«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 және 2006 жылғы
15 наурыздағы № 175 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 515 Қаулысы
(2007.28.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 381-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібінде:
1-тармақтағы «, куәліктеме» деген сөз алынып тасталсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
16-тармақ «лицензиялары бар» деген сөздерден кейін «және мемлекеттік аттестаттаудан өткен» деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1310 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. 2006 жылғы 15 сәуірден бастап «Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 381-құжат) қолданылуы жаңғыртылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |