Осы редакция 2006 ж. 20 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінiң Cу ресурстары комитетi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы Ережемен өзiне жүктелген су қорын пайдалану және қорғау саласындағы арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң құзыретi шегінде ведомствосы және уәкілеттi орган болып табылады.
Комитеттiң аумақтық органдары - Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында бассейндiк су шаруашылығы басқармалары болады.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, экономиканың су секторын және жердi мелиорациялауды дамыту бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз ету;
2) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
3) халықтың және экономика салаларының қажеттілiктерiн қамтамасыз ету үшiн су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және оны қолдау болып табылады.
3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен ?кіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінiң органдары мен банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер заңнамаға сәйкес Комитетке өкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Комитет өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
6. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31.
8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің Су ресурстары комитеті" мемлекеттік мекемесi.
9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық кесiмдермен Комитетке кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
11. Комитет мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекет саясатын, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, экономиканың су секторын дамыту және жердi мелиорациялау бағдарламаларын iске асырады;
2) республикалық меншiктегі су объектілерiн және ауыз сумен жабдықтау көздерiн пайдалану режимдерiн, сондай-ақ тiкелей су объектілерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережесін бекiтедi;
3) суды мемлекеттік есепке алу, су ресурстарының мониторингі, мемлекеттік су кадастры жөніндегі жұмысты жүргізеді және үйлестіредi;
4) су ресурстарын пайдалану жөніндегі шаруашылық, ұйымдастыру, қорғау және рұқсат беру іс-шараларын жүзеге асыруды үйлестiредi;
5) негiзгi өзендердiң бассейндерi бойынша су ресурстарын және тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектілерiн кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын әзiрлейдi;
6) экономика салаларында суды тұтынудың үлесті нормаларын келiседi;
7) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары, гранттары мен техникалық көмегiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын жобаларды дайындайды және iске асырады;
8) ортақ су пайдаланудың үлгi ережесін бекiтедi;
9) бассейндер мен су пайдаланушылар бөлiгiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi;
10) су объектілерiнiң ақпараттық дерекқорын жасайды және оған барлық мүдделi тұлғалардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;
11) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жобалау, iздестiру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
12) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу ережесін әзiрлейдi;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суларды ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша, оларды iске асыру бөлiгiнде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
14) су шаруашылығы теңгерімдерін әзiрлейдi;
15) судың жай-күйіне әсер ететiн су қорғау аймақтарын, белдеулерi мен олардың шаруашылықта пайдаланылу режимдерiн, кәсiпорындар мен құрылыстарды салу жөніндегі жобалау құжаттамасын келiседi;
16) республикалық меншiктегi су объектілерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
17) су шаруашылығы және жердi мелиорациялау, су қорын пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарымен (республикалық маңызы бар қала, астана) және басқа мүдделi мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
12. Комитет мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) мамандандырылған мемлекеттік мекемелер суармалы жерлердiң мелиоративтік жай-күйінің мониторингiн және оны бағалауды жүргiзудi ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен арнайы су пайдалану жөніндегі қызмет түрлерiне лицензия немесе рұқсат берудi, олардың қолданылуын тоқтата тұруды жүзеге асырады;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және хаттамалар жасайды және нұсқама бередi.
13. Негiзгі мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Комитеттiң заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) өз құзыретiнiң шегінде нормативтік құқықтық кесiмдердi қабылдауға;
2) Комитеттiң қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болуға;
3) министрліктердің, өзге де орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың су заңнамасын бұзып қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерінің қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге;
4) мемлекеттік органдардан, ведомстволық бағынысты және басқа да ұйымдардан, лауазымды адамдардан өзінің міндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
5) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша ұсынылатын жобалардың редакцияларын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесiмдерiн әзiрлеу немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
6) сотқа талаппен жүгінуге құқығы бар.
\
3. Комитеттің мүлкi
14. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
15. Комитетке бекiтілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
16. Комитет өзiне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқылы емес.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
17. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға орынбасарлары болады.
18. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап бередi.
19. Комитет төрағасы осы мақсаттарда:
1) өз құзыретi шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерiн белгілейдi;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Министрлiкпен келісім бойынша Комитеттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Комитеттiң штат кестесiн, құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi бекiтедi;
6) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Cу ресурстары комитетiнiң құрылымы
Басшылық
Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу басқармасы
Су шаруашылығы объектілерiн пайдалануды және жерлердi мелиорациялауды ұйымдастыру басқармасы
Инвестициялар, қаржыландыру және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетiнiң аумақтық органдары -
мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi
1. Арал-Сырдария бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қызылорда қаласы.
2. Балқаш-Алакөл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Алматы қаласы.
3. Ертіс бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Семей қаласы.
4. Есіл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Астана қаласы.
5. Нұра-Сарысу бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қарағанды қаласы.
6. Тобыл-Торғай бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қостанай қаласы.
7. Жайық-Каспий бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Атырау қаласы.
8. Шу-Талас бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Cу ресурстары комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
Тiзбесi
1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. Үлкен Алматы каналын және Бартоғай су қоймасын пайдалану жөніндегі басқарма (шаруашылық жүргізу құқығында), Алматы қаласы.
2. "Астана су" Ақмола су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Астана қаласы.
3. "Целиноградауылсужабдықтау" өндiрiстік құрылыс-пайдалану бiрлестігі (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
4. "Қаныш Сәтбаев атындағы канал" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Астана қаласы.
5. "Қарағандысушар" Қарағанды су шаруашылық жөнiндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Қарағанды қаласы.
6. Қостанай су құбырларын пайдалану шаруашылық есептегі учаскесi (шаруашылық жүргізу құқығында), Қостанай облысы, Қостанай ауданы.
7. Дәмдi су құбырларын пайдалану шаруашылық есептегi учаскесi (шаруашылық жүргізу құқығында), Қостанай облысы, Наурызым ауданы.
8. "Қостанайсушар" Қостанай су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Қостанай қаласы.
9. Сарқанд шаруашылық есептегi жөндеу учаскесi - 72 (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы облысы, Сарқанд ауданы.
10. Торғай су құбырларын пайдалану басқармасы (шаруашылық жүргізу құқығында), Арқалық қаласы.
11. Түркiстан суға батыру сорғылары зауыты (шаруашылық жүргізу құқығында), Түркiстан қаласы.
12. Шардара су қоймасы бар СЭС (шаруашылық жүргізу құқығында), Шардара қаласы.
13. "Оңтүстiксушар" Оңтүстік Қазақстан су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Шымкент қаласы.
14. "Батыссушар" Батыс Қазақстан су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Орал қаласы.
15. "Союзцелинвод" тресті (шаруашылық жүргізу құқығында), Петропавл қаласы.
16. "Солтүстiксушар" Солтүстiк Қазақстан су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Петропавл қаласы.
17. "Ақтөбесушар" Ақтөбе су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Ақтөбе қаласы.
18. "Атыраусушар" Атырау су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Атырау қаласы.
19. "Шығыссушар" Шығыс Қазақстан су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Өскемен қаласы.
20. "Жамбылсушар" Жамбыл су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Тараз қаласы.
21. "Маңғыстаусушар" Маңғыстау су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ақтау қаласы.
22. "Павлодарсушар" Павлодар су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Павлодар қаласы.
23. "Арал" салынып жатқан кәсiпорындар бiрлескен дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Қызылорда қаласы.
24. "Солтүстiксуқұрылыс" Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында су шаруашылығы объектілерiнiң құрылысы жөніндегі өңiрлiк дирекция республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Көкшетау қаласы.
25. "Есіл су" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Петропавл қаласы.
26. "Таразсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Тараз қаласы.
2. Мемлекеттік мекемелер
1. Жетісу гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы, Алматы қаласы.
2. "Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы", Тараз қаласы.
3. Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы, Шымкент қаласы.
4. Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы, Қызылорда қаласы.