“Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы
органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру
жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу үшiн жұмыс тобын құру туралы”
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 18 шілдедегі
№ 199-ө Өкімі
Осы редакция 2006 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрi, жетекшi
Әмiрин - Қазақстан Республикасының Қаржы
Асқар Кемеңгерұлы вице-министрi, жетекшiнiң орынбасары
Иванова - Қазақстан Республикасы Экономика
Наталья Николаевна және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Мемлекеттік аппарат, қорғаныс,
қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк
шығыстарын жоспарлау департаментiнiң
директоры, хатшы
Пепенин - Қазақстан Республикасы Премьер-
Анатолий Сергеевич Министрінің Кеңсесi Кадр бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Антропов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Петр Константинович Министрi Кеңсесінiң Жиынтық талдау
бөлімi меңгерушiсiнiң орынбасары
Тұмабекова - Қазақстан Республикасы Премьер-
Камилаш Әбдiкәрiмқызы Министрінің Кеңсесi Экономика
бөлiмiнiң бас сарапшысы
Минаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Олег Сергеевич қызмет iстерi агенттiгi Мемлекеттік
қызметтi құқықтық қамтамасыз ету
департаментінің директоры (келісім
бойынша)
Қазыбаева - Қазақстан Республикасы Экономика
Шынар Советқызы және бюджеттік жоспарлау
министрлігінiң Мемлекеттік аппарат,
қорғаныс, қоғамдық тәртiп және
қауiпсiздiк шығыстарын жоспарлау
департаментi директорының орынбасары
Қайсенова - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Гүлжихан Қабдiлқайырқызы халықты әлеуметтiк қорғау
министрлігінің Әлеуметтiк
қамсыздандыру және еңбекке ақы
төлеу департаментi директорының
орынбасары
Мейiрманова - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Азалия Амангелдiқызы министрлігi Қаржы департаментінің
директоры орынбасарының мiндетiн
атқарушы
Әбиева - Қазақстан Республикасы Экономика
Гүлмира Әшімқызы және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің мемлекеттік аппарат,
қорғаныс, қоғамдық тәртiп және
қауiпсiздiк шығыстарын жоспарлау
департаментi мемлекеттік органдардың
әкiмшiлiк шығыстары басқармасының
бастығы
Нұрбаева - Қазақстан Республикасы Қаржы
Роза Сұлтанғалиқызы министрлiгі Қазынашылық комитетінің
ұйымдастыру және кадр жұмысы
басқармасының бастығы
Сейiлова - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Зәмзәгүл Сәлiмжанқызы қызмет iстерi агенттiгiнiң
Мемлекеттік қызметтi құқықтық
қамтамасыз ету департаментi
мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы
жетiлдiру бөлiмiнiң бас сарапшысы
(келісім бойынша)
Асанғазиев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Рахымжан Мувашарханұлы қызмет iстерi агенттiгi "Еуразия
мемлекеттік қызметшiлердi оқыту
орталығы" республикалық мемлекеттік
кәсiпорнының оқыту бөлiмi
басшысының орынбасары (келісім
бойынша)
Саркеев - "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер
Бақытжан Құрбанбайұлы орталығы" акционерлік қоғамының бас
консультанты (келісім бойынша).
2. Жұмыс тобы 2006 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |