Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi
АҚ - акционерлік қоғам
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
МЖ - Мемлекеттік жiктеме
МҰТП- Мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ЕБҚ - Еуропалық білім беру қоры
ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам
ҰҚК - Ұлттық қауiпсiздiк комитеті
ЭҚТБӨТ - Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жiктемесi
ҚТҚ - Қазақстан туристiк қауымдастығы
ҚТЖ - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
IIM - Iшкi iстер министрлiгі
СIМ - Сыртқы iстер министрлігі
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
MACM - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Көлiк және коммуникация министрлiгі
ТСМ - Туризм және спорт министрлігі
Қаржымині - Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі
Әдiлетминi - Әдiлет министрлігі
ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктемесi
ЖСҚ - жоба-сметалық құжаттама
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҰВ - демалу вагоны
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
TК - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Туризм жөніндегі кеңес
ТЭН - техника-экономикалық негіздеме
ШКДҚ - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамы
ШС - шаруашылық жүргізушi субъектiлер
км - километр
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2005 жылғы 26 маусымдағы
№ 633 қаулысымен
бекiтілген
«Мұнай-газ машиналарын жасау» пилоттық кластерiн
жасау мен дамыту жөніндегі жоспар
Қазақстан Республикасының бар болуы жоғары технологиялық iлеспелi индустрияны дамытудың қозғаушы күшi болып табылатын мұнай мен газдың бай ресурстары бар.
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы iрi жобалардың бірi Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторындағы (КТҚС) көмiрсутегi ресурстарын игеру болып табылады. Мемлекет басшысының 2003 жылғы 16 мамырдағы
№ 1095 Жарлығымен мақсаты КТҚС-ның көмiрсутектерiн ұтымды әрi қауіпсiз игеру арқылы елдiң тұрақты экономикалық дамуын және Қазақстан халқының өмiр сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу ел индустриясының iлеспелі салаларын дамытуға қол жеткізу болып табылатын Каспий теңiзiнің қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және бекiтілдi.
Осы бағдарлама iс-шараларының шеңберiнде iлеспе салалардың iрi мега-жобаларын iске асыру, оның iшiнде теңiз мұнай операцияларын және сервистiк индустрияны қолдаудың инфрақұрылымын құру, жағалаудағы қолдау базалары үшiн ұсынылатын нақты объектiлердi айқындау арқылы КТҚС-ның жағалау жолын, қайта өңдеушi кәсiпорындарды, теңiз өткiзгiш құбырларының құрлыққа шығу аймақтарын дамытудың, қалдықтарды және басқа объектiлердi қауiпсiз сақтаудың кешендi жоспарын әзiрлеу және қабылдау болжанып отыр. Қазақстанның аумағында теңiз көмiрсутегi ресурстарын және мұнай мен газдың бай ресурстарын игеру қазiргi заманғы экспортқа бағдарланған өңдеушi мұнай-химия индустриясын, көлiк инфрақұрылымын құруды болжайды.
Iрi инвестициялық жобаларды iске асыру мұнай мен газға, көмiрсутегi шикiзатын өндiруге, тасымалдауға, сақтауға және терең қайта өңдеуге арналған ұңғымаларды барлау мен бұрғылау үшiн жоғары технологиялық жабдыққа және машиналар жасау өнiмдерiне жоғары сұранысқа әкеп соқтырады.
Осы iс-шаралар жоспарында Батыс Қазақстан облысының аумағында пилоттық жобаны iске асыру болжанып отыр.
Мұнай-газ машиналарын жасау саласындағы кластерлеу үшiн осы өңiрдi таңдаудың негiзгi факторлары қуатты өндiрiстiк, кадрлық және ғылыми-техникалық әлеуеттiң бар болуы, көлiк, қаржы инфрақұрылымының дамығандығы, осы өңiрдiң аумағында және Ресеймен шекара маңында машиналар жасау өнiмдерiн өткізудiң жеткілiктi рыногын қамтамасыз ететiн iрi инвестициялық жобаларды iске асыру болып табылады.
P/c N | Iс-шаралардың атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындау- шылар | Орындалу мерзiмi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Жалпы жүйелiк шаралар |
1 | Қазақстан Республикасының заңнамасына ("Жер және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Заңы 63-1-бабының 4-тармағы) Қазақстан Республикасының аумағында технологиялық жабдықтарды және мұнай-газ машиналарын жасау өнiмдерiн сатып алу бойынша барлық конкурстарды жүргізудi қамтамасыз ету бөлiгiнде өзгерістер енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ИСМ, Қаржыминi | 2005 жылғы 3-тоқсан |
2 | Салық заңнамасына тауарлар мен қызметтер импортына осындай жеңiлдiктерi бар жер қойнауын пайдаланушылар үшiн тауарлар мен қызметтердi беру бойынша отандық берушiлер үшiн, оның iшiнде ҚҚС төлеуден босату арқылы тең жағдайлар жасауға бағытталған өзгерістер енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ | 2005 жылғы 3-тоқсан |
3 | Мұнай-газ кешенiнің кәсiпорындары және жер қойнауын пайдаланушылар өткiзетiн: а) жер қойнауын пайдаланушылардың, тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын уәкілеттi мемлекеттік органмен мiндетті түрде келiсуi; б) Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi шеңберiнде оларға қатысты преференциалдық режим және өтпелi кезеңнен ұзақтығы сақталуы қажет тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекіту; в) өз өнiмдерiн мұнай-газ секторын дамытуда инвестиция- лайтын жер қойнауын пайдаланушыларға беруге арналған конкурстарға қатысу үшiн қазақстан- дық және шетелдiк машиналар жасау кәсіпорындарына тең жағдайлар жасау бөлiгiнде өнiмдерді сатып алу жөніндегі конкурстардың айқындығын қамтамасыз ету үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ИСМ, ЭМРМ, ЭБЖМ, Қаржыминi, Әділетмині, ҚКА (келісім бойынша), ҚИ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 3-тоқсан |
4 | Нормативтiк құқықтық базаны уәкiлеттi мемлекеттік орган қызметінiң тиiмдiлiгiн арттыру бөлiгiнде ("Жер және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабын iске асыру мақсатында) жетiлдiру жөнiнде, оның iшiнде: а) мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және міндетті түрде қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурстық негiзде сатып алынатын Қазақстанда шығарылған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық тауар өндiрушілердiң мемлекеттік тізiлiмiн қалыптастыру жөнiнде; б) облыстық атқарушы органдардың мемлекеттік және (немесе) халықа- ралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiретiн ұйымдар бойынша деректердiң тiркелімін қалыптастыру жөніндегі қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру жөнiнде; в) тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуға қатысты қазақстандық ұстауға байланысты келісім- шарттық мiндеттемелердi жер қойнауын пайдаланушылардың орындауы мониторингін жүзеге асыру жөнiнде; г) Қазақстан Республикасындағы дамушы басымдықты жоғары технологиялық өндiрiстердiң тiзбесiн бекіту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ИСМ, ЭМРМ, Әділетмині, ЭБЖМ | 2005 жылғы 3-тоқсан |
5 | Тиiстi уәкiлетті органдардың мыналарды: а) мердiгерлердiң (Операторлардың) жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар мен Өнiмдердi бөлу туралы келісімдер жөніндегі басқару органына бекітуге берiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу шарттарының жобаларын; б) мердiгерлердің сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің көлемi бойынша жыл сайынғы және ұзақ мерзiмдi жұмыс бағдарламалары мен бюджеттерiн келiсу тәртібін айқындауға арналған құзыретiн көздейтiн нормативтiк құқықтық кесiм әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысының жобасы | ИСМ, ЭМРМ, ҚКА (келісім бойынша) | 2006 жыл |
6 | "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" АҚ-тың базасында қазақстандық машиналар жасау кәсiпорындарының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерiн республиканың мұнай-газ секторының сатып алуы бойынша жоспарланып отырған конкурстары туралы деректердi жинау, өткiзiлетін конкурстардың қол жетімділігін және айқындылығын қамтамасыз ету үшiн оларды өткізу күнi туралы хабардар ету үшiн бірыңғай ақпараттық орталық құру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | ЭМРМ, ИСМ, БДБ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 4-тоқсан |
7 | Қазақстан-Британ техникалық университетімен және Қазақстан мұнай және газ университетiмен, сондай-ақ Қазақстан-британ техникалық университетiмен бірлесiп, мұнай-газ машиналарын жасауды дамытудың перспективалы бағыттары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында мұнай-газ секторындағы (оның iшiнде көмiрсутек шикiзатын қайта өңдеу теңiзде мұнай өндiру инфрақұрылымы салаларындағы) инвестициялардың көлемдерi мен бағыттарын талдау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ, ЭМРМ, ҚМГИ (келісім бойынша), ҚБТУ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 4 тоқсан |
8 | Қосымша құн тізбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн iлеспе салалардағы мұнай-газ кешенiнде жаңа өндiрiстердi ұйымдастырудың инвестициялық жобалары портфелiн қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | ИСМ, ЭМРМ, ЭБЖМ, ҚМГ (келісім бойынша), ҚМГИ (келісім бойынша), ҚИ (келісім бойынша) | 2006 жылғы 1-тоқсан |
9 | Өндiрiсi Қазақстанда ұйымдастырылған мұнай-газ машиналарын жасау өнiмдерiнiң жаңартылып отыратын дерек қорын қалыптастыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | ИСМ | 2005 жылғы 3-тоқсан- нан бастап тұрақты |
10 | Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен салалық ғылымды қаржыландыруға Қазақстанда жұмыс iстейтін шетелдiк және отандық мұнай-газ компанияларына инвестициялардың бір бөлiгiн аударуды ынталандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ | 2006 жылғы 2-тоқсан |
11 | Қажеттілігi жыл сайынғы және ұзақ мерзiмдi перспективаларда орын алатын машиналар жасау өнiмдерiнiң каталогын шығару ("ҚазМұнайГаз", "ҚазАтомөнеркәсiп", "Қазақстан Темір Жолы", "Қазақтелеком" ұлттық компанияларының бұйымдарына қажеттіліктi ескере отырып) | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ, ЭМРМ, БҚО, СҚО, Алматы қаласының әкімдіктері | 2006 жылғы 1-тоқсан |
12 | Мұнай-газ машиналарын жасау кластерiне қатысушылардың барлығын мынадай деректермен қамтамасыз ету үшiн "Отандық өндiрушiлер мен шетелдiк инвесторлардың бірыңғай тiркелiмi" ақпараттық орталығы мен ақпараттық жүйесiн құру жөніндегі жұмысты жалғастыру: а) жер қойнауын пайдаланушылардың бөлiнiсi үшiн тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң сұранысы және ұсыныстары көлемдерi туралы; б) мұнай-газ машиналарын жасау кәсiпорындары үшiн шикiзат пен материалдарды берушi отандық және шетелдiк кәсiпорындар туралы; в) мұнай-газ кешендеріндегі перспективалы жобалар туралы; г) мұнай-газ кешенінің қызмет саласы бойынша машиналар жасау өнімдеріне жыл сайынғы және ұзақ мерзімді қажеттіліктері туралы; д) мұнай мен газға ұңғымаларды барлау және бұрғылау; е) көмірсутек шикізатын өндіру; ж) көмірсутек шикізатын тасымалдау және сақтау; з) көмірсутек шикізатын тереңнен қайта өңдеу; | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ, ЭМРМ, ККА (келісім бойынша), ҚИ (келісім бойынша), БДБ (келісім бойынша) | 2006 жылғы 4-тоқсан |
13 | Кластерге қатысушылар- дың мемлекеттік даму институттарымен, екіншi деңгейдегi банктермен және басқа да қаржы институттарымен инвестициялық және инновациялық жобаларды iске асыру бойынша өзара iс-әрекетiн жетiлдiру жөніндегі жұмысты жүргізу | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ, Қаржымині, ЭБЖМ | 2005 жылғы 3-тоқсан- нан бастап тұрақты |
14 | Мұнай-газ машиналарын жасаудың кешендi және мақсатты ҒЗТКӘ-лерiн жүйелiк қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ұсыныстар | ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ | 2005 жылғы 4-тоқсан |
15 | Мұнай-газ машиналарын жасау саласындағы ұлттық стандарттарды халықаралық стандарт- тарға сәйкес келтiру және оларды түпнұсқа тілінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беру жөніндегі iс-шаралар жоспарын дайындау | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне есеп | ИСМ, ҚИ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 4-тоқсан |
16 | Қазақстандық-Британ техникалық университе- тінің базасына "Мұнай-газ машиналарын жасау" кластерінің проблемалық мәселелерін жүйелік зерттеу және перспективалы бағыт- тарын дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін орталық құру | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ, ҚБТУ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 4-тоқсан |
17 | Мұнай-газ кешені үшін қазақстандық машиналар жасау кәсіпорындары өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін зерттеу- ді жүргізу, кәсіпорын- дарды жаңғырту және жаңа өндірістер құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ұсыныстар | ИСМ, ЭБЖМ, ҚБТУ (келісім бойынша), ҚИ (келісім бойынша) | 2006 жылғы 4-тоқсан |
18 | "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-мен бірлесіп, Орал, Өскемен, Алматы және Петропавл қалала- рында венчурлік қаржы- ландыру құрылымдарын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ұсыныстар | ИСМ, ҰИҚ (келісім бойынша), облыстардың және Алматы қаласының әкiмдiктерi | 2005 жылғы 4-тоқсан |
19 | Мұнай-газ машиналарын жасаудағы нақты маман- дықтар бойынша әлеуетті жұмыс берушілердің жұмыс күшіне қажетті- лігі туралы дерекқор жасау | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне есеп | ИСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдiктерi | 2005 жылғы 4-тоқсан |
20 | Мұнай-газ саласы және тұтастай алғанда, өнеркәсiп қажеттілігi- нiң негiзiнде құрылатын кластер шеңберiнде оның техникалық жабдықталуы мен жаңғыртылуын ескерiп, республикадағы машиналар жасау кәсiпорындарының мамандануын айқындау | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне есеп | ИСМ, ККM, АШМ, ЭБЖМ, облыстардың әкiмдiктерi | 2006 жылғы 1-тоқсан |
2. Батыс Қазақстан облысының аумағында пилоттық кластер жасау мен дамыту жөніндегі iс-шаралар |
21 | Орал қаласында "Микрография" ҒЗИ" республикалық мемлекет- тік кәсiпорнының және "Алгоритм" өңірлiк технопаркiнiң базасында мұнай-газ машиналарын жасау өнiмдерiне конс- трукторлық-технология- лық құжаттама әзiрлеу бойынша өңiрлiк жобалық-конструкторлық бюро құру | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ, БҚО әкiмдiгi | 2005 жылғы 4-тоқсан |
22 | Орал қаласының "Алгоритм" өңiрлiк технопаркiнiң базасында мұнай-газ машиналарын жасау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструк- торлық ұйымдарды бірiктiретiн кластердi дамытуды инновациялық қолдаудың өңiрлік орталығын құру жөнiнде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ұсыныстар | ИСМ, БҚО әкімдігі, ҰИҚ (келісім бойынша), ИТТО (келісім бойынша) | 2006 жылғы 1-тоқсан |
23 | Облыстық техникалық олимпиаданың қорытын- дысы бойынша Қарашығанақ кен орнын әзiрлеу бойынша Өнiмдердi бөлу туралы келісімде жергiлiктi кадрларды даярлауға көзделген қаражат есебiнен бейiндi жоғарғы оқу орындарында оқуға жыл сайын 10 адам жiберу | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне есеп | БҒМ, ИСМ, ЭБЖМ, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдiктерi | Жыл сайын |
24 | Орал қаласындағы № 1 кәсіптік техникалық мектептiң базасында жыл сайын жергілiктi бюджет есебiнен жатақханамен қамтамасыз ету арқылы машиналар жасау маман- дықтары бойынша жұмысшы 100 адамды оқыту | ИСМ-ге есеп | БҚО әкiмдiгi | 2005 жылғы 4-тоқсан |
25 | Орал қаласындағы Батыс Қазақстандық аграрлық-техникалық университеттің базасында мұнай-газ машиналарын жасау мамандықтары бойынша орта буын мамандарын даярлау үшiн оқу-өндiрiстiк орталығы бар машиналар жасау факультетiн құру | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне есеп | БҒМ, ИСМ, ЭБЖМ, БҚО әкiмдiгi | 2005 жылғы 4-тоқсан |
26 | Орал қаласында Қазақстанның батыс өңiрiнiң машиналар жасау кәсiпорындары өкiлдерiнiң және жер қойнауын пайдаланушы- лардың қатысуымен өңiрлік кеңес өткізу және кеңестiң қорытын- дысы бойынша техникалық қайта қарулану мен жаңғырту мүмкiндiктерiн ескерiп, машиналар жасау кәсiпорындарының мамандықтарын айқындау | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне есеп | ИСМ, ЭБЖМ, БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарының әкiмдiктерi | 2005 жылғы 3-тоқсан |
27 | Жер қойнауын пайдаланушылар мен өнiм өндiрушiлердi шақырып, жобаларды iске асыруды қарастыру: а) Орал қаласындағы "Металлбұйымдары" ЖШС зауытының базасында "Металлконструкцияларын ыстықтай мырыш жалату бойынша қызметтердi өндiрудi ұйымдастыру"; б) "Омега" прибор жасау зауыты" АҚ-тың базасында: "Жер қойнауын пайдаланушылардың техникалық мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн ауыз суды орнатуды өндiрудi ұйымдастыру"; "Байланыстың өндiрiстiк-кеңселiк жүйелерi ретiнде пайдаланылатын телекоммуникациялық аппаратураны жасау (кiшi ATC)"; "Технологиялық процестер мен жабдықтарды басқару, бақылау және телеметриялау приборларын жасау"; в) "Құю-механикалық зауыты" ӨК базасында: "диаметрi 57-ден 273 мм-ге дейiнгi қысымы 160 кг/см-ге дейiнгi қатты майыстырылған құбырларды шығару"; г) Орал қаласындағы "ҚазАрмоөнеркәсiбi" АҚ-тың базасында: "Электрмен балқытылатын өндірiсті, оның iшiнде жоғарғы шынықтырылған болатты ұйымдастыру"; "Ернеу жабдығын шығару"; д) Орал қаласында "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ-тың базасында: "газ сығымдайтын станциялар мен газ толтыратын кәсiпорындар үшiн жабдықтар шығару"; "Мұнай дайындауға арналған жабдықтар шығару"; "ҚазМұнайГаз" АҚ үшiн сервистiк орталықтар"; e) Орал қаласындағы "Зенит" АҚ және "Гидроприбор ҒЗИ" АҚ базасында: "Арнайы теңiз кемелерiн және 500 тоннаға дейiн су ала алатын баржалар шығару"; ж) Орал қаласындағы "Оралагрореммаш" АҚ-тың базасында: "Зил" және "КамАЗ" маркалы автомобильдердiң шассиiне су мен сұйық мұнай өнiмдерiн тасымалдау үшiн арнайы техниканы шығару"; "100 м3 дейiн сыйымды жабдық шығару"; з) Қазақстанның батыс өңiрiнiң кәсiпорындары үшiн өңiрлiк металл базасын құру; и) iрi мұнай-газ кен орындарында сервистiк орталықтардың желiлерiн құру | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне есеп | ИСМ, БҚО әкiмдiгi, ЭMPM, ЭБЖМ, кластерге қатысушылар, ҚМГ (келісім бойынша) | 2005-2006 жылдар |
28 | Кластерге қатысушылар мен ҚБТУ және Сәтпаев атындағы ҚазҒТУ (Алматы қаласы), Серiкбаев атындағы ШҚМТУ (Өскемен қаласы), ҚарМТУ (Қарағанды қаласы), Павлодар мұнай және газ мемлекеттік университе- ті мен Атырау институтының арасындағы машина жасаушы инженерлерді оқытуға консультациялар беру жөніндегі ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ұсыныстар | БҒМ, ИСМ, облыстардың әкiмдiктерi | 2005 жылғы 3-тоқсан |
29 | Саратов облысының (Ресей Федерациясы, Озинка станциясы) шекарасында арнайы экономикалық аймақ құру арқылы индустриялық- логистикалық орталық ("Қазақстанның Батыс қақпасы") құру мүмкiндiгін қарастыру | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне есеп | БҚО әкімдігі, ИСМ | 2006 жылғы 1-тоқсан |
30 | Облыстық әкімдiк жанынан мемлекеттік органдар мен кластерге қатысушылардың үйлестірiлген жұмысын қамтамасыз ету үшiн өңiрлiк консультативтiк- кеңесшi орган құру | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ, БҚО әкімдігі | 2005 жылғы 4-тоқсан |
31 | Халықаралық стандарттар (ASME, АРI) бойынша кемiнде 5 маман даярлау(оқыту және аккредиттеу) мәселесiн қарастыру | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ, облыстардың әкімдіктері | 2006 жылғы 4-тоқсан |
Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ - акционерлік қоғам
АТС - автономды телефон станциясы
ШҚМТУ - Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi
БДБ - «Мұнай және газ өнеркәсiбiн бас диспетчерлiк басқару» акционерлік қоғамы
БҚО - Батыс Қазақстан облысы
ҚазҒТУ - Қазақ ғылыми-техникалық университетi
ҚарМТУ - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi
ҚБТУ - Қазақстан-британ техникалық университетi
ҚИ - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
ҚМГИ - Қазақстан мұнай-газ институты
ҚКА- «Қазақстан келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамы
ҚМГ - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
Еңбекминi - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Әдiлетминi - Әдiлет министрлігі
ҚҚС - қосымша құн салығы
ҒЗИ - ғылыми-зерттеу институты
ҒЗТКЖ - ғылыми-зерттеу және тәжiрибиелiк-конструкторлық әзiрлемелер
ҰИҚ - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы
ӨК - өндiрiстiк кооператив
СҚО - Солтүстік Қазақстан облысы
ЖШС - жауапкершілігі шектеулi серiктестiк
ИТТО - «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» акционерлік қоғамы