Қазақ мемлекеттік заң университетiнде әскери кафедра құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25
наурыздағы № 412 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақ мемлекеттік заң университетiнiң студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жүйесiне запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақ мемлекеттік заң университетiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігі Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп:
әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн;
әскери кафедраны профессор-оқытушылар құрамы мен қосымша-оқу қызметкерлерiмен толықтырылсын;
әскери даярлық бейiнiн ескере отырып оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн;
әскери кафедраның оқу-материалдық базасын жинақтасын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлық бейiнiне және оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiктермен қамтамасыз етсiн.
4. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғарғы оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелер және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) бекітілген запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiне мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
Университеттер бөлiмi мынадай жолдармен толықтырылсын:
"Қазақ мемлекеттік заң университетi".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi