«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 және
2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 маусымдағы № 558 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» деген функционалдық топта:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген әкімші бойынша:
026 «Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу 2222920» деген бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
«026 Кедендік бақылау және кедендік
инфрақұрылым объектілерін салу 2222920
оның ішінде инвестициялық
жобаларға:
Шекара маңындағы кеден бекеттерін,
бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін,
кедендік инфрақұрылым объектілерін
дамыту және салу 1068858
Темір жол өткізу пункттерінде
бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін салу 771265
Алматы облысында «Достық» халықаралық
темір жол кедендік терминалын салуды
аяқтау 308514
Алматы облысы «Достық» кеденінің
қызметкерлеріне арналған тұрғын
үйді салуды аяқтау 45228
Алматы облысы «Достық» кеденінің
тұрғын үйлеріне қазандық салуды
аяқтау 29055»;
2) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 191-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың 5-бағанында:
10-тармақтағы «Алматы облысы оқу-әдістемелік орталығының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу» деген сөздер «Алматы облысында «Достық» халықаралық темір жол кедендік терминалын салуды аяқтау (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 08.02.2005 жылғы № 7-48/05 қорытындысы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын:
«15. Алматы облысы «Достық» кеденінің қызметкерлеріне арналған тұрғын үйді салуды аяқтау (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 04.11.2004 жылғы № 20-354/2004 қорытындысы);
«16. Алматы облысы «Достық» кеденінің тұрғын үйлеріне қазандық салуды аяқтау (жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың 14.11.2005 жылғы № 20-364/2005 қорытындысы)»;
«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тікелей нәтиже: Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында 13 объектіні аяқтау; Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстарында 4 объекті бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама; Атырау облысы «Котяевка» бірыңғай бақылау-өткізу пунктін салу жөнінде орындалған жұмыстардың көлемі.».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |