7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 950 республикалық меншік объектілерін жекешелендіруден 4 800 000 мың теңге мөлшерінде қаражаттың, 7 047 063 мың теңге мөлшерінде республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің, 936 000 мың теңге мөлшерінде республикалық мемлекеттік кәсіпорындар кірісінің таза бөлігінің республикалық бюджетке түсуі, 70 республикалық меншік кәсіпорындарында активтерді басқару тиімділігін талдау, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында 7 акционерлік қоғамның 40 құрылымдық бөлімшесінде мемлекеттік мониторинг, 70 жекешелендіру объектілері бойынша шарт міндеттемелерінің орындалуын тексеру, 400 жылжымайтын мүлік объектілері бойынша жер учаскелерін бағалауды жүргізу.
Түпкі нәтиже: 64 республикалық меншік объектілерінде басқару тиімділігін арттыру жөніндегі, оның ішінде 27 акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін одан әрі иелік ету (жекешелендіру, жекешелендіруге жатпайтын объектілер тізбесіне енгізу, тарату және банкроттау, салалық министрліктердің иелігіне беру) жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, 70 жекешелендірілген объектілердің қаржы-шаруашылық қызметін және сенімді басқарудағы 6 республикалық меншік объектілері қызметінің тиімділігін бақылауды жүзеге асыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
сатып алынатын қызметтердің бір сағатына орта есеппен жұмсалатын шығындар:
- жекешелендіру объектілерінің құнын бағалауға - 3,7 мың теңге;
- шарт міндеттемелерінің орындалуын тексеруге - 3,9 мың теңге;
- активтерді басқару тиімділігінің мониторингі - 6,9 мың теңге;
- мониторинг дерекқорын сүйемелдеу мен дамытуға - 7,3 мың теңге;
- отандық заң консультанттары - 9 мың теңге және шетелдік заң консультанттары - 60 мың теңге;
Орта есеппен шығыстар:
- акцияларды ұстаушылар тізілімінде бір акционерлік қоғамның бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға - 21,5 мың теңге;
- бір жер учаскесінің құнын бағалауға - 12 мың теңге;
- ақпараттық хабарлама ауданының бір шаршы сантиметрін жариялаудың орташа құны - 0,25 мың теңге.
Уақтылылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде толық көлемде жүргізу.
Сапасы: республикалық меншік құрылымын оңтайландыру, зерттелген объектілердің қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту жөніндегі ұсынымдарды талдау және өңдеу, шығынды кәсіпорындардың санын азайту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
188-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
""Министрліктер үйі" ғимаратын күтіп-ұстау және сақтандыру"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 287226 мың теңге (екі жүз сексен жеті миллион екі жүз жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Министрліктер үйі" ғимаратына (бұдан әрі - ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету;
Ғимараттың технологиялық жабдықтарының іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығындарды өтеу, Ғимаратты жабдықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Ғимараттың техникалық жабдықтарын қолдау және техникалық қызмет көрсету, Ғимаратта телекоммуникациялық қамтамасыз ету, қорғау, шаруашылық қызмет көрсету, конференц-залдарын, мәжіліс залын жабдықтау, Ғимаратта табиғи зілзала, өрт, жарылыс және басқа да тәуекел жағдайларына сақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | "Минис- трлік- тер үйі" ғима- ратын күтіп- ұстау және сақтан- дыру | Электр, техникалық жабдықтарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды, эфир-кабель теледидарын, желдеткіштің сору-шығару жүйесін, өрт қауіпсіздігін, өрт дабылы мен түтінді жоюды, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясын қолдау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сыртқы инженерлік желілерге қызмет көрсету, суық-жылумен жабдықтау, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйесінің, лифтілер жұмысының, бейне қадағалау мен қол жеткізілімді бақылау, дизель-генератор жүйесін алдын алу жұмыстарын жүргізу, желдеткіш жабдығын жөндеу. Ғимаратты күзету және жарақтандыру. Ғимараттың ішкі үй-жайлары мен қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты таза қалпында ұстау, ғимаратты санитарлық тазарту, аумақтан қоқыс пен қарды шығару және ғимараттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да жұмыстар. Ғимаратты ағымдағы жөндеу. Ғимаратқа электр- энер- гиясын, жылу энергиясын жеткізу және коммуналдық қызметтер көрсету. Жалпы алаңы 24595,8 шм. Ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Ғимаратқа меншік құқығын және уәкілетті органда оған жапсарлас жер учаскесін тіркеу. Ғимаратты сақтандыруға шарт жасасу, сақтандыру шарттарына сәйкес жасал- ған шарт бойынша сақтандыру жарналарын төлеу. Сатып алу, бейне қадағалау жүйесін монтаждау, қол жеткізі- лімін және күзет дабылын бақылау. Басқа да тауарлар мен ілеспе қызметтерді сатып алу. | Жыл ішін- де 2- жарты жыл- дығы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы министр -лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жұмыс істейтін лифтілердің, желдеткіш және электротехникалық, санитарлық-техникалық жабдықтың, инженерлік желілер мен коммуникациялардың, эфир-кабельдік теледидардың, желдеткіштің шығару-сорғы жүйесінің, өрт қауіпсіздігінің, өрт дабылының және түтін шығарудың, кіруді бейне қадағалау мен бақылау жүйелерінің, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясының үлес салмағы олардың жалпы санының 100%-ын құрайды.
Түпкі нәтиже: Ғимараттың бүкіл технологиялық жабдықтарының іркіліссіз және апатсыз жұмыс істеуі. Ғимаратты сенімді сақтандыру жағынан қорғау, сондай-ақ сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдерін уақтылы төлеу.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: Ғимараттың 1 шаршы метрін ұстауға жұмсалатын шығындардың шартты құны 11677,9 теңгені құрайды.
Уақтылылығы: белгіленген мерзімдерді ескере отырып іс-шараларды орындау.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілерге қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
189-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 37971 мың теңге (отыз жеті миллион тоғыз жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Тұрғын үйқұрылысбанкі" ЖАҚ берген жеңілдікті тұрғын үй несиелерін алған азаматтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 304 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтар үшін теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшудің әлеуметтік салдарларын жеңілдету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Жеңіл- дікті тұрғын үй кре- диттері бойынша бағам- дық айыр- маны төлеу | 2005 жыл үшін "Тұрғын үйқұрылысбанкі" ЖАҚ берген жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу. | 2006 жылғы 20 ақ- панға дейін | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы министр -лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "ЦентрКредитБанкі" АҚ жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырмасын төлеу.
Түпкі нәтиже: жасалған кредит келісімдерінің ережелеріне сәйкес кредиттер бойынша берешекті өтеу бөлігінде орындалған міндеттемелер жөніндегі бағамдық айырманы 100% өтеу.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Центр Кредит Банкі" АҚ алдындағы міндеттемелерінің орындалу уақтылығы.
Сапасы: азаматтарды мемлекеттік қолдауды, жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін 100% қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
190-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу"
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 212500 мың теңге (екі жүз он екі миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; "Тұрғын үй құрылысы ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1290 қаулысы; "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Тұрғын үй құрылысы жинақ банкілерінің қосымша салымдарын тарту жолымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытуды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бойынша мемлекеттік сыйлықақылар беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Тұрғын үй құ- рылыс жинақ салым- дары бойынша сыйлық- ақылар төлеу | "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін" АҚ салымшыларына мемлекеттің сыйлықақысын төлеу. | 2006 жылғы 10 ақ- панға дейін | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйлықақыларды төлеу.
Түпкі нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы банктерінің салымшылары санын көбейту.
Уақтылығы: заңнамаға сәйкес мемлекеттің сыйлықақысын төлеуге "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ корреспонденттік шотына қаражатты уақтылы аудару.
Сапасы: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттің сыйлықақысын төлеу толықтығы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
191-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу"
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2222920 мың теңге (екі миллиард екі жүз жиырма екі миллион тоғыз жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қазандағы № 1019 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық стандарттарға және талаптарға сәйкес мемлекеттік шекарада тауарлар мен көлік-құралдарына бірлескен бақылауды, мемлекеттік шекараны қорғау мен сақтауды, Қазақстанның егемендігіне және аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа тыйым салуды, орын ауыстыратын объектілердің ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, өсімдіктердің карантині жөнінде бақылауды, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын сақтауды жүзеге асыру, ұлттық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау, қарудың, есірткі заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың контрабандасын анықтау тұрғысынан нақты тексерудің сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік әлеуетті арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Кеден- дік бақылау және кеден- дік инфра- құрылым объек- тілерін салу | "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес сомалардың шегінде инвестициялық жобаларды мыналар бойынша іс-шараларға арналған белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іске асыру: 1. Ақтөбе облысындағы "Жайсан" халықаралық кедендік темір жол терминалының құрылысын аяқтау (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 20.12.2002 жылға № 2-600/2002 қорытындысы, Құрылыс істері жөніндегі комитеттің 22.01.2003 жылғы № 24 ПИР бұйрығы). 2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Сары-Ағаш" халықаралық кедендік темір жол терминалының құрылысын салуды жалғастыру (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 07.02.2003 жылғы № 7-52/2003 қорытындысы, құрылыс істері жөніндегі комитеттің 14.03.2003 жылғы № 88 ПИР бұйрығы). 3. Мынадай: - Атырау облысының "Котяевка"; - Жамбыл облысының "Нововоскресеновка"; - Жамбыл облысының "Айша Бибі" бірыңғай бақылау-өткізу пунктерінің құрылысы (үлгілік жобасына мемлекеттік сараптаманың 21.04.2004 жылғы № 7-07-КБ/2004 қорытындысы). 4. Ақтөбе облысында 10 итке арналған питомниктің құрылысын салу (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 28.11.2004 жылғы № 6-506/03 қорытындысы). 5. Қостанай облысында 10 итке арналған питомниктің құрылысын салу (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 28.11.2004 жылғы № 6-506/03 қорытындысы). 6. Солтүстік Қазақстан облысында 10 итке арналған питомниктің құрылысын салу (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 28.11.2004 жылғы № 6-506/03 Қорытындысы). 7. Қостанай облысының "Желқуар" к/п электро- жабдықтау желілерінің құрылысын салу (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 15.03.2005 жылғы № 14-49/05 қорытындысы). 8. Қостанай облысының "Жетіқара" к/п электрожабдықтау желілерінің құрылысын салу. 9. Оңтүстік Қазақстан облысының "Капланбек" кеден БӨП құрылысын салу (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 01.07.2005 жылғы № 18-328/2005 қорытындысы). 10. Алматы облысы оқу-әдістемелік орталығының жобалау- сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу. 11. Қостанай облысының "Ақсу" халықаралық кедендік темір жол терминалының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу. 12. Шығыс Қазақстан облысының "Ауыл" халықаралық кедендік темір жол терминалының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомство- дан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу. 13. Атырау облысының "Оңтүстік Қарабатан" бірыңғай бақылау-өткізу пунктінің құрылысы жөніндегі құжаттаманы әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу. 14. Маңғыстау облысының "Баутино" бірыңғай бақылау-өткізу пунктін құрылысы жөніндегі құжаттаманы әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу. | қаң- тар- жел- тоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы министр -лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 объектіні аяқтау; Қостанай, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы 5 объекті бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама; Шығыс Қазақстан облысының "Ауыл" халықаралық кедендік темір жол терминалының, Алматы облысында оқу-әдістемелік орталығының, Атырау облысы "Котяевка" бірыңғай бақылау-өткізу пунктінің құрылысы жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемі.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін нығайту үшін кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін пайдалануға енгізу.
Уақтылылығы: кестеге сәйкес жұмыстар мен жасалған шарттарды жүргізу.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
192-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекетаралық инвестициялық банк құру"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12700000 мың теңге (он екі миллиард жеті жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру кездері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық қаржылық-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық инвестициялық банкінің жарғылық капиталын қалыптастыруға қатысуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Мемле- кетара- лық инвес- тиция- лық банк құру | Жарияланған банкінің жарғылық капиталының Қазақстан Республикасы үлесі | 2006 жыл- дың екін- ші жарты жыл- дығы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы министр -лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекетаралық инвестициялық банкінің акционері бола отырып Қазақстан Республикасы банктің қатысушы-мемлекеттерінің рыноктық экономикасының қалыптасуына және дамуына, инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолымен экономикалық өсуге және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.
Тікелей нәтиже: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық қорының 20% акциясын Қазақстан Республикасы 2006 жылға жалпы сомасы 12 700 000 мың теңгеге сатып алуда.
Түпкі нәтиже: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық қорына 100% төлеуді қамтамасыз ету.
Уақтылылығы: банкті құру туралы келісімде көрсетілген қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын сақтау.
Сапасы: инвестицияларды жүзеге асыра отырып Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
193-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын
іске асыруды институционалдық қамтамасыз ету"
деген 053 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14420000 мың теңге (он төрт миллиард төрт жүз жиырма миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бюджеттік кредиттердің есебінен салынған тұрғын үйді сатып алуға және Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытуға арналған ипотекалық кредиттерді ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген өлшемдерді (бастапқы жарна 10%-дан кем емес, сыйақы ставкасы 10-дан аспайды, кредит беру мерзімі 20 жылға дейін) қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде берілетін ипотекалық кредиттер бойынша тұрғын үй құнынан пайыздық ставканың 10% дейін төмендеуі, кредит беру мерзімінің 20 жылға дейін өсуі, бастапқы жарна мөлшерінің 10% дейін төмендеуі; тұрғындардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қол жеткізуінің артуы және мемлекеттің сыйақылары мөлшерлерінің өсуі есебінен оның тартымдылығының артуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Тұрғын үй құ- рылы- сының мемле- кеттік бағдар- ламасын іске асыруды инсти- туцио- налдық қамта- масыз ету | | | |
2 | | 100 | "Қазақ- станның тұрғын құры- лыс жинақ банкі" АҚ-ның жинақ жарғы- лық капита- лын ұлғайту | "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толықтыру. | 2006 жыл- ғы бі- рінші жарты жыл- дық | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы министр -лігі |
3 | | 101 | "Қазақ- стан ипоте- калық компа- ния" АҚ-ның жарғы- лық капита- лын ұлғайту | "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толықтыру. | 2006 жыл- ғы бі- рінші жарты жыл- дық | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы министр -лігі |
4 | | 102 | "Ипоте- калық кредит- терге кепіл- дік берудің қазақ- стандық қоры" АҚ-ның жарғы- лық капи- талын ұлғайту | "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толықтыру | 2006 жыл- ғы бі- рінші жарты жыл- дық | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы министр -лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ және "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ жарғылық капиталын толықтыру. Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қол жеткізілімдікті қамтамасыз ету.
Уақтылылығы: жарғылық капиталды уақтылы капиталдандыру.
Сапасы: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ және "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында пруденциялық нормативтерді орындау.