«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы
№ 96 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 590 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 5, 44-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Орындалуына жауаптылар» деген бағанда:
мәтін бойынша «МАСМ» деген аббревиатура «MAM» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 46-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«МҚА-ның аумақтық басқармалары»;
реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері»;
ескертпеде «MACM - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген сөздер «MAM - Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |