Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың теңгерiмдiлiгi болуы үшін кәсіптік даярлауды еңбек рыногындағы қажеттiлiктерге сәйкес жетілдiру, еңбек рыногындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс мониторингi қажет.
Бұл ретте мыналар:
еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың және білім беру қызметтері рыногындағы мамандар даярлаудың көлемін, бейіндері мен мерзiмдерiн болжау;
жұмыс берушілердiң таяудағы 3 жылда жұмыс күшіне деген қажеттілігiн айқындау және кадрлар даярлау жүйесiн экономика қажеттіліктерiмен сәйкес келтіру мақсатында жұмыс күшiне сұраныс мониторингiн жүзеге асыру;
жұмыссыздарды кәсiби даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау есебінен еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілетiн арттыру;
бастауыш, орта және жоғары кәсiби білім берудiң Кәсіптер (мамандықтар) жіктемелерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
кәсіпорындардың әрбір есептi жылдың аяғында жыныстық жасы, кәсіптiк және біліктілік белгiлерi бойынша кадрлар құрамын көрсететін статистикалық есептемесіне (№ 1-T, 2-Т-нысандары) өзгерістер енгізу;
оқушылары кәсіптiк бағдарлауды дамыту, еңбек рыногында талап ететін кәсіптер, мамандықтар бойынша олардың еңбек қызметiне уәждемесін арттыру көзделеді.
3.1.3. Халықтың әлеуметтiк қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру
Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру:
әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
кәсіптік даярлауға біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға әрi қоғамдық жұмыстарға жiберу кезінде басымдықты құқық;
шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне жұмысқа орналастыру;
кәсіптік бағдарлау, хабардар ету, консультациялар беру;
екі-үш аралас кәсіптерге оқыту жолымен бәсекелестiк қабілетiн арттыру;
мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу;
оралмандарды жергілікті еңбек рыноктарында қалыптасқан ахуалды ескере отырып, әкелу кестесiн, қоныстану аудандарын, кәсiптер (мамандықтар) бөлінісiнде еңбекке қабілетті адамдардың санын көрсете отырып орналастыру;
нысаналы топтарды жұмыспен қамту мониторингін жүргізу;
бос жұмыс орындары туралы мәліметтер жариялау;
жұмыспен қамту және қылмыстық түзеу жүйесi органдарының өзара әрекет етуі;
жазасын өтеп жүрген адамдарды оқытуды ұйымдастыру мақсатында, еңбек рыногында сұраныс бар кәсіптердiң, мамандықтардың тiзбелерiн қылмыстық-түзеу жүйесi органдарына беру есебiнен қамтамасыз етіледі.
3.1.4. Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту
шағын және орта кәсіпкерлiктi қолдау және дамыту:
жұмыспен қамтудың икемдi нысандарын ұйымдастыру және қызметтердiң жекеменшік салаларын дамыту;
дәстүрлі ұлттық кәсіпшiлiктің, әсiресе, оңтүстік өңiрлерде, ауылдық жерлерде және шағын қалалардағы тамақ шикізатын қайта өңдеуге арналған үйде iстейтiн және кәсіпшілік өндiрiстерінiң жаңғыруына жәрдемдесу;
жұмыссыздарға материалдық көмек беру жолымен олардың жеке iсiн ұйымдастыруына жәрдемдесу;
одан әрi өзiн өзi жұмыспен қамту мақсатында жұмыссызды оқуға жіберу есебінен жүзеге асырылатын болады.
3.1.5. Еңбек рыногындағы қажеттiліктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесін ұйымдастыру
Еңбек рыногындағы қажеттіліктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесін ұйымдастыру еңбек рыногындағы жұмыссыздардың бәсекелестiкке қабілеттілігiн арттыру жолымен оларды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау apқылы жүргiзілетін болады.
3.1.6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетiлдiру
2005-2007 жылдары қоғамдық жұмыстардың басым дамуына байланысты жол құрылысы мен оларды жөндеуге, ағаш отырғызуға, елдi мекендер мен өңiрлердiң санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсартуға, өңiрлердің инфрақұрылымын (коммуналдық желілер, телефондандыру, электр тарату желілерінің құрылысы және т.б.), көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған қоғамдық жұмыстарды кеңейту мен қайта бағдарлау және әлеуметтiк қызметтер көрсету көзделеді.
3.1.7. Жұмыспен қамтудың өңiрлік проблемаларын шешуде жергіліктi атқарушы орындардың рөлін арттыру жөніндегi шаралар
Жергiлiктi атқарушы органдар:
бос орындар туралы ақпарат жинау жөніндегі жұмысты жандандыру;
халықты және жұмыс берушілерді еңбек рыногындағы ахуал туралы хабардар ету, буклеттер, жадынамалар, плакаттар тарату арқылы жұмыс iздеуге жәрдемдесу, сондай-ақ бос жұмыс орындары туралы мәліметтердi жариялау;
жұмыс іздеуде қиындық көретін азаматтарға консультациялар беру;
лайықты жұмыс таңдауға, оның ішінде бос орындар жәрмеңкелерiн, жұмыс iздеу клубтарының қызметiн ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға жiберу жолымен жәрдемдесу;
еңбек рыногындағы бәсекелестiк қабілеттілiктi арттыру мақсатында жұмыссыздарды кәсіптiк даярлауға, біліктілiгiн арттыруға, қайта даярлауға жiберу;
еңбек рыногындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мониторингін жүргізу;
жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жаңа жұмыс орындарын құру жолымен iске асыру, нысаналы топтарды қоса алғанда, еңбек рыногындағы қажеттілiктi ескере отырып жұмыссыздарды кәсіптiк даярлаудың және қайта даярлаудың сапасын жақсарту, шағын және орта кәсіпкерліктi қолдау және дамыту, қоғамдық жұмыстардың түрлерін кеңейту және қайта бағдарлау;
жұмыс күшін аумақаралық, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес алмасуды дамыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
3.1.8. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкілеттi органның қызметiн жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерiнде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестiктермен, жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ықпалдастыру
Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi уәкілеттi органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестiктермен, жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ықпалдастыру:
жұмыспен қамту органдарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерiмен және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу саласындағы үкiметтік емес ұйымдармен өзара iс-әрекеттерін кеңейту;
ұйым қызметкерлерiн өндiрiсішілiк оқыту, сондай-ақ босатылуға жататын қызметкерлердi, олардың еңбек рыногындағы бәсекелестік қабiлетi мен кәсiптiк ұтқырлығын арттырудың маңызды құралы ретiнде, ілгерiлеп кәсіптік оқыту жүйесiн дамыту;
жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi органдар, білім беру ұйымдары мен Жұмыс берушілер конфедерациясы арасында Білім беру ұйымдарының түлектерiн жұмысқа орналастыру туралы келісім жасасу арқылы білім беру ұйымдарының түлектерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселесi бойынша өзара әрекет ету жолымен жүзеге асырылады.
3.1.9. Инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеу кезінде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу
Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарау жолымен инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу.
3.1.10. Бiлім беру ұйымдарының түлектерiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
Білім беру ұйымдарының түлектерiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге:
жоғары оқу орнының шәкiртi мен жұмыс берушiнің арасында жұмысқа орналасуға шарт жасасу;
кәсiптік білім беру орындарын бiтiргеннен кейiн одан әрi жұмысқа орналастыру перспективасымен жұмыспен қамту органдары арқылы жастар практикасын (тағылымдама мен тәжiрибенi жұмыс орнында өткізу) ұйымдастыру;
мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi елу пайыздан асатын ұйымдарда жұмыс орнын беру ықпал ететiн болады.
Білім беру ұйымдарының түлектерiн жұмысқа орналастыру мониторингi орталықтағы сияқты өңiрлiк деңгейлерде де жүзеге асырылатын болады.
4-бөлiм. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны iске асыру үшiн жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты 10552,4 млн. теңге көлемiнде, оның iшiнде, 2006 жылы - 3219,7 млн. теңге, 2006 жылы - 3606,7 млн. теңге, 2007 жылы - 3726,0 млн. теңге көзделедi.
Бағдарламаны 2006-2007 жылдары iске асыру үшiн қажетті бюджеттік қаражат көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
5-бөлiм. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер
Осы Бағдарламадан туындайтын іс-шараларды орындау жұмыспен қамту мәселелерiн шешуге және жұмыссыздық деңгейiн азайтуға мүмкiндiк бередi.
Бағдарламаны iске асыру есебiнен 2005 - 2007 жылдары:
902,1 мың жұмыс орнын, оның ішінде: 2005 жылы - 705,0 мың, 2006 жылы - 158,8 мың, 2007 жылы - 38,3 мың жұмыс орнын құру;
403,1 мың адамды, оның ішінде: 2005 жылы - 133,8 мың, 2006 жылы - 134,2 мың, 2007 жылы - 135,1 мың адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
333,5 мың адам, оның ішінде: 2005 жылы 109,0 мың, 2006 жылы - 113,1 мың, 2007 жылы - 111,4 мың адам үшін қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру;
70,8 мың жұмыссызды, оның ішінде: 2005 жылы - 23,7 мың, 2006 жылы - 23,6 мың, 2007 жылы - 23,5 мың жұмыссызды кәсіптiк оқуға және қайта даярлауға жiберу;
нысаналы топтар үшін 24,1 мың, оның ішінде: 2005 жылы - 6,9 мың, 2006 жылы - 8,5 мың, 2007 жылы - 8,7 мың әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер үшiн клубтық жұмыс ұйымдастыруды қаржыландыруға 7,9 млн. теңге, оның ішінде: 2005 жылы - 2,5 млн. теңге, 2006 жылы - 2,6 млн. теңге, 2007 жылы - 2,8 млн. теңге бағыттау;
білім беру ұйымдарының түлектерiн жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастыруды қаржыландыруға 165,4 млн теңге, оның iшiнде: 2005 жылы - 39,7 млн. теңге, 2006 жылы - 60,7 млн. теңге, 2007 жылы - 65,0 млн. теңге бағыттау;
2007 жылдың аяғына қарай жұмыссыздық деңгейiн 7,2 пайызға дейiн азайту көзделіп отыр.
6-бөлiм. Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен
қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
P/c № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орын- далуына жауап- тылар | Іске асыру (орын- дау) мерзімі | Болжам- ды шығыс- тар (млн. теңге) | Қар- жылан- дыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шаралар |
1.1. Экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру |
1.1.1 | Экономиканың түрлі салала- рында 902,1 мың жұмыс орындарын құруды қамта- масыз ету, оның ішінде: 2005 ж. - 705,0 мың, 2006 ж. - 158,8 мың, 2007 ж. - 38,3 | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | ИСМ, ККM, ЭМРМ, ДСМ, БҒМ, АШМ, об- лыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкiмдерi | Тоқсан сайын | Талап етiл- мейдi | |
1.1.2 | Нысаналы топтар үшін әлеуметтiк жұмыс орын- дарын құру | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Облыс- тар, Астана, Алматы қалала- рының әкiмдерi | Жыл сайын, II және IV тоқсан | Бар- лығы: 747,9, оның ішінде: 2005 ж. -212,8 2006 ж. -254,1 2007 ж. -281,0 | Жергі- лікті бюджет |
1.1.3. | Қазақстан Республика- сының заңна- маларын, бос жұмыс орында- рын жасыру және нысаналы топтарды қоса алғанда, аза- маттардың еңбек құқық- тары бөлі- гінде бұзушы- лықтарды анықтау жөнiндегі бақылауды күшейту | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Еңбекми- нiнің аумақтық бөлімше- лері | Жыл сайын, II және IV тоқсан | Талап етiл- мейдi | |
1.2. Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі жөніндегі шаралар |
1.2.1. | Еңбек рыно- гындағы және білім беру қызметтерi рыногындағы көлемдерге, бейіндерге және мамандар даярлау мер- зіміне сұра- ныс пен ұсы- нысты болжау- ды жүзеге асыру | Қазақ- стан Респу- блика- сының Еңбек- минiне ақпарат | ИСМ, БҒМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері, жұмыс беруші- лердің республи- калық бірлес- тіктері- нің және кәсіпо- дақтардың қатысумен | 2006- 2007 ж.ж., қараша | Талап етiл- мейдi | |
1.2.2. | Жұмыс күшіне сұраныс мониторингін жұмыс беру- шілердің жұмыс күшіне таяудағы 3 жылға қажет- тiлігін анық- тау және кадрлар даяр- лау жүйесін экономика қажеттілігіне сәйкес келтi- ру мақсатында жүзеге асыру | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | БҒМ, ИСМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері, жұмыс беруші- лердің республи- калық бірлес- тіктері- нің және кәсіпо- дақтардың қатысумен | Жыл сайын, наурыз | Талап етiл- мейдi | |
1.2.3. | Бастауыш, орта және кәсіптік жоғары білім беру кәсіп- терінің (мамандықта- рының) жік- темесіне өзгерістер мен толықты- рулар енгізу | Бұйрық | БҒМ | Жыл сайын, желтоқ- сан | Талап етiл- мейдi | |
1.2.4 | Мектеп оқушы- ларының кә- сіби бағдар- лануын дамыту, олар- дың еңбек рыногында талап етілетін кәсіптер, мамандықтар бойынша еңбек қызметтеріне уәждемесін арттыру | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | БҒМ | 2006 ж., II тоқ- сан | Талап етiл- мейдi | |
1.2.5. | Кәсiпорындар- дың, әр есеп- ті жылдың аяғында жы- нысы, жасы, кәсіптiк және біліктілік белгілері бойынша кадрлар құрамын көрсететiн статистикалық есептілігіне (№ 1-T, 2-Т нысандары) өзгерістер енгізу | Бұйрық | СА, Еңбекминi | 2007 ж., тамыз | | |
1.3. Халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру |
1.3.1 | Оралмандарды жергіліктi еңбек рыно- гында қалып- тасқан кәсіп- тер (маман- дықтар) мен жағдайлар бөлінісінде әкелу кесте- сiн, орналас- тыру ауданда- рын, еңбекке қабiлеттiле- рiнiң санын ескере оты- рып, орналас- тыру | Қазақ- стан Респу- блика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Еңбекми- нiнiң Көші-қон комитетi | 2005- 2007 ж.ж., тоқсан сайын | Талап етiл- мейдi | |
1.3.2. | Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылу мониторингі | Қазақ- стан Респу- блика- сының Еңбек- минiне ақпарат | облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Жыл сайын, ІІ және ІV тоқ- сан | Талап етiл- мейдi | |
1.3.3. | Жұмыспен қамту және қылмыстық- түзету жүйесі органдарының өзара ic-қи- мылын нығай- туға бағыт- талған, бас бостандығынан айыру жерле- рiнен боса- тылған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру | Қазақ- стан Респу- блика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Әділет- мині, облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Тоқсан сайын | Талап етiл- мейдi | |
1.3.4. | Жазасын өтеп жүрген адам- дарды оқытуды ұйымдастыру мақсатында қылмыстық-тү- зету жүйесi органдарына еңбек рыно- гында сұраныс бар кәсіптер, мамандықтар тізбесiн ұсыну | Қазақ- стан Респу- блика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Жыл сайын, сәуір | Талап етiл- мейдi | |
1.4. Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсiпкерлікті қолдау мен дамыту |
1.4.1. | Шағын бизнес субъектіле- ріне пайдала- нылмайтын объектілердi, жер учаскеле- рін, аяқтал- маған құрылыс объектілерін, нысаналы топтардан адамдарды жұмысқа қабылдаудың міндетті шар- тымен, мүлік- ті жалға алуға (жал- дауға) беруді қамтамасыз ету | Әкімдер шешім- дері | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Жыл сайын, ІV тоқ- сан | Талап етiл- мейдi | |
1.4.2. | Ауылда шаруа- шылық жүргі- зудің дәстүр- лі нысанда- рын, әйелдер- дің ауылдық жерлерде және шағын қалаларда өзін-өзi жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету кәсіпші- лікті дамыту | Қазақ- стан Респу- блика- сының Еңбек- минiне ақпарат | ИСМ, АШМ, МАСМ, облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | 2005- 2007 ж.ж., тоқсан сайын | Талап етiл- мейдi | |
1.4.3. | Қарағанды облысында жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету жолымен жеке ісін ұйымдас- тыруға жәрдемдесу | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Қарағанды облысының әкімі | Тоқсан сайын | Бар- лығы: 102,0 оның iшінде: 2005 ж. - 34,6 2006 ж. - 33,7 2007 ж. - 33,7 | Жергі- лікті бюджет |
1.5. Еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру |
1.5.1. | Жұмыспен қам- ту органда- рының өтi- нiмдерi бой- ынша 70,8 мың жұмыс- сызды оқуға жіберу және кәсіптік даярлауды, қайта даяр- лауды және біліктiлігін арттыруды ұйымдастыру | Әкiмдер- дiң ше- шiмдерi, Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Ең- бекминi- не ақ- парат | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Тоқсан сайын | Бар- лығы: 1514,3 оның ішінде: 2005 ж. - 476,8 2006 ж. - 510,9 2007 ж. - 526,6 | Жергі- лікті бюджет |
6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру |
1.6.1. | Жол құрылы- сына, ағаш отырғызуға және өңірлер- дің инфрақұ- рылымын да- мытуға, әсi- ресе ауылдық аумақтардағы көлiк инфра- құрылымын дамытуға арналған қоғамдық жұмыстарды кеңейту және қайта бағдарлау | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Тоқсан сайын | Бар- лығы: 7947,2, оның ішінде: 2005 ж. -2432,8 2006 ж. -2721,8 2007 ж. -2792,6 | Жергі- лікті бюджет |
1.7. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешудегі рөлін арттыру жөніндегі шаралар |
1.7.1. | Өңiрлік ақпараттық бос орындар базасын толықтыру | Қазақ- стан Респу- блика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Тұрақты | Талап етiл- мейдi | |
1.7.2. | Халықты және жұмыс беруші- лердi буклет- тер, жадына- малар, пла- каттар тарату жолымен еңбек рыногында ахуал, бос жұмыс орында- ры туралы хабардар ету | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Тоқсан сайын | Барлығы: 6,3 оның ішінде: 2005 ж. - 1,4 2006 ж. - 2,2 2007 ж. - 2,7 | Жергі- лікті бюджет |
1.7.3. | Жұмыста ұзақ үзілісі бар немесе жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыз- дарды әлеу- меттік-еңбек- ке бейімдеу жөніндегі клубтық жұмысты жетілдіру | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Жыл сайын, ІІ және ІV тоқсан | Бар- лығы: 7,9 оның ішінде: 2005 ж. - 2,5 2006 ж. - 2,6 2007 ж. - 2,8 | Жергі- лікті бюджет |
1.7.4. | Жұмысқа орна- ластыру жө- ніндегі іс-шараларды бос орындар жәрмеңкесiн ұйымдастыру, оның ішінде: еңбек рыно- гында жас- тарды бейiм- деу және Астана қала- сының оқушы- лары үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру; жұмыспен қамтудың икемдi нысан- дарын ұйым- дастыру жолымен жетілдіру | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Тоқсан сайын | Бар- лығы: 61,4, оның iшінде: 2005 ж. - 19,1 2006 ж. - 20,7 2007 ж. - 21,6 | Жергі- лікті бюджет |
1.7.5. | 403,1 мың жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | 2005- 2007 ж.ж. | Талап етiл- мейдi | |
1.7.6. | Қазақстан Республика- сының еңбек рыногындағы ахуалдың мониторингі | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Жыл сайын, II тоқ- сан | Талап етiл- мейдi | |
1.8. Жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерiнде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін ықпалдастыру |
1.8.1. | Жұмыспен қам- ту органдары- ның жеке жұмыспен қамту агенттiкте- рiмен және үкіметтік емес ұйымдар- мен жұмысқа орналастыру саласындағы өзара іс-әре- кетін кеңейту | Келi- сiмдер | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Жыл сайын, желтоқ- сан | Талап етiл- мейдi | |
1.8.2. | Салалық (тарифтік) келісімдерге кадрлық әлеу- етті дамыту жөніндегі мынадай: босаған қызметкерлер- дің білікті- лігін артты- руды және қайта даяр- лауды еске- ретін, қыз- меткерлерді өндірісішілік оқыту жүйесiн құру және дамыту; жұмыстан босау қатеріндегі жастарды iлгерiлеп кәсiптiк оқыту; қызметкер- лердi кәсіп- тiк даярлау, қайта даяр- лау, олардың біліктiлігін арттыру үшін материалдық- техникалық, оқу-әдістеме- лік базаны жетілдіру (құру) шараларын енгізу | Әкiмдер- дiң ше- шiмдерi, Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Ең- бекминi- не ақ- парат | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері, беруші- лердiң және кәсіпо- дақтардыңреспубли- калық бірлес- тіктерi- нің қаты- суымен | 2005- 2007 ж.ж., ІV тоқ- сан | Талап етiл- мейдi | |
1.8.3. | Жұмыспен қамту, білім беруді ұйым- дастыру мәселелері жөніндегі уәкiлетті органдармен және білім беру ұйымда- рының түлек- терін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері жөнiнде Жұмыс берушілер конфедерация- сымен өзара іс-әрекет ету тетiгін әзiрлеу | Келісім- нiң жобасы | Еңбекми- нi, БҒМ, жоғары оқу орын- дары, жұмыс беруші- лердің және кәсіпо- дақтардың республи- калық бірлес- тіктері | 2006 ж., шілде | Талап етiл- мейдi | |
1.9. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу кезінде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын құру |
1.9.1. | Ішкі еңбек рыногын қор- ғау мақсатын- да инвести- циялық келі- сім-шарттар жобаларын қарау кезінде қатысу | Ішкі еңбек рыногын қорғау мақса- тында инвести- циялық келісім- шарттар жобасын сараптау | Еңбекминi | Тұрақты | Талап етiл- мейдi | |
1.10. Білім беру ұйымдарының түлектерiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесу |
1.10.1 | Мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғы капиталын- дағы мемле- кеттің үлесі елу пайыздан артық ұйым- дарда жұмыс орындарын беруге жәрдем көрсету | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері, БҒМ, ЭМРМ, ИСМ, ККМ, ЭБЖМ, ДМ, АШМ | Жыл сайын, желтоқ- сан | Талап етiл- мейдi | |
1.10.2 | Өңiрлерде білім беру ұйымдарының түлектерiн жұмысқа орналастыру мақсатында жастар прак- тикасын тарату | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Еңбек- минiне ақпарат | БҒМ, ДСМ, облыстар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдерi | жыл сайын, қаңтар | Барлы- ғы: 165,4, оның iшінде: 2005 ж. - 39,7 2006 ж. - 60,7 2007 ж. - 65,0 | Жергі- лікті бюджет |
Ескерту:
1. Жергілікті бюджеттен талап етiлетін қаражаттың барлығы - 10552,4 млн. теңге, оның ішінде: 2005 ж. - 3219,7 млн. теңге, 2006 ж. - 3606,7 млн. теңге, 2007 ж. - 3726,0 млн. теңге.
2. Бағдарламаны 2006-2007 жылдары iске асыруға көзделген шығыстар тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық және жергіліктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзетілетін болады.
3. Әрiптiк аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі;
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;
MACM - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігі;
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі;
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрілігі;
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi.