«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі
№ 1148 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 514 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі № 1148 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақта:
екінші абзац «уран мен оның құрамаларын» деген сөздерден кейін «сирек кездесетін металдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«сирек кездесетін металдардың экспортын және импортын;
уранды, оның құрамаларын және сирек кездесетін металдарды өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барлауды және өндіруді;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |