Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде
әскери кафедра құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 7 қыркүйек № 1319 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн Д.Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетiнiң студенттерi қатарынан запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Д.Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетiнде оқу орнына бөлiнген қаражаттың шамасында және штат санының шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қабылдасын.
3. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн.
көрсетілген қаулымен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердің (курсанттардың) әскери даярлығы белгіленген жоғары оқу орындарының тізбесінде:
"Университеттер" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қаласы".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі