«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
өкілдері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 ақпандағы № 104 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 20 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржова және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 40 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 40 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы № 561 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |