«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 523 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 396 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 523 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясатында:
«Кіріспе» деген тарауда:
екінші абзацта:
«жоспарының жобасы» деген сөздер «жоспары» деген сөзбен ауыстырылсын;
«18 ақпандағы» деген сөздерден кейін «және «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы» деген сөздермен толықтырылсын;
«бағдарламалық құжаттар» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Ұлттық қордың тұжырымдамасы)» деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта мерзімді фискалдық саясат республикалық бюджетті қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын іске асыру кезіндегі үйлестіруші құжат болып табылады.»;
«Әлеуметтік-экономикалық жағдай» деген 1-тарауда:
«Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері» деген 1-параграфта:
1-кесте осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2005 жылы тазартылған мыстың 1 тоннасының орташа әлемдік бағасы 2001 жылмен салыстырғанда 2,3 еседен астам, металл мырыштікі 1,5 еседен астам ал алтынның 1 унциясынікі 1,6 еседен астам, мұнайдың бір баррелінікі 2,2 еседен астам ұлғайды.
Қазақстандық экспорттың маңызды баптарына әлемдік бағаның жоғары деңгейі экспорттық пайданың өсуіне негіз болды. Экспорттың 2001 жылмен салыстырғанда 2005 жылы номиналды ұлғаюы 3,2 еседен астам болды.»;
1-диаграмма осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
алтыншы абзацтағы «22,3», «8,8» және «12,5» деген сандар тиісінше «27,0», «9,5» және «16,0» деген сандармен ауыстырылсын;
2-кесте осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
он жетінші және он сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2005 жылы валюта нарығындағы ахуал теңгенің АҚШ долларына қатынасының номиналды босаңсу үрдісімен сипатталды. Тұтастай алғанда ол американ валютасының елеулі түрде нығаюымен сипатталған әлемдік валюта нарығының конъюнктурасына сәйкес болды. Теңгенің орта өлшемді айырбас бағамы тұтастай алғанда 2005 жылы бір доллар үшін 132,94 теңгені құрады. Кезеңнің соңында биржалық бағам бір доллар үшін 133,77 теңгені құрады. Бір жылда теңге номиналдық мәнде АҚШ долларына қарағанда 2,9%-ға құнсызданды.
Ұлттық Банктің ішкі нарықта шетел валютасын сатуы Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінің азаюына ықпал етті. 2005 жылы Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағалармен 7065,9 млн. АҚШ долларға дейін немесе 23,8%-ға азайды».
4-кесте осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жиырма алтыншы абзацтағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасының жобасында» деген сөздер «Ұлттық қордың тұжырымдамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма жетінші абзацтағы «жоспары жобасының» деген сөздер «жоспарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма сегізінші абзацтағы «7» деген сан «7,6» деген сандармен ауыстырылсын;
отыз екінші абзацтағы «және «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген сөздер «, Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» және «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік бюджетті атқару» деген 2-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
«2005 жылғы мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары бойынша Ұлттық қорға жоспардан тыс түсетін түсімдер аударымдарын есепке алмағандағы бюджетке түсетін түсімдер ЖІӨ-ге 23,7 %-ды, оның ішінде кірістер ЖІӨ-ге 23,5%-ды құрады, оның ЖІӨ-ге 22,2 %-ы - салықтық түсімдер, ЖІӨ-ге 0,9%-ы - салықтық емес түсімдер, ЖІӨ-ге 0,4%-ы - капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістер, ЖІӨ-ге 0,2% кредиттер қайтарылды. 2005 жылы мемлекеттік бюджет шығыстары ЖІӨ-ге 23,1%-ды құрады. Мемлекеттік бюджет профициті ЖІӨ көлеміне 0,6%-ды құрады.
Мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің 2003-2005 жылдардағы серпіні 5-кестеде келтірілген»;
5-кесте осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Бюджет жүйесін жетілдіру» деген 3-параграфта:
он бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығымен 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Ұлттық қордың тұжырымдамасы мақұлданды.
Ұлттық қордың тұжырымдамасы қолданылатын жағдайда жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда, мұнай секторынан түсетін тікелей салықтар Ұлттық қорға жіберілетін болады. Бұл ретте ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстар республикалық бюджетке экономиканың мұнай емес бөлігінен аударылатын аударымдар есебінен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттік бағдарламаларына арналған шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансферт есебінен жүзеге асырылады.
Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансферт мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімімен үш жылдық кезеңге бекітіледі және осы кезең ішінде өзгерістерге ұшырамайды.
2006 жылдан бастап республикалық бюджетке мұнай секторы кәсіпорындарынан белгілі бір кірістер көлемі түсетінін ескере отырып, 2006 жылы Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансферттің жарты жылдық көлемді құрайтын көлемі 2006 жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы заңда бекітілетін болады, ал 2007-2009 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт көлемі Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес тиісті заңнамалық кесіммен бекітілетін болады.
Бюджет заңнамасын жетілдіру және бюджетті Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес қалыптастыруға көшу мақсатында Бюджет кодексі мен басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.»;
«Фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері» деген 2-тарауда:
6-кесте осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Кірістер саясаты» деген 3-тарауда:
бірінші абзацтағы «2004» деген сандар «2005» деген сандармен ауыстырылсын;
үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Орта және шағын бизнесті дамытуға инвестициялар көлемін ұлғайту есебінен ел экономикасының теңгерімді дамуын, бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуды одан әрі ынталандыруды, жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілерінің мүлкін заңдастыру процесін жандандыруды қамтамасыз ету мақсатында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану саласы кеңейтілді, өткізу жөніндегі ең төменгі айналым мөлшері ұлғайтылды, бұдан асып түскен жағдайда салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға міндетті, жеке тұлғалардың жеке мүлкіне салық салу деңгейі төмендетілді.»;
бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«қосылған құн салығы ставкасын кезең-кезеңімен төмендету және әлеуметтік салықты 2008 жылдан бастап орта есеппен 30%-ға төмендету арқылы салықтық жүктеме деңгейін азайту;
салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің орнына жалақының ең төменгі мөлшерін алып тастап, барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығы бойынша 10% деңгейінде тіркелген ставканы енгізу;»;
алтыншы абзацтағы «субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейту» деген сөздер «субъектілеріне салық салу деңгейін төмендету» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«дивидендтерге салық салуды жетілдіру;»;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік бюджет кірістері Ұлттық қордың тұжырымдамасын қолданысқа енгізуді және өткен кезеңдегі кірістер түсімдерінің серпінін талдауды ескере отырып, Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері, салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалды.»;
7-кесте осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
он үшінші абзацтың алдынан мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«2006 жылғы екінші жарты жылдықтан бастап мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдердің Ұлттық қорға есепке алынатынына және 2008 жылдан бастап әлеуметтік салық орта есеппен 30%-ға төмендетілетініне байланысты салықтық түсімдер 2008 жылы ЖІӨ-ге 19,8%-дан ЖІӨ-ге 17,7 %-ға дейін төмендетіледі.»;
он төртінші абзац алынып тасталсын;
он алтыншы абзацтағы «күшіне енетін» деген сөздер «күшіне енген» деген сөздермен ауыстырылсын;
он сегізінші абзацтағы «Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауына (бұдан әрі - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы) сәйкес» деген сөздер «2007 жылдан бастап» деген сөздермен ауыстырылсын, «жалақысын» деген сөзден кейін «30%-ға» деген сөздермен толықтырылсын;
он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтар алынып тасталсын;
жиырма бірінші абзацтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
8-кесте осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жиырма бесінші абзацтағы «26,3», «18,4» және «17,5» деген сандар тиісінше «19,3», «21,1» және «12,3» деген сандармен ауыстырылсын;
жиырма алтыншы абзац алынып тасталсын;
жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес 2007-2008 жылдары Ұлттық қорға түсетін түсімдер:»;
жиырма сегізінші абзац алынып тасталсын;
жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) тікелей салықтар, оларға корпорациялық табыс салығы, үстеме пайда салығы, роялти, бонустар, өнімді бөлу бойынша үлес, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы, жатады. Бұл ретте мұнай секторы кәсіпорындарына шикі мұнай мен газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатады»;
отызыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Ұлттық қордың тұжырымдамасы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетіндіктен, 2006 жылдың бірінші жарты жылдығында Ұлттық қорға республикалық бюджеттен берілетін, шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салықтың және басқа да міндетті төлемдердің жоспарлы түсімдері көлемінің 10%-ы мөлшерінде есептелген ресми трансферттердің жоспарланған сомасының бір бөлігі де түседі.
Ұлттық қорға түсетін түсімдер 2006 жылға 482,7 млрд. теңге сомасында, 2007 жылға 655,1 млрд. теңге сомасында және 2008 жылға 703,2 млрд. теңге сомасында болжанып отыр.»;
отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтар алынып тасталсын;
«Шығындар саясаты» деген 4-тарауда:
он үшінші абзацтағы «24,1», «23,9» және «23,7» деген сандар тиісінше «23,3», «24,4» және «22,5» деген сандармен ауыстырылсын;
9-кесте осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
он төртінші абзацтағы «орта мерзімді кезеңге арналған» деген сөздер алынып тасталсын;
он алтыншы абзацтағы «2007 жылы - 1,3 %-ы және 2008 жылы - 1,3 %-ы» деген сөздер «2007 жылы - 1,4%-ы және 2008 жылы - 1,0%-ы» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма жетінші абзац «басқарудың бюрократиялануын азайтуға,» деген сөздерден кейін «құжатты орындау кезіндегі көп сатылылықты жоюға,» деген сөздермен толықтырылсын;
отызыншы абзацтағы «1,3», «1,3», «1,3» деген сандар тиісінше «1,2», «1,5» және «1,8» деген сандармен ауыстырылсын;
отыз алтыншы абзацтағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз жетінші абзацтағы «2,0», «2,2» және «2,1» деген сандар тиісінше «2,1», «2,1» және «1,8» деген сандармен ауыстырылсын;
елу бірінші абзацтағы «3,5» және «4,1» деген сандар тиісінше «3,7» және «3,8» деген сандармен ауыстырылсын;
елу бесінші абзац алынып тасталсын;
алпыс төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«жалпы орта білім беру жүйесіне сараланған ұстанымдарды айқындау және кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыру үшін жағдай жасау;
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу;»;
алпыс бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«жұмыс берушілер мен білім беру жүйесі арасында әлеуметтік әріптестікті дамыту;
кәсіби даярлық сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтары бойынша біліктілікті беру мен растауды тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу;»;
алпыс сегізінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«еңбек нарығының талаптарына сәйкестік» және «жоғары оқу орны мен мамандық мәртебесіне байланысты гранттың құнын сараландыру» қағидаттарының негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;
білім беруге мемлекеттік-жеке меншік кредит беру жүйесін жетілдіру;
жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікті дамыту;
техникалық білім беруді дамыту бойынша күш-жігерді шоғырландыра отырып, жоғары оқу орындары желісін оңтайландыру;
Астана қаласында халықаралық деңгейдегі беделді университет құру;»;
жетпіс бесінші абзацтағы «ұлғайтылады» деген сөз «ұлғайтылды» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетпіс алтыншы абзацтағы «енгізіледі» деген сөз «енгізілді» деген сөзбен ауыстырылсын;
сексен төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Экономиканың әр түрлі секторларында басқарушы кадрлар даярлаудың осы заманғы моделін құру мақсатында:
жоғары білікті басқарушы кадрлар даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты өрістету;
Мемлекеттік басқару академиясы базасында халықаралық стандарттарға жауап беретін ұлттық басқару мектебін құру болжанып отыр.»;
сексен бесінші абзацтағы «2,7» және «3,0» деген сандар тиісінше «2,5» және «2,8» деген сандармен ауыстырылсын;
сексен тоғызыншы абзацтағы «11,5» деген сандар «40,5» деген сандармен ауыстырылсын;
тоқсан сегізінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Мемлекет басшысы алға қойған орта мерзімді кезеңге арналған міндеттерді шешу үшін мына міндеттерді шешу қажет:
қаржылық қамтамасыз ету жүйесін дамыту, медициналық қызметтерге қол жетімділікті және оның сапасын арттыру, медициналық көмекті халықаралық стандарттарға жақындастыру;
медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және олар көрсететін қызметтердің сапасын жақсартуды ынталандыру үшін денсаулық сақтау саласында сараланған жалақы төлеуді енгізу;
жаңа республикалық медициналық орталықтардың құрылысын аяқтау, озық халықаралық менеджменттің тәжірибесін және осы заманғы технологияларды енгізу;
туберкулезбен және АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауру, балалардың өлім-жітімі мен өмір сүру ұзақтығы сияқты көрсеткіштерді жақсарту үшін халық арасында алдын алу жұмысын күшейту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
2006 жылдан бастап Астана қаласында медициналық кластер құру шеңберінде жаңа медициналық орталықтарды басқаруға шетелдік көшбасшы клиникалар мен госпитальдар тартылатын болады.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру басталады.
Сондай-ақ 2006 жыл ішінде салада медициналық қызметтер көрсетудің халықаралық стандарттарына кезең-кезеңімен өтуге бағытталған заңнамалық және әкімшілік реформалар пакетін іске асыру жөніндегі жұмысты аяқтау шеңберінде мынадай: «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы», "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңнамалық актілер қаралады және қабылданады.
2007 жылы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс әзірленеді.»;
тоқсан тоғызыншы абзацтағы «5,2», «5,2» және «5,1» деген сандар тиісінше «5,1», «5,0» және «4,7» деген сандармен ауыстырылсын;
бір жүз он бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға 2,4 есе, соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 1,2 есе, Ұлы Отан соғысы кезеңінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне 1,6 есе, қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 есе, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, ерлеріне 2,7 есе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға 2,0 есе, 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысушылар қатарындағы адамдарға 4,0 есе ұлғайтылады, бұл 2006 жылы қосымша 0,8 млрд.теңге бөлуді талап етті.
Әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлеріне зейнетақы мөлшерін бір жолғы саралай арттыру жүргізілді. Бұл мақсаттарға 2006 жылы 2,5 млрд. теңге, 2007 жылы 5,9 млрд. теңге, 2008 жылы 8,5 млрд. теңге қосымша бөлу жоспарланып отыр.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу «айдан айға» қағидаты бойынша жүзеге асырылады, бұған қосымша 31,5 млрд. теңге талап етіледі.»;
бір жүз он алтыншы абзацтағы «1,9», «2,1» және «1,4» деген сандар тиісінше «1,2», «1,9» және «1,6» деген сандармен ауыстырылсын;
бір жүз жиырма екінші абзацтағы «2006 жылы ЖІӨ-нің 0,7 %-ы, 2007 жылы 0,7 %-ы, 2008 жылы 0,8 %-ы» деген сөздер «2006 жылы ЖІӨ-нің 0,9 %-ы, 2007 жылы 0,6 %-ы, 2008 жылы 0,7 %-ы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бір жүз жиырма үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«дарынды тұлғалардың өнері мен қызметін дамыту үшін жағдай жасау;»;
бір жүз қырқыншы абзацтағы «жағдайлар жасайды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтады» деген сөздермен толықтырылсын;
бір жүз қырқыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қоғамдағы және мемлекет құрылымындағы демократиялық бастаулар мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы;»;
бір жүз қырық бірінші абзац «дәстүрлерін сақтау» деген сөздерден кейін «, шығармашылық қайраткерлерін, дарынды музыканттар мен орындаушыларды қолдау, мәдениет саласында жеке меншік секторды дамыту» деген сөздермен толықтырылсын;
бір жүз қырық бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын;
«Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарған тарихи-мәдени мұраның, тарих пен мәдениетті археологиялық зерттеулердің неғұрлым маңызды объектілері - орта ғасырлық қала орталықтарын қалпына келтіруді көздейтін 2007 - 2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жалғасы;
басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету мақсатында Мұрағат ісін және құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы;»;
бір жүз қырық екінші абзацтағы «2006 - 2008» деген сандар «2007 - 2009» деген сандармен ауыстырылсын;
бір жүз қырық бесінші абзацтағы «0,3» және «0,3» деген сандар «0,2» және «0,2» деген сандармен ауыстырылсын;
бір жүз сексен үшінші абзацтағы «1,1» және «1,4» деген сандар тиісінше «1,2» және «1,2» деген сандармен ауыстырылсын;
екі жүз оныншы абзац мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:
«Тұтастай алғанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңы 2004 жылдан бастап 2005 жыл аралығында 340 мың гектарға ұлғайды және 17 847 мың гектарды немесе Қазақстан Республикасының жалпы аумағының 6,5%-ын құрады»;
екі жүз он екінші абзацтағы «бағдарламасы іске асырылады» деген сөздер «бағдарламасын іске асыру жалғасады» деген сөздермен ауыстырылсын;
екі жүз он алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жануарлар дүниесін сақтау және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 қаулысымен бекітілген Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.»;
екі жүз қырқыншы абзацтағы «2006 жылы ЖІӨ-нің 1,9%-ы, 2007 жылы 1,7%-ы» деген сөздер «2006 жылы ЖІӨ-нің 1,7 %-ы, 2007 жылы 1,9%-ы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екі жүз алпыс екінші абзац мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысымен Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.»;
екі жүз жетпіс екінші абзацтағы «1,2» және «0,9» деген сандар тиісінше «1,7» және «1,1» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджетаралық қатынастар» деген 7-тарауда:
жетінші абзацтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
сегізінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«2007 жылы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008 - 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленетін болады.
Бұл үшін жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемін есептеудің Конституциямен кепілдік берілген, мемлекеттік қызметтерге халықтың тең қол жеткізуін қамтамасыз ету бөлігінде өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге, орта мерзімді кезеңге арналған субвенциялар мен алып қоюлар мөлшерін тұрақты бекітуге бағытталған жаңа әдістемесі әзірленетін болады.»;
«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқару» деген 8-тарауда:
төртінші абзацтағы «1,5» деген сандар «1,4» деген сандармен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «12,1» деген сандар «11,4» деген сандармен ауыстырылсын;
10-кестенің «Қазақстан» деген бағанындағы «10,6», «13,5» және «8,0» деген сандар тиісінше «10,0», «12,1» және «7,5» деген сандармен ауыстырылсын;
жиырма бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Активтерді елеулі қысқартуға жол бермеу мақсатында бюджет тапшылығын үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландыру деңгейі бес жылдық кезең үшін орташа жылдық мәнде ЖІӨ-нің 1%-ынан аспайтын мөлшерде шектелетін болады.»;
жиырма жетінші абзац «мақсатында» деген сөзден кейін «бес жылдық кезең үшін орташа мән шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
отыз бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Үкіметтік қарыз алу мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін қор нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін айналыста ұстап тұру мақсатында да пайдаланылатын болады. Бес жылдық перспективада нақты жинақтау мақсатында үкіметтік қарыз алу саясаты кепілдік берілген борышты ескере отырып, үкіметтік борыштың Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына қатысты 50-70%-дық арақатынасына қол жеткізуге бағдарланатын болады.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын басқару жүйесі қайта қаралатын болады. Мониторинг мемлекеттік борыш бойынша ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің қатысуы басым акционерлік қоғамдардың борыштық міндеттемелерін өзіне қамтитын бүкіл мемлекеттік сектордың борышы бойынша да жүргізіледі.
Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау үшін ағымдағы жылы мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама әзірленетін болады. Тұжырымдамада борышты басқару стратегиясының, мемлекеттің қатысуы басым акционерлік қоғамдардың борыштарын қоса алғанда, бүкіл мемлекеттік сектордың борышын ескере отырып, мемлекеттік борыш мониторингінің мәселелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелерін реттеу мәселелері және мемлекеттік борышты басқарудың ұйымдық негіздері көрініс табады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 мамырдағы
№ 396 қаулысына
1-қосымша
1-кесте
Металдар мен мұнайдың орташа әлемдік бағалары
| өлшем бірлігі | 2001 жыл | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл | 2005 жыл |