«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 14 наурыздағы
№ 55-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 мамырдағы
№ 142-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды
«Путраджая қаласының Малайзия жаңа әкімшілік орталығын салу тәжірибесін зерделеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 55-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
Оразәлиева Зәбира Жандарқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметi департаментінің директоры |
Боқаев Тұрсынхан Айтқазыұлы | - «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаменті» мемлекеттік мекемесi директорының орынбасары |
Әлімбаев Ерлан Алтынбайұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия мен Африка департаменті Азия басқармасының бастығы |
Асқар Аслан Мұратұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің өңірлік саясат басқармасы тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бас маманы, хатшы; |
мына:
«Ким Ольга Владимировна | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасының бастығы, хатшы» |
деген жолдағы «, хатшы» деген сөз алынып тасталсын;
жұмыс тобының құрамынан Шоқан Өмірзақұлы Матайбеков, Анар Нұрдыбайқызы Қалиева, Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев шығарылсын.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |