Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдерi
университетiнде әскери кафедра құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 тамыздағы № 1109 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетi студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшін запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" жабық акционерлік қоғамында оқу орнының қаражаты және штат саны шегінде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
3. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi және Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережеде:
17-тармақтың үшiншi абзацы:
"Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетiнiң," деген сөздерден кейiн "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетi," деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiнде:
"Университеттер" бөлiмі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университеті, Алматы қаласы".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі