Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетiнде әскери кафедра
құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997
жылғы 6 қарашадағы № 1500 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жүйелерi үшiн Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетi студенттерiнiң қатарынан запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетiнде запастағы офицерлердi даярлау үшiн оқу орнының шығыстары мен штаттық санының шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп:
әскери кафедраның құрылымы мен штаттық санын әзiрлесiн және бекiтсiн;
әскери даярлықтың бейiнiн ескере отырып оқу жоспарларын, бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн.
3. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетiнiң ректоры Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп "Әскери кафедралар туралы ережеге" сәйкес оның оқу-материалдық базасын дайындасын.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
әскери кафедраны командалық-оқытушылық құраммен және оқыту-көмекшi қызметкерлермен жасақтасын;
әскери кафедраны әскери даярлықтың бейiнi мен оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiкпен қамтамасыз етсiн.
5. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiнде:
"Университеттер" деген тарау мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетi".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi