамтамасыз ету шараларының күші санкцияны өндіріп алғаннан кейін ғана жойылуға тиіс. Атқару құжатының орындауға берілу мерзімін сот қалпына келтірген не сот орындаушысының ол бойынша іс жүргізу тоқтатылған атқару құжатын орындау жөніндегі іс-әрекеті заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды.";
7) 21-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы "жоқ болса" деген сөздерден кейін "және оның мүліктерін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермеген кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Мемлекет өндіріп алушы болып табылатын атқару құжаты сотқа қайтарылады.";
8) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2, 28-3, 28-4, 28-5-баптармен толықтырылсын:
"28-1-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі құқықтық мұрагерлік
Борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, талаптан бас тартылған, борыш ауысқан) жағдайда сот орындаушысы шешім шығарған сотқа борышкерді оның құқықтық мұрагерімен ауыстыру туралы ұйғарым шығару жөнінде ұсыныс жіберуге құқылы. Құқықтық мұрагер үшін ол атқарушылық іс жүргізуге кіріскенге дейін жасалған барлық іс-әрекеттер борышкер үшін міндетті болатындай дәрежеде міндетті болады.
28-2-бап. Атқарушылық іс жүргізуге тараптар өкілдерінің
қатысуы
1. Жеке тұлғалар атқарушылық іс жүргізуге дербес немесе өкілдері арқылы қатыса алады. Атқарушылық іс жүргізуге жеке тұлғаның өзінің қатысуы оны өз өкілі болуы құқығынан айырмайды. Егер атқару құжаты бойынша борышкерге оның өзі ғана орындай алатын міндеттер жүктелсе, онда борышкер оларды орындау кезінде өкіл арқылы әрекет етуге құқылы емес.
2. Ұйымдардың атқарушылық іс жүргізуге қатысуы олардың өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен және құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін органдары не аталған органдардың өкілдері арқылы жүзеге асырылады.
Ұйым атынан өкілдік ететін адамдардың өз лауазымдық жағдайлары мен өкілеттіктерін растайтын құжаттары болуға тиіс.
3. Өкілдің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхатпен куәландырылады.
28-3-бап. Өкілдің өкілеттіктерi
1. Атқарушылық іс жүргізуге қатысатын өкіл атқарушылық іс жүргізумен байланысты барлық іс-әрекеттерді өкілдік берушінің атынан жасауға құқылы.
2. Өкілдік беруші беретін сенімхатта өкілдің мынадай іс-әрекеттер жасауға:
1) атқару құжатын ұсынуға және кері қайтарып алуға;
2) өкілеттіктерді басқа тұлғаға беруге (қайта сенім білдіруге);
3) сот орындаушысының іс-әрекеттеріне шағым жасауға;
4) ұйғарылған мүлікті (соның ішінде ақшаны) алуға;
5) бітімгершілік келісім жасасуға өкілеттіктері арнайы ескертілуге тиіс.
28-4-бап. Өкіл бола алмайтын адамдар
1. Он сегіз жасқа толмаған немесе қорғаншылықта не қамқоршылықта болатын адамдар атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды.
2. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар, өкілді органдардың депутаттары, атқарушылық іс жүргізу органдарының және сот аппаратының қызметкерлері, тиісті ұйымдардың уәкілі немесе заңды өкілдері ретінде атқарушылық іс жүргізуге олардың қатысу жағдайларын қоспағанда, атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды.
Адам, егер мүдделері өзі өкілдік ететін адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, сондай-ақ егер ол атқарушылық іс жүргізу органының қызметкерімен туыстық қатынаста болса, өкіл бола алмайды.
28-5-бап. Заңды өкілдер
1. Атқарушылық іс жүргізуде кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін заңды өкілдері - олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары немесе қамқоршылары қорғайды, олар өз өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарын табыс етеді.
Заңды өкілдер іс-әрекет жасау құқығына заңда көзделген шектеулері бар өкілдік берушіге тиесілі барлық сондай іс-әрекеттерді өкілдік берушінің атынан жасайды.
2. Сот хабарсыз кетті деп таныған адам қатысатын атқарушылық іс жүргізуге оның өкілі ретінде, хабарсыз кеткеннің мүлкі басқаруға берілген және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өкіл ретінде тағайындалған адамдар қатысады.
3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиіс атқарушылық іс жүргізу бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаған болса, өсиетті орындаушы немесе мұраны сенімгерлікпен басқарушы мұрагердің өкілі ретінде қатысады.
4. Заңды өкілдер атқарушылық іс жүргізуге қатысуды өздері өкіл ретінде таңдап алған басқа тұлғаға тапсыруы мүмкін.";
9) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот орындаушысынан бас тарту туралы мәселені аумақтық бөлім басшысы шешеді, бұл жөнінде тиісті дәлелді қаулы шығарылады.
Аудармашыдан немесе маманнан бас тарту туралы мәселені сот орындаушысы шешеді, бұл жөнінде аумақтық бөлім басшысы бекітетін тиісті дәлелді қаулы шығарылады.";
10) 35-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Борышкердің қолма-қол ақша сомалары, соның ішінде борышкер кассасының сейфінде сақталатын және осы кассаның оқшауланған бөлмесінде немесе борышкердің өзге де бөлмелерінде сақталатын ақша сомалары, егер олардың борышкерге тиесілі екендігі анық белгілі болса, табылғаннан кейін дереу алып қойылуға тиіс.";
3-тармақ "сол қалпында" деген сөздердің алдынан "сатпай" деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші сөйлемдермен толықтырылсын:
"Борышкердің басқа мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, өндіріп алу борышкердің атқару құжаты бойынша құны өндіріп алу мөлшерінен асатын мүлкіне қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, мүлікті сатқаннан кейін түскен сома, атқару құжаты бойынша өндіріп алынған сомалар мен орындау жөніндегі шығыстар шегеріле отырып, борышкерге қайтарылады.";
11) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"38-бап. Борышкердің басқа тұлғалардағы ақшалай сомалары мен
басқа мүлкінен өндіріп алу
1. Борышкердің басқа тұлғалардағы ақшалай сомаларынан, сондай-ақ басқа мүлкінен өндіріп алу кезінде сот орындаушысы оларға тыйым салады және мәжбүрлеп орындатуға шаралар қолданады.
2. Борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндіріп алуды сот орындаушысы инкассолық өкім ұсыну арқылы жүзеге асырады. Инкассолық өкімге атқару құжаттарының түпнұсқасы не олардың сот мөрімен расталған көшірмелері қоса тіркеледі.
3. Борышкердің банк шотында теңге түріндегі ақшалай сомалары болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген тәртіппен анықталған валюта айырбастаудың төлем жасалатын күнгі нарықтық бағамын қолдана отырып, сот орындаушысы теңгемен есептеп ұсынған инкассолық өкімдер негізінде өндіріп алу борышкердің банк шоттарынан шетелдік валютамен жүргізіледі.
4. Инкассолық өкімді кері қайтарып алу аумақтық атқарушылық іс жүргізу органы басшысының жазбаша келісімімен жүргізіледі.";
12) 40-бапта:
1-тармақтағы "банк және өзге де несие мекемелеріндегі борышкердің" деген сөздер "борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 41-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы Заңның 35-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, тізімделетін мүліктің құны атқару құжаты бойынша өндіріп алудың мөлшерінен асып түсуі мүмкін.";
14) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мүлікке өндіріп алуды қолдану кезінде сот орындаушысы оның борышкерге тиесілі екендігін, шынайы құнын және ондағы ауыртпалықты анықтайды. Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын мүліктің кімге тиесілі екенін анықтау қиын болған және бұл мүлік борышкерге тиесілі деп жорамалдауға негіз болған жағдайда, сот орындаушысы оның тиесілігі анықталғанға дейін мүлікке уақытша тыйым салуға құқылы. Бұл ретте, борышкер, егер мүлік оған тиесілі болмаса, алып қойылған мүліктің тиесілігін анықтайтын қажетті дәлелдерді сот орындаушысына беруге міндетті.";
15) 49-баптың 3-тармағында:
"бағаланған сомасында" деген сөздер "соңғы жарияланған бағасы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте мүлік тыйым салудан босатылады.";
16) 50-бап "сатылады" деген сөзден кейін "немесе пайдаланылады" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 57-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде," деген сөздер "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ басқа да өндіріп алулар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 68-1-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қоныс аударту атқару құжатында көрсетілген үй-жайды қоныс аударушыдан (аударушылардан), оның (олардың) мүліктерінен, үй жануарларынан босатудан және қоныс аударушының (аударушылардың) босатылған үй-жайды пайдалануына тыйым салудан тұрады.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Борышкердің мүлкін сақтау үш жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады, оның аяқталуына қарай аталған мүлік иесіз мүлікті сату үшін белгіленген тәртіппен сатылады.";
19) 75-баптың 1-тармағындағы "өндіріп алушы немесе мемлекет" деген сөздер "шығын шеккен тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"77-бап. Атқару санкциясы
1. Атқару құжаты толық орындалғаннан кейін сот орындаушысы өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының он проценті мөлшерінде борышкерден немесе атқару құжаттары бойынша мүліктік емес сипаттағы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке тұлғалардан және жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде заңды тұлғалардан атқару санкциясын өндіріп алу туралы ұсыныс шығарып, оны сотқа жібереді. Егер борышкер атқару құжатын өзіне сот орындаушысы осы Заңның 10-бабына сәйкес белгілеген мерзімде толық көлемде орындаса, сондай-ақ атқару құжаты бойынша өндіріп алынған соманың он проценті мөлшерінде өндіріп алынуға тиіс атқару санкциясы бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, атқару санкциясы өндіріп алынбайды.
2. Атқару санкциясы республикалық бюджетке аударылады.";
21) 86-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) және 10-1) тармақшаларымен толықтырылсын:
"9-1) атқару құжаттарын орындаумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларының және басқа да лауазымды тұлғаларының қабылдауына кідіріссіз кіруге;";
"10-1) мүлікке оның кімге тиесілі екенін анықтағанға дейін осы Заңның 46-бабының 1-тармағында көзделген ережелерді сақтай отырып уақытша тыйым салуды қолдануға;";